Оқушыларының мектепке бейімделуі


Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т. б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады.
Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады.
Осыдан барып баланы мектепке оқытуға міндетті түрде дайындау қажет деген қорытынды шығады. Мұндай дайындыққа баланың денсаулығын нығайту, баланың оқуға деген қажетті дағдыларды меңгеруі жатады. Басты табыс - педиатр-дәрігерлердің, ата-аналар мен тәрбиешілердің күштерін біріктіре жұмыс атқаруы болып табылады.
Сондықтан балалар бақшасына бармаған болашақ бірінші сынып оқушысының ата-анасы баланы дер кезінде толық медициналық тексертуден өткізіп, дәрігерлердің нұсқауын толығымен орындауы қажет.
Баланың мектепте оқуға әзірлігі. Мектепте оқуға әзірлік мәселесі - педагогика және психология ғылымдарының теоретиктері мен практиктерінің қызығушылықтарын тудырып жүрген зерттеу саласының бірі. Баланың мектепте оқуға дайын еместігі оның өміріндегі келесі кезеңдерде де көптеген мәселелерді туғызуда.
«Баланың мектепте оқуына дайындығы» ұғымын Л. А. Венгер былай дейді: «Мектепке дайын болу - оқу, жазу және есептей алу ғана емес. Мектепке дайын болу - осылардың барлығын үйренуге дайын болу» [1 ] .
Балаға «осылардың барлығына үйренуге» не көмегін тигізеді? Алдымен мектепке деген дәлелді әзірлік болуы қажет, яғни балалардың оқуға деген ынтасы болуы керек. Баланың ынтасы туралы ақпаратты олармен сюжетті-рөлдік ойындар ойнау барысында алуға болады. Мектепте оқуға дайын балалар оқушылардың рөлінде ойнауды жөн көреді, олар жазады, оқиды, есептер шығарады және тақтаға шығып, жауап береді, баға алады. Дайын емес балалар және жас шамасы жағынан кіші балалар мұғалімнің рөлінде ойнайды, сонымен қатар олар үзіліске, мектепке келу мен одан қайтуға, мұғаліммен амандасуға көңіл бөледі.
Бірақ та баланың мектепке баруға деген ынтасы оқуға тікелей қатысы жоқ болуы да мүмкін. Мектепке баруға деген қызығушылық олардың қатарластарының да мектепке баратындығы себеп болуы; немесе ол үйдегі ата-аналарынан белгілі бір гимназияда оқу өте маңызды әрі құрметті екендігін естуі; немесе ол жаңа әдемі оқу құралдарын сыйлыққа алуы мүмкін, яғни балаларды барлық жаңа нәрселер қызықтырады!!! Бала өзіне таныс емес жаңа нәрсені білу үшін мектепке баруға қызығады; белгілі бір құқықтары (тағы да сол түрлі-түсті қарындаштар мен дәптерлерге), сонымен қатар өзіне бекітілген міндеттерге (ерте тұру, сабаққа дайындалу) болғандықтан қызығуы мүмкін.
Бала ойын немесе қыдырудан гөрі сабаққа дайындалу қажеттігін толығымен сезінбеуі де мүмкін, бірақ, ол сабақ оқу керектігін біледі, міне сонда ғана барып, оқушы позияциясы бар екендігі туралы айтуға болады.
Психологтар баланы мектепте оқытуға әзірлік проблемасын талдай отырып, келесідей әзірліктің өлшемдерін бөліп қарастырады.
Баланың мектепке тұлға ретінде дайындығы. Баланың мектепке тұлға ретінде дайындығы балада жаңа әлеуметтік позицияны қабылдауға әзірлігін, яғни белгілі құқықтары мен міндеттемелері бар оқушы болуды қалыптастыру.
Бұл тұлғалық әзірлік баланың мектепке, оқу әрекетіне, мұғалімдерге, өзіне деген қарым-қатынасынан көрініс табады. Тұлғалық әзірлікке мотивациялық өрісі деңгейін анықтау кіреді. Мектеп өзінің сыртқы жағынан яғни, мектеп атрибуттары - сөмке, оқулық, дәптер және т. б. қызықтыратын баланы мектепке дайын деп айта алмаймыз, ал танымдық қызығушылығын дамытуды ұйғаратын жаңа білім алу мүмкіндіктерің айтамыз. Болашақ оқушы мотивтің иерархиялық қалыптасқан жүйесіндегі өзінің тәртібін, танымдық әрекетін үнемі қадағалап отыруы қажет. Сонымен бала дамыған оқу мотивациясын меңгеруі тиіс. Тұлғалық әзірлік баланың көңіл-күйінің белгілі бір даму деңгейін болжайды. Мектепте сабақ басталар алдында баланың көңіл-күйі салыстырмалы түрде тұрақтануы тиіс, соның аясында оқу әрекетінің өтуі мен дамуы мүмкін [2] .
Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы. Әзірліктің аталған құрамы баланың ой-өрісінің кең, нақты білім қорының болуына байланысты. Бала оқытылатын материалға деген теориялық қатынас элементтері, қорытылған ой түрлері және негізгі логикалық операциялар, мағыналық есте сақтау меңгерілуі тиіс. Бірақ, негізінен баланың ойлауы заттармен және олардың түрлерімен нақты әрекетке сүйенген образды түрде болып қалады. Сонымен қатар интеллектуалдық дайындық оқу әрекетіндегі баланың бастапқы біліктерін, жекелеп алғанда оқу тапсырмасын бөліп қарай алатын және оны өзіндік іс-әрекеттің мақсатына айналдыруды қалыптастырады. Баланың мектепте оқуына интеллектуалдық дайындығын дамыту төмендегіше орын алады деп айтуға болады:
* салыстырмалы қабылдау;
*аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі себептер мен байланыстарға жету қабілеті, үлгіні еске түсіру қабілеті) ;
■шындыққа үнемді ыңғай жасай алу (қиялдың босаңсуы)
■ логикалық есте сақтау;
■ білімге, қосымша күштердің есебімен оны алу үдерісіне деген қызығушылық;
■ ауызекі сөйлеу түрлерін және олардың рәміздерін түсіну, қолдану қабілетін меңгеру;
* нәзік қол қимылдарын және көру-сезіну қабілеттерін дамыту [1] .
Баланың мектепке әлеуметтік психологиялық дайындығы. Дайындықтың бұл компоненті балалардың басқа балалармен, сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау қасиеттерін қалыптастырады. Бала мектепке, сыныпқа алғаш келген кезде басқа балалармен өзара қарым-қатынас жасауына, балалар қоғамына кірігу біліктері қажет болады, басқалармен бірлесе әрекет жасауға, қорғануға және жол беруге тура келеді. Сонымен аталған компонент балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін, балалар тобының салттары мен қызығушылықтарына бағына білу біліктерін, мектепте оқу жағдайында оқушы рөлінде болу қабілеттерін дамытуды болжайды.
Бейімделу ерекшеліктері. «Мектепке бейімделу» - баланың алғашқы оқу ұжымына (сыныпқа), тәртіп ережелеріне және жаңа ұжымдағы өзара қарым-қатынасқа бейімделуі. Мектепке бейімделу үдерісінде баланың сыныптың өзара қарым қатынасына, салтына, өмір қағидаларына, құндылық бағдарына араласуы жүреді. Баланың мектепке бейімделу кезеңі 2-3 айдан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың жеке басының ерекшеліктері, қоршаған ортамен өзара қарым қатынас сипаты, оқу орнының түрі (яғни, білім беру бағдарламасының деңгейі) және баланың мектеп өміріне дайындық деңгейі. Үлкендердің, яғни ата-әже, әке-шешенің қолдау жасауы да маңызды факторлардың бірі. Осы үдерісте үлкендер мейлінше қолдан келгенше көмек көрсетсе, бала жаңа жағдайға тез бейімделіп кетеді.
Орыс педагогы Зимняя И. А. өзінің «Педагогическая психология» деген еңбегінде баланың мектепке физиологиялық бейімделу үдерісін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады:
а) Физиологиялық бейімделу. Бірінші кезең - оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық жүйесі қарқынды түрде жауап қайтарады. Бұл «физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ уақытқа - 2-3 аптаға созылады. Осы кезеңде ресурстарды үнемдеу туралы айтуға да болмайды, себебі мұнда барлық күш-жігер жұмсалады. Сондықтан ата-аналар осы кезеңде әрбір бала жоғары физиологиялық күш жұмсайтындығын ескеруі тиіс.
Екінші кезең - бұл тұрақсыз бейімделу кезеңі, ағза осы ықпалдарға әсер ететін тиімді (немесе тиімдіге жақынырақ) варианттарды іздеп табады.
Ал үшінші кезең - бұл біршама тұрақты бейімделу кезеңі, ағза аз күш жұмсауды талап етуші (жүктемеге әсер ететін мейлінше сәйкес келетін) варианттарды іздеп табады [2] .
Оқушы қандай жұмысты орындасын, мейлі ол ақыл-ой жұмысы болсын, мейлі амал жоқтан отырып істейтін қосалқы жүктеме болсын, немесе үлкен әрі таныс емес ұжымда қарым-қатынас жасауға психологиялық жүктемеге ағза, яғни оның әрбір жүйесі өзінің күшіне, жұмысына жауап қайтаруы қажет. Бала ағзасының мүмкіндіктері шексіз, ұзақ күш жұмсау, соған байланысты шаршау немесе болдыру баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екендігін барлығымыз да білеміз.
Мұның барлығын айтып отырғанымыздың себебі, біз кешегі тынымсыз балалардың тез шаршағыш болатындығын, оларды партада «тағы да бір сағат» отыра тұр деуге мәжбүрлеудің болмайтындығын, күн тәртібін сақтау керектігін білдік. Мынаны есте сақтау керек: бала өмірінде қайта құрудың қиындығы барлық балалардың басынан өтеді. Мектепке бейімделудің баяулауының бастысы - бала денсаулығы, сондықтан олардың денсаулығына мән беріп, ауру-сырқауларын емдеп жазу керек.
б) Әлеуметтік-психологиялық бейімделу. М. М. Безруких және С. П. Ефимова әлеуметтік-психологиялық бейімделу (тұрмыста-мектепке үйрену) әр түрлі болып өтуі мүмкін дейді.
Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді, сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz