Франк мемлекеті және оның құқығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Франк мемлекеті және оның құқығы 1
Мемлекеттік құрылыс 5
Франктердің құқығы 9

Франк мемлекеті және оның құқығы

Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Рим империясы
Еуропаның ескі мемлекеттеріне жататын, онымен қатар күшті жаңа мемлекеттер
пайда болды. Жаңа халықтар бір біріне үқсамайды, олардың құрылысы
тайпаларға үқсайды. Олар бір-бірімен жиі соғысатын. Парсылардың және
римдердің империялары ыдырап, әлсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің
жаңа кезендеріне аяқ басты. Бұл тайпалар: хүн, аландар, дала көшпенділері
Батыс Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франктер, лангобардтар,
вандалдар, вестготтар және остготтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа
қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзеидерінің
арғы жағалауындағы жерлеріне қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлергс
бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ шығыс тайпалары қыса бастағаннан
кейін, олардың белсенділігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим
империясының шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ
бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан
әскерлерсіз өз жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан
құрылған әсксрге толық сенуге болмайтын. Оларды басқарган бастықтары
өздерін Рим императоры ретінде мәлімдеп, азамаггық соғыс ашатын болды. Рим
азаматтары әскерге қызмет істегісі келген жоқ.
Рим халықтары герман тайпаларының бәрін "варвар" жабайы деп атайтын.
Бұл сез гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаныц бәрін
"варвар" деп атады.
Варварлар Рим империясын солтүстік шекарасы жагынан, франктер Рейн
өзені жағынан, готтар, аландар және хүндар Дунай өзені жағынан қыспаққа
алды. Бұл тайпалар бір-біріне ұқсас болмаса да, оларды біріктіретін жалпы
бір ортақ нышан бәрінің атты әскерлері болды. Туғаннан ат құлағында
ойнайтын олар өмірлерінің жартысын ат үстінде өткізетін. Рим империясының
әскері көбіне ауыр қаруланған легиөнерлерден тұратын. Бірақ 378 жылдан
бастап гот йен хүндардан жецілгеннен кейін, ез әскерлеріне өзгеріс енгізді.
Оларда да аггы әскер құрылды. Рим қоғамы екіге белінді: бір жағынан әскери
адамдар, екінші жағынан әскерге қатыспайтын азаматтар. Варварлар олай
бөлінген жоқ. Олардың бүкіл ер адамдары әскерге қатысатын. Көсемдердің де
және басқа белгілі адамдардың да жеке сарбаздары болатын. Бастық оларды
қаруландырды, асырады және басқарды. Варварлар жауынгер болды. Олар көшпелі
өмірді қалады, сол үшін де жаца табыс, жер мен жайлау іздестіруге мәжбүр
еді. Ақылды көршілерінен соғыстың жаңа әдістерін жылдам үғып үйренетін.
Сондықтан олар Рим империясын жеңіп, тізе бүктірді.
Рим империясының шекаралары 410 жылдан бастап бұзыла бастады. Италияны
вестготтар, Галлияны вандалдар мен аландар басып алды. Төменгі Рейн
жағалауында жүз жылдан астам уақыттан бері франктер тұрып жатты.
Солтүстік Африканы вандалдар тайпалары басып.алды. Сонымен Рим
империясы шегірен былғарысы сияқты қусырыла берді. 455 жылы Африкалық
вандалдар Рим қаласын талап, өздеріне бағындырды, Италияны олар Рим
императорына қалдырды, оның әскерлері франктерден тұратын. 476 жылы
Одоакргерман әскери бастығы Ромул Августул соңғы Рим императорын тақтан
қуды да, мемлекет билігін өз қолына алды. Алайда оның қолына тигені Рим
империясының қанқасы ғана болатын. Ондаған ғасырлар бойы Рим бүкіл дүние
жүзінін біраз елдеріне билік жүргізді. Ал енді оның дәуірі аяқталды. Ескі
дүниенің күндері санаулы еді. Сонымен қатар жаңа дүние туды. Олар қазіргі
Еуропа мемлекеттерінің негізін қалады. Сондықтан 476 жылды тарихшылар жаңа
кезеңнің, жаңа дәуірдің басы деп санайды. Ежелгі мемлекетгердің орнына орта
ғасырлар мемлекеттері келе бастады. Римді басып алған тайпалар Еуропа
жерінде жаңа мемлекеттердің, яғни қазіргі Еуропаның негізін құрды.^Рим импе
*риясының қанқасынан пайда болған Франк мемлекеті ерте феодалдық Европаның
ең ірі мемлекеттерінің бірі деп саналды. Ол дамуының ең жоғары шегінде
қазіргі Франция, Бельгия, Люксембург, Нидерланд мемлекеттерінің кейбір
аудандарын, ГФР, Италия және Испанияның жерлерін біріктірді. Демек, Франк
мемлекетінің 400 жылдық тарихы қазіргі Еуропа мемлекеттер көшінің басы деп
санауға болады.
Франк мемлекетінің пайда болу процесінің езіндік ерекшеліктері көп.
Галлия Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда
ол оте терең дағдарысқа ұшырады. Құлдар, колондар, шаруалар, қаланың
кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып,
билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар,
франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының
ең күштісі салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай ғана уақытта
мемлекеттің кеп жерлерін бағындырып, басып алды.
486 жылы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы
наместнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг
руының өкілі, он тогыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен
өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг
руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери
демократияның қалдықтары өте көп сакталған еді. Христиан дініне ену үшін
Хлодвиг езінің әскерінің келісімін он жылдай күтті. 496 (497) жылы Рим
католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін гана езінің жағдайын нығайтты.
Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлекетінің шекарасы
Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн озенінің оң жағалауы да
оған кірді.
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы
мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел отті. Франктердің әскери
көсемдері Галлияға жорыққа барып келгеннен кейін қатты байыды. Олар жаңа
жерлерге, малға, құлдарга ие болды. Кейін басы бос туысқандарын да ездеріне
бағындыра бастады. Франк шаруалары жаңа жерде қауым құрды, ол_мар_ка.деп
аталды. Қауымдағы бүкіл орман, жайлау, күнарлы жерлер марканың жеке
меншігінде болды. Франктердің көбі жеке бостандығы бар адамдар
болғандықтан, олар ауыл шаруашылығын мемлекет басқару функциясымен қоса
атқарды. Олардың құқықтары мен міндеттері мынандай болатын: әскерге қатысу,
жүздіктің жиналысына бару, сот шешімдерін орындау, сот қызметкерлерін
сайлау, әскери табысты бөлісу. Әрбір бос франктің үйі, жер үлесі, шетелден
келген құлды, яғни, жартылай бостандығын сақтаған литті жеке меншігінде
ұстады. Бұдан басқа оның ормандарды, жайлауларды, суды басқаларымен қатар
пайдалануға құқығы бар болатын.
Бір ауданның адамдары қауым құратын. Қауымның адамдары бір біріне
көмек беретін, олген адамдардың жерін және бөлінбеген жерлерді бірге
пайдаланатын. Ерікті франктерге франк ақсүйектері қарсы түрды, біряқ
алтыншы ғасырда олар ерікті франктерді әлі езуге сала алмаған еді. Маңызды
мемлекеттік қызмет орындары ақсүйектердің қолында болатын. Олардын жеке
меншігін шетелдік құлдар және кейбір тәуелді адамдар құрайтын.
Қүнарлы жерлер үлеске бөлініп, өрқайсысы жеке отбасыларға пайдалануға
берілді. Уақыт оте келе жаңағы үлестер әр отбасының жеке меншігіне айналды.
Жаулап алған жерлердегі бағынышты халық езгіге түсті. Бірақ Римдік
аксүйектер өздерінің байлықтарын сақтап қалған болатын. Франктердің және
галлоримдердің ақсүйектері өзара араласқұралас болып, біріге бастады. Олар
халықты өздерінің үстемдігіне кондіріп, ортак мүдделерін қорғау үшін
мемлекет құрды. Рулық қоғамның орнына мемлекеттік құрылыс пайда болғаны да
осы кезең.
Мемлекетті жоғары лауазым иесікороль басқарды. Оған әскер, түрме,
басқа күш қолданатын органдар жәрдем жасады. Франктердің жерлері округтерге
бөлінген еді. Олар .пагллеп аталды.
Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486511). Ол Меровингтер
руынан шыққан косем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның
жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-әрекеттері аз емес.
Айталық, ол христиан дінін кабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының
астына кірді. Король атяғы оның ер балаларына мұралықпен берілетін.
Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын.
Корольдің қолында маңызды мемлекеттік артықшылықтар болды. Ол халық әскерін
басқарды. Ол әскерге франктер ғана емес, галлоримдер де қатысатын. Король
епискөптармен және жоғары вельможалармен ақыдцасып, бүкіл жоғары
қызметкерлерді тағайындады. Оларға сыйлық ретінде жер және басқа заттар
таратты. Корольдің сарайы ец жоғарғы мемлекеттік орган болды.
Франк мемлекеті ертефеодалдық мемлекеттер қатарына жатады. Бұл
мемлекет феодалдық карымқатынастарға құрылған. Мұның озі жаңа
қарымқатынастар үстемдік ететін екі топты жоғары көтерді. Олар франктер мен
галлоримдер. Дегенмен олардың феодализмге келу жолы бірдей емес еді.
Франктер феодализмге рулық қоғам ыдыраған соң келсе, римдер құл иеленушілік
қоғамның барлық кезендерінен өтіп, құл иеленушілік дагдарыска ұшырағаннан
кейін ғана феодализм жүйесіне бет бүрды..
Франк монархиясыыың бірінші кезеңі Медовинггердін монархиясы деп
аталады. Хлодвиг қайтыс болғаннан кейін оның балалары бір-бірімен тіл
табыса алмай, соғыс бастады. Бұл шиеленіс жүз жылдан аса уақытқа созылды.
Мемлекет бірнеше рет ұсақ тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетгі. Жетінші
ғасырдың басында Король феодалдарды өзіне қарату үшін жерге қатысты жаңа
саясатын жүргізе бастағаннан кейін ғана жағдай тынышталды. Ол феодалдардың
жеке меншігіне көптеген жер үлестерін таратты. Бұл жерлер "бенефиций" деп
аталатын. Жер үлесін алған феодал корольге қызмет 1Бтеугё~шндетті болды.
Кейін бұл жерлер аллодқа айналды. Аллщ_дегеніміз толық жеке меншікке
жататын жерлер~Сонымен, корольдің жасақтары мен әскерлері жерге ие болды.
Меровингтер тұсында бұлар тез байып кетті. Феодалдармен қатар шіркеу де
ауқаттанып, нығая түсті.
Франк шаруаларының да жағдайлары өзгерді. Олардың арасында саралау
процесі басталды. Шаруалардың көбі жеке бостандығын жоғалтып, жерінен
айрылып, амалсыз прекарлық қағаз грамота жазуға тиісті болды.
Прекар_ий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін корғай алмайтынын
көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды.
Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі
жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін
жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қағаздарда (шарттарда)
шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бұл шарт
шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай тугызды.
Бенефиций феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бұл
шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алган адам "бенефициарий"
делінеді. Вассал екеуінің арасындагы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін
әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет
қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетті еді. Кейбір жағдайларда ол
мемлекеттік аппаратта басқа да қызметтер атқаратын. Осылайша Франк
мемлекетінде біртіндеп вассалитеттік қарымқатынастар орныға бастады.
Феодалдардың жерге жеке меншігі күшейген сайын, олардың әскери, полиция,
сот және қаражат биліктері де нығайды. Олар ездерінің күшейген биліктерін
иммундық қағаздармен белгіледі. Феодалдардың қолында осындай иммундық қағаз
болса, мемлекеттік қызметтегі адамдардың юрисдикциясына бағынбауға құқылы
болатын. Сот, полиция, қаражат қызметтері феодалдың қолында жинақталды.
Феодал өзінің жерлерінде тұрып жатқан адамдарға сот, әкімшілік және
азаматтық билікті жүргізуге құқылы еді.
франк аксүйектерінің күшеюіне галлорим магнаттарының әсері тигенін
айта кетуіміз керек. Біріншіден, галлоримдердің саны басым болды.
Екіншіден, олар франктердің ақсүйектерімен қосылып, бір сословие ҚҰРДЫ.
Рентаның пайда болуы, ірі жеке меншік иесінің ұсақ жеке меншік иесін қанауы
және байлықтың арқасында қызметбабымен жоғарылауы, шаруалардың
тәуелсіздігін жоғалтуы осы нышандардың бәрі феодалдандыру процесінің өркен
жайғанын дәлелдейді.
Германдар мен галлоримдер қарымқатынастарының бір-біріне тигізгені
әсері этика санасынан да көрінеді. Франктер, бургундтер, алемандар және
галлоримдер ассимиляция процесіне ұшырады. Бұл процесте галлоримдердің
ықпалы, олардың жоғары мәдениеті, тілі, құқығы және саяси мәдениеті мықты
әсерін тигізді. Бірақ, германдардың әлеуметтікмәдени әсері де осал емес
еді. Олар да ездеріп ең маңызды саналарда көрсете білді. Мемлекет франк
мемлекеті деп аталып, басқа атауларда бәрі кобіне франктердің түрмыс
салтымен тыгыз байланысты болды.

Мемлекеттік құрылыс

Франк мемлекетінің ерте феодалдық монархиясы күрделі де, шиеленіскен
жолмен орнықты. Күшті мемлекеттік аппарат құрылғаннан кейін ол оз күшін,
бостандығын сақтаған франктерді үстем тапқа бағындыру үшін және көрші
мемлекеттерді басып алу үшін пайдаланды.
Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715741 жылдары) майордом
қызметін атқарды. Оның реформаларын жер г^еформасы^ деп атауға болады.
Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы түрған адамдардың жерлерін
тәркілеуден бастады. Бұдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып
алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бұл жер қорын
ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін
алған феодалдар корольдің әскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге
өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген
жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді.
Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет карымқатынастарын әкелді.
Бенефицийден басқа коммендация, прекарий және өзін күлдыққа сату
сияқты шарттар жиі кездесті.
Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік
нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу
қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды. Мемлекеттің
гүлденген кезеңі Ұлы Карл басқарған уақытпен тұстас (VIIIғасырдың екінші
жартысынан IX ғасырдьщ бас кезіне дейін). Ол мемлекеттің шекарасын
үлкейтіп, Батыс Германияны, Солтүстік Италияны және Солтүстік Испанияны
мемлекетіне қосып алды.
Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірақ
франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Король өз билігін
ақсүйектермен бөлісті, маңызды шешімдерді солармен ақылдасып шешті. Ірі
феодалдар мен шіркеу қызметкерлері корольдің кеңесіне кіретін. Бұл Кеңес
корольдің билігін шектейтін. Көктемде феодалдар өздерінің Ұлы жиналыстарына
қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Феодалдар осы жиналысқа
қаруланып келетін және өздерінің әскери дайындығын көрсететін. Ірі
феодалдар осылайша корольдің билігін шектейтін еді.
Хлодвиг әртүрлі әдіс қолданып, қарапайым әскер басшысынан жеке басшыға
айналды. Жеке билік үшін Хлодвиг тайпалар көсемдерінің көзін жойды,
туысқандарды да өлтірді. Неше түрлі арамдықтарды қолданудан ол тайынған
жоқ. Хлодвиг христиандардың дінін алып, мемлекетті нығайтты. Бірақ
корольдің билігі күшті болғанымен, рулық қоғамның кейбір басқару органдары
сақталып қала берді. Франктердің жалпы тайпалар жиналыстарының орнына
"Наурыз дала" деген жиналыстар келді. Мұндай жиналыстарда Хлодвиг әскерінің
сапасын талқылады. Жетінші ғасырдан бастап Наурыз дала жиналысы ақсүйек
қызметкерлердің жиналысына айналды. Король және оның төңірегіндегілер
шешімдері алдымен осы Наурыз дала жиналысында талқыға салынатын.
Корольдің озі бейбітшілік кепілі болды, ол қауымның шығарған
шешімдерін орындайтын, заң шығаратын. Король әскер, сот процесі туралы
зандар шығарды. Король өз билігін мұрагерлік түрінде балаларына қалдыру
құқығын иеленді. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.
Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы майордом болды. Бұрын
майордом сарайдың шаруашылық ісіне ғана жауап беретін, келекеле оның билігі
күшейіп, ең беделді қызметкерге айналды. Ол корольдің бірінші көмекшісі
және орынбасары болды. Майордомның қолындағы билікті пайдаланып,
мемлекеттік төңкеріс жасаған жағдайлар да кездесті. Майордом король
сарайының басшысы болғандықтан, қызметкерлердің барлығы соган бағынатын.
Қызметкерлердің басым көпшілігін ол өзі тағайындайтын.
Пфалыіграфкорольдің сарайындагы сотты басқаратын лауазым иесі.
Тезаурарий дәулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке ие болып,
соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да
жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің және мемлекеттің қаражаты бірге
сақталатын.
Маршалкорольдің атты әскерін басқаратын адам.
Архикапелланкорольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу
қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде король
кеңесінің мүшесі болды.
Камерарийкороль қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай
мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы
биліктердің бөлінуі әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Себебікызметтік
иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.
Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін. Оларды
басқаратын графтарды қорольдің озі тағайындайды. Графтың қарауында әскери
отрядтар паги әскері деп аталды және тікелей графқа бағынатын. Графтардың
басқару әдістері рим қызметкерлерінің әдістеріне ұқсас болды. Өйткені
олардың қолында әскери функциядан бөлек полицейлік және сот функциялары да
жиналған еді.
Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын.
Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті езінөзі басқару принциптері
сақталды.
Бірнеше округтер герцогтіхтерге бірікті, оларды герцог басқарды.
Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің
басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне ұқсас.
Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін
ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр
қылмыстарды қарайтын.
Бірақ сот функциялары бұрынғысынша қауымның билігінде қала берді.
Қауым өз жерінде жасалған қылмыстарға жауапты болды, сотқа қатысты, ант
берген адамдарды белгіледі, келмеген адамдарды сотқа апаруға тиісті болды
және вергельд деп аталатын айыппүлды туысқандарына төлеуге көмектесті.
Негізгі сот органдарыжүздіктің соттары. Олар бүқара халықпен тыгыз
қарымқатынас жасады, сондықтан мұндай соттың абыройы жоғары еді. Олар оз
қызметінде халықтың әдетғүрпын сақтап, көбіне сол нормаларды қолданатын.
Бірақ біртебірте олар да монархияның құралына айналып, өзінің тәуелсіздігін
жоғалта бастады.
Жүздіктің сотый тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың
рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік
білетін адамдар сайланды. Сот мәжілісіне төуелсіз және құқығы толық ерікті
адамдар қатыса алатын. Король сайлаған адамдар сот процесінің дүрыс және
занды өтуін ғана қадағалайтын.
Әскер. Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды.
Меровингтер кезеңінде әскердің негізін корольдің сарбаздары құрайтын. Олар
жақсы қаруланған және жеткіліхті жалақы алатын. Сондықтан олар король
тағының басты тірегі болып есептелді, шаруаларды басу үшін король өзінің
сарбаздарын жұмсайтын. Кәсіпқой әскермен қатар халық әскерлері де сақталды,
олар басқа мемлекеттермен соғысқан жағдайда керек еді. Бұл әскерлер
біртебірте тек қана көмек беретін әскерге айналды. Корольдің кәсіпқой
әскерлері де жерге ие болғаннан кейін корольге бұрынгыдай біржола
бағынбайтын болды. Осы себептер әскерді әлсіретті де, Карл Мартелл әскерде
реформа жүргізуге мәжбүр болды.
Каролингтер монархиясының ерекше нышандары сегізінші гасырдан IX
ғасырдың ортасына дейін сақталды. Сегізінші ғасырдың басында Франк
мемлекетіне әскери қауіп төнді. 718 жылы арабтар Пиренеи жарты аралын
өздеріне толық бағындырып, Галлияға кірді. Сол жылы олар Септиманияны
жаулап, Аквитания мен Бургундияга көз алартты. Аквитанияның және
Бургундияның магнаттары арабтармен одақ құруға да келісім ететіндігін
байқатты. Карл арабтарға және сатқын магнаттарға қарсылық көрсете білді. Ол
үш мемлекеттің майордомы ретінде корольдердің орындарын әдетте босалқы
ұстады. Оның ең табысты реформасыәскери реформа еді.
Реформаның негізгі мәселесі бенефиций. Бенефиций үшін рыцарьлер
әскерге келетін болды. Олар ақы ретінде жер алушы еді. Жер үлесі бенефиций
деп аталды. Бенефиций әкесінен баласына мұра ретінде берілетін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Ежелгі мемлекетер тарихы
Феодалдық қоғамның құқықтық мұралары
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Ұлы Карл империясының ішкі саясаты
Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері
Пәндер