Намаздың маңыздылығы


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І - тарау . . . 6
1. 1 Намаздың маңыздылығы . . . 7
1. 1. 1 Намаздың парыздары . . . 8
1. 2 Намаздың шарттары . . . 9
1. 3 Намаздың рүкіндері . . . 16
1. 4 Намаздың уәжіптері . . . 23
ІІ - тарау . . . 27
- Азан . . . 28
- Қамат . . . 35
- Намаздың сүннеттері . . . 36
- Намаздың әдептері . . . 49
ІІІ - тарау . . . 50
3. 1 Намаздың мәкруһтері . . . 51
3. 2 Намазды бұзатын істер . . . 5 8
Қорытынды . . . 65
Пайдаланған әдебиеттер . . . 66
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі . Еліміз егемендік алығаннан бері халқымыз өзінің бұрынғы тарихына, дініне, әдет-ғұрпына қайтадан көңіл аудара бастады. Кеңестік тоталитарлық жүйенің құрсауында болған олар өздерінің дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен мүлде айырылуға шақ қалған еді. Кеңестік жүйе Коммунизм, атеизм, дарвинизм сияқты идеялармен адамдардың санасын улап, дінінен айыру үшін бар білгендерін істеп бақты. Соның салдарынан елімізде Кеңес үкіметіне дейінгі медреселер, діни оқу орындары жабылып, діни әдебиеттер жойылды.
Қазіргі таңда қазақ халқы тәуелсіздік алып, өзінің діни құндылықтарына қайтадан дек қойды. Елімізде мешіттер салынып, медреселер ашылып, діндар, намазхан адамдардың саны көбейді. Сол себепті діни әдебиеттерге, діни зерттеулерге деген қажеттілік туындап отыр. Елімізде қазақ тілінде жазылған діни кітаптар аз. Қазақ тілінде жазылған әдебиетттердің деңгейі Қазақстанда діннің даму деңгейіне сәйкес келмейді. Сондықтан араб тілінде, басқа тілдерде жазылған еңбектерді қазақ тіліне аударып, зерттеулер жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әсіресе фиқһ кітаптарына деген қажеттілік зор. Өйткені фиқһ мәселелері қарапайым адамның күнделікті тіршілігінде жиі кездеседі. Сонымен қатар фиқһ мәселелерінде қазақ халқының бұрыннан ұстанып келген жолы Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы боынша жазылған еңбектерге көбірек көңіл аудару керек. Бұл басқа мазхабтарды кем санау немесе теріске шығару емес, халықтың діни көзқарастарын бір бағыттқа шоғырландыру арқылы елімізде мұсылмандардың бірлігін арттырып, діни араздықтан сақтану.
Бұл зерттеу фиқһ мәселесінің ғибадат бөліміндегі намаз тақырыбына арналады. Ұлы Жаратушысын таныған пенде оның ризашылығын іздейді. Оған сүйкімді болуға тырысады. Пенденің Жаратушысына жақын болуының бірден-бір жолы - құлшылық болса, құлшылықтың ұлысы - намаз. Ал намаздың Құран мен Сүннетке негізделген үкіәмдері, тәртіптері бар. Оларды әрбір мұсылман білуі тиіс.
Зерттеу нысанасы . Ханафи мазхабы бойынша ғибадат бөліміндегі намаз үкімдері және оған қатысты Құран мен Сүннетке дәлелдері.
Зерттеу мақсаты . Намаздың үкімдері мен оның шарғи дәлелдерін зерттеу. Қарастыралатын намаз үкімдері:
- Намаздың парыздары мен уәжіптері. Олардың дәлелдері.
- Намаздың сүннеттері мен әдетері. Олардың дәлелдері.
- Намаздың мәкрүһтері және намазды бұзатын істер. Олардың дәлелдері.
Зерттеу жаңалығы . Қазақ тілінде намаз тақырыбы бұдан бұрын Х. Алтайдың «Ғибадатул Ислам» кітабында, М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы «Ислам ғылымхалы» кітабында зерттеліп, мұсылман қауымға ұсынылды. Бірақ елімізде Ислам дінінің дамуы, халықтың діни сауатының көтерілуі деңгейіне сәйкес бұл тақырыпқа қайта-қайта оралып, әр ретте бұрынғыдан да тереңірек, ауқымдырақ, зерттеулер жүргізу қажет болады.
Зерттеу материалдары . Біздің зерттеуіміздің негізгі материалдары болып Фиқһ кітаптары, Құран, Хадис кітаптары саналады.
Зерттеу әдістері . Жұмыста салыстырмалы, сипаттама әдістері қолданылады.
Жұмыстың теориялық құндылығы . Қазақ тілінде жарық көретін фиқһ іліміне арналған ғылыми еңбектерге көптеген дәлеледер мен дәйектер қосып, намаз үкімдерін халыққа жан-жақты түсіндіруге үлес қосады.
Жұмыстың практикалық мәні . Жұмыста айтылған материалдарды медреселерде, діни дәрістерде, фиқһ сабақтарына пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдеьиеттер тізімі жазылыды.
І - Т А Р А У
- Намаздың шарттары
- Намаздың рүкіндері
- Намаздың уәжіптері
1. 1 Намаздың маңыздылығы
Барлық мадақ, мақтау әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағалаға тән. Оның осы әлемге адамзат баласын қараңғылықтан жарыққа шығару үшін жіберген соңғы пайғамбары Мұхаммедке (с. а. с. ), оның үй-ішіне және барша сахабаларына салауат, сәлем айтамыз.
Аллаһ Тағаланың барлығына, бірлігіне иман келтіру, оның кемшіліктен пәк Ұлы Жаратушы екендігін мойындап, оған бой ұсыну ең маңызды міндет. Бұдан кейінгі парыздың ең үлкені, ең маңыздысы - намаз. Намаз, иманның белгісі, жүректің нұры, рухтың қуаты, мүминнің миғражы. Мүмин бұл намаз арқылы рухани Ұлы Аллаһ Тағаланың құзырына көтеріледі. Ұлы Аллаһ Тағалаға жалбарынып, оған рухани жақындықта болады.
Құран Кәрімде және Хадис шәрифтерде намазға қатысты көп әмірлер мен үгіттер бар. Бұлардың бәрі, Ислам дінінде намазға үлкен маңыз берілгендігін көрсетеді.
Бір аятта Аллаһ Тағала:
» أًتْلُ ما أوحى إليك من الكتاب و أقيم الصلاة إن الصلاة تنهى عن الفحشاء و المنكر و لذكر الله أكبروالله يعلم ما تصنعون «1
« Ей Елшім! Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тияды. Әрине Аллаһты еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Аллаһ не жасағандарыңды біледі. » 2
Намаз ғибадаты ең үлкен зікір (Аллаһты еске алу) . Бір хадис шәрифте Пайғамбар (с. а. с. ) : اصلاة عماد الدين « Намаз діннің тірегі » дейді. Бұл аят, хадистер намаздың Ұлы Аллаһтың жанында қандай жоғары ғибадат екендігін көрсетеді.
Намаз, ақыл - есі бүтін, балиғ шағына жеткен барлық мұсылман ерлер мен әйелдер үшін белгілі уақыттарда өтеуге міндетті болған - парыз. Намаздың парыздығына дәлел болатын аяттар мен хадистер өте көп. Намазды орындамау дүние мен ахирет азабына себеп болады. Егер біреу намаздың парыздығын теріске шығарса діннен шығады. Оған дәлел Пайғамбарымыздың хадисі:
» عن جابر رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم :" بين الرجل وبين الكفر ترك الصلاة «
Жәбир (р. а. ) : «Пайғамбар (с. а. с. ) : « Мұсылман мен күпірдің арасы намазды тәрк ету » - деп айтты» - дейді. Ал намаздың парыз екендігін жоққа шығармай, тек немқұрайлықтан, жалқаулықтан намазды оқымай қойған адам күнәһәр, пасық болады. Бірақ діннен шықпайды.
Намаз - ұлы ғибадат. Оның артықшылықтары есепсіз. Намаз құл мен Ұлы Жаратушының арасындағы рухани байланыс. Сондықтан Аллаһқа иман келтірген бір мүмин құл үшін намазды немқұрайлы, қалай болса солай оқи салмай, шын ықыласпен, Аллаһқа бой ұсынған күйде барлық шарттарымен толық орындау - міндет.
« Салат » - намаз деген сөз. Тілдік мағынасы - дұға дегенді білдіреді. Ал шарғи мағынасы өзіне тән іс-әрекеттері, тәсбих, тәкбір және Құран оқудан туратын ғибадат.
Намаздың өзіне тән үкімдері бар. Олар өздерінің маңыздылық дәрежесіне қарай парыз, уәжіп, сүннет, мәндүб деп бөлінеді.
1. 1. 1 Намаздың парыздары.
Намаздың өзіне тән парыздары бар. Егер намазда олардың біреуі орындалмай қалса намаз дұрыс болмайды. Намазды қайта оқу керек. Егер парыздардың біреуі намазда кешіктірілсе, намаздың соңында « сәһу сәжде » ( қателесу сәждесі ) жасау керек. Төрт рәкаттық намаздардың алғашқы отырсында « тәшәһүдтен » кейін біраз отырып қалып, үшінші ракәттың парыз болған « қиямын » кешіктіру сияқты. Бұл парыздарды әдейі қалдырып кетсе де, қателесіп қалдырып кетседе үкімі бірдей. Намаз дұрыс емес. «Сәһу (қателесу) сәждемен» толтырылмайды.
Намаздың он екі парызы бар. Олардың алтауы ішінде, алтауы сыртында. Сыртындағылар « намаздың шарттары » деп саналады. Олар:
- Хадастан тазалық;
- Нәжәсаттан тазалық;
- Әурат жерін жабу;
- Құбылаға бет бұру;
- Уақыт;
- Ниет.
Ал ішіндегілер « намаздың рүкүндері »- деп аталады. Олар:
- Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі;
- Қиям (тұру) ;
- Қырағат (оқу) ;
- Рукуғ;
- Сәжде;
- Ақырғы отырыс.
Бұл парыздардың біреуі орындалмай қалса намаз дұрыс болмайды. Енді осы парыздардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталалық.
1. 2 Намаздың шарттары
- Хадастан тазалық. (рухани тазалық)
Хадас халы дегеніміз - ғұсылсыз болу, дәретсіз болу, әйелдердің халез, нифас жағдайында болуы. Бұл хадастан тазару - ғұсыл алу, дәрет алу немесе тәиәммум алу арқылы жүзеге асырылады.
Құранда Аллаһ тағала былай дейді:
» يايها الذين آمنوا إذا قمتم إلى الصلاة فاغسلوا وجوهكم وأيديكم إلى المرافق, وامسحوا برؤوسكم وأرجلكم إلى الكعبين, وإن كنتم جنبا فاطهرو وإن كنتم مرضى او على سفر أوجآء أحد منكم من الغآئط أو لامستم النسآء فلم تجدوا مآءً فتيمموا صعيدا طيبا فامسحوا بوجوهكم وأيديكم منه ما يريد الله ليجعل عليكم من خرج ولكن يريد ليطهركم وليتمَّ نعمته عليكم لعلكم تشكرون « 3
« Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар, және екі тобыққа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар, яғни сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып келсе, яки әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммум соғыңдар, онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ түсіруді қалайды. Бірақ сендерді тазартуды сондай-ақ шүкіршілі етулерің үшін сендерге ниғмет, ырыс-берекесін толықтыруды қалайды. »4
Әбу-Хуруайра (р. а. ) дан жеткен хадисте Пайғамбар (с. а. с. ) :
" لا يقبل الله صلاة احدكم إذا احدث حتى يتوضأ "
« Дәреттерің бұзылған кезде қайта дәрет алмайынша, Аллаһ намаздарыңды қабыл етпейді »- деді. 5
Ибн Омар (р. а. ) дан жеткен тағы бір хадисте Пайғамбарымыздың (с. а. с. ) :
" لا يقبل الله صلاة بغير طهور, ولا صدقة من غلول "
« Аллаһ тағала дәретсіз оқылған намазды және соғыстан түскен олжадан, ұрланған нәрседен берілген садақаны қабыл етпейді »- дегені айтылады. 6
- Нәжесаттан тазалану (заттық тазалану)
Намаз оқымастан бұрын денеде, киімде немесе намаз оқитын жердегі ластықтарды тазалау қажет. Денені тазалаудың қажеттігіне Анас (р. а. ) дан жеткен хадис дәлел болады, Пайғамбар (с. а. с. ) :
" تنزهوا من البول, فان عامة عذاب القبر منه. "
« Кіші дәреттен тазаланыңдар, расында қабір азабының көбі содан болады ». 7
Аллаһ тағала Құран Кәримде:
" وثيابك فطهر "
« Киіміңді тазала »-деп бұйырады. 8 Бұл аят киімді тазалаудың қажеттігін білдіреді. Бұған дәлел болатын тағы бір хадис Әбу Сағидтен жеткен:
عن أبي سعيد انه صلى فجلع نعليه فخلع الناس نعالهم, فلما انصرف ٌال: " لم خلعتم"؟ قالوا: رأيناك خلعت فخلعنا, فقال: "إن جبرريل أتانى فأحبرنى أن بهما حبثا فإذا جاء أحدكم المسجد فليقلب نعليه ولينظر فيهما, فإن رأى حبثا فليمسحه بالارض ثم ليصلى فيهما " .
« Пайғамбар (с. а. с. ) намазда аяқ киімін шешті, артындағы адамдар да аяқ киімдерін шешті. Намаз аяқталғаннан кейін Пайғамбар (с. а. с. ) олардан: «неге олай істедіңдер?»-деп сұрады. Олар: «Сенің шешкеніңді көрдік, сосын солай істедік»- деді. Пайғамбар (с. а. с. ) : «расында Жабраил маған келіп, аяқ киімімде ластықтың бар екендігін хабарлады. Сендерден біреу мешітке келсе аяқ киімдерін аударып қарасын. Егербір ластық көрсе, топыраққа сүртіп, тазаласын да сонан соң онымен намаз оқи берсін»- деді. » 9
Ал Әбу Хурайрадан (р. а. ) ластықтан тазалаудың қажеттілігіне дәлел бола алады.
" عن أبي هريرة قال: قام أعربي فبال فى المسجد فقام إليه الناس ليقعوا به. فقال النبي: دعوه وأريقوا على بوله سجلاً من ماء, أو ذنوبا من ماء فإنما بعثتم ميسرون ولم تبعثوا معسرين. "
« Бір бәдәуи мешіттің ішінде тұрып дәрет сындырады. Адамдар оны жазаламақ болып тұра ұмтылады. Пайғамбар (с. а. с. ) : «Оған тимеңдер, оның дәретінің үстіне бір шелек су құйыңдар. Шынында сендер жеңілдетуші ретінде жіберілдіңдер, ауырлатушы ретінде жіберілмедіңдер»- деді . »10
«Намазға кедергі жасайтын нәжісаттар: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр нәжіске саналатындар: егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды». 11
Барлық мазхабтарда киімнің, дененің, намаз оқитын жердің таза болуы намаздың шарты екендігіне келісілген.
- Әуретін жабу.
Әурет - қарауға жарам болған, бүркенуі парыз болған дене мүшелері. Адамдардың алдында әурет жердің жабық болуы парыз. Ал намазда тіпті жалғыз, оңаша жерде болса да әурет жердің жабылуы шарт. Оған дәлел Аллаһ тағаланың сөзі:
" يا بنى ادم خذوا زينتكم عند كل مسجد "
« Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орынында зейнеттеріңді алыңдар. Киініңдер ». 12
Егер әурет саналған дене мүшелері жабық болмаса намаз дұрыс болмайды.
Ханафи мазхабы бойынша ер адамның әурет жері кіндік пен тізесімен қоса сол екеуінің арасы.
Оның дәлелі Амр ибн Шұғайыб (р. а. ) тан жеткен хадис:
عن عمر بن شعيب أن النبى صلى الله عليه و سلم قال: " . . . فإن ما تحت السرة إلى الركبة عورة"
Пайғамбар (с. а. с. ) айтты: « . . . расында кіндіктің астынан тізеге дейінгі жер - әурет»
(Шифағи, Ханбали мазхабтарында кіндік пен тізе әурет болып саналмайды, екеуінің аралығындағы жер ғана әурет) .
Ал әйел адамның әурет жері беті мен алақандарынан басқа бүкіл денесі. Аллаһ тағала айтады:
" ولا يبدين زينتهن الا ما ظهر منها "
« зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көргендері басқа ». 13
Бұл аятта « өздігінен көргендері » дегендегі мақсат әйелдің беті мен қолы. Бұған дәлел: Айша (р. а. ) дан жеткен хадис шариф.
" أن أسماء بنت أبى بكر دخلت على رسول الله وعليها ثياب رقاق فأعرض عنهارسول الله وقال لها: "يا اسماء إن الامرة اذا بلغت المحص لم يصلح أيرى منها إلا هذا" وأشار الى وجهه وكفيه. "
Абу Бакрдің қызы Әсма Пайғамбар (с. а. с. ) отырған жерге кірді. Оның үстіне киген киімі жұқа еді. Пайғамбар (с. а. с. ) одан теріс айналды. Оған: «Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ елшісі осы сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат еткен еді» . 14
Бұл намазға да қатысты. Пайғамбар (с. а. с. ) :
"لا يقبل الله صلاة حائض إلا بالخمار "
« Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының намазын ормалсыз қабыл етпейді »- деді. 15
Күң әйелдердің әурет жері еркектер сияқты және оған қосымша арқасы мен алды (іші) .
Әйел адамының аяқтарының әурет болып болмағандығы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Оның ішінде әйел адамның аяғы әурет емес деген көзқарас басымырақ. Бірақ мұндай ихтилафтан құтылу үшін мүмкіншілік болса, аяқты жабу абзал.
Егер намаз оқушы адамның әурет саналған жерінің төрттен бір бөлігі ашылса және бұл жағдай бір рүкін бойы жалғасса намаз бұзылады. Ал егер бұл жағдай бір рүкін бойы жалғаспаса, яғни намаз оқушы ашылып қалған жерін тез жауып алса намаз бұзылмайды. Бұл әурет саналған жердің кездейсоқ ашылып кеткен жағдайына қатысты. Егер намаз оқушы әурет жерін әдейі ашып жіберсе онда намаз сол бойда бұзылады.
Адамның терісінің түсін көрсетіп тұратындай жұқа киім кию әуретті жапқанға есептелмейді. Сондықтан адамның денесінің түсін яғни ақтығын, қызылдығын көрсетіп тұратын жұқа киіммен оқылған намаз дұрыс болмайды.
Әурет жерін жабатын еш нәрсе таба алмаған, жалаңаш болған адам отырған күйінде аяқтарын құбылаға қарай созып жіберіп намаз оқиды. Өйткені мұндай жағдайда әурет жерін барынша жабуға мүмкін болады. Ал егер әурет жерінің бір бөлігін жабатындай бір нәрсе тапса, онда ең алдымен алғы, артқы жыныс мүшелері жабылады. Одан соң еркектердің бұты, сосын тізелері жабылады. Ал әйелдерде бұттардан кейін қарыны, арқасы, сосын тізелері, одан әрі басқа мүшелері жабылады.
- Құбылаға бет бұру.
Намазда құбылаға бет бұру намаздың дұрыс болуының шарты екеніне Құранмен, сүннетпен және ижмағпен келісілген. Мұсылмандардың құбыласы - Меккедегі Қағба. Намазды солай қарап оқуға себеп болған Аллаһ Тағаланың мына аяты:
" قد نرى تقلب وجهك فى السماء فلنولينّك قبلة ً ترضاها فول وجهك شطر المسجد الحرام وحيث ما كنتم فولوا وجوهكم شطره. " (سورة البقرة-١٤٤)
«(Мұхаммед с. а. с. ) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыбылаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Масжид Харам» жаққа бұр. (Мүминдер!) қай жерде болсаңдар да, жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер . » 16
Мұсылмандар Мәдинаға көшпестен бұрын Құддыстағы Ақса Мешітіне құбыла болған еді. Кейін Мәдинаға көшкен соң құбылы меккедегі Қағбаға ауыстырылды. (Аллаһтың бұйрығымен)
Бара (р. а. ) -дан жеткен хадисте:
عن براء قال: صلينا مع النبى ستة عشر شهرا أو سبعة عشر شهرا نحو بيت المقدس ثم صرفنا نحو الكعبة . رواه مسلم .
« Біз Пайғамбар (с. а. с. ) мен бірге он алты ай, әлде он жеті ай Бәйтүл Мақдұсқа қарап намаз оқыдық. Сосын Қағба қарай ауыстырылдық »- деп айтылады. 17 Құбыла Қағбаның өзі емес, оның тұрған жері. Оның үсті де, асты да құбыла болып саналады. Қғабаның жанында немесе ішінде болғандар оның әр тарапынан намаз оқи береді.
Құбылаға бет бұрудың намаздың шарты екендігіне мұсылмандар ижмағ (бір ауыздан келіскен) қылған. Құбыладан басқа жаққа қарап оылған парыз, нәпіл немесе жаназа намаздары, тилеует сәждесі дұрыс болмайды.
Қағбаны көзбен көріп тұрған адам жүзін сол Қағбаға қаратып намаз оқу керек. Ал егер қашық жерде болса, Қағбаны көрмейтіндей жердле болса, соның бағытына қарай жүзін бұруы жеткілікті. Құбыланың қай жақта екнін білмеген адам, егер сұрайтын адам болмаса өз ижтиһадымен табуы керек. Мұндай жағдайда күнге, айға немесе жұлдызға қарап, жобалап намазын оқиды. Ал егер Құбыланың бағытын білетін бір адамды тапса, ол адамның айтқанын қабылдауы керек. Өйткені басқа адамның берген хабары іздеуден қуаттырақ.
Мешіттердің михрабтары Қағбаның бағытын көрсетеді. Ескі заманнан қалған бір михраб болатын болса соған қарап намаз оқылады. Бұл жағдайда құбыланы өз бетімен іздеу дұрыс емес.
Намазда құбылаға бет бұрғанда «Жүзімді жөнелттім құбылаға» деп айтудың қажеті жоқ.
Егер ауыру адам болып, құбылаға бұрылуға күші жетпесе және оған көмектесетін адам болмаса немесе дұшпаннан, жыртқыш аңнан себебінен құбылаға бұрыла алмаса, онда күші жеткен бағытқа қарап намаз оқиды. Өйткені бұл мәжбүрлік болады. Сол сияқты пойызда, ұшақта немесе автобуста болған адам мүмкін болса құбылаға қарап оқиды. Ал оған шамасы келмесе, мүмкіншілігі жеткен бағытта оқиды. Егер тікелей құбылаға қарау мүмкін болмаса, құбылаға ең жақын бағытқа бұрылады. Ұшақта, пойызда, кемеде, автобуста болған адам намаздың уақыты өтпей тұрып, басқа ыңғайлы жерде намаз оқуға мүмкіндік болмайтын болса, онда бұл намазды көлікте оқымайды. Өйткені көлікте оқығанда құбылаға қарау, қиям сияқты намаздың парыздары орындалмай қалады.
Құбыладан 45 шамадан (градус) артық ауытқу - құбыланың шартын бұзады.
Намазда себепсіз құбыладан көкірегін бұру намазды бұзады. Ал жүзін құбыладан бұру намазды бұзбаса да харамға жақын макрух болады.
Бір адам құбыланың қай бағытта екенін білмесе және жанында құбыланы білетін адам бола тұра одан сұрамай намаз оқыса, егер оқыған жағы құбыла болмаса, онда намазы дұрыс емес және ол намазды қайта оқуы қажет болады.
Ал егер қасында сұрайтын адам болмаса, намаз оқып болғаннан кейін, оқыған бағыты құбыла болмағанын білсе де намазы дұрыс. Қайта оқу керек емес. Егер намаз оқып тұрған кезде оған құбыланың бағыты басқа екені білдірілсе, онда солай қарай бұрылады.
Намаз оқушы құбыла болғанына қанағат етпеген бағытта намаз оқуы дұрыс емес.
Құбыланың бағыты жөнінен әр түрлі пікірде болған адамдар намазды жеке-жеке өздері құбыла деп санаған бағытқа қарап оқиды. Егер имамға ұйушы имамның құбылаға қарап тұрғанына шүбаланса, намазы дұрыс болмайды.
Жабир бин Абдуллахтың айтуынша: Бірде Аллаһ елшісі бір топ адамды бір жаққа жібереді. Түнде аспан бұлтты болады да ешкім құбыланың бағытын біле алмайды. Сондықтан әркім өзі қанағаттанған бағытта намаз оқиды. Кейін бұл жағдай Аллаһ елшісіне жеткізіледі. Ол еш нәрсе айтпайды. Кейін көп ұзамай мына аят түседі.
" ولله المشرف والمغرب فأينما تولُّوا فثم وجه الله. "
« Шығыс та батыс та Аллаһтікі. Сондықтан жүздеріңді қай жаққа бұрсаңдар, Аллаһтың жүзі сол жақта ». 18
- Уақыт.
Намаз - күннің арнайы белгілі уақыттарында орындалатын парыз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:
" إن الصلوة كانت على المؤمنين كتبا موقوتا "
« Намаз мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда парыз етіледі ». 19
Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз намаздарының сүннеттері, жұма намазы және айт намаздары үшін де белгілі уақыт бар. Бұл намаздарды уақыты кірместен бұрын оқу дұрыс болмағандығы сияқты, уақытынан кешіктіру де дұрыс емес.
Бір намазды ешқандай себепсіз белгіленген уақытынан қалдыру үлкен күнә. Егер адам ұмыту немесе ұйықтап қалумен намазын қаза етсе, ол күнә емес. Бірақсол намаздың қазасын өтеуі тиіс. Пайғамбар (с. а. с. ) хадис шәрифінде айтады:
" إنه ليس فى النوم تقريط انما التقريط فى اليقظة, فاذا نسى احد صلاة أو نام عنها فليصلها اذا ذكرها. "
« Ұйқыда немқұрайлылық жоқ. Немқұрайлылық ояу кезде. Егер біреу намазды ұмытса немесе ұйықтап қалса, есіне түскен бойда ол намазды өтесін ».
Қазасын өтеуді қажет ететін намаздар бес уақыт парыз намаз бен үтір намазы. Әбу Сағид Әл-Хадари (р. а. ) дан жеткен хадисте: Пайғамбар (с. а. с. ) :
" من نام عن وتره أو نسيه فليصله إذا ذكره. "
« Кім үтір намазына ұйықтап қалса немесе ұмытып ктсе, есіне түскен бойда оны өтесін ». 20
Жұма, Айт, сүннет намаздардың қазасы өтелмейді. Жұма намазын оқи алмаған адам сол күннің бесін намазын өтейді. Себепсіз намазын қаза еткендер ол намаздың қазасын өтемей тұрып, алдымен тәубе ету керек.
- Ниет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz