ҚР отбасылық құқық ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. ҚР отбасылық құқық ұғымы.
2. Отбасылық құқық негіздері, принциптері.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин Құқықтану Алматы 2006 ж.
2.Баянов Мемлекеттік құқық негіздері Алматы 2003ж.
3.Құнқожаев Құқық негіздері

Кіріспе.

Отбасы — қоғамнын, бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше
қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын
оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі
болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар коя
отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді.
Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен
есеюіне және т. б.), коғамның (жақсы отбасы — игіліктің негізі) камы үшін
қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы
керек. Некелік жас ерлер үшін — 18 жас, әйел-дер үшін 17 жас болып
белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға
қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға
ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті кызбен келісе
отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына да
болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті
әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамнын 18 жасынан
басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі
жауап береді). Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұксат етілмесе, 18
жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның өзі, атап
айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тен құкығын, мүліктерді
пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен
мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет.

1. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ: ҰҒЫМЫ, НЕГІЗДЕРІМЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы
тәрбиесіне кабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни
отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды,
яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құкығының пәнін құрайтын қоғамдық катынастар өзіндік (мүліктік
емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар
құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құкықтың реттейтін
пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан,
азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы кұкығында бірдей емес. Азаматтық
құқықтың негізгі міндеті — мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол
өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туыңдайтын болса, немесе
қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нүсқау болса
ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қаты-настарды реттеу отбасы
құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін
мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты
болады. Отбасы құқығының азаматтык құқықтан айырмашылығы да, міне, осында
жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда
мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге
жатпайды. Профессор О. С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы
қатынастарына жататын занды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкін-діктері
белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып
кетеді
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы
қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала
асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары
орныкқан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлізайыптылардың, ата-
аналар мен балалардың, қорғаншылар мен камқоршылардың және камқорлыққа
алғандардың арасынданы катынасқа да тән нәрсе. Отбасылык қатынасқа
қатысушылардын өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе
оны жоғалткан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң
нормаларымен құқықтық реттеу тяімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы кұқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкин:
Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу
керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа
жолмен ретгелуі керек, деп жазды.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы
кұқығының қайнар көзі Казакстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады Осы аталған Заң актісі 1969
жылғы 6-тамызда Республиканын Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбары
туралы Кодексті алмастырды.
Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан
тұрады.
Бірішпі бөлімдегі Жалпы ережелерде неке-отбасы занда-рьшың негізі
жасалып, осы заңмен реттелетін катынастар, неке-отбасы қаіъшастарын
реттеудің негізгі принцштері белгіленеді .,
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату,
ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқыктық
реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасы деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен
міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу
жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері
туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайын-да,
сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау
және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Қорғаншылық және қамкоршылық деген 4-бөлімде корған болу мен
камқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен
қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардын құкыктары мен
міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылык пен камкоршы-
лықты тоқтату қарастырылады.
Отбасы мүшелерінің алименттік катынастары деген 5 бөлімде ата-
аналардың балаларды асырау және көмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-
күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің
алименттік міндетте-мелері көрсетіледі, совдай-ақ алимент тағайындау және
оны төлеу тәртібі берілген.
Азаматтық хал актілері деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал
актілерін тіркеу, азаматтык хал актілеріндегі жазбаларға байланысты
дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі
акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жок, адамдарға неке-отбасы
заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады.
Неке және отбасы туралы Занның 4-бабында көрсетілгеніндей, неке және
отбасы туралы заңға (заңның өзінен басқа) отбасы құқығының нормалары
кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құкықтық актілері
жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет
министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен камқоршылық
көрсетуші органдар туралы ережелер) мен нұсқаулар (мысалы, азаматтық хал
актілерін тіркеу тәртібі туралы Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Занда
кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал
актілеріне тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітуге тиісті екені керсетілген.
Неке-отбасы зандарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты
Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының
азаматтық құқыққа жақыңдығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң
неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және
мүліктік емес өзіндік катынастарға азаматтық зандар қолданылатынын (5-бап)
арнайы атап көрсетеді. Азаматтык Кодексті
колдану заң ретінде немесе құқық ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Неке шартының жарамсыздығы
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Отбасы құқығы жайлы
Отбасылық қатынастар ұғымы
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алудағы құқық қорғау органдарының рөлі
Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаттары
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
Пәндер