Темекі дүние жүзін шарлап кетті


Темекі дүние жүзін шарлап кетті
Шындығында, темекі Америкадан шыққан. Ескі қытай құмыраларында шылым шегіп тұрған адамдардың суреттері кездескенімен, Колумб ашқан жаңалыққа дейін Ескі дүниеде темекіні білмеген.
Европалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басьалған:
1492 жылдың 12 қазанында адмирал Х. Колумбтың әйгілі флотилиясындағы «Пинта» кемесінің матросы Родриго Триана: «Алда Жер көрінеді!» - деп айқай салады.
Зеңбіректен салют беріледі. Кемелердің желкені түсіріліп, олар бейтаныс құрлыққа қарай жақындайды. Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлаған еді. Жергілікті тұрғындар арал тәрізді болған өздерінің жерін Гуанахани деп атады. Колумб оған Сан-Сальводор деген жаңа ат қойды. Багам аралдарвның бірі қазіргі кезде де солай аталады.
Жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен бірге «петум» дейтін шөптің кептірілген жапырағын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шешеді екен.
Колумб алтын іздеген сапарында одан әрі оңтүстікке қарай бет алады да, 1492 жылдың 27 қазанында Куба жағалауына келіп түсті. Тұрғындар келушілерді қолдарына бықсыған от ұстап, өздері «сигаро» деп атайтын шегуге арналған шәппен қарсы алды. Колумбтың бейнелеп айтқанындай, олар бұл шөптің түтінін «жұтады» екен. Оны шеккен кезде «әр адам үш-төрт рет ішіне сорып, түтінін мұрнынан шығарған».
1492 жылдың 25 желтоқсанында «Санта-Мария» кемесі апатқа ұшырайды. Адамдарды, бағалы жүктер мен зеңбіректкрді аман алып қалудың сәті түсті, бірақ сау қалған шағын «Ниньи» («Детке») кемесіне екі кеменің экипажын сыйғызу мүмкін емес еді. (Мартин Пинсон жүргізген «Пинта» атты үшінші кеме Колумбты тастап кетті. ) Колумб өзінің орынбасары ретінде монах Фра Романе Паноны қалдырып, өзі экипаждың жартысымен «Санта-Марияның» сынақтарынан құрастырылған «Навидад» («Рождество» мағынасында) фортымен Европаға аттанды. Қалған матростар жергілікті тұрғындардан шылым шегуді бірінші үйренген европалықтар болды. Құдайшыл испандықтардың ойларынша, мұрнынан түтін шығару тек шайтандарға тән іс болса да, көптеген матростар, тіпті адмиралдың өзі де бұл әдетке мойынсұнды.
Темекінің еріксіз баурап алатын сиқырлы күші осындай еді. Сонымен Гаити аралындағы Табаго провинциясының атымен аталып кеткен өсімдік, басқа елдер мен құрлықтарға өзінің жуңісті шеруін бастайды. Христофор Колумбтың екінші жорығынан кейін (1493-1496) темекінің тұқымы Испанияға әкелінді. Одан Европаның көршілес елдеріне тарайды да, ұлы ашылулар кезеңінде теңіз және керуен жолдарымен жер шарының түкпір-түкпіріне жеткізіледі.
Темекінің тез таралуына, әрине, оның тез баурап алатын қасиеті себепші болды. Ал адамға оның алдында өзін ұстау қиынға түсті. Біз қазір никотиннің есіртуші қасиеті туралы білеміз, бірақ ол кезде темекінің әрәкше қасикті бар деп танылады. Мысалы, темекі шипалы, оның түтіні ауруларды, жын-шайтанды және т. б. аластайды деп есептелді. Сондай-ақ темекі адамға қуат беретін және тыныштандыратын құрал деп білді. Темекі жапырағы емдік зат ретінде қолданылды.
Темекіге деген сұраныстың күшті болғандығы соншалық. Солтүстік Американың Вирджиния мен Мэриленд сияқты провинциялары негізінен темекі өсіруге мамандана бастады. Темекінің Вирджиния мен Мэриленд деп аталатын сорттары қазірге дейін бар. XVIII ғасырда осы штаттардың темекі плантацияларында ондаған мың негрлер еңбек етті. Американың тең-тең темекілкрі дүние жүзінің барлық порттарын толтырып, темекі плантацияларының иелері мен саудагерлері пайданың астында қалды.
Темекіні өз жапырағынан түтікше етіп орап та (сигар), сондай-ақ саздан, фарфордан, ағаштан жасалған түтікшелерге салып та шекті. XIX ғасырдың орта шкнінде арнайы фабрикаларда жасалып шығарылған папиростар пайда болды, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап сигареттер кең таралды.
Шылым шегу тек Америкадан таралды ма?
Ертедегі грек тарихшысы Герадот (б. д. д V ғасыр) скифтердің тұрмысы туралы жазғанда олардың сергіп, күш жинау үшін өсімдікті жағып, түтінін жұтатын еске алады. Жағылған шөптің түтінін жұту жайында ертедегі қытай шежіресінде де жазылған. Белгілі бір шөптің түтінін Африка тұрғындары да жұтатын болғын. Греция мен Ежелгі Римде де әр түрлі мерекелер мен салтанаттарда шөпті жағу арқылы хош иісті түтін жұту әдетке айналған. Бәлкім, католик және православие шіркеулерінде арнаулы ыдыста Сомали мен Арабия түбегінде өсетін бальзамды өсімдіктердің кепкен шырынын жағу да осыдан шыққан болар.
Америка үндістерінің шылым шегуі де дін негізінде туған болуы мүмкін. Олар кейбір шөптер түнінінің организмге ерекше әсер ететінін сезіп, сиқырлы деп санаған. Шамасы, темекінің кейбір түрлері осылайша діни рәсімдерде қолданылған болса керек. Абыздар қор-қорды сорып, түтіннің алғашқы будағын, үндістердің діни сенімі бойынша баршаны жаратқан құдай - Маниту тұратын күнге қарай жіберетіні тегін емес.
XVIII ғасырдың 30-жылдарының орта шенінде хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің классификациясын жасаған шведтің атақты табиғат зерттеушісі Карл Линней темекіні Европада алғаш рет өсірген Жан Никоның құрметіне темекіге «Никотина» деген туыстық атау берген.
Португалиядағы француз елшісі, Жан Нико 1559 жылы Францияның королевасы Екатерина Медчиге әлсін-әлі бас ауруы қайталаған кезде темекінің кепкен жапырағын иіскеуді ұсынады. Темекі жапырағының хош иісі бас аурудың қайталануын жеңілдетеді. Нико мұны темекінің барлық ауруға дерлік шмпалық қасиетін айтып кітап жазған испандық ботаник және дәрігер Николай Манардестен естіп білген еді. Темекіні иіскеуге еліктеушілер сарай маңындағы атақты адамдардың ішіндегілерден де табылды, ал Екатеринаның ұлы II Францисконың кезінде басы ауыратын адамдар үшін темекі иіскеу өзіндік модаға айналып кетті. XIV Людвик кезіндк темекі иіскеу сарай маңындағылар арасында бұлжымас тәртіп болып алды.
Темекі ұнтағын белгілі ьір ыдыста сақтау керек болды. Ал оны зергерлер көп күттірген жоқ. Темекі қораптары шығарылып, олар әрбір «темекі тозаңын» сүюшілердің қажетті бұйымына айналып кетті. Темекі қораптары шын мәніндегі өнер туындылары болды. Темекі қораптарын көркемдеуде мейілінше нәзік өрнек салушылар орасан шеберлік танытты. Музейлерде қазіргі кезде де алтынмен апталып, күміспен қапталып, асыл тастармен, әр түрлі бояулармен сан құбылған бұл бұйымдар көздің жауын алады.
Сонымен, XVI ғасырдың аяғында шылым шегу Испанияға, Португалияға, Францияға, Англия мен Голландияға әбден енді. Отыз жылдық соғыс шылым шегудің Германия мен Швецияға таралуына жағдай жасады. Ресейге темекіні ағылшын көпестері Арчангельск арқылы 1585 жылы әкелді, ал сонан кейін ол Ресей жерінде кеңінен өсіріле бастады.
Темекі барлық жерде бірдей еш бөгетсіз тарай берді деуге болмайды. Бірқатар елдерде, мысалы, Италияда темекі діни (жене экономикалық) себептермен «жын-перілердің ермегі» деп танылды. Рим папалары шылым шегетіндер мен оны иіскейтіндкрді шіркеудкн аластатуды ұсынды. Кейінгі ұрпақтарына сабақ болуы үшін шылым шегумен әуестенген бес монах монастырь қабырғасына тірілей сыланып тасталған. Ал Англияда I Елизаветаның (1585 ж. ) жарлығымен шылым шкгктіндер ұрв атанып, оларды мойындарына жіп байлап, көшеде жүргізетін болған. Алайда, Елизавета сарайының сүйіктісі болған Уолтер Роли шылым шегуді таратып бақтв. Елизавета өлгеннен кейін басқару Яков Стюарттың қолына көшті. Ол саяси себептермен, ролидің басын алады, бірақ айтушылардың жеткізуіне қарағанда оның өліміне себепші болған - шылым шегетіндігі еді.
I Яков шылым шегуді мәдениетті адам үшін зиянды, жат әрі лайықсыз қылық деп жариялады. I Яков 1604 жылы жарық көрген «Темекінің зияны туралы( атты еңбегін: «Көзге қораш көрінетін, иісі жағымсыз, миға зиянды, өкпеге қауіпті әдет . . . » деген сөздермен аяқталған. Бұл шылым шегудің зияны ең кең тараған бірінші кітап болды.
I Яков осындай наразылық ьілдіріп жатқанда, кейбір дәрігерлер шылым шегуді тұмау меун безгек ауруларына қарсы у десе, енді біреулері темекі түтінін жұту обаның алдын алады деп санады.
Шылым шегу, сол сияқты оны дәрі ретінде (тұнба, сығынды, түйіршік т. б. күйінде) қолдану жиі-жиі соңы өліммен аяқталатын ауыр улануға апарып соқтырды. Бұл әр түрлі елдердің үкіметін шылым шегуге қарсы күрес жүргізуге мәжбүр етті. Түрлі-түрлі, ал бірқатар елдерде өте қатаң жазалар қолданылды.
Ресейде Михаил Федорович патшалық құрған кезде шылым шеккен адам бірінші ретте табанына таяқпен 60 рет ұрумен, екінші ретте мұрнын немесе құлағын кесумен жазаланған. Мәскеуде шылым шегуден шыққан сұрапыл өрттен кейін, 1634 жылы мұндай әрекет өлім жазасымен қорқытылып, тыйым салынған. Михаил Федоровичтің ұлы Александр Михаиловичтің кезінде 1649 жылы арнайы шығарылған «Заңдар жинағында» кімнен болсын қарғыс атқан у табылған адамдарды уды қайдан алғандықтарын мойындағанша керіп қойып, дүрелеуге әмір етілген. Темекі сататын жеке саудагерлерді «дүрелеп, шалғайдағы қалаларға жер аудару бұйырылған.
Бірақ бұл күресте бәрібір темекі жеңіп шықты. Дұрысында сигарлар мен папирос сатудан ғаламат пайда тапқан плантаторлар, фабриканттар мен көпестер жеңді. Темекі бұйымдарының шын мәніндегі индустриясы жасалды. Темекінің зиянды қасиеті XIX ғасырдың орта шеніне дейін іс жүзінде зерттелмеді, дәрігерлер шылым шегушіні әр түрлі трубкалармен, басқа да құралдармен қызықтырып, күшті дәріптеушілікке ұласты.
Темекімен сауда жасау тоқталмады, қазына пайдасы анағұрлым арта түсті. Осы жағдай көптеген үкіметтерді темекіге деген көзқарасты өзгертуге итермелеп, оны табыс көз ретінде пайдалануға мәжбүр етті.
Ресейде темекі саудасына және шылым шегуге өзі Голландияға барып келгеннен кейін шылымқұмар болып алған I Петр қоса, ол өзіне жақын жүрген адамдарға әрдайым шылым шегуге ишарат білдірді және шетелдерден темекіні кедергісіз әкелуге рұқсат етті. Рас, бірақ оған жоғары баж салығын салды.
Әлемге тез және кеңінен тпрпғпннан кейін, темекі өз дәуірінің тарихында адам қолымен жасалған ғажайыптардың бірі болды. Филиппинде тропиктік дымқыл ормвн ішінен тас дәуірі мәдкниетіне жататын бір топ адамдарды - тасадаиларды кезіктіірген кезде антропологтар, тасадаирлардың темекі жөнінде еш түсінігі болмағандықтан, бұл топты оқшау өмір кешуінің басты дәлелі деп ұйғарған.
Шылым мен денсаулықтың кайсысын қалайсың?
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметтері бойынша шылым шекпейтіндерге қарағанда, шылым шегетіндердің жалпы өлімі 30-80% жоғары және де елеулі айырмашылық: олардың басым көпшілігі 45 - 54 жас аралығындағылар, яғни кәсіптік тәжірибе және творчествалық белсенділік жөнінен нағыз кемел шаққа келгендер.
Сигарет түтіннің әрбір жұтымы адам өмірін ауаның бір жұтымына қысқартатынын, ал тартылған әрбір адам өмірін 15 минутқа азайтатынын сеніммен айтуға болады. Ал шылымқұмарлар болса, «Ол минуттарды кім көріп, кім санап тұрған екен»- дкп мысқылдайды. Иә, жеке адамға мұны көрсету қиын, бірақ тұрғындардың жалпы көлемінде шылым шегетіндер, оны шекпейтіндерге қарағанда, анағұрлым аз өмір сүреді.
Шылым шегетіндердің ғұмыры қандай аурулардың кеселінен қысқарады? АҚШ-тың бас хирургының баяндамасында күніне 10-нан 19 сигаретке дейін шылым шегетін топтар үшін өлім коэффиценті шекпейтіндерге қарағанда 70 % жоғары екені атап өтілді. Күніне 40 немесе одан да көп сигарет шегетіндер үшін, бұл көрсеткіш 120 % жоғары. Осы «арықтықтың» ½-дейі коронарлық жетіспеүшілікке, ал 1/6-і өкпе рагымен ауруға себепші болады.
Қазір біз шылым шегудің зияны туралы әжептәуір көп білеміз. Тіпті «Шылымға байланысты аурулар» деген жаңа термин де шықты. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, шылым шегудің зардабынан жыл сайын миллионға жуық адам, негізінен біршама жас және еңбек қабілеті толысып тұрған кезінде өледі.
Шылым шегу қан тамырларының тарылуын (склероз) туғызып, жүрек бұлшық етінің инфарктын, инсультін, жүрек бұлшық еттері мен мидың қан тамырлары ауруларының пайда болуының ең маңызды факторларының біріне айналады.
Шылым шегетіндерге тыныс жолдары - созылмалы бронхит пен эмфиземаға - өкпе тькандарінің сырқатты ұлғайып кетуі жиі кездеседі. Бұл аурулар жыл сайын ондаған мың адамды өлімге ұшыратады және одан да көбін жарымжан етеді. Ауаның ластануы мен темекі түнінің екі жақты шабуылы тыныс жолдары ауруларын барған сайын көбейтіп отыр. Бірақ оған ең басшы себепші - темекі. Шылым шегетіндер арасында созылмалы бронхит пен эмфиземадан өлетіндер саны оны шекпейтіндерге қарағанда 5 есе көп.
Шылым шегу және рак. Медицина институтында патологиялық анатомия курсынан өткен профессор бізге шылымшы адам өлігінің өкпесін көрсетті. Ол кей жерлерінде жанып біткен көмір тәрізді теңбіл дақтары бар, боп-боз, күлгін түсті еді. Мұндай өкпені кескен кезде, секциялы пышақ, бейне тасты қажағандай, қатты шақырылады - бұл бронхылар мен бронхылардың қатайған (склерозданған) ткані болатын.
- Міне, қараңыздар, - деп түсіндірді профессор, - егер шылымқұмар адамның өкпесінен бір кесек тьканді алып, одан экстракт дайындап, оны қояндардың құлағына жақса, көп ұзамай олардың денесінде ракқа тән өзгеріс - папилломдар пайда болады.
Тікелей тәжірибе жасауға да болады: тышқандарды банкінің ішіне орналастырып, оған әлсін-әлі темекі түтінін толтырып тұру керек. Сонда хайуанаттардың 90% міндетті түрде өкпе рагына шалдығады. Мұндай тәжірибені сигарет тартатын мүштекке жиналып қалатын темекі майымен де жасауға болады.
Темекі майы - канцорегендік заттардың жиынтығы. Егер оны хайуанаттардың терісіне үзбей жағып тұрса, онда олардың 95% рак ісігі пайда болады. Темекі майы адамнаң тыныс жолдарына барып жұғатын болғандықтан, әрине, шылым шегетіндердің едәуір бөлігінде қатурлі ісікті тудыруы мүмкін. Шынында да, статистика көрсеткеніндей, 100 сигарет тарту бір жыл бойы ракты туғызатын улы заттармен жұмыс істеумен тең, ал бір жыл ішінде шылымқұмар адамның өкпесіне бір килограммға (!) дейін темекі майы барып түседі.
Шылым шегетіндкр өкпесінің ракқа шалдығуының басты себебі темекі майының құрамында анағұрлым белсенді радиоэлементтер - полонийдің болуы. Оның қауіптілік дәрежесін мвна мәліметтерден көруге болады: күніне бір қорап сигарет шеккен адам, радиациядан қорғану жөніндегі халықаралық келісімде қабылданған мөлшерден 3, 5 есе көп мөлшерде сәуле радиациясын алады.
Американ журналисі Марк Уотерс «Өзінің жеке некролыгын жазған адам» деген мақаласында өз өмірін темекінің құрбаны еткен адамның эмоциялық әсері жөнінен теңдесі жоқ өсиетін келтірген. Бұл мақаланың авторы дәрігерлердің тыйым салғанына және денсаулығының нашарлығына көңіл аудармастан, темекіні көп жылдар бойы тартқан. Ақырында ол көрінуге мәжбүр болған дәрігер оның өкпесі ракқа шалдыққан деп тапқан. Шұғыл жасалған хирургиялық операциянвың да көмегі болмаған. өлуіне бірнеше күн қалғанда журналист өзінің соңғы мақаласын - адамзаттың қас жауы - темекіні әшкерелейтін - өз некрологын жазады. Кешігіп көмек сұраған осынау зарлы жолдарды оқу тым үрейлі!
Шындығында, шылым шегу мен өкпе рагының арасында айқын байланыс бар. Ғасырымыздың басында өзінің жиілігі жөнінен өкпе рагы ісікті аурулар ішінде ең соңғы орында болса, қазір ерлерде тек асқазан рагынан кейінгі екінші орынға шықты. АҚШ-тағы медицина комиссиясы өкпе рагы жөніндегі зерттей келе, күніне 20-дан астам сигарет тартатын адамдар оны тартпайтын адамдарға карағанда өкпе рагымен 20 есе көп ауырады деген қорытындыға келген.
Сонымен, шылым шегуші үшін ең қаһарлы жаза - өкпе рагы. өкпе рагы анықталған барлық жағдайдың 90% шылым шегетін адамдардың үлесіне тиеді. Бірақ шылым шегудің зияндылығы тек тыныс алу мүшелерін қатерлі жаралаумен тынбайды. Шылымқұмарлардың рак үшін осал жері өкпесі ғана емес, олардың басқа да мүшелері мен тькандері оған қарсы тұра алмайды. Трубка немесе сигар тарту, сигаретті түтіндету де - егер шылымқұмарлар оған қоса шарап ішетін болса - онда бұл рактың ауызда, жұтқыншақ пен кеңірдекте пайда болу мүмкіндігін арттыру деген сөз. Сигарет тарту өңеш, бүйрек безі мен қуық рагының өріс алуына жағдай жасайды. Бүйрек ісігі шылым шекпейтіндерге қарағанда оны шегетіндерде 5 есе жиі кездкскді. Асқазан рагы тікелей шылым шегудің салдарынан пайда болуы мүмкін. Шылымқұмар адам сілекей мен темекінің жанған өнімдерін үнемі жұту арқылы асқазанға канцкзоген заттарын жеткізеді.
Америка онкология қоғамының президенті рак ауруларының бүкіл спектрі мен оларды тудыратын себептер туралы белгілі жайлардың бәрін зерттей отырып, жақында былай деп мәлімдеді. «Шылым шегуді тоқтатыңдар, сонда сіздер бізде және басқа көптеген елдерде болатын рак өлімін 15 - 20 % азайтасыздар».
Темекі және жүрек. Экономикалық жағынан дамыған елдерде жүрек-қан тамырлары аурулары адамдардың ауруы мен өлімінде жетекші рөл атқарады. Олардың өсү себептері әр түрлі, бірақ ең маңызды факторларының бірі шылым шегу, сондықтан оны қауіп-қатер факторы деп атайды. Бұл, егер адам шылым шегетін болса, жүрек пен қан тамырлары ауруымен ауыру және содан (гипертония, стенокардия, миокард, инфаркті инсульт) қаупі де көп болады деген сөз.
Темекі жүрек-қан тамырлары жүйесіне қалайша әсер етеді?
Никотин әрекет етуінің бірінші кезеңінде қан жүру және тыныс алу орталықтарын қоздырады, екінші кезеңінде, керісінше, оларды қалжыратады. Егео шылым шегетін адамның тамырын басып көрсек, онда түтінді бірінші жұтқан кезде жүректің соғуы бәсеңдейді де, одан соң жиілей бастайды. Осымен бірге шеткі қан тамырларының таралуы себепті қан тамырларының таралуы себепті қан тамырларының қысымы артады. Бұған сигареттен келетін көміртегі оксидінің (II) қандағы холестеринді көбейтіп, атеросклерозды күшейтетінін де қосу керек. Жалпы алғанда, шылым шегу жүрекке жағымсыз әсер етеді: шылым шекпейтіндерге қарағанда оны шегетіндердің инфрактқа ұшырау мүмкіндігі екі есе жоғары болады.
Қан тамыры ауырған кезде жүректегі қанның жүрісі нашарлайды, олай болса, оған оттегінің жеткіөілуі де кемиді. Көміртегі оксиді (II), қандағы оттегінің тканьге жеткізілуіне кедергі жасайтындықтан, жағдайды қиындата түседі. Сонвмен көміртегі оксидінің (II) әсер етуі (никотиннің ішке сорылуы) қан тамыры ауыратын адамдардың миокард инфрактіне ұшырату ықтималдығын арттырады. Көміртегі оксидінің үзбей енуі атеросклероздың дамуына себепші болады, сондай-ақ мұндайда басқа да қан тамырлары аяқ қан тамырларының зақымдануы мүмкін.
Аяқ гангренасы. Психиатрлар Г. М. Энтин мен Ю. Б. Тарнавский бірін-бірі бірнеше жылдан бері көрмеген мектептес екі жолдастың кездесуін әңгімелейді. Бірінші рет кездескенде жолдастардың бірі, жасының 40-қа келгеніне қарамастан ширақ, өңі де жап-жақсы еді. Ал қазір ол белі бүкірейгкн, таяққа сүйеніп, аяғын әзер алып жүретін, дәрменсіз кәрі адам болыпты.
- Менің оны бұрынғы дәстүр бойынша «Хал қалай, шал?» деп қошаметпен амандасуға батылым жетпеді, өйткені менің алдымда шынында да қаусаған шал тұрды, - дейді жолдастардың бірі. - Мен қасына келген кезде, ол күлімсіреді де, менің сұрағымды күтпестен:
- Көріп тұрғаныңдай, менің халім мүшкіл, бәрі темекінің кесірі: асқынған эндартеритке тап болдым. әрең жүріп-тұрамын, көбінесе әр жердегі емханаларда жатамын, курорттарда жатамын, бірақ бәрі бос әурешілік, гангрена басталып келеді, шамасы, буыннан кестіріп тастамай болмайтын шығар. Біздің хал осындай . . .
- Шылым шегуді ең болмаса қазір тастадың ба?
- Қазір енді, әрине тастадым, - деп сенімсіздеу жауап қайырды ауру.
Әлі есімде, 5 класста оқып жүрген кездің өзінде ол тасылау жерге барып, мұғалімдер мен ата-аналарынан жасырып шылым шегетін. Жоғары класстарда сигарет алу үшін жиі-жиі қарызға ақша алатын немесе кетіп бара жатқандардан сұрап шегетін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz