Қазақ ордасының құрылуы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ ордасының құрылуы
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Қазақ хандығындағы мемлекетік биліктің негізігі бастауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
XIII ғасырдың 40-жылдарында ту көтерген, ежелгі түрік жұртының
қыпшақ тектес руларын біріктірген ұлы мемлекетіміз Алтын Орданың саяси және
әкімшілік құрылымы қарауындағы халықтың шаруашылық жағдайына, жер ыңғайына
орай қалыптасқан болатын.
Бүкіл тарихымыз жаулас елдердің, жау болмаған күннің өзінде жат жұрт
өкілдерінің қолымен жазылған. Аңдап қарасақ, Әбілқайыр ханның жорық жолында
бөгелуін күннің суытуымен ғана түсіндіру қисынға келмейді. Ол заманда қара
суық түгілі, қақаған қыстың өзі қанды жорыққа, қырғын соғыстарға бөгесін
бола алмаған. Әбілқайырдың межелі жер шегіне жетер-жетпестен еріксіз
аялдауының жалғыз-ақ себебі болды дер едік, ол – қарауындағы әскердің қазақ
болып бөлінген жұртты шабуға үзілді-кесілді қарсылығы. Керей мен Жәнібектің
туы астындағы жұрт пен Әбілқайыр туының астындағы жұрт – бір-ақ халық еді,
бәрі де алаш ұлы, кейінгі үш арыстың баласы. Шынында да солай болады.
Әбілқайыр өлісімен, соңындағы әскер тарап кетеді; бұрынғы әміршісіне адал
шонжарлардың бір тобы Әбілқайырдың ұлы Шейх-Хайдарды хан көтереді, бірақ
ол көп ұзамай, қазақтармен қақтығыста қаза табады. Сөйтіп, алаш ту
көтергеннен соң арада бір мүшел өтер-өтпесте Керей мен Жәнібек ата жұртына
толық ие болады.
Біздің Қазақ Ордасы деп аталған ежелгі мемлекетімізде билік
алмасудың бұдан мүлде өзгеше бір түрі қалыптасты. Қазақ дәстүрінде әрбір
жаңа хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен, яғни ханның ұлы
емес, халықтың ұлы ретінде ел ағаларының бірі көпшіліктің қалауы бойынша
хан сайланған. Мұндай ерекшелікті өткен заманда орыс дипломаттары мен
оқымыстылары байқапты. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Ресей мен Қазақстан
арасында елшілікте жүрген атақты Мәмет мырза Тевкелев “Қырғыз-қайсақта...
мұрагерлік жолымен хан болмайды, сайлау арқылы ғана хан болады”,- деп атап
көрсетеді.
Қазіргі заман тарихшыларының есебі бойынша, Шәйбани ханның соңынан
ерген халықтың ұзын саны үш жүз мың шамасында болады. Шәйбани ханның
екпінінің күштілігі сондай, айналасы бес-алты жыл ішінде бүкіл Орта Азияны,
Ауғанстан мен Қорасанды – кешегі Ақсақ Темір дәуләтінің жерін тұтасымен
жаулап алады, Шәйбани дәуләті деп аталатын жаңа ұлыс құрып, Орта Азияның
жаңа әміршілерінің жаңа нәсілін негіздейді. Қазақ жұртының тепкінімен
Ордадан ығысқан Шәйбани осыншама күш танытса, сол замандағы біздің
бабаларымыздың қандай қуатты болғанын ойша елестету қиынға түспесе керек.

орай қалыптасқан болатын. Алтайдың сауырынан Дунайдың етегіне дейінгі кең-
байтақ жерді – жарым дүниені алып жатқан алып мемлекеттің еуропалық бөлігі
– оң қанат, ал азиялық бөлігі сол қанат деп есептеледі. Оң қанат Ақ Орда
деп аталады, сол қанат Көк Орда деп аталады. Бұл арада көне түрік тілінде
ақ сөзі – батыс, көк сөзі – шығыс дейтін мағына беретінін айта кету керек.
Сондықтан, совет тұсындағы кейбір тарихи еңбектердегідей бұл екі орданың
орнын шатыстыруға болмайды.
Алтын Орданың Шығыс бөлігі, яғни Көк Орда негізінен қазіргі
Қазақстан республикасының территориясын қамтыды. Бұл – үлкен мемлекет
ішіндегі құрылым, қазіргі тілмен айтсақ, автономиялық белгілері, яғни
өзіндік әкімшілік, басқару жүйесі бар біршама дербес ұлыс еді. Астанасы –
Сыр бойындағы Сығнақ шаһары болды. Көк Ордада билік жүргізген хандар да
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының әулетінен тараған еді, бірақ Ақ Ордада,
Еділдегі Сарай қаласында хүкім құрған ұлы ханның дәргейіне бас ұратын. Көк
Орда жұртшылығы өздерін Алтын Орданың бір бөлшегі санайтын. Соғыс
күндерінде қай тараптағы жорық пен ұрыста болмасын, Алтын Орданың мың сан
әскерінің сол қанатын құрайды, бейбіт күндерде үлкен ұлыстың тіршілік-
мерейінен бөтен мүддесі болмайды. Бірақ жер жағдайы, көші-қон ыңғайы,
шаруашылық кебі Көк Орданың өзіндік сипатын қалыптастырады. Бір жағы
Тарбағатай мен Жетісу, бір жағы Маңғыстау мен Нарын құмы, түстікте ұзын
аққан Сыр-Дария, терістікте Түменге, Сібір тайғасына дейінгі ұлан-ғайыр
қоныста шалқып-толқып отырған айбарлы жұрт сол кездің өзінде-ақ саяси
бірлікпен қоса этникалық тұтастыққа да ие болғаны байқалады.
1357 жылы Алтын Орданың ұлы ханы Жәнібек өлгеннен соң, елдің саяси
жағдайы қиындайды, аумалы-төкпелі, бұлғақ кезеңі туады. Қазақта ескіден
қалған: Нар мойыны кесіліп, Бердібектің өлген жер деген мақал бар. Бұл
Бердібек – Жәнібек ханның туған ұлы. Аталарына тартпаған қорқау залым,
таққа таласар деген қауіппен кіндіктес, немере-шөбере туыстарының түгел
көзін жояды, ел-жұртына қарабет болып, арада екі жыл өтер-өтпесте өзі де
кісі қолынан өледі. Бердібектен соң шынында да нар мойыны кесіледі, яғни
Алтын Орданың негізін салған Бату ханның тұқымы құриды, Жошыдан тараған
басқа әулеттер ішінде таққа талас басталады. Тарихшылардың есебі бойынша,
үлкен бұлғақ дәуірінде айналасы жиырма жыл ішінде Алтын Орда тағында он
төрт хан ауысыпты. Ешқайсысы еркімен түспеген, бәрі де өзара қырқыс
нәтижесінде қазаға ұшыраған. Міне, осы кезеңде Көк Орда хандарының әулеті
де Алтын Орда тағына ұмтылады. Бұлардың ішінде ұлы хан дәрежесіне жетіп,
Сарай қаласында азды-көпті билік құрған – Орыс хан, Тоқтамыс хан және Барақ
хандар. Бірақ Алтын Орданың күні батқан еді. Береке-бірлік азайған, күш-
қуаты да кемуге бет алған. Астана байтақта орныға алмаған Орыс ханның
өмірінің соңғы кезеңі – Орта Азиядан шыққан жыртқыш жиһангер Ақсақ Темірмен
күрес үстінде өтеді. Тоқтамыс хан сол күресте басын жояды. Алтын Ордадағы
үлкен таққа жеткенімен, ол да баянды билік орната алмаған Барақ хан бар
қажыр-қайратын Көк Орданың мерейін көтеруге жұмсайды. Ақсақ Темір мен
Тоқтамыстың арасындағы жойқын соғыстар кезінде біз Сыр-Дария өңірінен
айрылған едік. Барақ хан Ақсақ Темір ұрпақтарымен, оның ішінде атақты
Ұлықбекпен тынымсыз шайқасып, бет қаратпай жеңеді, бүкіл Сыр бойын, ондағы
Сығнақ, Отырар, Сауран, Түркстан қалаларын қайтарып алады; көп әскермен
қарымта соғысқа шыққан Ұлықбек пен оның інісі Мұхамед-Жәукені Самарқанның
түбіне дейін қуып, Ақсақ Темір әулетінің ата жұрты Мәуреннахрдың біраз
жерін ойрандайды, мол олжамен қонысына оралады. Бұл заманда Көк Орда мүлде
дербес құрылым ретінде көрінеді. Егер Көк Орда деген сөзді белгілі бір
тарихи кезеңге тән шартты атау деп есептесек, территориясы жөнінен алғанда
да, халқының тайпалық құрамы жөнінен алғанда да бұл қуатты ұлыс – ортақ
емес, бөлшек емес, біздің өзімізге ғана тиесілі мемлекет болатын. Сол
бетінде ордаланып кетуіміз де мүмкін еді, бірақ ойламаған жерде ұлыстың
берекесі қашады. Өз заманының тарихшылары ақылды, қайсар, жаужүрек әмірші
деп бағалаған Барақ хан кезекті соғыстарының бірінде, ұрыс үстінде,
жағаласқан жау қолынан емес, өз әскерінің қатарындағы опасыздан – осының
алдында ғана бағынып, қызметіне кірген ноғай мырзаларының арам жебесінен
жазым табады. Бұл – 1428 жыл.
Нәтижесінде, біржола ыдырау дәуіріне көшкен Алтын Орданың шығыс
бөлігінде де елдің қаймағы бұзылады, жұрттың берекесі кетеді. Билікке
ұмтылған сұлтандардың әрқайсысы өзінше шағын хандық құруға тырысады. Ақыры,
солардың ішінде Жошының тағы бір ұлы Шибан әулетінен шыққан Әбілқайыр
ханның бағы көтеріледі. Әбілқайыр азғана уақытта бұрынғы Көк Орданы қалпына
келтіргендей болады, бірақ толық бірлікке жете алмайды. Ежелден ел билеген
әулеттер қару көтеріп қырқысқа бастамаса да, Әбілқайырды тақтан тайдыру
жолындағы саяси күресін тоқтатпайды. Бұл арада бар кілтипан тақ таласында
ғана емес еді. Әрбір сұлтанның артында қаншама жұрт бар, ең үлкен қайшылық
– елдің тірлік-тынысынан, даму бағдарынан туындаған. Әбілқайыр Орта Азияның
отырықшы аймақтарына бейімдік танытады, соған орай елдің тұрмыс жайына да,
әдет-салтына да басқа тұрғыдан қараса керек. Ал Әбілқайырға қарсы топ –
Орда-Ежен, Тоқай-Темір әулеті ежелгі дәстүрді берік ұстанып, ата салтын
бәрінен де жоғары қойған сияқты. Уақыт оза келе саяси күрес ашық жаулыққа
ұласады. Кеше ғана Көк Ордада тежеусіз билік құрған Орыс ханның ұрпақтары
Керей және Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр билігінен бас тартады да, соңынан
ерген барлық жұртымен түп көтеріле көшіп, Қозы-Басы дейтін байтақ қоныс пен
Шу өзенінің бойында дербес хандықтың туын көтереді, бұл жаңа ұлыс Қазақ
Ордасы деп аталады. Ортағасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулаттың
куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, еркіндік
аңсаған Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған шешуші
оқиға – халқымыздың тарихындағы кезеңдік құбылыс, мемлекеттік құрылым
бастау алған, қазақ деп аталатын, жаңғырған этностың дүниеге келген мезгілі
деп есептелуге тиіс. Қазақ болып бөлінген қауымды қолда бар күшпен таптап,
жаныштауға шамасы жетпеген Әбілқайыр бүкіл ұлысына сауын айтып, әскер
жинайды. Еділ дарияның жағасында қалың қол түзіп, 1468 жылы Қазақ Ордасына
қарай аттанады. Сол замандағы, Әбілқайырға, бүкіл Шибан әулетіне бүйрегі
бұрыс тарихшылардың айтуына қарағанда, ауыр әскер қазақ қоныстарының шегіне
тақап, Алатаудың сілемдері көрінген кезде, мезгілсіз уақытта, күтпеген
жерден суық соғады, жорықшылар бөгелуге, күннің жылынуын күтуге мәжбүр
болады. Салқын ызғары азайып, әскер алға жылжымақ болғанда, тағы да суық
ұрады. Қалың қол амалсыз іркіледі, бірақ жорықтың сәті түспейді, ақыры осы
арада ауыр сырқатқа ұшырап, Әбілқайыр қайтыс болады.
Біздің бүкіл тарихымыз жаулас елдердің, жау болмаған күннің өзінде
жат жұрт өкілдерінің қолымен жазылған. Аңдап қарасақ, Әбілқайыр ханның
жорық жолында бөгелуін күннің суытуымен ғана түсіндіру қисынға келмейді. Ол
заманда қара суық түгілі, қақаған қыстың өзі қанды жорыққа, қырғын
соғыстарға бөгесін бола алмаған. Әбілқайырдың межелі жер шегіне жетер-
жетпестен еріксіз аялдауының жалғыз-ақ себебі болды дер едік, ол –
қарауындағы әскердің қазақ болып бөлінген жұртты шабуға үзілді-кесілді
қарсылығы. Керей мен Жәнібектің туы астындағы жұрт пен Әбілқайыр туының
астындағы жұрт – бір-ақ халық еді, бәрі де алаш ұлы, кейінгі үш арыстың
баласы. Шынында да солай болады. Әбілқайыр өлісімен, соңындағы әскер тарап
кетеді; бұрынғы әміршісіне адал шонжарлардың бір тобы Әбілқайырдың ұлы Шейх-
Хайдарды хан көтереді, бірақ ол көп ұзамай, қазақтармен қақтығыста қаза
табады. Сөйтіп, алаш ту көтергеннен соң арада бір мүшел өтер-өтпесте Керей
мен Жәнібек ата жұртына толық ие болады.
Қазақ Ордасы бұрынғы Алтын Орданың шығыс бөлігі Көк Орда жерінде
біржола орнығады, ежелден ата мекенінде отырған түрік-қыпшақ рулары енді
қазақ деген ұлттық есімге атығады. Қазақ Ордасындағы халықтың ұзын саны бір
миллионнан асады. Ол заманда жұрты миллионнан асқан ел әлемде некен-саяқ
болатын. Көне Түрік қағандығы – біздің түп тамыр, әуелгі ұлы мемлекетіміз,
Алтын Орда – одан соңғы бабаларымыз орнатқан даңқты ұлысымыз, Көк Орда –
қазақ жұртының этникалық бірлігіне жол ашып, мемлекеттік жүйесін
қалыптастырған, туған әкеміз десек, Қазақ Ордасы біздің өз есімімізбен
көрінген, халқымызды этнос ретінде біржола орнықтырған құрылым болды. Қазақ
Ордасы ежелгі түрік тайпаларының бір бөлігін ата мекенге ұлыс етіп
ұйыстырумен қатар, олардың жұрт ретінде сақталуына мүмкіндік жасады, кешегі
Алтын Орда қонысының басқа тарабындағы бауырларымыз қырылып-жойылып,
жанышталып, тапталып жатқанда, қазақ туын көтерген қауым өзінің елдігін
сақтады, ұлан-байтақ жерін ұрпағына мирас етіп қалдырды.
Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде
ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті, бірақ сол, бұрынғы-соңғы
тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар – Қазақ Ордасының негізін
салған әуелгі екі ханымыз Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы,
қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып
туған ұлдары. Ата жөнімен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау
алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Арғы бабалары – Шыңғыс
хан, одан Жошы хан, одан Тоқай-Темір, одан Өз-Темір, одан Қожа, Одан
Бәдіғұл, оның ұлы атақты Орыс хан. Орыс ханның жеті ұлының үлкені Тоқтақия
хан, ортаншысы – Құйұршық хан; Тоқтақия ханнан Болат туады, Болаттан
қазақтың Керей ханы. Құйұршық ханнан атақты Барақ хан туады, Барақтың ұлы –
қазақтың Жәнібек ханы. Яғни, Қазақ Ордасының негізін салушы Керей хан мен
Жәнібек хандар үшінші атадан табысады. Көк Орданы көркейткен Орыс ханның
шөберелері. Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей ақ киізге хан
көтеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң
Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола
іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен
заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. Жәнібектің қазақ
тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – ол халық санасында
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық
тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады.
Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан
ғана емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттің
де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы
перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім
хан, Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы
ғалымымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы да осы әулие Әз-
Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары. Түрік жұртының бұған дейінгі мың жылдық
тарихында сыннан өткен жол-жора, қалыптасқан жүйе негізінде соңғы екі жарым
ғасыр орайында ер халықтың, мәрт халықтың жиын ортасынан жарып шыққан, бар
тілегі туған елінің мұратымен берік астасқан асыл тұқым – Шыңғыс хан – Жошы
хан – Орыс хан – Әз-Жәнібек хан әулеті өз жұртын тарихтың барлық қиын
өткелінен алып өтті, Қазақ Ордасы деп аталатын байтақ та қуатты ұлыстың
тұғырлы туын берік ұстады. Біртұтас қазақ халқының ұлттық ұраны – Алаш,
мемлекеттік гербі – Төре таңба (яғни бас таңба) аталатын, көне түрік
заманынан тартылған, Алтын Орда тұсында қалыптасқан діңі бір үшем бітік
–ІІІ. Бас байрағы – төре таңбалы қызыл ту. Қазақ Ордасының астанасы бүкіл
түрік жұртының зиярат орталығы Әзірет-Сұлтан дүрбесі тұрған қасиетті
Түркстан қаласы болды. Орда іргеленді.
Қазақ салтында хан көтерілу, тақ алмасудың сонау Түрік қағандығы
заманында қалыптасқан, өзіндік, ұлттық ерекшелігі бар. VIII ғасырдан жеткен
атақты Білге-Қаған ескерткішінде: Әуелі әкелері қаған болды, одан соң
інілері қаған болды, содан кейін балалары қаған болды,- деп жазылған.
Мұндағы бала деп отырғаны – ағаның баласы, одан келесі ініге, келесі ағаның
әулетіне жол ашылмақ. Бүгінгі тілмен айтсақ, тақ билігі әкеден балаға
көшпейді, ағадан ініге көшеді. Мұрагер інінің кешегі әміршімен бірге туған,
емшектес болуы шарт емес, ағасының баласы ма, немере-шөбере туыс па,
әйтеуір сол әулеттен болуы ғана шарт. Әрине, сол көп туыстың кез келгені
емес, тобынан озған ақылгөй, батыры ғана хан көтерілмек.
Қазақ Ордасының әуелгі әміршісі – Керей хан болды дедік. Керейден
соң оның шөбере інісі Әз-Жәнібек хан билік құрды. Жәнібек өлгеннен соң аға
баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хан көтерілді. Бұрындықтан соң аз ғана
уақыт хандық дәреже Әз-Жәнібектің ұлы Әдікке көшеді. Әдіктен кейін оның
туған інісі Қасым Қазақ Ордасының ханы болып сайланады.
Әдік пен Қасым тоғыз ағайынды еді. Тоғызы да ел билеген сұлтан, қол
бастаған батыр. Бұлардың ішінде аты аталған Қасым мен Әдіктен соң,
әрқайсысы елу мыңнан әскер шығара алатын, кішігірім хандық дәрежесіндегі
ұлысқа билік жүргізіп отырған Жаныш сұлтан мен Таныш сұлтан ерекше күш-
қуатқа жетеді. Ағайынды тоғыз сұлтан бүкіл қазақ елінің айбарын асырып,
абыройын көтереді. Бірақ ата салтымен хан көтерілген, бүкіл ұлыстың туын
ұстаған Бұрындықтың алдынан кесе көлденең өтпейді. XVI ғасырдың бас кезінде
тақсыз хан деп танылған құдіретті Қасымның өзі Бұрындыққа қайшы келмейді.
Бұл турасында сол заманның тарихшылары: Бір кезде өз әкесі Жәнібек Керей
ханның билігіне бас ұрғаны сияқты, Қасым да Бұрындық ханды ұлық тұтты,–
деп жазады. Ел мұратын, жұрт мерейін бәрінен де жоғары қойған жерде әмәнде
осылай болмақ. Бұл Бұрындық та құдайдың тегін жаратқан пендесі емес еді.
Ширек ғасырдан астам уақыт бойы хандық құрды, оның әуелгі он бес жылында
билігі зор болды. Өз заманындағы тарихшылар тарапынан да, кейінгі заман
зерттеушілері тарапынан да лайықты бағасын алмаған Бұрындық Қазақ Ордасының
тарихындағы ең ұлы хандардың бірі болып табылады. Бұрындық хан тұсында
қазақтар Сыр-Дарияның ұзына бойына жайыла қоныстанады. Көк Орданың ежелгі
астанасы Сығнақ қаласымен бірге сол заманның тарихшылары қамалының үстінен
құс ұшып өте алмайды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz