Мұсылмандардың қасиетті орындары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Kіріспе 2
Танысу және ислам бауырластығы
1- бөлім. Исламдағы мешіттің атқаратын орны. 5
Мешіттер Алланың үйі 8
2-бөлім Мұсылмандардың қасиетті орындары 10
Мұсылмандардың қасиетті жерлері 10
3- Бөлім Мешіт оның мақсаты және маңыздылығы 15
Мешіт және оның мақсаты. 15
ИСЛАМ ТАҒЫЛЫМЫН ТАНЫТУ — ПАРЫЗЫМЫЗ 20
МЕШІТТІҢ СҮНДЕТХАНАСЫНДА 21
Қорытынды 23

بسم الله الرحمن الرحيم

Kіріспе

Бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ Тағалаға мақтаулар болсын. Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с. ғ. с )-ға, үй ішіне, жолдастарына Аллаһтың сәлемі болсын.
Қазақстан республикасы егемендігіне қол жеткізгеннен кейін рухани
дүниесінде үлкен өзгерістер болды.Халқымыздың жетпіс паиыздан асасы Ислам
дінін ұстанып отырған болып есептеледі. Ислам дінінің қоғамымыздағы
алатын орны ерекше.
Жетпіс жылғы атеистік кезеңде елімізде бары-жоғы алпыс үш мешіт ғана
жұмыс істеді
Ал,Аллаһқа шүкір еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін,асыл дініне
қайтадан сағына қауышып,қазіргі күні жер-жерлерде көптеген үлкенді- кішілі
мешіттер халық қаржысымен, жекелеген кәсіпкерлер, сондай-ақ мұсұлман
елдері демеушлерінің көмегімен салынуда. Мешіттер саны республикамызда күн
санап өсіп келе жатыр.
Ал Қазақстандағы мешіттердің пайда болу тарихына көз жүгіртсек ,оның
көне дәуірлерге барып тірілетінін көреміз. Алайда, мешіттің халықтың
рухани дүниесіндегі алатын орыны, маңызы, мақсаты ғылыми түрғыдан
зерттелген емес.
Ислам дінінде мешіттің атқаратын орны өте зор.
Сол себепті бұл тақырыпты зерттеуді өзіме маңызды деп тауып, бүрын сөз
болмаған мәселелерді талқылауды мақсат тұттым.
Тақырыптың нысанасы болып отырған мәселе:
-Исламдағы мешіттің орыны
-Оның қоғамда алатын орыны,мақсаты,маңыздылығы
-Ислам дініндегі ардақты мешіттер
- Қазақстандағы мешіттерді рухани орталық орыны ету
зерттеу нысаны; Исламдағы мешіттің атқаратын орны, маңызы, қызметімен
міндеттерін зерттеуді мақсат еттім.
Зерттеудің мақсаты; Исламдағы мешіттің атқаратынорнын,зерттеуді мақсат
етеміз. Тілдік мағналарын шарғи мағналарын және діни терминдердің мәнін
ашып,олардыңаударылуы ерекшеліктерін көрсету мешіттің қоғамдағы маңызын
зерттеп еркше орын көрсету.
Зерттеу жаңалығы; бұл зерттеу жұмыстары өзіме дейінгі жұмыстарды
толықтырады. Бул такырыпты алған себебім казіргі уақытқа дейін
қазақстандағы мешіттердің тарихы туралы қазақстан мұсылмандар діни
басқармасының бас муфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің жазған кітаптарын
оқыдым және дін танушылардың да еңбегін оқып қарастырдым , яғни мешіттердің
тарихы туралы көпдеген мәліметтер бар. Бұл тақырыпты қарастырайын дегенім
исламдағы мешіттердің атқаратын орнын нақты қарастырамыз.
Зерттеу материалдары; Бұл жұмысымыздың зерттеу материалдары:Құран-
Кәрім қазақша мағна және түсінігі, авторы Халифа Алтай. Сахих хадистер –
Бухари және Муслим. Туркілер неге мұсылман болды, авторы Муртаза Бұлтай
және тағы басқа әдебиеттерді қолдандым.
Зерттеу әдістері; Жұмыста қазақша тілдік шарғи мағналардан толық мәліметтер
алынды.

Жұмыстың теориалық құндылығы; Араб тілінен қазақшаға аудару мәселелері
қарастырып мәтіндерін аударудың жекелеген саласын енгізеді.
Жумыстың практикалық құндылығы; Зертеу жұмысында көп деген, медреседегі
және университеттегі талабаларға және мешіттердегі имамдарға осы тақырыптан
пайда алады деген ойдамыз.
Жұмыстың кұрылымы
Жұмыс кіріспеден негізгі бөлімнен қорытынды дан және пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлім

Кіріспе
Мешіттің тілдік және шарғи мағынасы
Құран кәрімдегі мешіттер
Мешіттер Аллаһ Тағаланың үйі
Мұсылмандар үшін ең қасиетті орындар
Харам мешітиі
Пайғамбар мешіті
Әл-Ақса мешіті
Мешіттердің мақсаты және маңыздылығы
Мақсаттары
Білім таратудағы және имандылыққа тәрбиелеудегі маңызы
Мешіт және шарапатын құрметтеу

Танысу және ислам бауырластығы

1- бөлім. Исламдағы мешіттің атқаратын орны.

Мешіт араб тілінде мәсжид көпше түрі мәсәжид деп аталады. Араб тілінде
тілдік мағынасы сәжәдә деген сөзден шығады, яғни сәжде маңдайды сәждеге
қоятын, құлшылықты жүзеге асыратын орын деген мағнаны береді.
Ал шарғи мағнасы мешіт Ислам дініндегі мұсылмандардың Аллаға құлшылық
етіп, намаз оқитын қасиетті жер болып есептеледі.
Құран кәрімде мешіттер жайында.
Аллаһ тағала құран кәрімде айтады :
إنما( يعمر مساجد الله من ءامن بالله واليوم الأخر و أقام الصلوة وءاتى الزكوة
ولم يخش إلا الله فعسى أولئك ان يكونوا من المهتدين 18 ) الآية 18 -
سورةالتوبة
Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ахирет күніне сенген, намазды
толық орындаған,зекет берген және Алладан қорыққан кісі жасайды. Міне
солардың тура жол табушылардан болулар үміт етіледі. Тәубе сүресі 18 аят.

ويقول أيضا ( فىبيوت أذن الله أن ترفع ويذكر فيها اسمه يسبح له فيها بالغدو
والاصال(36) رجال لا تلهيهم تجرة ولا بيع عن ذكر الله وإقام الصلوة وإيتاء
الزكوة يخافون يوماً تتقلب فيه القلوب والأبصار(37) ليجزيهم الله أحسن ما عملوا
ويزيدهم من فضله والله يرزق من يشاء بغيرحساب) (38) الآيات 36.37.38.سورة
النور

Бұл нұр Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне
бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді.36 Өздерін сауда-
сатық : Алланың зікірінен,намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын
адамдар бар.Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады .37
Сондықтан Алла, оларға істегендерінің ең көркем сыйлығын тіпті өз қасынан
артылып береді. Алла қалаған құлын есепсіз несібеге бөлейді.38

Нұр сүресі 36 037,38.

ا ومن أ ظلم ممن منع مسجد الله أن يذكر فيها اسمه وسعى فى خرابهآ ألئك ما
كان لهم أن يدخلوهآ إلا خآئفين لهم فى الدنيا خزى ولهم فى الأخرة عذاب عظيم(
114)الآية 114.سورة البقر
Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті
бұзуға тырысқаннан кім залымырақ ?
Олардың мешітке қорыққан түрде кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде
қорлық, ахиретте зор ғазап бар.
Бақара сүресі 114 аят.
يقول أيضا (وأن المسجد لله فلا تدعوا مع الله أحدا) الآية18 من سورة الجن و

Шын мәнінде мешіттер,Аллаға тән.Ендеше Алламен бірге ешкімді
шақырмаңдар. Жын сүресі 18 аят.
ويقول أيضا فى مدح بناء المساجد التى أسست على تقوى من الله ورسوله.
Тағы да сол сияқты,әу басынан Аллаһ тағалаға деген тақуалық негізінде
слынған мешіттер туралы төмендегі аятта былай деген:
لمسجد أسس على التقوى من اول يوم أحق ان تقم فيه)الآية 108 –سورة التوبة )
)Мұхаммед ғ,с.( ол мешітте әсте намаз оқыма.Бастапқы күннен бері тақуалық
негізінде салынған (құба) мешіті намазға тұруыңа тағы лайық .онда тап –таза
болуды сүетін кісілер бар.Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді.
Тәубе сүресі 108 аят.
Және мұсылмандарды бөлуді зиян етуді мақсат ұстанғандарды сөгіп
айтады.
والذين اتخذوا مسجدًا ضرارًا وكفرا وتفريقا بين المؤمنين) الآية 107 سورة التوبة
(

( Мұнафықтардың бір тобы Құба мешіт жамағатын ыдырату , қарсылықты күшейту
және үнемі Пайғамбар( ғ,с), ға қарсы келіп жүрген(папаз) Ғамырдың шамнан
келуін тосу мақсатымен бір мешіт салып Пайғамбар (ғ,с,) ды намаз оқып
беруге шақырады. Пайғамбар (ғ,с,) Тәбуктен қайтқанда келмекші болады.Сондай
зиян тигізу, қарсы келу,Мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан алла және
елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар:игілікті
ғана қалап едік ; деп әлбетте ант ішеді.Сондай-ақ олардың асқан суайт
екендігіне куәлік етеді. Тәубе сүресі 107 аят.
Айтады тағыда
ويقول أيضا (أجعلتم سقاية الحآج وعمارة المسجد الحرام كمن ء امن بالله واليوم
الأخر) من الآية 19 التوبة
Айтады аллаһ тағала (Әй мүшріктер) Сендер хажыларға су беру, Месжід харамды
жөндеуді :Аллаға ахирет күніне иман келтіріп, және алла жолында соғысқан
кісі сияқты көресіңдер ме : Бұлар Алланың қасында тең болмайды:Алла залым
қауымды тура жолға салмайды. Тәубе сүресі 19 аят .

ويقول أيضا(ما كان للمشركين أن يعمروا مسجدالله) من الآية 17 سورة التوبة
Мүшрикгердің, өздерінің қарсылықгарына куә бола тұра (кәпір халінде тұрып).
Алланың мешіттерін жасауларына болмайды. Олардың амалдары жойылған. Олар
тозақта мүлде қалады.

Және тағы да Құран кәрім де айтылады :
ااويقول أيضا ( يآء يها الذين ءامنوا إنما المشركون نجس فلا يفربو المسجد
الحرام بعدعامهم هذا) (28)

من الآية 28 – سورة التوبة.
Әй иман келтіргендер ! Дау жоқ , мүшриктер арам . Сондықтан биылдан кейін
Мешіт Харамға жоламасын.Кедейліктен қорықсаңдар, егер Аллаһ қаласа,
сендерді өз кеңшілігімен байытады... Расында Алла толық білуші,хикмет иесі.

Мешіттер Алланың үйі

Аллаһ тағала жер бетіне адамдар үшін қойған үйлерінің ішіндегі ең
біріншісі, әрі шарапаттысы ол әл-Мәсжид әл-харам. Ол жерде Аллаһ өзінің
діні Исламды орнатты. Аллаһ тағала құранда былай деген.

( إن أول بيت وضع للناس للذي ببكة مباركاً وهدى للعالمين )1
Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (қағба) .Ол бүкіл
әлемге мүбәрәк және тура жол.
Ибн Кәсир ( Аллаһтың оған рахымы болсын) былай дейді : Бұл
жоғарыдағы аятта Аллаһ тағала жалпы адамдарға олардың оның ішінде ғибадат
етулері үшін, оны тәуәф етіп, әрі оған қарап намаз оқулары үшін, Сондай-ақ
онда иғтикафта отырулары үшін ішіндегі қағбасы бар, әрі сүйікті құлы
Ибраһим тұрғызған меккедегі Әл-мәсжид әл-харам туралы айтуда.
Ең бірінші болған Харам мешіті ол Мұсылмандарға Аллаһ тағала
Құран кәрімде айтқандай:[1]

( قد ترى تقلب وجهك في السماء. فلنولينك فبلة ترضاها, فول وجهك شطر المسجد
الحرام ,حيث ما كنتم فولوا وجوهكم شطره . وأن الذين أوتوا الكتاب ليعلمون أنه
الحق من ربهم , وما الله بعافل عم يعملون)[2]2
( Мұхаммед ғ,с.) Жүзінің көкке жөнелгенін көреміз, сондықтан өзің разы
болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді мешіт харамға бұр,(Мүминдер) қай
жерде болсаңдарда : жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер. Расында өздеріңе
өздеріңе кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын, Раббыларынан бір
шындық екенін біледі, Аллаһ олардың істегенінен ғапыл емес.[3]
Аллаһ тағала Мешіт харамды жердің бетінде ең бірінші мешіт етіп және
қыбла етті,және ең абзал үмметке сыйлады, және ең жақсы дін иелеріне
сыйлады. Мұсылмандар жердің бетіндегі қай мешітте намаз оқысада жүздерін
қыблаға бұрады.Аллаһ тағала мешіттердің дәрежелерін көтерді, және оларды
(Мұсылмандарды) мешіттер салуға қызықтырды,және мешіттердің негізгі қызметі
етіп,Аллаһ тағала өзінің зікір етуін етуін қалады, және намаз оқуды. Аллаһ
тағала құран кәрімде айтады:

( في بيوت أذن الله أن ترفع ويذكر فيها اسمه يسبح له فيها بالغدو والأصال.
رجال لا تلهيهم تجارة ولا بيع عن ذكر الله وإقام الصلاة وإيتاء الزكاة يخافون
يومًا ثتقلب فيه القلوب والأبصار)[4]
(бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне
бұйырған үйлерінде болады. Онда Аллаһ тағалаы ертелі – кеш дәріптейді.36
Өздерін сауда – сатық : Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет
беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын
күнінен қорқады.37 Сондықтан Аллаһ тағала, оларға істегендерінің ең көркем
сыйлығын тіпті өз қасынан артылып береді. Аллаһ тағала қалаған құлын
есепсіз несібеге бөлейді.38
Аллаһ тағала барлық нәрсенің ,және бүкіл әлемнің патшасы. Барлық
мешіттер Алланікі. Бәрі Алланың алдында тең және намазда Аллаһ Тағала
алдында барлығы тең болады. Аллаһ Тағала құран кәрімде айтады:
( وأن المساجد لله، فلا تدعوا مع الله أحد[5])
Шын мәнінде мешіттер,Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар.

2-бөлім Мұсылмандардың қасиетті орындары

Шынындада қасиетті деген сөз, немесе тақырыпқа байланысты одан
алынатын мағынасы .құранда көп мәрте келген, сонмен қатар пайғамбарымыздың
(с,ғ,с) сүннетінде де келеді.
قال تعالى ( وإذ قال موسى لقومه،يقوم اذكروا نعمة الله عليكم إذجعل فيكم
أنبيآء وجعلكم ملوكًا وءاتكم ما لم يؤت أحدًا من العلمين(20) يقوم ادخلوا الأرض
المقدسة التى كتب الله لكم ولا ترتدوا على أدبباركم فتنقلبوا خسرين(21) قالوا
يموسى إن فيها قومًا جبارين وإنا لن ندخلنا حتى يخرجوا منها فأن يخرجوامنها
فاءنا داخلون)22
Аллаһ тағала құран кәрімде айтады: Бір заманда Мұса (ғ,с) Әй елім!
Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар! Өз іштеріңде пайғамбарлар
шығарды,әрі сендерді патшалар жасады. Сондай-ақ сендерге әлемде ешкімге
берілмеген нығметін берді:деген.(20) және:Әй елім! Аллаһ сендерге жазған
қасиетті жерге (Құдыс шамға)кіріңдер.Артқа қайтпаңдар, әйтпесе зиян
етушілерге айналасыңдар:деген.(21)Олар Әй Мұса Ол жерде зорлықшыл ел
бар.Олар ол жерден шықпайынша біз ол жерге әсте кірмейміз .Егер олар ол
жерден шықса әрине кіреміз.(22)

Мұсылмандардың қасиетті жерлері

Шындығында мұсылмандар өз топтарына мазхаптарына қарамастан келесі
мешіттерді қасиетті тұтады. Және де сол қасиетті мешіттерде мұсылмандар
өмірінде қоғамында ерекше маңызды орын атқаратын ерекше орын алады.
1- Щарапатты Меккедегі әлХарам мешіті.
2- Нұрланған Мәдинадағы пайғамбар мешіті.
3- Шарапатты құдыста Әл-Ақса мешіті.
Мұхамед(с,ғс) Мединеге келгеннен кейін алғашқы мешіт көп ұзамай Құба
елді мекенінде салына бастады.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с,ғ,с) 630 жылы Мекке
қаласын өзіне қаратқаннан кейін ,мұндағы Әл –Қағбаны да мешітке айналдырды.
Исламнан бұрынғы адамдар табынған пұттар қиратылды. Сөйтіп Әл-Қағба
қасиетті мешітке және көптеген мұсылмандар бас қосып,Алланың алдындағы
Исламның 5-ші парызын өтеу үшін қажылыққа баратын жерге айналды.Мешіт
мұсылмандар өмірінде және қоғамында ерекше орын алады.
Бұхари мен Муслимнен алынған хадисте Абу Хурайра
риуаят етеді , Сапар шекпеңдер осы үш мешіттен
басқаны ұлықтап: ол менің мешітім,харам мешіті, және Әл-Ақса мешіті.
Ихиа атты кітапта : Мекеден кейін ең абзал Мәдинадағы пайғамбар
мешіті, ондағы амалдарда еселенген, және сауаппен есептеледі оған дәлел
Пайғамбарымыз (Аллаһ оны жарылқасын) аитты: Менің мешітімдегі намаз мешіт
Харамнан басқа мешіттердегі намаздардан мың есе артық . Сол сияқты әр ісі
Мәдинадағы мың еседен,Әл-Ақса мешітіндегі намаз және сол жердегі істер бес
жүзден еселенеді.[6]
Осы үш мешіттің дәрежесі жоғары: өйткені оларды пайғамбарлар салған, және
адамдар оларға сапар жасауға шақырылады.
Харам мешіті мешіттердің ең абзалы екені анық , және ол Ақса
мешіті. Мәдинадағы пайғамбар мешітінен кейінгі ең абзал мешіт Бәйтул
–Мақдисте пайғамбарлар қабірі бар санын Алладан басқа ешкім білмейді, Әл
Ақса мешіті Ибраһим ғ,с заманынан бергі пайғамбарлар намаз оқыған
мешіт.Сахихта келтіргендей Аллаһ Тағаланың игі құлдарыда Алланың дотарыда
намаз оқыған, олардың сандарын Алладан басқа ешкім білмейді.Сүлеймен мешіт
салғанда Аллаһ Тағаладан сұрады:Алладан игі ықыласпен сұрады намаз
оқығандардың иманы артуын және сол адамдардың күнәларын кешіруін тіледі.
Хижаздан келе жтып Ибн Омар (Аллаһ оған разы болсын) мешітке кіріп
намаз оқып сонан кеиін шығатын.Пайғамбар мешітін Аллаһ елшісімен бірге
Муһажирмен Ансарлар соқты, ол мешіт Исламдағы тұңғыш азаң шақырылған мешіт
болатын.Пайғамьарымыз сол мешітте жұма намазын және жамағат намазын оқитын
және құранды хикметпен оқып Исламды уағыздап үйрететін. Ондағы оқылған
намаз басқа мешіттерде оқылған намаздан 1000 есе сауап алады.
Байтул –Мақдисті зиярат етуге барлық уақытта шариғаттың бекітуімен
рұқсат, ондағы ғибадаттар пайғамбарымыздың мешітінеде және басқада дүние –
жүзі мешіттерінде шариғат бекітуімен ғибадаттары ұқсас. Тек қана мешіт
Харамнан басқа өйткені онда қағбаны тауаф ету бар,және қағбаның екі
бұрышында рүкіндер бар,сәлем беру, қара тасты сүю шариғат бекіткен. Басқа
мешіттерде тауаф ету сүю шариғатта бекітілмеген.
Мешіт Ақса дегенСүлеймен (ғ,с) тұрғызған мешіттің аты Ол Байтул – М
Мақдисте емес,бұл жердегі мақсат тек ғана МешітАл-Ақса .[7]
Пайғамбарымыз Мұхаммад (сғс) заманында ғибадат Аллах Тағалаға шынайы
құлшылық ету, және бет бұру мұсылманның бір – біріне бір істерді атқару
үшін ой пікір, ақыл кеңес жасайтын, үкім шығару орны болды, әскери
басшылықтың Аллаһ жолында күрес үшін жиһад әскерлерінің ант беретін орны
қорғаныс орны, және сонымен қатар Ислам дінін қалап Пайғамбарымыз (с ғ с)
кездесуге келген қонақтарды қабылдау орны да болған. Бұл істердің барлығы
мешітте атқарылатынның себебі паиғамбар Мұхаммед (с,ғ,с) өзінің Медина
қаласында құрған Ислам өкметі талап ететін өмірлік қажеттіліктердің бірі
ретінде қабылданған.Осышаралардың арқасында мешіт мұсылмандардың
резиденциясы болған.
Егер біз қоғамдағы мешіттің қандай керектігін немесе оның атқаратын
орнымен маңыздылығын білгіміз келсе ең әуелі пайғамбарымыз Мұхаммад (с ғ с)-
ның мешітіне, ондағы имамдардың атқарып жатқан жұмыстары мен олардың
тәжірбиелерінен үлгі алуымыз керек . Бұдан байқайтынымыз пайғарымыз (с ғ с)
шарапатты Медина қаласына келген кезінде атқарған ең бірінші ісі – Құба
мешітін салу .Мединеге кірместен бұрын он төрт түн ішінде салған немесе
сиро яғни (пайғамбар өмір баяны)-да келгендеи төрт күн ішінде салған, бүл
пайғамбарымыз салған мешіттің бірі болғандығына құрмет ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау
ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ
Сауд Арабия корольдігі жайлы
ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ
Қазақстандағы діни туризм объектілері
Діни туризм (2 нұсақасы)
Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Исламда діні мен ғылым
Пәндер