Рекреацияның негізгі функциялары
1-ТАРАУ
ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ
1. Демалыс, рекреация, туризм ұғымдарының ара қатынасы.
Рекреацияның негізгі функциялары
Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт,
демалыс, рекреация және туризм саналады. Бос уақыт - рекреациялық
процестің дамуының керекті шарты. Бос уақыт жұмыстан тыс уақытпен
шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан
ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және
қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт
(ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық
қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық жне
ақыл-ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және
басқа іс-әрекеттерден бос уақытқа 1. Бос уақыт адамның физикалық және
рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша
атқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға
арналған деп айтамыз. Белсенді іс-әрекет пен демалыс ұғымдары, бір-
біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың
зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып
тұруы екендігін көрсетеді.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру
функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар:
сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл
сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй
жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс
күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады (жергілікті рекреация). Жыл
сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке
жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен
айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Мироненко мен И.Т.
Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті.
Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеттерінің мынадай классификацияға бөлуге
болады 1:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу,
портпен шұғылдану);
2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек
жинау және т.б.;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға сапар шегу),
өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу және
т.б.);
4. Интеллектуалдық іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу,
теледидарды көру);
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз
табысу;
6. Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала
құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет,
рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес.
Еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген
шақта, жақсы демалыс – тынығып жату болудан қалып, физиологтар
көрсеткендей, ол – адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгерді.
Шынында да, ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық
және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. Мысалы,
санаторияда, демалыс үйлерінде, пенсионаттар мен демалыс базарларында
болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға
шығып тұру жөн.
Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін
түсінуге болады. Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы:
recreation (латынша) – қайта қалпына келу, recreation (французша) –
демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.
Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы
мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір
циклдеріндегі, адамның бос уақытының пайдалану кезіндегі іске асатын
сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен
құбылыстар жиынтығы (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) 1.
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа жне ұзақ мерзімді болып
бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге
келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде
түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи зоналарымен
(көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, ал
ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмейді, функционалдық
зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді
рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм – (француз сөзі tourism – серуендеу, саяхат мағынасына
келеді) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі.
Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік.
Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша туризм - бұл адамдардың тұрғылықты
жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын
қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ
уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып
кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24
сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі 1.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: демалушы
және рекреант деген өте кең түсінік, ал турист соның бір бөлігі – қысқа
түсінік. Бос уақыттарында үйінде демалып жатқандар демалушыларға жатса, ал
рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады.
Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын келушілер де жатады. Ондай рекреанттарды
экскурсанттар деп атайды. Ал экскурсия өз кезегінде – (латынша) – жол
жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз
(мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т.б.). Н.С. Мироненко мен
И.Т. Твердохлебовтың айтуынша, экскурсия – бұл танымдық ағартушылық,
ғылыми, спорттық немесе ойын-сауықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан
аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу 1. Туризм
және экскурсия деген түсініктер өзара өте тығыз байланысты. Экскурсия
барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поезд немесе
кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар
күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді,
олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың
тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ,
мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы іс-әрекеттердің барлығы да
демалыс деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған
кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық
іс-әрекеттер кіреді. Төменгі сатыға рекреация немесе үйден тыс жердегі
демалысты қосуға болады. Оған туризм де, экскурсия да кіреді. Рекреация
туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және
басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пн
рекреацияға қарағанда, өте қысқа түсінік 1.
Рекреацияның негізгі функциялары
Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды.
Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді –
танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік 1. Сонымен қатар, танымдық
функциясына барлығы да зор мән береді.
Танымдық функциясы турыстердің табиғатты, мәдени-тарихи
орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын,
көз тартарлық көрікті орындарын білуге танысуынан тұрады.
Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қолайлы климаттық
жағдай, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер және тағы
басқалар жатады.
Мәдени-тарихи орындар – сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем
галереялар, театр және тағы басқа объектілердің жиынтығы. Оларға туристер
ынтықтыратын этнографиялық жақтары – әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және
басқа да халық шығармашылықтары – жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі
– шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның
жоғары көрсеткіштері.
Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндірісте, физикалық және
психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің
бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол
миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол
адамның еңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық
қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай
қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара
көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның
күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас
жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның әрбір мүшесінің физикалық мүшесінің
физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани
дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас
бөлігі, қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді 1: 1) Медико-
биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5)
экологиялық
1. Медико-биологиялық функциясы санаторлық-курорттық ем мен сауықтырудын
тұрады. Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндірістегі немесе
өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басудың бірден-бір
жолы болып отыр.
2. Мәдени-әлеуметтік функциясы – бұл рекреацияның ең басты жетекші
функциясы. Мәдени талғам – бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну.
Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени
және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен
мүмкіндіктер туғызады.
3. Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы – жұмысшы
күшін қалпына келтіру. Рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген
құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық
функциялар атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық
құрылымын жедел дамыту; 2) еңбек сферасын ұлғайту, яғни рекреациялық
қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыө ету; 3) рекреациялық
аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының
құрылымына үлкен әсерін тигізеді; 4) шетелдік валютаны алудың көзі
болатын шетелдік туризмді көтеру.
4. Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен
жақындатады.
5. Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен
жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен
сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны
қалпына келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында
курорттар, демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдастырылып,
туризм жүйесі реттелінеді.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-
туристік аудандарда туритердің тым көп шоғырлануы рекреациялық табиғатты
оңтайлы пайдалануды және табиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек
етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қолданудың түрлерін
дамытады.
2. Рекреациялық қажеттіліктер.
Рекреациялық іс-әрекет, оның ерекшеліктері.
Туризмдегі рекреациялық жобалау
Бүтін бір адамның қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік –
бір тарихи туынды және ол өзгертіп тұрады. Оларды қанағаттандыру – өндіру,
айырбастау және тарату жағдайына тәуелді.
Рекреациялық қажеттілік адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі
жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке
жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық қажеттілік –
қоғамдық, топтық және жеке-дара болады 1.
Рекреациялық география облысында, көптеген зерттеушілердің
айтуынша, территориялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz