Б. Спиноза философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Б.Спиноза философиясы
Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам қаласында еврей отбасында
дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға
тартып, ол оқу орнын бітіре алмай қалады. Сондықтан ол өз білімін дербес
өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны
жергілікті еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағынет айтады.
Сондықтан ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп
өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып,
өмірден ерте кетеді.
Негізгі еңбектері: Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат, Этика,
Саяси трактат т.с.с.
Онтологиялық мәселелер. Құдай-Субстанция-Табиғат
Спиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді. Құдай... барлық
заттардың бірінші себебі жэне өз – өзінің себебі, өз – өзі арқылы
танылады. Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшін онтологиялық дәлелдемелер
келтіреді. Бірақ ол Құдайға пантеистік мағына береді, яғни оны бізді
қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір
сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде арқылы ғана түсінуге
болады.
Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы
болды. Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе,
Б.Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.
Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде қаралады.
Егер Р.Декарт Дүниенің негізінде екі бір – біріне тәуелсіз субстанция
жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір – бірімен үйлестіреді деген
болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды
табиғатпен теңейді. Сондықтан оның метафизикалық – онтологиялық негізгі
формуласы – ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат, өйткені оның бәрі -
бірегей.

Табиғаттың өзі Құдаймен тең болғаннан кейін, онда Жаратушы және
Жаратылған деген діннің негізгі ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция,
я Табиғат, Б.Спинозаның ойынша, өзіне-өзі себепті (causa sui - латын
сөзі, себеп өзінде). Онымен бірегей Құдай ешқандай жаратушылық
қасиеттерімен танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнің де негізгі
қағидаларын теріске шығарады, өйткені ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы
сатыдағы Дүниені жаратқан қызметін мойындайды.
Табиғаттан жоғары Дүниені жаратқан Құдай болмағаннан кейін, Құдайдың
өзі Табиғатпен тең болған соң, ол екі ұғымды пайдаланады. Ол тудыратын
табиғат (natura naturans) және тудырылған табиғат (natura ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Субстанция мәселесі Спиноза пантеизмі
Спиноза және оның этикасы
Оны түзететін ұжымдық тәжірибе
17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым
Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы
Ұлы ғалымдардың діни философиялық көзқарастары
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұны
Пәндер