Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес


Жоспар
- Қысқаша тарихы
- Жалпы мәліметтер
- ЕҚЫҰ құрылымы
- Қазақстан және ЕҚЫҰ
- Үштікке қатысу
- ЕҚЫҰ төрағасы
- ЕҚЫҰ құрамындағы мемлекеттер тізімі
Қысқаша тарихы
1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті.
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, мерзім-мерзім олардың орындалуы туралы ақпарат тыңдалып отырды.
Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт - 1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және «қырғи-қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылды, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып, Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді.
1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау саласындағы маңызды келісім - Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді.
1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды.
1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабондағы кездесуінде «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды, «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Стамбұлда Ұйымның жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл декларациясын қабылдады және Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа қол қойды.
Жалпы мәліметтер
ЕҚЫҰ - құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.
Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады.
ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.
ЕҚЫҰ құрылымы
Жоғары деңгейдегі кездесулер - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекет және үкімет Басшылары ЕҚЫҰ өңіріндегі жағдайға бағалау жүргізеді және қызметтің жаңа негізгі бағыттарын әзірлейді. Соңғы кездесу 1999 жылы Стамбұлда өтті.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) - аса маңызды мәселелерді қарайтын және тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық және басшылық етуші орган болып табылады. СІМК кездесулері жылына кемінде бір рет әрбір Төрағаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына таяу өткізіледі.
Тұрақты Кеңес (ТК) - ЕҚЫҰ-ның күнделікті жедел қызметі үшін жауап береді. Оның жұмысына Іс жүргізуші төрағаның өкілі басшылық етеді. ТК мүшелері, қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері апта сайын (бейсенбі күндері) Венадағы Хофбург сарайында жиналады. Тұрақты Кеңес ЕҚЫҰ-ға қатысты барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді және шешімдер қабылдайды. Арнайы жағдайлар бойынша да шақырыла алады.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы (ҚЫФ) - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларының тұрақты өкілдерінен құрылған және Венадағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде апта сайын ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың нақты шаралары бойынша келіссөздер мен консультацияларға арналған отырыстар өткізеді. Сондай-ақ Форум міндетіне қару-жараққа бақылау жасау, қарусыздану мен сенім шаралары, жанжалдың туындау қаупін азайту жөніндегі келіссөздерді; қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты консультацияларды; сенім және қауіпсіздік шараларын орындауды бағалау жөніндегі жылсайынғы отырыстарды; әскери доктриналар бойынша семинарларды ұйымдастыру кіреді.
Парламенттік Ассамблея (ПА) - 1991 жылы құрылған. Хатшылық Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы шілдеде Астанада өткен сессиясында Португалия өкілі Ж. Соареш бір жыл мерзімге Президент болып сайланды.
Іс жүргізуші төраға (ІТ) - жедел қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады, ол ЕҚЫҰ-да төрағалық етуші мемлекеттің сыртқы істер миинистрі. 2009 жылы ЕҚЫҰ-ның Іс жүргізуші төрағасы Грекия сыртқы істер министрі Дора Бакоянни болып табылады. Төраға бір жылға тағайындалады және өз қызметінде:
құрамына алдыңғы, қазіргі және келесі төрағалар кіретін «Үштіктің» ( 2009 ж. Үштікті Финляндия, Грекия және Қазақстан құрайды) ;
Қосымша көмек көрсету үшін, атап айтқанда, жанжалдардың алдын алу және дағдарыстарды реттеу саласында құрылуы мүмкін арнайы топтардың;
ІТ нақты мандатпен тағайындайтын жеке өкілдердің көмегіне сүйенеді.
Бас Хатшы - СІМК үш жыл мерзімге тағайындайды, Іс жүргізуші төрағаның өкілі және Ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді. БХ-ның міндетіне ЕҚЫҰ құрылымдарына және операцияларына басшылық жасау кіреді. 2005 жылдан бастап бұл лауазымда Марк Перрен де Бришамбо (Франция) отыр.
Хатшылық - Бас Хатшының басшылығымен жұмыс істейді және мынадай бөлімшелерден құралады:
- Бас Хатшының офисі;
- Жанжалдардың алдын алу орталығы;
- Стратегиялық полициялық мәселелер бөлімі;
- ЕҚЫҰ-ның антитеррорлық бөлімшесі;
- Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкіл мен үйлестірушінің бюросы;
- ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызметін үйлестірушісінің бюросы;
- Басқару және қаржы департаменті;
- Прагадағы бөлімше (ЕҚЫҰ-ның мұрағаттары мен оның құжаттамасын тарату) .
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) - адам құқықтарын қамтамасыз ету, демократияның дамуын және заң үстемдігін орнықтыруды қамтамасыз ету мәселелеріне жәрдемдесу үшін жауап береді. Штаб-пәтері Варшавада орналасқан. 2008 жылдан бастап ДИАҚБ-ның Басшысы Елші Янеш Ленарчич (Словения) болып табылады.
БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі - қатысушы мемлекеттер үкіметтеріне ЕҚЫҰ қағидаттарының негізінде еркін және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға көмекті жүзеге асырады. 2004 жылғы 10 наурыздан бастап бұл лауазымды Миклош Харасти (Венгрия) иеленді.
Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы Комиссар - этникааралық шиеленіс жағдайларын анықтайды және олардың тез арада шешілуіне жәрдемдеседі. Штаб-пәтері Гаагада орналасқан. 2007 жылғы 4 шілдеден бастап бұл лауазымда Кнут Воллебек (Норвегия) отыр.
ЕҚЫҰ-ның тыстағы миссиялары - жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу, сондай-ақ нақты бағыттар бойынша дамуға көмек көрсету мақсаттарына қызмет етеді. Олардың мандаты орналасқан жерлердегі мүдделі тараптармен байланыстарды жолға қоюды және үнқатысуды дамытуды көздейді.
Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның тыстағы 19 миссиясы:
Балқанда (Албания, Босния және Герцеговина, Черногория, Хорватия, Сербия, Косово, БЮР Македония) ;
Шығыс Еуропа елдерінде (Беларусь, Молдова, Украина) ;
Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузия*, ЕҚЫҰ-ның Минск конференциясының тақырыбы болып табылған жанжал жөніндегі ІТ Жеке өкілінің офисі) ;
Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) жұмыс істеуде.
*Ескерту: ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясының мандаты 2008 ж. 31 желтоқсанда аяқталды.
Жоғары деңгейдегі жоспарлау тобы Таулы Қарабақтағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ күштерін құруға дайындықпен айналысады.
Сондай-ақ Әскери зейнеткерлер бойынша ресейлік-латвиялық бірлескен комиссиядағы ЕҚЫҰ өкілі де әрекет етуде.
ЕҚЫҰ-мен байланысты органдар. Сондай-ақ ЕҚЫҰ шеңберінде:
- Татуластыру және төрелік соты (татуластыру арқылы дауларды реттеу, Женева) ;
- Бірлескен кеңесу тобы (ЕӘҚКШ-ны орындауға жәрдемдеседі) ;
- Ашық аспан жөніндегі кеңесу комиссиясы (1992 ж. Ашық аспан жөніндегі шартты орындауға жәрдемдесу) әрекет етеді.
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде - Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды.
Батыстың жетекші елдерінің Ұйымға кіруге шақыруы Қазақстанда еуропалық қауіпсіздіктің тең құқылы және бөліну сызықтары жоқ жағдайлардағы жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған қадам ретінде қабылданды.
Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған Қазақстан оны одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне белсене қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Хельсинкиде (1992 ж. ), Будапештте (1994 ж. ), Лиссабонда (1996 ж. ) және Стамбұлда (1999 ж. ) өткен саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жылсайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өкілдік етеді. Қазақстандық парламентшілер Ұйымның Парламенттік ассамблеясының жұмысына белсенді қатысуда.
1994 жылы Будапешт саммитінің қорытындысы бойынша, одан әрі институттандыру мақсатында Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды.
1995 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды. Ал 2008 жылдан бастап алдағы төрағалық тұрғысында Елші Қайрат Әбдірахманов басқаратын Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жұмыс істеуде.
1995 жылы Ташкенттегі офисімен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы ашылды
1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды, сосын ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Орталықты қазір Елші Александр Кельчевски (Франция) басқарады.
Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында:
«Адам саудасына қарсы күрес - өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр) ;
Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр - 2 маусым) ;
ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі - Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым) ; «Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж. 26-27 наурыз) ; ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым - 3 шілде) . 2009 жылғы қаңтарда қазақстандық дипломат, Елші Вячеслав Ғиззатов ЕҚЫҰ Қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі болып тағайындалды.
Үштікке қатысу
2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде ЕҚЫҰ төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы Үштікке Грекия, Финляндия және Қазақстан қатысады.
Үштік іс-қимылдар мен ортамерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.
Мұнымен қатар, Қазақстан Ұйымға қатысушы 56 елден басқа құрамына Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіретін ЕҚЫҰ-ның Жерортатеңіздік әріптес елдермен ынтымақтастық жөніндегі байланыстары тобына төрағалық етуге кірісті.
Жерортатеңіздік әріптестермен өзара іс-қимыл - ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де өз арасындағы тиімді мүдделер салаларын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру әрекеттерін одан әрі үйлестіру мақсатындағы мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.
Өмірбаяны
Қанат Бекмұрзаұлы Саудабаев
1946 жылы Алматы облысында туған. Н. Крупская атындағы Ленинград мәдениет институтын және КПСС Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz