Гитлер ғұмырнамасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Адольф Гитлер

Орындаған:

Қабылдаған:

Жоспар:

1. Гитлер ғұмырнамасы

2. Бизге белгізіс өлім.

3. Гитлердің Аргентинадағы өмірі және өлімі

Шыңғысхан. Наполеон. Гитлер. Сталин. Дөңгеленген дүниені уысында ұстап, бүкіл әлемге қаһарын төгіп, қан қақсатқан билеушілер жөнінде қаншама тарих жазылды. Олардың ішінде Наполеон Бонапарт жөнінде ең көп жазылды. Шыңғысхан билігінің беймәлім тұстары мен қордалы құпиялары қаншама! Ал, ХХ ғасырдағы ең азапты соғысты бастаған және 60 миллионға жуық халықтың жер бетінен жойылуына себеп болған қырғынды тікелей жүргізген соңғы екі билеушінің арасында ұқсастықтар да, тағдыр алшақтықтары да жеткілікті. Екінші дүниежүзі-лік соғыс аяқталғаннан бері әлем Адольф Гитлердің өмірі мен өлімі жайлы шындық пен қауесетті қатар айтып келеді. Ал жақында Гитлердің өлімі жайлы жаңа деректер пайда болды. Біз төменде осы жайтқа байланысты басылымдардан, шетелдік әдебиеттерден, интернет-сайттардан және арнайы зерттеушілердің еңбектерінен қазір белгілі болған соңғы ақпараттарды жинақтай отырып, газет оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз. Орыстарда сақталып келген Гитлердің бас сүйегіне ДНК сараптамасын жүргізу нәтижесі аргентиналық зерттеуші Абель Бастидің «бас сүйек Гитлердікі емес» деген болжамын расқа шығарды. Өзінің «Барилочтағы нацистер» және «Гитлер Аргентинада» атты жаңа кітаптарында ол үшінші Рейхтың басшысы 1945 жылғы 30 сәуірде Берлин жертөлесінде өзін-өзі өлтірмегенін нақты дәлелдермен келтірген. Бастидің мына бір айтқан пікірі бүкіл дүниені дүр сілкіндірді. «Өткен жылы мен орыстарға бас сүйектің зерттелуі туралы ресми сұрау салған едім, - дейді А. Басти, - Мен Ресей елшісі арқылы Федеральдық мұрағат директорына фюрер мәйітінің қалдықтары және сүйектерін зерттеудің қажеттігі туралы өз өтінішімді жібердім» .

Осының негізінде Мәскеу билігіндегілер бас сүйекті зерттеу үшін американдық ғалымға бір-ақ сағат уақыт беріпті. Ресей өкіметі 64 жыл бойы құпия түрде сақталып келген бұл жағдайды зерттеуге небәрі бір сағат уақытқа рұқсат бергені қалай? Барлық зерттеушілерді таң тамаша қалдырған бұл сұраққа сарапшылар мен саясатшылар өз қарсылықтарын білдіріп, дәлелдерін алға тартты. Гитлердің бас сүйегін зерттеу арқылы оның «шын мәнінде фюрердікі ме, жоқ па?» деген тарихи сауалға жауап беру үшін соғыстан бергі бүкіл саясат пен билік арасындағы арақатынастың жігін ашудың маңызы зор еді. Зерттеушілер бас сүйектің Гитлердікі емес екенін дәлелдеп шықты. Ал қабылданған нұсқа бойынша бас сүйек 1945 жылы 30 сәуірде өзін өзі өлтірген фюрердікі делініп келді. Бәріне кінәлі саясат секілді. Енді таратып көрелік. 1953 жылы, яғни өзі өлген уақытқа дейін Сталин одақтастары мен барлау қызметтеріне «Гитлер Испанияға немесе Аргентинаға қашып кетті» деген өз нұсқасынан қайтпады. Ал құжаттарда нацистік қайықтардың Патагонияға 1945 жылы келгені айтылған. Сталиннің Гитлерді соншалықты сотқа тартқысы келгені тарихтан тағы белгілі. 1945 жылдың қыркүйегіне, яғни Нюрнберг процесіне дейін Сталин сот отырыстарында «Гитлер сотқа тартылуы тиіс, бірақ ол ізім-қайым жоқ» дегенді үнемі қайталаумен болды. Тарихи нұсқаларға үңілсек, Роджер есімді британдық майор ешбір дәлелдер келтірмей-ақ, «Гитлер өзін-өзі өлтірді» деген қорытынды жасаған. Алайда, сот-сараптамалық қорытынды да, мәйіт те жоқ болып шықты. Мәйіттің ашылғаны туралы құжат та болмаған. Сөйтіп, «Гитлер 1945 жылы 30 сәуірде өзін атып өлтірді» деген нұсқа бүкіл әлемге тарап кетті де, бұл оқиғаға зерттеушілер бұдан кейін тереңдеп бармағаны белгілі. Осы жерде орынды сұрақ туады. Егер мәйіті табылмаса, кірпияз немістер Гитлердің өлімін қандай құжаттармен рәсімдеген?

Гитлер өліміне қатысты ешбір куәліктің болмағаны рас. Ал Германия «фюрер бұдан он жылдан кейін қайтыс болды» деген жадағай мәлімдеме жасаған. Сонда қалай? Гитлер 1945 жылдан кейін тағы да он жыл өмір сүрген бе? Егер Сталин Гитлердің қашып кеткеніне көзі жетсе, онда Кеңес Одағы «фюрер өзін-өзі өлтірді» деген нұсқаны неге қолдап келген?Соңғы зерттеулер нәтижесі бұған да жауап тауып отыр. Сталин 1953 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының саясатында елеулі өзгерістер болғаны белгілі. Мәскеу болса Гитлердің өзін-өзі өлтіргені туралы нұсқаны үнемі қолдап келді. Бірақ, фюрердің қашып кеткені туралы ашық айтыла беретін. Тіпті, бір генералдың «Гитлер қашып кетті» деген тарихи сөзі замандастарының жадында қалып қойған. Генерал бұл сөзді Сталиннен естігенін, ал Иосиф Виссарионович оны американдықтарға қайталап айтқанын және Эйзенхауэрдің Сталинмен өзара келіскеніне дейін айтып берген. 1945 жылғы қарашада американдық сенатор Гитлердің орналасқан жері туралы шынайы ақпарат үшін 1 миллион доллар көлемінде сыйақы беретін жобаны ұсынады. 1945 жылғы ресми тарихнама Гитлердің қашып кеткендігі туралы нұсқаға негізделген. Бірақ куәгерлерінің Кеңес түрмелерінде көзі жойылды. Ал бірен-саран тірі қалғандары болса, Гитлер өзін-өзі өлтірді деген нұсқаны өмірінің соңына дейін жақтады. Алайда, фюрердің өзіне оқ атқанын, ал Эва Браунның цианды калий уын ішкенін көрген адам жоқ. Гитлер бұл соғыста жеңілетінін алдын-ала жақсы білді. Сөйтіп, соғыс аяқталудан екі жыл бұрын-ақ ол адамдарды, техникалық және ғылыми ресурстарды көшіріп әкетудің жоспарын жасатты. Бұл жоспар өте мұқият жасалды және оны толық білетін адамдар жоқтың қасы. Ұйымдастырылуы жағынан «қашу» жоспары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Сақтық шаралары жан-жақты ескерілді. Әрбір орындаушы өз жауапкершілігін ғана білді. Ал Гитлердің Америка құрлығына «көші-қоны» осы жоспардың ең негізгі құрамдас бөлігі болып табылды. Орыстарда сақталып келген бас сүйектің Гитлердікі емес екенін дәлелдеудің маңызы бар ма? Сарапшылар да, зерттеушілер де «маңызы бар» деп жауап береді. Өйткені, әңгіме белгілі бір зерттеу нысанының ғылыми тұрғыдан толық дәлелденбегені және Ресей жағының осыған қатысты дүдәмалға толы ұстанымы жайында болғандықтан да, бұл қажет дәлелдеу еді. Бүгінде Гитлердің Аргентинаға бой сауғалауын дәлелдейтін қомақты куәлар мен дәлелдер бар. Бұндай куәлардың ішінде әсіресе, ФБР-дің құжаттарында келтірілген дәлелдемелердің анықтаулары ерекше көңіл аударады. Өйткені, бұл құрылым соғыс жылдарының өзінде Гитлердің Аргентинада екенінен хабардар болған. Фюрердің Аргентинада қай жерде тұрғаны және кімдермен қатынаста болғаны туралы да мәліметтер жетерлік. Ол бұл елдің Барилоч қаласына келіп тұрақтаған және жасырақ шағында, яғни 56 жасында келгендіктен оның көптеген дос-жарандары мен түрлі байланыстары болғандығын көргендер бар. Гитлер Барилочқа басқа есіммен келді, мұртсыз, шашын да тықырлап алғызған. Тіпті, оның сақал-мұрты мүлдем ағарып кеткендігін байқағандар баршылық. Әрине, бұл адамның танымастай өзгергендігі белгілі еді. Гитлер Ла Фальдедегі неміс отбасына тиесілі «Эдем» қонақүйінде емес, соның қожайындарының өз үйінде тұрды. Ерлі-зайыпты неміс отбасының меншігіндегі қонақүй Пан де Асукар деген жерде орналасқан еді. Фюрердің 1949 жылы үй күтушісі болған әйел әлі күнге дейін тірі. Әлгі ерлі-зайыпты егде адамдармен (бұрынырақ қайтыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтану ғылымы
А.гитлердің германияға жеке билік режимінің орнауы
Германия тек бір саяси партия
Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы
Адольф Гитлер дипломатиясы
Неміс фашизмінің басты тұлғасы – Адольф Гитлер
Сайын Мұратбековтың Жусан иісі шығармашылығын оқыту
Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
КСРО мен Германияның қарым - қатынасына алғашқы сына қағу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz