Талақтың тілдік мағынасы
Мазмұны
Кіріспе
2
Зерттеу өзектілігі
3
Негізгі бөлім
5
1. Талақ түсінігі
5
1.1. Талақтың тілдік мағынасы.
5
1.2. Талақтың шариғаттағы мағынасы.
5
1.3. Талаққа байланысты Құранның аяттары
6
1.4. Талаққа байланысты хадистер.
12
1.5. Исламдағы талақтың үкімі.
15
2. Талақ хикметтері
16
3. Талақ түрлері
17
3.1 Талақтың сунни және бидъи түрлері.
17
3.2. Талақтың баин және ражъи түрлері.
20
3.2.1. Талақ берудің саны.
21
3.3. Талақ және фасх
23
3.4. Талақ және хулғ.
23
3.5 Талақты қазы беретін жағдайлар.
24
4. Талақ сөздері
27
4.1. Талақтың анық және меңзеліп айтылуы
27
4.2. Нақты айтылған (мұтлақ) талақ.
27
4.3. Бір нәрсеге байланыстырылып айтылған (муқайід) талақ.
27
4.3.1. Шартпен байланыстырылып айтылған (шартты) талақ.
28
4.3.1.1. Ин ша Аллаһ пен байланыстырылып айтылған талақ.
28
4.3.1.2. Аллаһтан басқаның қалауымен байланыстырылып айтылған 28
талақ.
4.3.1.3. Келер шақтағы істерге байланысты талақ.
28
4.3.1.4.Болуы екі талай істерге байланысты талақ.
29
4.3.1.5.Талақты бөліп айту мәсеелсі
29
5. Талақ шарттары
30
5.1. Талақ беруші ердің шарттары.
30
5.2. Талақ беруге рұқсат етілген ердің шарттары.
30
5.1.1. Еріксіз бергеннің талағы.
31
5.1.2. Мас кісінің талағы.
31
5.1.4 Әзілмен айтылған талақ.
31
5.1.5. Ажалы жақындағанның талағы
31
5.2. Талақ беруде әйелдерге байланысты мәселелер.
32
6. Талақтың жүзеге асуы
33
6.1. Сөз.
33
6.2. Хат.
33
6.3. Мылқаудың ишараты.
33
6.4. Елші (немесе өкілдің) жіберілуі.
34
6.5. Талақ берілгенде куәлардың болуы.
34
7. Әл-лиъан, әл-Илә және әз-Зиһар
35
7.1 Әл-лиъан
35
7.1.1. Лиъанның жасалу жолы
35
7.2. әл-Илә
36
7.3. әз-Зиһар
37
8. Талақ әдептері.
40
Қорытынды
43
Пайдаланған бұлақтар
44
Бисмилләһир Рахманир Рахим.
Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Аллаһтың атымен бастаймын.
Кіріспе
Барлық мадақ, Иман мен Ислам жолына түсірген және адамдар мен
жындардың мырзасы Мухаммәдтің с.а.с. (салләлаһү аләй һи уә сәлләм) Аллаһтың
оған жарылқауы мен тыныштығы болсын) жанұясына, сахабаларына және де Қиямет
күніне дейін жақсы амалдармен (іс әрекеттерімен) Пайғамбарымызға с.а.с.
ұйыған барлық мүміндерге болсын.
Әр нәрсені өзіне лайықты орнына қоя білуі әрі бүкіл адамзат баласының
ақыр заманға дейінгі мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын тәртіптер құрып
қоюы Ислам шариғатының ұлылығын көрсетеді.
Ерлі-зайыптылар ажырасуды орынды түрде жүзеге асыратын болса, онда ол
екі жаққа да көптеген пайда алып келетін амалдардан болып табылады. Ал,
егер жамандық ниетпен өз орында қолданбаса, онда оның көптеген зияны да
болады.
Расында ерлі-зайыптылар не ері, не әйелі айыпты болуынан немесе екеуі
тарапынан да жіберілген кемшіліктер салдарынан бірге ғұмыр кешуі тығырыққа
тіреліп жатады. Әрі олардың ара қатынасын жақсарту әрекеттері сәтсіздікке
ұшырап, көп жағдайда ерлі-зайыптылардың ажырасуына әкеп соғады. Міне,
сондықтан Ислам діні ажырасу мәселесін де жан-жақты қарастырып, оны
заңдастырған. Шынында да, Аллаһ Тағала осы ажырасу арқылы екеуіне
табиғатына сай келетін азамат тауып алуына мүмкіндік береді.
Зерттеудін өзектілігі.
Ата- баба тарихына көңіл бөліп, халқымыздың төл- әдет ғұрпы мен салт-
дәстүріне қызығу, сол арқылы өзінің ұлттық рухани мәдени байлығын дамыту-
тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы негізгі ерекшеліктердің
бірі.Тәуелсіздік алған уақытқа дейін, көп мұсылман халқы соның ішінде орта
Азиядағы түрлі ұлттар Құран кәрімді өз ана тілдерінде оқи алмады. Аллаға
шүкір кәзір әр бір халық,өзінің тәуелсіздік мемлекетіне ие болып Құран-
кәрім көптеген тілдерге аударлып өз құқықтарын білуде. Соңын ішінде маңызды
да керекті құқық болып саналатың талақ яғни ажырасу мәселесіде ерекше
орың алған. Талақтың маңыздылығы Ел үшін өте қажет. Өйткені Ел ішінде
ажырасу мәселесі бойынша әр түрлі пікірлер қалыптасуда.Бұл мәселеде құқық
мектебінің мүжтахид ғалымдары –(олар Имам Ағзам,Имам Әш-шафиғи, Имам Мәлік,
Имам Ахмад ибн Ханбал рахматуллаһи алейһим) өздерінін құқық мазһабтың
негізің құрушылар еңбектеріңде түрліше пікірлер айтып ақыли-нақыли
дәлелдерің келтірген. Аталмыш мүжтахид ғалымдардын ішінде сондай ақ біздін
орта Азияда атақты танымалы болған Әбу Ханифа рахматуллаһи алейһтың мазхабы
кеңінең тарап соның салдарынаң әр бір адам рухани құқықтарың біліп келуде.
Сол үшінде мен осы еңбекті сол мүжтахид ғалымдардың еңбектеріне сүйене
отырып негізгі Әбу Ханифа мазһабына сай зерттеу жүргіздім.
Зерттеу нысаны: Әбу Ханифа мазһабындағы талақ үкімдері.
Зерттеу мақсаты: Қазақ тілінде жарық көрмей зерттелмей келе жатқан талақ,
яғни, ажырасу мәселесін Құран, хадис, ижмағ үкімдерімен талдау, ол үшін
мынадай мәселелерді анықтауға ұмтылыс жасалады.
- Талаққа яғни ажырасуға қатысты сүрелер мен хадистерді келтіріп, оларды
қазақшалау.
- Талак мәселесіне байланысты діни терминдердің мәнің ашып,олардың қазақ
тіліне аударлу ерекшеліктерін көрсету.
- Талақ үкімдерің ықшам түрде атап өту.
Зерттеу жаналығы: Қазіргі уақытқа дейін Талақ мәселесі қазақ тіліне
аударудың ғылыми-теориялық негізі сирек, жарық көрген мағыналық аудармалар
қазіргі тіл білімі тұрғысынан өз бағасын алмады.
Зерттеу материалы: Біздін зерттеуіміздің негізгі материалы болып Фиқһ,
Тафсир және Хадис кітаптары саналады.
Жұмыстың теориялық құндылығы: Қазақ –тілінде жарық көретін Фиқһ іліміне
арналған ғылыми енбектерге көптеген дәлелдер мен дәйектер қосып, талақ
үкімдерін халыққа жаң-жақты түсіндіруге үлес қосады.
Жұмыстың практикалық мәні: Жұмыста айтылған матириалды-медреселерде, діни
дәрістерде, фиқһ сабақтарына пайдалануға болады.
Жұмыс құрылысы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен жене қортындыдан
тұрады.Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылады.
1. Талақ түсінігі.
1.1. Талақтың тілдік мағынасы.
Арап тілінде талақ деп бір нәрсені жіберу немесе тастап кетуді
айтады. " أطلقت الأسير" яғни, тұтқынды жібердім, байланған жібін шешіп,
босаттым деген мағынада[1]. Әйелін талақ қылған кісіні Муталлиқ, ал
талақтары көбейген жағдайда оны Мутлиқ, митлақ және таллақ деп атайды.
Күйеуінен ажыраған әйелді Талиқ әйел теген білдіретін та-марбутасыз
жазылады[2]. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккені алған кезде алдына жиналып,
үкімін күткен Құрайыштарға жалпылай түрде кешірім жасаған еді. Сонда
Пайғамбарымыз жиналған жұртқа Мені сендерге не қылады деп ойлайсыңдар?
-дегенде, олар: Сенен тек жақсылық күтеміз. Сен ардақты бауырымызсың және
ардықты бауырымыздың ұлысың -десті. Пайғамбарымыз: Бүгін сендерге қарсы
бұзақылық жоқ, Аллаһ сендерді кешірді -деді. Және бір риуаятта:
"اذهبوا فأنتم طلقاء"
-яғни Барыңдар! Сендер боссыңдар (немесе босатылдыңдар)! -деген[3].
1.2. Талақтың шариғаттағы мағынасы.
Талақ сөзінің шариғаттағы ғылыми термин ретіндегі мағынасы:
Белгілі сөздермен неке түйінің осы немесе келер шақ райымен алып
тастау(шешіп жіберу)[4].
1.3. Талаққа байланысты Құранның аяттары.
Қасиетті Құран Кәрімнің 9 жерінде талаққа байланысты аяттар түскен.
Оның жалпы мағынасы үш негізге саяды: 1) Талақ алдында міндетті болған
шарттар. 2) Талаққа байланысты үкімдер. 3) Талақтар саны. Талақтың егжей-
тегжей үкімдеріне кірместен нақты аяттарда белгілі болған мәселелерге
тоқтағанды жөн көрдік.
Біріншіден:
Талақ алдында міндетті болған шарттар:
1 – Ниса сүресі, 34-аят.
Аллаһ тағала айтады:
الرجال قوامون على النساء بما فضل الله بعضهم على بعض و بما أنفقوا من
أموالهم فالصالحات قانتات حافظات للغيب بما حفظ الله والتي تخافون نشوزهن
فعظوهن و اهجروهن في المضاجع و اضربوهن فإن أطعنكم فلا تبغوا عليهن سبيلا إن
الله كان عليا كبيرا (34)
Ерлер әйелдер үстінен басшы. Оның себебі – Аллаһ оларды бірінен бірін
(яғни, ерлерді әйелдерден) артық қылғаны және ерлердің (әйелдері және
жанұясы үшін) өзінің мал-мүліктерінен қаражат сарып қылғаны. Сондықтан
ғибадатшыл, бойұсынушы және ерлері жоқта Алланың сақтау-қорғауымен
(ерлердің мал-мүліктерің және өз абыройларын) сақтаушы әйелдер – жақсы
әйелдер. Әйелдеріңнің бойұсынбаушылығын қорықсыңдар алдымен оларға үгіт-
насихат қылыңдар. Кейін (үгіт-насихат пайда бермесе), оларды төсекте тастап
қойыңдар (яғни, олармен бір жерде жатпаңдар, жақындаспаңдар), сонан соң
(яғни, сонда да сендерге бойұсынбаса), ұрыңдар. Бірақ, сендерге бойұсынса,
оларға қарсы жол іздемеңдер. Әлбетте Аллаһ ең жоғары және ең ұлы[5].
2 – Талақ сүресі, 1-2 аяттар.
Аллаһ тағала айтады:
َا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِذَا طَلَّقْتُمُ النِّسَاء فَطَلِّقُوهُنَّ لِعِدَّتِهِنَّ وَأَحْصُوا الْعِدَّةَ وَاتَّقُوا اللَّهَ رَبَّكُمْ
لَا تُخْرِجُوهُنَّ مِن بُيُوتِهِنَّ وَلَا يَخْرُجْنَ إِلَّا أَن يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُّبَيِّنَةٍ وَتِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ وَمَن
يَتَعَدَّ حُدُودَ اللَّهِ فَقَدْ ظَلَمَ نَفْسَهُ لَا تَدْرِي لَعَلَّ اللَّهَ يُحْدِثُ بَعْدَ ذَلِكَ أَمْراً (1) فَإِذَا
بَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمْسِكُوهُنَّ بِمَعْرُوفٍ أَوْ فَارِقُوهُنَّ بِمَعْرُوفٍ وَأَشْهِدُوا ذَوَيْ عَدْلٍ مِّنكُمْ وَأَقِيمُوا
الشَّهَادَةَ لِلَّهِ ذَلِكُمْ يُوعَظُ بِهِ مَن كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل
لَّهُ مَخْرَجاً (2)
Ей, пағамбар! Қашан сендер (яғни, момындар) әйелдеріңді талақ
етсеңдер, олардың белгілі мерзімінде (яғни, пәктік кездерінде) талақ
етіңдер және ол мерзімді санаңдар және Раббыларың Аллаһтан қорқындар.
(Мерзімдері біткенше), оларды (тұрып жатқан) үйлерінен құуып шығармаңдар
және олар өздері де шығып кетпесін. Тек қана олар ашық фахш-арсыздық істі
(бұзықтық немесе арсыздыққа жататын ұятсыз қылықтарды) жасаса ғана (тұрып
жатқан үйлерінен шығарылады). Бұл – Аллаһтың зан-шектері. Кім Аллаһ
шектерінен асып кетсе - өзіне зұлымдық қылған болады. Сен білмейсің, мүмкін
Аллаһ бұл талақтан кейін бір жағдай пайда қылар. (Енді қашан талақ еткен
әйелдеріңді идда) уақыттары бітсе оларды жақсылықпен ұстап қалыңдар немесе
жақсылықпен (ақы-мәһірлерін беріп) ажыратыңдар. Және (жарасып қалған немесе
ажырасатын жағдайда) өздеріңнен екі әділетті кісіні куә қылыңдар және
куәлікті Аллаһ үшін атқарыңдар. Бұл (үкімнен) тек қана Аллаһқа және ақырет
күніне иман келтіруші уағыз алады. Кім Аллаһтан қорықса (яғни, жоғарыда
ескертілген талақ үкімдерін ұстанса) Аллаһ ол үшін (барлық қайғы-
қиыншылықтардан) шығатын жолын пайда қылады[6].
Екіншіден: Талаққа байланысты үкімдер:
1 – Бақара сүресі, 228-аят:
Аллаһ тағала айтады:
وَالْمُطَلَّقَاتُ يَتَرَبَّصْنَ بِأَنفُسِهِنَّ ثَلاَثَةَ قُرُوَءٍ وَلاَ يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكْتُمْنَ مَا خَلَقَ اللّهُ
فِي أَرْحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤْمِنَّ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَبُعُولَتُهُنَّ أَحَقُّ بِرَدِّهِنَّ فِي ذَلِكَ إِنْ
أَرَادُواْ إِصْلاَحاً وَلَهُنَّ مِثْلُ الَّذِي عَلَيْهِنَّ بِالْمَعْرُوفِ وَلِلرِّجَالِ عَلَيْهِنَّ دَرَجَةٌ وَاللّهُ عَزِيزٌ
حَكُيمٌ (228)
Талақ етілген әйелдер үш етеккір мүддетінде өздерін күтеді. Егер,
Аллаһ және ақырет күніне сенетін болса – оларға Аллаһтың жатырларында
жаратқанды (перзент немесе етеккірді) жасыру адал болмайды. Егер ерлері
жарасуды қаласа, сол уақыт ішінде оларды (әйелдерін) қайтарып (некеге)
алуларына (өздері) лайығырақ. Әйелдердің өз ерлері алдында хақыларымен
бірдей міндеттері де бар. Ал ерлердін әйелдерден артық дәрежесі бар. Аллаһ
өте үстем, хикмет иесі.
2 – Бақара сүресі, 230-232 аяттар:
Аллаһ тағала айтады:
وَالْمُطَلَّقَاتُ يَتَرَبَّصْنَ بِأَنفُسِهِنَّ ثَلاَثَةَ قُرُوَءٍ وَلاَ يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكْتُمْنَ مَا خَلَقَ اللّهُ فِي
أَرْحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤْمِنَّ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَبُعُولَتُهُنَّ أَحَقُّ بِرَدِّهِنَّ فِي ذَلِكَ إِنْ أَرَادُواْ
إِصْلاَحاً وَلَهُنَّ مِثْلُ الَّذِي عَلَيْهِنَّ بِالْمَعْرُوفِ وَلِلرِّجَالِ عَلَيْهِنَّ دَرَجَةٌ وَاللّهُ عَزِيزٌ حَكُيمٌ
(228) الطَّلاَقُ مَرَّتَانِ فَإِمْسَاكٌ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحٌ بِإِحْسَانٍ وَلاَ يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَأْخُذُواْ مِمَّا
آتَيْتُمُوهُنَّ شَيْئاً إِلاَّ أَن يَخَافَا أَلاَّ يُقِيمَا حُدُودَ اللّهِ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلاَّ يُقِيمَا حُدُودَ اللّهِ
فَلاَ جُنَاحَ عَلَيْهِمَا فِيمَا افْتَدَتْ بِهِ تِلْكَ حُدُودُ اللّهِ فَلاَ تَعْتَدُوهَا وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ اللّهِ
فَأُوْلَـئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ (229) فَإِن طَلَّقَهَا فَلاَ تَحِلُّ لَهُ مِن بَعْدُ حَتَّىَ تَنكِحَ زَوْجاً غَيْرَهُ
فَإِن طَلَّقَهَا فَلاَ جُنَاحَ عَلَيْهِمَا أَن يَتَرَاجَعَا إِن ظَنَّا أَن يُقِيمَا حُدُودَ اللّهِ وَتِلْكَ حُدُودُ
اللّهِ يُبَيِّنُهَا لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ (230) وَإِذَا طَلَّقْتُمُ النَّسَاء فَبَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمْسِكُوهُنَّ
بِمَعْرُوفٍ أَوْ سَرِّحُوهُنَّ بِمَعْرُوفٍ وَلاَ تُمْسِكُوهُنَّ ضِرَاراً لَّتَعْتَدُواْ وَمَن يَفْعَلْ ذَلِكَ فَقَدْ ظَلَمَ نَفْسَهُ
وَلاَ تَتَّخِذُوَاْ آيَاتِ اللّهِ هُزُواً وَاذْكُرُواْ نِعْمَتَ اللّهِ عَلَيْكُمْ وَمَا أَنزَلَ عَلَيْكُمْ مِّنَ الْكِتَابِ
وَالْحِكْمَةِ يَعِظُكُم بِهِ وَاتَّقُواْ اللّهَ وَاعْلَمُواْ أَنَّ اللّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ (231)
وَإِذَا طَلَّقْتُمُ النِّسَاء فَبَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَلاَ تَعْضُلُوهُنَّ أَن يَنكِحْنَ أَزْوَاجَهُنَّ إِذَا تَرَاضَوْاْ بَيْنَهُم
بِالْمَعْرُوفِ ذَلِكَ يُوعَظُ بِهِ مَن كَانَ مِنكُمْ يُؤْمِنُ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ذَلِكُمْ أَزْكَى لَكُمْ
وَأَطْهَرُ وَاللّهُ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لاَ تَعْلَمُونَ (232)
Егер де (ер әйелін үшінші рет) талақ қылса ол әйел басқа ерге
тимейінше (яғни, басқа кісіге тұрмысқа шықпайынша), әуелгі күйеуне адал
болмайды. Кейін, егер (екінші ері де) талақ етсе, онда Аллаһ бүйырған ереже-
зандарды орындай алатынына сенсе (ол әйел бірінші күйеуімен) бір-біріне
қайтуларынын (яғни, қайта тұрмыс құруларының) күнәсі жоқ. Бұл – Аллаһтың
шектеулері. Аллаһ оны білетін қауымға баян етеді. Қашан әйелдеріңді талақ
етсеңдер және олардың идда мерзімі аяқталса, онда оларды игілікпен алып
қалыңдар немесе оларды жақсылықпен жіберіңдер. Оларға залымдық жасаумен
зиян тигізу үшін ұстап тұрмаңдар. Кім олай істесе өзіне зұлымдық қылғаны.
Алланың аятарын мазақ қылмаңдар және Аллаһтың өздеріңе берген нығметін әрі
сендерге үгіт-насихат ретінде түсірген Кітап пен хикметті естеріңде
тұтындар. Аллаһтан қорқыңдар және Оның әр нәрсені білуші екенің біліңдер!
Қашан әйелдеріңді талақ етсеңдер және мезрзімдері бітсе, онда, олар өзара
игілікпен келіскен болса ерлерімен некелесуге тосқауыл болмаңдар. Бұл
үкімдерден Аллаһқа және ақырет күніне иман келтіргендер уағыз алады. Бұл
үкім (яғни, ерлі-зайыптылардың қайта жарасуларына кедергі жасамау) сендер
үшін ең таза және пәк үкім. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер[7].
3 – Бақара сүресі, 236-237 аяттар:
Аллаһ тағала айтады:
لاَّ جُنَاحَ عَلَيْكُمْ إِن طَلَّقْتُمُ النِّسَاء مَا لَمْ تَمَسُّوهُنُّ أَوْ تَفْرِضُواْ لَهُنَّ فَرِيضَةً وَمَتِّعُوهُنَّ عَلَى
الْمُوسِعِ قَدَرُهُ وَعَلَى الْمُقْتِرِ قَدْرُهُ مَتَاعاً بِالْمَعْرُوفِ حَقّاً عَلَى الْمُحْسِنِينَ (236)
وَإِن طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِن قَبْلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ وَقَدْ فَرَضْتُمْ لَهُنَّ فَرِيضَةً فَنِصْفُ مَا فَرَضْتُمْ إَلاَّ أَن
يَعْفُونَ أَوْ يَعْفُوَ الَّذِي بِيَدِهِ عُقْدَةُ النِّكَاحِ وَأَن تَعْفُواْ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَى وَلاَ تَنسَوُاْ الْفَضْلَ
بَيْنَكُمْ إِنَّ اللّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ (237)
Егер, әйелдеріңді, оларға қол тигізбестен және маһірін белгілемей
тұрып талақ етсеңіз сіз үшін күнә жоқ. (Ондай жағдайда) шамасы барлар өз
мүмкіндігінше, ал жоқтар әлдеріне қарай пайдаландырындар. (Бұл үкім) игілік
құлушыларға бір міндет. Егер, маһірді белгілеп оларды қол тигізуден бұрын
талақ қылсаңдар – белгіленген маһірдін жартысы (сендерге міндет болады).
Бірақ әйел кешсе немесе неке түйіні қолында болған ер кеңшілік қылса (өзіне
тиісті жарты маһірді алмайтын болса) – ол басқа. Және кеңшілік етулерің
тақуалыққа жақынырақ. Өзара бір-біріне кеңшілік қылуды ұмытпаңдар. Расында
Аллаһ істегендеріңді толық көруші[8].
4 – Бақара сүресі, 241-242 аяттар:
Аллаһ тағала айтады:
وَلِلْمُطَلَّقَاتِ مَتَاعٌ بِالْمَعْرُوفِ حَقّاً عَلَى الْمُتَّقِينَ (241) كَذَلِكَ يُبَيِّنُ اللهُ لَكُمْ آيَاتِهِ
لَعَلَّكَُمْ تَعْقِلُونَ (242).
Талақ етілген әйелдерге игілікпен пайдаландыру тақуа ерлерге міндет.
Аллаһ сендерге түсінер деп аяттарын осылай баян қылады[9].
5 – Ахзап сүресі, 49-аят:
Аллаһ тағала айтады:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَكَحْتُمُ الْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِن قَبْلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ فَمَا لَكُمْ
عَلَيْهِنَّ مِنْ عِدَّةٍ تَعْتَدُّونَهَا فَمَتِّعُوهُنَّ وَسَرِّحُوهُنَّ سَرَاحاً جَمِيلاً (49)
Уа, иман келтіргендер! Қашан сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып,
оларға тиіспестен талақ қылсаңдар сендер үшін оларға (басққа күйеуге
шығуға дейінгі ұсталуға тиіс) мерзім болмайды. Сонда сендер оларды (азды-
көпті сыйлықпен) несібелі етіп, көркем түрде жібереңдер[10].
6 – Талақ сүресі, 4-7 аяттар:
Аллаһ тағала айтады:
وَاللَّائِي يَئِسْنَ مِنَ الْمَحِيضِ مِن نِّسَائِكُمْ إِنِ ارْتَبْتُمْ فَعِدَّتُهُنَّ ثَلَاثَةُ أَشْهُرٍ وَاللَّائِي لَمْ
يَحِضْنَ وَأُوْلَاتُ الْأَحْمَالِ أَجَلُهُنَّ أَن يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل لَّهُ مِنْ أَمْرِهِ يُسْراً
(4) ذَلِكَ أَمْرُ اللَّهِ أَنزَلَهُ إِلَيْكُمْ وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يُكَفِّرْ عَنْهُ سَيِّئَاتِهِ وَيُعْظِمْ لَهُ أَجْراً (5)
أَسْكِنُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ سَكَنتُم مِّن وُجْدِكُمْ وَلَا تُضَارُّوهُنَّ لِتُضَيِّقُوا عَلَيْهِنَّ وَإِن كُنَّ أُولَاتِ حَمْلٍ
فَأَنفِقُوا عَلَيْهِنَّ حَتَّى يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ فَإِنْ أَرْضَعْنَ لَكُمْ فَآتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ وَأْتَمِرُوا بَيْنَكُم
بِمَعْرُوفٍ وَإِن تَعَاسَرْتُمْ فَسَتُرْضِعُ لَهُ أُخْرَى (6) لِيُنفِقْ ذُو سَعَةٍ مِّن سَعَتِهِ وَمَن قُدِرَ عَلَيْهِ
رِزْقُهُ فَلْيُنفِقْ مِمَّا آتَاهُ اللَّهُ لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْساً إِلَّا مَا آتَاهَا سَيَجْعَلُ اللَّهُ بَعْدَ عُسْرٍ
يُسْراً (7)
Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың ғыдда
мерзімі үш ай. Және етеккір көрмеген әйелдердің де мерзімі үш ай. Жүкті
әйелдердің мерзімі – босанулары. Кім Аллаһтан қорықса – Аллаһ оның ісін
жеңіл қылады. Бұл Аллаһтың сендерге түсірген үкімі. Кім Аллаһтан қорықса,
Аллаһ оның күнәларың өшіріп, сыйын ұлы қылады. Оларды (яғни, талақ етілген
әйелдерді) шамаңызға қарай өздерің тұрып жатқан жерден тұрғызыңдар да
оларға қысып шығару үшін зиян тигізбеңдер. Егер олар жүкті болса – босанып
болғандарына дейін напақа беріңдер. Ал егер балдарыңды емізсе – жалақыларын
беріңдер. Өзара дұрыстықпен келісіп алыңдар. Егер (келісе алмай)
қиыншылыққа түссеңдер онда ерге баласын басқа әйел емізіп береді. Бай өз
байлығынан нафақа берсін. Ал ризығы тарылып қалған болса – Аллаһтың
бергенінен нафақа қылсын. Аллаһ біреуге бергенінен артық нәрсені
жүктемейді. Аллаһ қиыншылықтан кейін жеңілдікті пайда қылады[11].
Үшіншіден: Талақтар саны:
1 – Бақара сүресі, 229-аят:
Аллаһ тағала айтады:
الطَّلاَقُ مَرَّتَانِ فَإِمْسَاكٌ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحٌ بِإِحْسَانٍ وَلاَ يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَأْخُذُواْ مِمَّا

فَأُوْلَـئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ (229)
(Ерге өз әйелін өз некесіне қайтып алу мүмкіндігі берілетін) талақ
– екі рет. (Одан) кейін (жанұяны) игілікпен сақтау немесе көркем түрде
ажырасу керек. Және сендер үшін әйелдерге бергендеріңнен бір нәрсені
қайтарып алуларың дұрыс болмайды. Бірақ екеуі де Аллаһтың шегін орындай
алмаудан қорықса және сендер де екеуінің аллаһ шегін орындай алмауынан
қорықсаңдар ол уақытта әйелдің еріне бодау беруінде күнә жоқ. Міне осы
Аллаһтың шегі, одан аспаңдар! Ал кім Аллаһтың шегінен асса – міне солар
залымдар.
1.4. Талаққа байланысты хадистер.
1 - عن ابن عمر أنه طلق إمرأته وهي حائض في عهد رسول الله- صلى الله عليه
وسلم -، فسأل عمر رسول الله –صلى الله عليه وسلم- عن ذلك، فقال: (مره
فليراجعها، ثم ليمسكها حتى تطهر، ثم تحيض، ثم تطهر، ثم إن شاء أمسك بعد وإن
شاء طلق قبل أن يمس، فتلك العدة التي أمر الله أن تطلق لها النساء ) متفق
عليه.
1 – Абдуллаһ ибн Омардан (ръ) келген хадисте ол Пайғамбар с.ғ.с.
заманында етеккір кезінде болған әйелін талақ қылады екен. Омар (ръ)
Пайғамбарымыздан осы тұралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Оған
қайтарып алуын бұйыр! Ол әйелді тазаланғанша дейін өзінде ұстасын. Одан соң
хайыз болып тазаланғаннан кейін ғана қаласа өзінде қалдырсын, қаласа
қосылмай тұрып талақ берсін. Міне, осы Аллаһ тағаланың сол бойынша
әйелдерге талақ беруді үйғарған мерзімі -деді[12].
2 – و عن ابن عباس – رضي الله تغالى عنهما – قال، طلق أبو ركانة أم ركانة.
فقال له رسول الله – صلى الله عليه و سلم - : " راجع امرأتك" فقال: إني طلقتها
ثلاثا. قال: "قد علمت راجعها" رواه أبو داود.
2 – Ибн Аббас риуаят қылған хадисте Әбу Рукана есімді кісі өз әйелін бір
отырыста үш рет талақ қылады да істегеніне өкінеді. Сонда Пайғамбарымыз
оған: Әйелінді қайтарып ал! -дейді. Әбу Рукана Мен оны үш рет талақ
қылдым ғой -деген де, Пайғамбарымыз: Білемін, оны қайтып ал -деді[13].
Кейбір риуаяттарда Әбу Рукананың Уаллаһи, мен бір талақты ғана қалаған
едім -деп айтқаны бар.
3 – و عن أبي هريرة – رضي الله عنه – قال: قال رسول الله - صلى الله عليه و
سلم - :" ثلاث جدهن جد، و هزلهن جد: النكاح، و الطلاق, و الرجعة" رواه الأربعة
إلا النسائي و صححه الحاكم.
3 - Әбу Һурайра (р.ъ.)дан руаят қылынған хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) :
Үш нәрседе әдейлеп айтқаның шындық және әзілдеп айтқаның да шындық. Ол:
неке, талақ және ражъа (яғни, қайтарып алуға болатын әйелді қайтарып
алу) -деген.[14]
4 – عن ثوبان أن رسول الله صلى الله عليه و سلم قال: "أيما امرأة سألت زوجها
طلاقا من غير بأس، فحرام عليها رائحة الجنة" رواه أصحاب السنن و حسنه الترمذي.
4 – Сәубан (р.ъ.)дан риуаят қылынған хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Қайсы
бір әйел өз ерінен себепсіз талақ сұраса – оған жаннат иісі харам
болады[15].
5 – و عن أبي هريرة عن النبي - صلى الله عليه و سلم - قال: "إن الله تعالى
تجاوز عن أمتي ما حدثت به أنفسها ما لم تعمل أو تكلم". متفق عليه.
5 - Әбу Һурайрадан (ръ) риуаят қылынған хадисте Пайғамбарымыз: Расында
Аллаһ тағала менің үмметімнен ойына келген нәрселерін істемесе және ешкімге
айтпаса кешірді -деген.
1.5. Исламдағы талақтың үкімі.
Талақтың жалпы үкіміне байланысты ғалымдар арасында келіспеушіліктер
бар. Дұрысы – ханафилер мен ханбалилердің қажет болмаған жағдайда қатерлі
деген ұстанымы. Дәлелдері - Пайғамбарымыздың Аллаһ тағала әрбір әр
нәрсені бір татып, көп талақ берушіні лағнеттеді - деген хадисі. Сонымен
бірге, талақ қылу – Аллаһтың нығметтерің мойындамау болып табылады. Өйткені
неке – Аллаһтың берген нығметі болса, оны бұзу – харам. Соңдықтан қажет
болған жағдайда ғана рұқсат етіледі[16].
Талақты рұқсат қылатын қажеттіліктердің бірі – ердің әйел мінезінен
күдіктенуі, немесе әйелге деген жақтырмағандықтың пайда болуы. Өйткені
жүректі өзгертіп тұрушы Аллаһ, сондықтан талақты міндетті қылған қажет
болмаған жағдайда ондай әрекет – Аллаһтың нығметің мойындамағандық, ер
адамның әдепсіздігі үшін ондай талақ макруһ болады[17].
Фиқһ кітаптарында Аллаһтың рұқсат қылған нәрселерінін ең ұнатпағаны
(яғни, жек көргені)– талақ -деген хадис келтіріледі. Бұл хадиске
байланысты ғалымдардың көзқарастары екіге бөлінеді. Әл-Хакім хадисті сахих
десе[18], әз-Заһаби оны қоштап Муслимнің шартындағы хадис -деген. Сунан
иелерінен бұл хадисті Әбу Дауд пен ибн Мәжәһ риуаят қылған[19]. Бірақ,
екінші жақтан Әбу Хатім хадистің мұрсал екенің анықтаса, белгілі мұхаддис
әл-Әлбани бұл хадисті зағиф хадистер қатарына қосқан[20]. Хадистің
дұрыстығы анықталған жағдайда, талақтын жалпы үкімі де анықталатын сияқты.
Талақ қаншама жек көрінгенмен – негізгі үкімі халал. Бірақ, бұл рұқсат -
жағдайға байланысты. Субулус-салам кітабының авторы осы хадисті
түсіндіріп: Кейбір ғалымдар талақты бес үкімге бөледі. Харам болғаны –
шариғат қайшы берілген бидғи талақ. Макрух болғаны – себепсіз берілген
талақ деген[21].
2. Талақ хикметтері
Талақтың белгілі шарттарымен рұқсат қылынуы – шариатымыздың
мақтаныштарынаң бірі болып саналып, дін дұшпандарының түсініктеріне мүлдем
қайшы келеді. Талақ, яғни ерлі-зайыптылардың ажырасуын идеологиялық және
занды түрде тыйым салған көптеген елдер сол талақты қайта зандастыруға
мәжбұр болған еді. Өйткені олардың өз ойларымен шығарған зандары жалпы
болмыс, табиғат зандылықтарына қайшы келіп сол елдерде бұзақылықтар мен
арсыздықтың жайылуына себеп болған еді. Нәтижесінде, ондай қоғамдарда
жанұя, отбасының тек бейнесі қалып хақиқаты қалмаған еді. Ол өздеріне
талақты жаман әрекет деп тыйғандарымен одан да жаман қылықтар мен
қылмыстарға түсіп әдеп, тәртіп ұят ұғымдарынан жұрдай болды.
Ислам шариғатындағы талақ ерлердің қолындағы ойыншық емес. Исламдағы
отбасылық өмір қасиетті ұғым, нақты серт, орындалуға міндетті келісім-
шарт және үлкен жауапкершілік. Көптеген аят-хадистер үйленуге қызықтырып,
мол сауаптарды уәде қылады және дініміздің бір негізі ретінде қарайды.
Аллаһ тағала әрі қарай бірге өмір сүру мүмкін болмаған жағдайдағы ажырасу-
талақты Құранда бір сүремен ерекшелеп, үйлену, некеге байланысты аяттарды
әр сүреде бөлек қылған. Өйткені адам баласы фитрасы бойынша үйленуді керек
қылып, оған байланысты көп уағыз-насихатты қажет етпейді. Ал талақ болса
ислам көзқарсында тұрған құрылысты бұзу болып есептеледі де, сол құрылыс
ішіндегілерге, одан соң сыртындағыларға қатер болмаған жағдайда оны бұзуды
рұқсат етпейді[22].
3. Талақ түрлері
Әбу Ханифа мазһабы бойынша талақтың бірнеше түрі бар. Ол түрлер
талақтың шариғатқа сәйкес келуі немесе келмеуіне байланысты сунни және
бидъи болып екіге, сол сияқты әйелді қайтып алуға болатын-болмайтынына
байланысты ражъи және баин болып ол да екіге бөлінеді. Сонымен бірге,
шариғатымызда фасх және хулғ деген талаққа ұқсас жағдайлар мен талақты
ері емес, жергілікті қазы немесе имам беретін ахуалдары бар. Бұл үкімдердің
барлығында Талақ түрлері бөліміне қамтып, әр қайсысына жеке тоқтағымыз
келеді.
3.1 Талақтың сунни және бидъи түрлері.
Шариғатқа сәйкес келуі немесе келмеуіне байланысты сунни және
бидъи болып екіге бөлінетін талақты ханафи мазһабының ғалымдары әхсән,
хасан және бидғи деп үшке бөледі.
Әхсәнут-талақ, яғни мұстахаб немесе көркем түрде берілген талақ
дегеніміз – әйелді хайыздан пәк кезінде, оған қосылмастан бір рет талақ
беру[23]. Талақ әхсан болу үшін төрт нәрсе керек. Біріншісі – талақтың
бір рет айтылуы. Екіншіден - әйел етеккірден таза болуы керек. Үшіншіден,
әйелдің мадхулә болуы керек. Төртіншіден, жүкті болмауы керек.[24]
Сахабалар талақты ғыддасы біткенше бір реттен асырмауды жақсы көретін
және әр тазалығында бір-бірден үш рет талақ беруден осыны абзал санап,
өкінуге жол бермейтін және әйелге зарары ең аз тиетін талақ деп білетін.
Талақ әл-хасан деп Әйелді әр тазалығында бір-бірден үш рет талақ
бергенді айтады. Талақтың ең дұрысы – мерзім созылып кетпесін деп
тазалығының соңғы кезінде, яғни хайыз таяп қалғанда беру. Дәлел: Ибн
Омардан риуаят қылынған хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Хайыздан таза
болған мерзімін күтіп, әр тазалығында бір реттен талақ беру сүннетке
жатады -деген[25].
Бидғи талақ - Әйелді бір сөзбен үш рет немесе бір тазалығында үш
рет немесе тазалық кезінде қосылып бір рет немесе хайыз және нифас кезінде
бір рет талақ қылу[26]. Жоғарыда көрсетілген ережелерге қайшы келгені үшін
оны бидғат (яғни, сүннетке теріс) немесе харам талақ деп айтады. Бидғи
талақтың осы түсінігі негізінде оның төрт түрін ажыратыға болады.
Біріншісі: Бір сөзбен үш рет берілген талақ - яғни, ердің әйеліне бірден
Сен үш рет талақсың деп айтуы. Екіншісі: ердің әйеліне бір тазалық
кезінде Сен талақсың, сен талақсың, сен талақсың -деп, бір реттен артық 2
немесе 3 рет талақ беруі. Үшіншісі: тазалық кезіндегі әйелге бір талақ
беруі (сүннет бойынша талақ тазалығындағы әйелге қосылмастан беріледі).
Төртіншісі: етеккірдегі немесе босанып болған әйлге талақ беру. Ғалымдардың
басым көпшілігі жұмһур (оның ішінде Әбу Ханифа) талақтың осы түрің түскен
болып есептейді. Бұл жағдайда әйелді қайтару мұстахаб немесе уәжіп
болады[27].
Талақ берудегі сүннет екі түрлі. Бірінші сүннет түрі уақытпен
байланысты болса, екіншісі – санмен байланысты. Санға байланысты сүннетте
қосылған әйел мен қосылмаған әйел бірдей болады. Ал уақытқа байланысты
сүннет талағында қосылған, яғни жыныстық қатынаста болған әйелге
етеккірінен кейін келетін тазалығында талақ беру болса, қосылмаған әйелге
талақ кез келген жағдайда (яғни хайыз болса да болмаса да) беріледі. Жасы
жетпеген немесе қартаюына байланысты хайыз көрмейтін әйелдерді талақ қылу
сүннеті оларды бір талақ бергенінен кейін бір ай күтіп, сөйтіп әр айда бір-
бір талақ берумен жүзеге асады. Өйткені олар үшін бір ай тазалық пен
етеккір мерзімінің орнын басады[28].
Ал екіқабат әйелді кез келген жағдайда талақ қылса болады.
Талақ қылынған әйелдердің соншама мерзім күтіп отыруларында
шариғатымыздың даналығы бар сияқты. Медицина ғылымдарының жақында ашқан
жаналықтары бойынша әйелдің жүкті немесе жұкті еместігі төрт айға жуық
мезгілде анықталатын көрінеді. Құран кәрим бұл тұралы 14 ғасырдан астам
уақыт бұрын хабарлаған. Сондықтан ғидда мерзімін күтуде өзіндік пайдалары
бар. Біріншіден, әйелдін жүкті екенідігі белгілі болған жағдайда ердін
мейірімі түсіп, өз әйелін қайтып алуы мүмкін, ал екіншіден кем дегенде,
әйел ішіндегі баланың әкесін анықтау қиын болмайды. Бүгін ажырасып, ертен
басқа біреуге тұрмысқа шыққан әйелдің оның үстене жүкті екендігі анықталса
бірден кімнен? деген сұрақ пайда болмайды ма? Ол әйелдің бұрынғы және
кәзіргі күеулері арасындағы дау-дамай, әйелге (әр екі жақтан) деген
сенімсіздік әйелдін екіқабат әйелді кез келген жағдайда талақ қылса
болады.өзінің моральдық жарақаттарға шалдығуына әкеп соғады. Нәтижесінде
бір шаныраққа сыймаған шатақ қоғамдық мәселеге айналады. Сондықтан Аллаһ
тарапынан түскен дана шариғатты ұстанған, оны басшылыққа алып амал қылған
адам да, қоғам да еш қашан ұтылмайды, керісінше барлық мәселелері шешіліп,
өзгелерге үлгі болып тұрады.
Сонымен, екіқабат (яғни, екіқабаттығы анықталған) әйелді кез келген
жағдайда талақ қылса болады[29]. Жүкті әйелдерде хайыз болмайды. Сондықтан
әйелдің ғиддасына байланысты мазһаб ішінде келіспеушіліктер бар. Әбу
Ханифа мен Әбу Йусуф әр екі талақ арасы бір ай мерзім десе, Имам Мұхаммед
пен Зуфар бір талақ бергеннен кейін әйел босанғанша күтеді де кейін қалған
талақтарын береді деген[30].
3.2. Талақтың ражъи және баин түрлері.
Әйелді қайтып алуға болатын-болмайтынына байланысты талақ ражъи
және баин болып тағыда екіге бөлінеді.
Айша анамыздың айтуынша, жәһилият дәуірінде талақ төменгідей еді:
Ерлер әйелдерді қалағанынша талақ қылатын және жұз рет талақ қылса да,
бірақ ғиддаты бітпей қайтып алса қайтып әйелі болып қала беретін еді. Бұл
жағдай бір кісінің өз әйеліне: Уаллаһи, мен сені ешқашан талақ қылмаймында
ешқашан сенімен бірге болмаймын деп айтқанынша жалғасты. Әйелі Ол қалай?
-десе, Сені талақ қыламын, ал мерзімін бітуге таяғанда қайтып аламын
-деді. Сонда ол әйел Айшаға келіп жағдайын айтып бергенде Айша анамыз
Пайғамбарымыз келгенше үндемейді. Пайғамбарымыз келгенде болған оқиғаны
оған айтып береді. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) Құран аяты түскенше үндемейді.
Сонда:
Талақ – екі рет. (Одан) кейін (жанұяны) игілікпен сақтау немесе көркем
түрде ажырасу керек -аяты түсті.
Ражъи талақ дегеніміз – ер адамның өз әйеліне шынайы түрде
қосылғанынан кейін ешбір шартсыз, алдында болмаған немесе бір-ақ рет болған
талақтан кейін талақ беруі[31].
Демек, ердам өз әйелімен шынайы түрде қосылмаған болса, немесе мал
алып талақ берсе немесе екінші реттен кейін берсе – талақ баин болады.
Ражъи талақ үкімдері бойынша ер адам өз әйелінен бүтіндей ажыраған
болмайды. Ражъи талақтың әсері ғидданың аяқталғанынан соң анық көрінеді.
Егерде ер әйелінің ғиддасы біткеннен кейін оны қайтып алмаса әйелі бүтіндей
ажыраған болады. Сондай-ақ ғиддада отырған әйелдердің нафақасы ердің
мойнында қала береді және ер немесе әйелдің бірі қайтыс болса екіншісі оған
мирасқор бола алады.
Ғидда мезгілінде әйелді қайтып алу ердің шариғат тарапынан бекітілген
хақы. Өйткені аятта: Олардың ерлері оларды қайтаруға лайықтырақ -деген.
Әйелді қайтарып алу ердің хақы болған жағдайда, бұған әйелдің ризалығы да
білімі де керегі жоқ және де некеде міндетті түрде болуы керек әйелдің
жақындары мен куәгерлердің де қажеті жоқ.
Әйелді қайтып алу сөзбен және іспен жүзеге асады. Мәселен, ер кісі
әйеліне Сені қайтып алдым деуі, немесе іс жүзінде қосылуы немесе
құшақтауы сияқты әрекетімен оны қайтып алған болып есептеледі[32].
Әбу Ханифа айтты: Әйелдің ері үшін әдемі киініп, қош
иістер жағып және әшекейлерін тағуында айып жоқ. Ал ер адам болса әйелге
сөз немесе жөтелу немесе аяқ киімін қағу сияқты әрекетімен кіретінің
білдіріп кірсе ғана болады[33]. Басқа мазһабтарда бұл әрекеттер дұрыс
есептелінбегенмен, отбасыны мейілінше сақтап қалуға бағытталған әрекет
сияқты.
Ал баин талақ болса ол Үшінші рет айтылған немесе
жыныстық қатынаста болмастан немесе есесіне берілген мал орнына берілген
талақты айтады. Осы түсініктің бірінші және соңғы жағдайында ер мен әйел
ғалымдардың келісімімен толық ажырасады.
3.2.1. Талақ берудің саны.
Үйленген әйеліне қосылған ер үш рет талақ беруге хақысы бар.
Ғалымдардың келісімі бойынша ер кісіге бір сөзбен үш талақ беруге немесе
әйедің бір тазалығында үш рет талақ қылу харам етілген. Оның себебі бірден
үш талақ берген кісі айтқанына өкініп, сөзін қайтып алуға тырысады да
шариғатқа қайшы келеді. Ал шариғат болса талақтың берілу мерзімін
созғанымен, талақ бергеніне өкінген жағдайда некені сақтап қалуға мүмкіндік
беріледі. Оның үстіне, бірден берілген талақтың әйелге тигізер зарары
айқын. Имам Насаи Махмуд ибн Ләбидтен риуаят қылған хадисте Пайғамбарымыз
с.ғ.с. ға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz