Миң әулеті кезіндегі Қытай 1368-1644 жж
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ: Миң әулеті кезіндегі Қытай 1368-1644 жж.
АЛМАТЫ, 2011
ЖОСПАР
Кіріспе
Миң әулетінің билігі кезіндегі Қытай (1368-1644)
Миң империясының құрылуы
XV-XVI ғғ. Миң империясының даму сипаты
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұл жұмыстың тақырыбы мені өте қызықтырды, себебі Қытай біз үшін
қызықты, сол себептен, ол әлем шаруашылығының ажырамас бөлігі, тіптен
глобальды өңдеу фабрикасына айналды. Қытай – бұл біздің жақын және ең ірі
көршіміз ғана емес, бұл жер шары халқының төрттен бір бөлігі. Сондықтан да
ҚХР-ның Қазақстан рыногына кең ауқымды шығуы шынымен-ақ белгілі мағынада
біздің еліміздің әлем экономикасына интеграциялануын қажетті және шешуші
кезеңі болып табылады.
ҚХР территория бойынша әлем жүзінде үшінші орын алады – орталық және
шығыс Азияда орналасқан. Шығыстан батысқа ел 5700 шақырымға солтүстіктен
оңтүстікке 3650 шақырымға созылып жатыр. Ел 15 мемлекетпен және
территориялармен шектеседі. Ұзындығы бойынша ең үлкен шекара ол Қытайдың
ТМД мемлекетімен шектесуі (ҚХР барлық шекарасының 1\3 бөлігін алып жатыр).
Қытай - әлемдегі ең ірі державалардың бірі. Оның территориясында әлем
халқының 21% астамы тұрып жатыр, ВМП-ның ағындық курсы бойынша санасақ, 4%-
ін, ал сатып алушылық қабілеті паритеті негізінде санасақ 11%-тен астамын
қамтамасыз етеді. ҚХР шаруашылығы даму үрдісінің жоғары болуының
тұрақтылығымен сипатталады. 1980-1998 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім
4,5 есе өсті, оның орташа жылдық қарқыны 11-12% құрады.
70-ші жылдары ҚХР дамуы экономикалық реформалар және ашық сыртқы
экономикалық саясат жүргізу курсымен байланысты, 1978 жылы желтоқсанда
болған 11-ші шақырылымындағы ККП ОК 3 пленумының партия және үкімет
жұмысының барлық күш-жігері экономикалық мәселелерге көшу туралы шешім
қабылданып, елдің экономикалық модернизациясы міндетін құқықтандырды. Бұл
пленум ҚХР-да елдің дұрыс, қытай жағдайына сай экономикалық даму жолына
түсудің бастамасы сияқты қарастырылады. Модернизация бағдарламасын
орындау мерзімі, экономикалық реформаны іске асырудың нақты жолдары қайта-
қайта қарастырылса да, негізгі мақсаттар өзгеріссіз қалады және оның мәні
Қытайды бай, демократиялық, социалисттік халқының орташа адам басына кірісі
жағынан әлемдегі орта дамыған елдер қатарына жеткізу.

1. Миң империясының құрылуы
Миң империясының билік аппараты ол ресми түрде жарияланбай тұрған
кезде-ақ, яғни Чжу Юаньчжанның көтерілісші қосынында қалыптаса бастаған
болатын. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болғандықтан,
көтеріліс көсемдері жаңа қалыптасқан өкіметтік билікте дөстүрлі қытай
мемлекеттілігінің құрылымындағы жетекші билік орындарына ие болуға тырысты.
Бүл жаңа өкіметтің қандай әлеуметтік топтың мүддесін көздейтін сипатын
айқындады. Сонау 1356 жылы-ақ Нанкинде жергілікті Секретариат (сиң-
чжуңшушэң) жөне Әскери Кеңес (син-шумиюань), сондай-ақ Алты мекеме деп
аталған, тек орталық үкіметтік аппаратта ғана болатын жоғарғы атқарушы ұйым
құрылған болатын. Чжу Юаньчжанға бағынған жерлердегі ауыл шаруашылығына
бақылау жасау үшін арнайы Басқарма (иңтяньсы) құрылады. Чжу Юаньчжанның
ордасында оған бұрын да көп көмек көрсеткен және онымен бірге соғыста бірге
болған серіктері мен жақтастары - Ли Шаньчан, Сюй Да, Таң Хэ, Сүң Ляң және
басқалар қызмет атқарды.
Миң империясының өмір сүрген алғашқы жылдарында, оның әкімшілік
аппараты VII-XII ғғ. Қытайдың таң-сүң әулеттері билік еткен замандарындағы
соның көшірмесіндей болды және сондай-ақ, ол өзіне юань әулетінің кейбір
билік үлгілерін де сақтап қалды. Алайда, императорды өкімет билігінен
біршама алшақ ұстауға лайықталған осы мемлекеттік құрылым, өзінің жанындағы
ең жақын деген адамдарына да сенбейтін және билікті ұзақ уақыт бойы
бөсекелестерімен күресте жеңіп алған Чжу Юаньчжанға ұнаған жоқ. Сондықтан
ол басқару аппаратын түбірімен қайта құру үшін бірқатар өзгертулер жасай
бастайды. Ондағы оның негізгі мақсаты - билікті барынша орталықтандыру және
мемлекет басшысының жеке билігін күшейту болатын.
Чжу Юаньчжан өзінің қарапайым ортадан шыққан тегіне қарамастан,
барынша білімді адам болды, ол қытайлық тарихи және философиялық
дәстүрлерді өте жақсы меңгерген еді. Ол Қытайдың өзіне дейінгі
билеушілерінің іс-әрекетімен жақсы таныс болатын, өзі император болған соң,
енді ол көп уақытын қоғамдық-саяси жөне философиялық ақыл-ойдың тамаша
классикалық ескерткіштерін окып-үйренуге жұмсады. Ол сол классикалық
туындылардың ішіндегі ең күрделісі - Даодэцзинге түсіндірме жазады.
Үлгілі қоғам туралы өзінің түсінігін ол, әрине, қытайлық дәстүрден іздеп,
тәжірибені солардан алды. Оның ой-пікірлері мүлік теңсіздігін туғызатын
қанаудан азат қауымға арқа сүйеген, аса қуатты императорлық билікті
орнатуға бағытталды. Қытай тарихындағы, мүмкін, ең қуатты билеуші бола
отырып, Чжу Юаньчжан осы ойларын жүзеге асыруда табыссыз да болмады.
Сондықтан осыған дейінгі барлық қытайлық әулеттердің билікке келген алғашқы
кезеңіндегі әрекеттері бұнда да байқалды, бірақ Миң әулетінің негізін
салушының әрекеті ерекше сипатқа ие болғандығын айтқан жөн.
Чжу Юаньчжанның басқа бұрынғы билеушілерден өзгеше, өзіндік билігіне
тән сипаттың бірі - жанындағыларға деген сенімсіздік болды. Ол ешкімге
сенбейтін. Оның ойынша, әкімдердің барлығы жемқорлыққа жақын тұрады және
олар халыққа императордың ел үшін, халық игілігі үшін істеп жатқан
әрекеттерін жеткізбейді. Сөйтіп, Чжу Юаньчжан Миң империясын қатаң тәртіпке
негізделген әдіспен басқаруды жолға қойды. Ол мемлекеттік қызметкерлердің
императорға шексіз бағынатындай тәртіпті орнатуды көздеп, 1382 жылы үш
сатылы емтихан жүйесін енгізді. Бұл жүйе Қытайда XX ғ. басына дейін
сақталып келді. Қытай императорының бұл тәртіп жүйесін, кейіннен,
абсолюттік тәртіпке негізделген Европа қоғамы өзіне үлгі етіп алған екен.
Чжу Юаньчжан өзін қоршаған әкімдерді өте қатал ұстап, оларды сәл
қылмысы үшін қудалап отырған. Оған үнемі барлық жерде императорға қастандық
жасалатындай елестейтін. Чжу Юаньчжанның билігі кезіндегі қуғын-сүргін
өрекеттен 40 мыңға жуық адам зардап шеккен, олардың көпшілігі бұрын
императорға қызмет еткен, оның билік басына келуіне ықпал етіп, көмектескен
жолдастары болатын. Ол осы ең жақын адамдардан қатты сескенді. Өз
әкімдеріне деген осындай көзқарастың қалыптасуы одан кейінгі Мин
императорларының барлығына тән саясат болды.
Чжу Юаньчжан императорлық биліктің нағыз арқа сүйер күші үлестік жері
бар шаруаларды біріктірген қауым деп санады. Оның билігі кезінде үлестік
жүйе көп өзгеріп, ол қайтадан құрылды.
Қытайды жат жерлік моңғолдар билеген кезде, елдің экономикасы
күйзеліске ұшырап, халықтың тұрмысы құлдырау жағдайында болатын. Егістік
жерлердің көлемі азайып, шаруа шаруашылықтары барынша күйзеліске ұшырап,
қала мен ауылдың да жағдайы қатты нашарлап кеткен еді. Қытайдың дәстүрлі
қолөнері де бұл кезде өте баяу дамыды.
Чжу Юаньчжан және оның серіктестері, моңғолдарға қарсы соғыс кезінде-
ақ, шаруаларды түрлі ауыртпалықтардан құтқарып, салық мөлшерін азайтқанмен,
жерді шаруаларға тегін беруден бас тартты. Миң императоры моңғолдар мен
оларға қызмет еткен қытай феодалдарының жекеменшік жерлерін енді
мемлекеттік жерлер деп жариялады. Елдегі ірі феодалдардың қолына
шоғырланған жекеменшік жерлер азайтылды, олардан алынған жерлерді енді,
мемлекет өз меншігіне алып, кейбір жерлерді ғана шаруалардың меншігіне
берді.
Чжу Юаньчжан император болған соң шаруалардың өзіне, яғни императорға
тәуелді болуына көп күш салды. Арнайы мемлекеттік үйымдар құрып, олар
мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлердің бәрін есепке алуды тапсырды.
Барлық егістікке жарамды жерлер және ондағы халық бұқарасы түгелдей салық
жүйесіне тартылды. 1370 жылы осы мақсатты жүзеге асыруға қажетті халық
санағы жүргізіледі. Санақ кезінде тұрғын халықтың саны ғана анықталып
қоймай, әрбір үйдің мүлік мөлшері де есепке алынды. Мүлік мөлшері мен адам
саны толтырылған анкета қағаздар орталық үкіметке жіберіліп, оның
көшірмелері жергілікті әкімшіліктер мен үй қожайындарының қолында сақталды.
Мүлік мөлшеріне қарай шаруа үйлері салық пен еңбек міндеткерлігіне
тартылды. Оның мөлшері жердің көлеміне, жеке шаруашылықтағы жұмысшылар мен
мүліктің санына қарай белгіленді.
1381 жылы бұл жүйеге салық пен еңбек міндеткерлігін реттеуге
бағытталған өзгерістер енгізілді. Осы жүйе Қытай тарихындағы императорлық
биліктің бүкіл өн бойында, яғни оның өмір сүруінің аяғына дейін сақталып
келді. Жаңа жүйеге сәйкес әрбір 10 шаруа үйлері цзяға бірігіп, ал әрбір 10
цзя 1 лиді құрады.
Бұндай жүйені алғаш енгізген Чжу Юаньчжан емес еді, егер еске
түсірсек, бұндай құрылым Сүң заманында да жасала бастаған болатын. Бірақ
Миң әулетінің алғашқы императорына лицзя жүйесі жерге салынатын салықты
жинау мен мемлекеттік еңбек міндеткерлігін өтеуді реттеуге қолайлы құрал
болып қана қойған жоқ, ол билік пен халықты біріктіруге жеткізетін
үйлесімді әлеуметтік тәртіптің негізі де болды. Бұл идеялар арнайы
құрастырылған Ұлы сақтандыру деп аталатын еңбекте жазылды. Бұл еңбекте
әкімдердің жасайтын көптеген қылмыстары мен жіберетін қателіктері
сипатталып, оған байланысты императордың беретін ақылы көрсетілді. Бұл
еңбектен Чжу Юаньчжанның қытайлық дәстүрді берік ұстанатыны көрініп, оның
сауатты деспотия орнатуға ұмтылысы айқын білінді.
Мемлекет басшысының бұйрығымен бұл шығарма әрбір үйде болуы тиіс еді,
егер болмаған жағдайда үй иесі заң бойынша жауапқа тартылды. Осылайша, Миң
державасында бұл еңбек бағынышты халықты бір адамның, яғни императордың
ақыл ойына бағынышты етіп ұстауға қызмет етті. Қарапайым халыққа түсінікті
болу үшін, император бұл қағиданы ауызекі тілмен жазды. Шаруалардың
иероглифтерді білмеуі де олардың бұл шығарманы білмеуден құтқара алмады,
өйткені ауылдағы сауатты ақсақалдар Ұлы сақтандыруды дауыстап оқып, оны
өздерінің түсініктемелерімен қоса, сауатсыз адамдардың баршасына түсіндіріп
айтып отырды.
Қауымның нығая түсуіне орай, алғашқы миң императоры ауыл
ақсақалдарының кеңесіне көп үміт артты. Ауыл ақсақалдарының кеңесіне жасы
50-ге жеткен, баршаға мінсіз ақылды да байсалды мінезімен көзге түскендерді
таңдап алды. Ақсақалдар жоғары билеушіге барлық жағдайларды баяндап,
жергілікті әкімдер мен лицзя басшыларының теріс қылықтары болса, оны дереу
хабарлап отыруы тиіс болды.
Жергілікті әкімдердің билігіне қарсы тұра алатын туыстық-қауымдық
ұйымдарды нығайтумен қатар, Чжу Юаньчжан еншілес иеліктер (го) құра
бастады, олар императордың ойынша қалыпты жүйеден өзгеше, әкімшілік жаңа
жүйені қалыптастыруы тиіс болды. Еншілес иеліктер императордың туыстарына,
ең алдымен оның ұлдарына таратылып берілді, бұл еншілес иеліктер империя
құрамындағы автономиялық әкімшілік бірлік те емес, билеуші-уаңның
меншігіндегі жеке жер иелігі де емес, ол ресми әкімшіліктің үстінен бақылау
жасауға мүмкіндік беретін құрал сияқты болды. Негізігі түйіні бойынша бұл
императорға қандас туыстарға арқа сүйеген, кез-келген бүліктер мен
жікшілдік әрекеттерді түп тамырымен тиып тастауға қабілетті құрал болатын.
Осындай, бүкіл империяның шекарасы бойына құрылған еншілес иеліктерге,
мемлекеттің шекарасын қорғау жөне ең алдымен, Қытайдың көшпелі көршілері
тарапынан болатын сыртқы шабуылдарға тойтарыс беру сияқты маңызды міндеттер
жүктелді.
Бірақ, жоғарғы биліктің позициясын нығайтуға тиісті болған еншілес
иеліктер өзінің түпкі мақсатты міндетін орындай алмады, олар 1399 жылы Чжу
Юаньчжан өлген соң оның мұрагерлері арасындағы бақталас күрестер мен
жікшілдіктің көзіне айналды. Таққа мұрагерлік ету туралы әулеттің негізін
қалаушы императордың шығарған заңына сәйкес, тақ бәйбішеден туған үлкен
ұлға тиесілі болды, ал ол өзі өлген жағдайда, немересі ие бола алатын еді.
Императордың он алты жасар немересі Чжу Юаньчжан өлген соң, 1399 жылы таққа
отырғанымен, өкімет билігін бар жоғы үш-ақ жыл ұстап тұра алды.
Императордың бұл немересінің билік етуіне еншілес иеліктері бар оның басқа
ұлдары жанталаса қарсылық білдіріп, онымен соғысқа кіріседі. 1402 жылы,
жылдам өте шыққан азаматтық соғыс кезінде, Солтүстік Қытайда еншілес үлесі
бар ағасы Чжу Ди оны өлтіріп, тақты тартып алады. Кейбір деректер бойынша,
ол император сарайы өртенген кезде қайтыс болды десе, екінші бір мәліметтер
император шашын тақырлап алып тастап, монах киімін киіп ел кезіп кеткен
дейді.
Чжу Юаньчжаннан кейін билікке келген Чжу Ди (билік құрғандағы аты Юн
Лэ, 1402-1424) шын мәнінде әулеттің негізін салған императордан кейінгі,
екінші, мықты император болды. Оның билігі тұсында Миң империясы гүлденген,
әрі қуатты мемлекетке айналып, оның халықаралық байланыстары нығайып,
әлемге таныла бастайды. Империяның Үндіқытай түбегі мен Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы ықпалы күшейе түседі. Оның іске асырған өте маңызды саяси маңызы
бар қадамдарының бірі, солтүстіктегі астана, артта қалған Пекинде қайтадан
көркейту жұмысы жүргізіліп, бұл қалада жаңадан сәулетті сарайлар мен діни
ғибадатханалар көптеп салына бастайды. 1421 жылы Миң империясының астанасы
Нанкиннен ресми түрде Пекинге көшіріледі. Император қала халқының жағдайын
жақсарту туралы бірқатар шараларды іске асырады.
Чжу Ди император еншілес иеліктердің орталық өкімет үшін өте қауіпті
екенін түсіне отырып, оны мемлекеттік жүйенің бір тармағы ретінде жойды.
Алайда оны жою бірден жүзеге асырылған жоқ. Чжу Юаньчжанның мұрагерлік
туыстары әлі де артықшылық жағдайдағы әлеуметтік топ - мұрагер ақсүйектер
ретінде сақталып қалды. Егер оның алғашқы ұрпақтарын асырау тікелей
мемлекеттің мойнында болса, енді ХҮІ ғ. ортасынан бастап, еншілес
иеліктердің саяси мәнінің біртіндеп жойыла бастауына сәйкес, ықпалды
князьдер біртіндеп өздерінің жер иеліктерін кеңейтуге тырысып, сарайға
өтініш жасай бастайды. Императорлар да бұл өтініштерді қанағаттандырып,
еншілес иеліктердің иелерінің саяси ықпалын ескеріп, оларды ірі жер
иелеріне айналдыруға көнді. Осылайша, билік иелерінің туыстарының үнін
өшіріп, олардың наразылығын болдырмауға тырысты. Бұл әрекетке барудың тағы
бір себебі, императорлық туыстардың көптігінен, оларды асырау қазынаға
барған сайын ауыр бола түскен еді. Олардың саны, сол кездегі оқымысты-
әкімдер шэнъдилермен бірдей болған. Осындай ақсүйектердің иеліктері, яғни,
ең алдымен, императордың туыстарының меншіктері, халық көтерілістерінің
негізгі назары түскен объектісіне айналып, оларға деген халық наразылығы
әулеттің билігінің соңына қарай кең етек алып, ақыры оны құлатып тынған
болатын.
Миң империясы тұсында Қытайдың ауыл шаруашылығы мен қосалқы
шаруашылықтары, қолөнері қатты өркендеп дамыды. Вьетнамнан тәжірибе алмасу
арқылы алынған ирригациялық тәсілдерді пайдалану мен жаңа ауыл шаруашылығы
дақылдары – тәтті картоп пен арахисті өсіру, ауыл шаруашылығының үлкен
дәрежеге көтерілуіне себеп болды. Бірақ ауыл шаруашылығындағы жаңа
технологияларды кіргізу үрдісі дами қойған жоқ. Қытайдың диқан шаруалары
егісітікті бұрынғы соқамен жыртудың орнына кетпенді пайдалануды тиімді
санады. Қытай диқаншылары, осы әдіспен-ақ, барған сайын өсіп отырған бүкіл
империя халқын, астықпен қамтамасыз етіп отырды. Осы империяның билігінің
соңына қарай, Қытайда капитализмнің алғашқы белгілері пайда бола бастайды.
Тоқыма өнеркәсібі мен темір балқыту шеберханалары сияқты өндіріс орындары
көбейіп, ондағы жұмысшылар саны ұлғаяды. Ол жерлерде еңбек бөлінісі
қолданылып, өндіріс деңгейін өсіруге қол жеткізіледі.
XVI ғ. басында Қытайда жалпы экономикалық және мәдени өрлеу байқалды.
Миң әулетінің билігі тұсында қалалар өсіп өркендейді, олар халықтың қалың
шоғырланған ортасына, мәдениеті мен қолөнерінің ордасына айналады. Осы
кезеңдегі Қытай қалаларындағы халық саны европалық қалалардағы халық
санынан артык болып келген. XVI ғасырда Пекиннің тұрғын халқы 1 млн-ға
жуықтаса, Нанкинде 1 млн-нан астам халық болған.
Миң дәуірінде жібек тоқу, мақта тоқу, бояу жасау өндірісі, қыш жасау
өндірісі, фарфор мен қағаз жасау, кітап басу ісі барынша дамып өркендеген.
Жаңа қолөнер орталықтары ретінде Нанкин, Сучжоу, Ханчжоу қалаларының даңқы
артты. Қытайдағы аса ірі фарфор өндірісінің орталығы Цзиньдэчжэнь қаласының
(Цзянси поовинциясы) аты шығып, бұл қалада жасалған қытай фарфорының даңқы
Шығыс елдерінде ғана емес, Европаға кеңінен мәлім болады.
Саудаға қолдау көрсетіп, ішкі және сыртқы сауданы жүргізуге қолайлы
жағдай жасап отырды. Соның нәтижесінде қытай саудагерлері теңіз арқылы да
және керуен саудасын да дамыта отырып, сырт елдермен байланысты ұлғайтты.
Миң заманы кеме жасау өндірісінің өркендеуімен де белгілі болды. Жүзу
қабілеті барынша жетілдірілген қытай кемелері елдің жағалауларынан мыңдаған
шақырым алыс жерлерге жүзіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz