Стрестің даму сатылары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Стресс дегеніміз не 3
Стресс түрлері 3
Стрестің даму сатылары 4
Стресс – жау 4
Эмоционалды стрестің алдын алу шаралары 5
Стресстің пайдасы 7
Стрестен арылу 8
Пайдаланылған әдебиеттер 10

Стресс дегеніміз не

Стресс - кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл
- ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету
қабілеті.
Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен
күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады.
Адам организміне әсер ету күшімен байланысты стресс күшті және орташа
болып бөлінеді. Біздің байқағанымыз күшті стресс организмге зиян, ал,
орташа көп жағдайларда пайдалы болады.

Стресс түрлері

Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте
қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа - тек тітіркендіргіш әсер еткенде
қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді.
Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық
факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын
психологиялық факторлар).

Психикалық және эмоционалды стрестер оның өте күшті түрі жаттығулық
әсер етпейді. Олар адам организміне әрқашан да зиянды.

Стрестің даму сатылары

Стресс бірнеше сатыда өтеді. Бұл сатылар организмнің сыртқы
ортаның ұзақ әсеріне жауабын сипаттайды.
1. ҮРЕЙЛЕНУ сатысы - бұл бүкіл организмді тітіркендіріп, қарулануға,
бүкіл қорғаныс механизмдерінің мобилизациясын шақырады. Бұл саты 6-48
сағатқа созылады.
2. ТӨЗІМДІЛІК сатысы - бұл сатыда осы тітіркендіргіш әсерге организмнің
тұрақтылығы өседі.
3. Егер тітіркендіргіш әсері жалғасатын болса, онда стрестің үшінші -
КАЛЖЫРАУ сатысына көшеді, ол ауру дамуына әкеледі.
Стресс міндетті түрде осы сатылармен жүрмей, кейде біріншіде немесе
екіншіде үзілуі мүмкін.

Стресс – жау

Өте күшті әсерлер организмде өте күшті жауап тудырады, бұл яғни күшті
стресс. Мұндай стрестер адам организмінің қауіпті зақымдануларын шақырады.
Ұзақ созылмалы эмоционалды стресс көптеген сұрақтардың себебі болуы
мүмкін жөне шексіз физикалық күште ауру шақырады, Бұл көріністерді
спортсмендер мен жаттықтырушылар "шектен тыс жаттығу" деп атайды.
Шектен тыс стрестер әртүрлі аурулардың себебі болады: асқазан және ішек
жарасы, тоқ ішектің қабынуы, гипертониялық ауру, аритмия, сақина,
бронхиалды астма, безеу, экзема. Инфекциялы аурулар стресс кезінде ауыр
созылмалы ағымға ауысады. Иммунитеттің төмендеуінен ісіктер дамуы мүмкін.
Күшті эмоционалды стресс жиі жүйке жүйесінің ауруларын (психикалық
бұзылыстар, невроздар), жүрек-тамыр жүйесі (гипертония, миокард
инфарктісі), ішкі секреция бездерінің (диабет) және баска көптеген
мүшелердің ауруларын тудырады. Сондықтан да эмоционалды стрестің алдын-алу
шаралары - валеологиядағы маңызды сұрақ.

Эмоционалды стрестің алдын алу шаралары

Созылмалы эмоционалды стресте бұлшық етке күш түсіру жақсы көмектеседі.
Эмоционалды стресс жағдайындағы физикалық күш түсіру - бұл эмоционалды
күштің "қауіпті" жағын "кауіпсіз" жаттығушы физикалық күшке ауыстырады.
Эмоционалды стресс кезінде орташа физикалық стресс те оң әсер етеді.
Эмоционалды стрестің алдын-алудың негізгі мағынасы - оны физикалыққа
ауыстыру.
Адам стресс жағдайыңда болғанда ағаш жаратынын, бокс былғары қолғабын
киетінін, жүгіретінін және басқа ауыр физикалық жұмыстарды істейтінін біз
әдебиеттен, кинодан және өмірден кездестірдіңіз. Бұл эмоционалды стресті
физикалық стреске ауыстырудың бір жолы.
Сонымен бірге суық душ, суық су құю немесе табиғи суларда шомылу да
аз әсер бермейді.
Стреске карсы адамның өзі жағынан болатын психологиялық реакциялық
әрекет – эмоционалды стрестің алдын-алуда бірнеше есе тиімді.
Физиологтардың тәжірибесінде: егеукұйрықтардың бас миындағы "теріс
эмоциялар орталығына" электродтар енгізді. Тітіркендірген кезде
егеуқұйрықгар екі негізгі топқа бөлінеді: бірінші топтағылар белсенді
түрде "шығар жол іздеді", арпалысып, электродтарды жұлуға әрекеттенді; ал
екінші топтағылар бұрышқа тығылып, белсенді қозғалыстан бас тартты. Ары
қарай бақылау нәтижесінде жүрек зақымдалуы екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс және денсаулық
Стресс және адаптация
Қорқыныш туралы жалпы ұғым
Стресс және жалпы адаптациялық синдром
Стрестің дерт дамуындағы маңызы
Стресс. Стресс кезіндегі физиологиялық процестер
Зат алмасудың типтік бұзылыстары
Басшы тұлғасының психологиясы.
Ағза және қоршаған орта
Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс
Пәндер