Хазіреті Әлидің мұсылман болуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ . . .

КІРІСПЕ . . .

I-ТАРАУ.

А) ЕҢ БІРІНШІ МҰСЫЛМАН БОЛҒАНДАР.

Ә) ЕҢ БІРІНШІ МҰСЫЛМАН ХАЗІРЕТІ ХАДИША

Б) ХАЗІРЕТІ ӘЛИДІҢ МУСЫЛМАН БОЛУЫ .

В) ХАЗІРЕТІ АБУБӘКІРДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ.

II-ТАРАУ .

А) ҰЛЫ ІСТІҢ КІРІСПЕСІ.

Ә) АҒАЙЫННЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЕКІНШІ ЖИЫН.

Б) САФА ТӨБЕСІНЕН АЙТЫЛҒАН ҮНДЕУ.

В) АҚИҚАТТЫ АИҒАҚТАҒАН .

Г) ҚАСИЕТТІ ҰСЫНЫСТЫҢ ЖАЙЫЛУЫ .

III- ТАРАУ.

А) ТЕҢДЕССІЗ ҮГІТ НАСИХАТ .

Ә ) ТЕҢДЕССІЗ ҮГІТ НАСИХАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.

Б) ИЛАХИ ІЛТИПАТ.

В) ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕД ПЕН МҰСЫЛМАНДАР ДАРУЛ АРҚАМДА.

IV-ТАРАУ

А) ПАИҒАМБАРҒА ЖАСАЛҒАН ЗҰЛЫМДЫҚТАР.

Ә) ӘБУЛӘХӘБ БАСТАП ӘИЕЛІ ҚОСТАП.

Б ) АЛҒАШҚЫ МУСЫЛМАНДАРДЫ КӨРГЕН ҚОРЛЫҚ ЗОРЛЫҚТЫРЫ.

В) ХАЗІРЕТІ ПАИҒАМБАРҒА ЕҢ ҮЛКЕН ДҰШПАНДЫҚ

ІСТЕГЕНДЕР.

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

Алғы сөз

Бисмилләһир Раһманир Рахим .

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Барлық мадақ, бізді Иман мен Ислам жолына түсірген және адамдар мен жындардың мырзасы Мухаммәдтің с. а. с. (салләлаһү аләй һи уә сә лләм\ Аллаһтың оған жарылқауы мен тыныштығы болсын) жанұясына, сахабаларына және де Қиямет күніне дейін жақсы амалдарымен (іс- әрекеттерімен) Пайғамбарымызға с. а. с. ұйыған барлық мүміндерге болсын.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері халқымыз көп жылдардан астам ұстанып келе жатқан және қашан да сара жолы болған ұлы дін Ислам да бодандық бағауынан босанып, жазық даласында бірте - бірте қанатын кең жаюда. Имандылық пен ибалыққа, тақуалық пен адамгершілікке, тазалық пен тектілікке және барша жақсы қасиеттер толық қамтылған, адамдарды қараңғылықтан жарыққа шығарып, көзімізді ашқан дініміз - Исламның бізді тәрбиелеудегі атқаратын ролі өте зор.

КІРІСПЕ

Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (с. а. с. ) ұлы тұлғасы жайлы сөз қозғап, дәріптеуден қарағанда Оның адамзаттың азаттығы үшін жәһәннамнан сақтап жәннатқа алуын Раббымыздан тілемеуші ме едік? Міне, осылардың бәрін де қабыл ете отырып, сол сәтте егер маған нәсіп болып сол ұлы пай мен несібе берілетін болып шақырылғанымда, сірә Раббымнан рұхсат сұрап Аллаһ Елшісінің Пәк Раузасында (Пайғамбар мешіті) қалуды қалайтын едім. Бұл жерде мен сондай пайға лайықпын деген сөз емес. Осы жайтты тілге тиек етіп Аллаһ Елшісіне деген махаббат пен сүйіспеншілігімді ғана айтқым келіп отыр. Болмаса, мен де барлық ғұмырын Аллаһ Елшісінің сахабаларының ішіндегі ең кішісінің, мойнына қарғыбау таққан құлы болу абыройына жету үшін жалбарынып дұға еткен жандардың бірімін. Бұл- барлық мұсылмандарға тән Аллаһ үшін жақсы көру сүйіспеншілігі.

Дәл осы бір тіл жетпес ғаламат сезімді, Қағбада да сезген едім. Осы сезімдер мүмкін барлығымыздың ортақ сезімдеріміз шығар. Негізінде мұндай сезімдерге ие мен секілді бірнеше адам ғана емес. Аллаһ Елшісінің қаншама ғашық жандары бар. Оның жанында менің жан тебренісім мамыражай көлдің әлсіз тербелісіндей ғана көрінісі.

Аллаһ Елшісі - пайғамбар. Бірақ, ол бұрынғы өткен барлық пайғамбарлардың пайғамбарлық мұнарасынан келетіні алдын ала сүйіншіленген пайғамбар. Аллаһтың барлық пайғамбарлардан міне осы сүйіншіленген Пайғамбарға иман етіп жәрдем етуі жайлы сөзі, Құранда бізге былай айтылады: « Есіңе ал! Сол кезде Аллаһ пайғамбарлардан былай деп сөз алған болатын: Сөзсіз сендерге кітап пен хикмет бердім. Кейіннен қастарыңдағыны растайтын бір пайғамбар келген кезде оған сөзсіз иман етіп, оған сөзсіз жәрдем етесіңдер. Осы шешімді мақұлдап, осы ауыр сөзімді қабыл еттіңдер ме? (Бәрі бір ауыздан) «Қабыл еттік» дейді. Олай болса Мен де сендермен бірге куәгермін » (Әли-Ымран, 3:81) .

Міне, сол пайғамбарлар да Рабтарына берген осы сөзді берік ұстап ғұмыр кешті. Барлық іс- әрекеттерімен сол бағыттан айнымауға тырысты. Пайғамбарымыз Миғражға шыққан кезде рухтарымен Оның арқасында намаз оқыды. Иә, баста Хазіреті Ыбраһим, Хазіреті Нұх, Хазіреті Мұса, Хазіреті Ыса болумен қатар барлық пайғамбарлар бейне бір Оның азаншысы болуды қалап жатқандай еді. Хазіреті Мәсіх (Ыса) Інжілде « Заманның мырзасы келу үшін мен кетемін » (Юхан, 16:8) деп, сол Ұлы Пайғамбарды адамзаттың назарына ұсынған еді. Иә, Ол аспан әлеміне көтерілген кезде көктердің етектері гауһар тастарға толып жұлдыздар тоқылған түкті кілемдей аяғының астына жайылып, Күн Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. с. ) тәжіне алмас болып қадалуға тырысқан еді. Барлығы да көбелектей Оның пайғамбарлық- орбитасының айналасында тыным таппай орағытып ұшып жүрген еді.

«Ахмет шырағының нұрына Жебірейілдер бөленер.

Мұхаммед көркінің нұрына періштелер кенелер . . . ! »

Оның бізге өнегелік еткен кәміл адами ерекшелікері бар еді. Өмірінің белгілі бір кезеңінде тоғыз әйелмен некелесіп бірге тұрған.

Ол тамаша отбасының отағасы еді. Тамашалығы сол, жарларының араларында ешқандай да тартысқа жол бермеген. Пайғамбарлықтың абылхаяты тамған сол әрбір шаңырақтың ұландары жеке-жеке ғасырдың пайына берілгенде, сол ғасырларды нұрландыратын қайталанбас дара тұлғалар болатын-ды. Оны бұл жағынан таныған қанша адам бар екенін біле алмаймын . . . ?

Ол алғыр қолбасшы һәм ақылды әдіскер еді. Айналасына жиналған шағын адамдармен, әлемге әділ соғыс жария етіп қаншама алып сұлтандардың тақтарын жермен-жексен етіп қаншама әмірлерді өзіне оп-оңай бас идірді.

Әрі Ол ғылымдардың өзіне тірелетін кілт адамы еді. Ол қияметке дейін болатын оқиғаларды бейне бір экранда көріп тұрғандай, ғайып тақтасынан оқып жеке-жеке айтатын. Ол бұл ғұмырдан өтіп осыншама ғасырдан кейін бүгінгі техника мен технологияның тамаша мүмкіндіктері мен зерттеулерінің нәтижесіндегі жеткен жерде, барлығы Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. с. ) он төрт ғасыр бұрын тіккен байрағын көріп, Аллаһ Тағаланың тура жол нәсіп еткен жандары, тілін кәлимаға келтіріп мұсылмандық атмосфера ішінде имани нұрға боялуда.

2-ЗЕРТТЕУДІҢ НЫСАНЫ

Зерттеудің ныснасы ретінде мен пайғамбардың Мекке кезеңіндегі дағуатты алып отырмын. Жоспарымды мынадай тақырыптардан құрдым:

I-Тарау

1. Ең бірінші мұсылман Хазіреті Хадиша.

2. Хазіреті Әлидің мұсылман болуы.

3. Хазіеті Әбу Бакрдың мұсылман болуы.

II-Тарау

  1. Ұлы істің кіріспесі.
  2. Ағайынның басын қосқан екінші жиын.
  3. Сафа төбесінен айтылған үндеу.
  4. Ақиқатты айғақтаған.
  5. Қасиетті ұсыныстың жайылуы.

III-Тарау

1. Теңдессіз үгіт- насихат

2. Теңдессіз үгіт- насихаттың түрлері.

3. Илаһи ілтипат

4. Пайғамбарға (с. а. с. ) жасалған зұлымдықтары

5. Әбу Лахаб бастап, әйелі қостап.

IV-Тарау

1. Мұхаммет пен мұсылмандар Дарул Арқамда.

2. Алғашқы мұсылмандардың көрген қорық-зорлықтары.

3. Пайғамбарға (с. а. с. ) ең үлкен дұшпандық істегендер.

3-ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мен осы зерттеу жұмысымды Пайғамбар кезеңінің өмірінің әр саласындағы түгел болмаса да көптеген негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын қарастырдым.

Зерттеу материалдары болып Құран және Сира кітаптары саналады

Зерттеу әдістері жұмыста салыстырмалы, сипаттамалы әдістері қолданылды.

Жұмысың теориялық құндылығы : Қазақ тілінде жарық көретін Сира іліміне арналған ғылыми еңбектерге көптеген дәлелдермен дәйектер қосып, пайғамбар уағызын халыққа жан-жақты түсіндіруге үлес қосады.

Жұмыстың практикалық мәні: жұмыста пайдаланған материалдарды медреселерде, діни дәрістерде және сира сабақтарына пайдалануға болады.

Жұмысың құрылысы : Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылады.

ЕҢ БІРІНШІ МҰСЫЛМАН - ХАЗІРЕТІ ХАДИША

Дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с. а. у. ) Хирадағы муғжизадан соң Аллаh тарапынан жүктелген қасиетті елшілік міндетін қабылдады. Ендігі жерде осынау ұлы әрі ауыр қызметтің талаптарын орындауға тиіс. Јзі өмір сүріп отырған ортада мұның оңай бола қоймасы анық еді.

Ол кезеңде Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) жалғыз өзі - бір бөлек, күллі дүниеден мүлдем алыста. Ол қалайда Аллаhтан алған әмір бойынша адамдарды жақсылыққа, иманға шақыруға тиіс.

Аллаhтың Расулы ақырзаманға дейін адамзатқа нұр шуағын төгетін асыл қызметіне қалай, қай жерден кірісу қажеттігін нақты жобалап алды.

Маңызды мәселені ең алдымен жан жары - Хазіреті Хадишаға ашып, сырласты. Хазіреті Хадиша еш күмәнсіз, бір ауыз сөзге келместен мойынсұнды да, жер бетіндегі тұңғыш мұсылман болу құрметін иеленді…

Расулаллаh Жебірейілден үйренгені бойынша Хазіреті Хадишаға дәрет алуды үйретті. Іле-шала періштенің көрсеткеніндей, өзі имам болып, зайыбына екі рәкат намаз қылдырды.

Бұл - пайғамбарымыздың имам ретінде оқытқан тұңғыш намазы, ол дүйсенбінің кешіне сәйкес келген.

Маңызды мәселені ең алдымен жан жары - Хазіреті Хадишаға ашып, сырласты. Хазіреті Хадиша еш күмәнсіз, бір ауыз сөзге келместен мойынсұнды да, жер бетіндегі тұңғыш мұсылман болу құрметін иеленді…

Расулаллаh Жебірейілден үйренгені бойынша Хазіреті Хадишаға дәрет алуды үйретті. Іле-шала періштенің көрсеткеніндей, өзі имам болып, зайыбына екі рәкат намаз қылдырды.

Бұл - пайғамбарымыздың имам ретінде оқытқан тұңғыш намазы, ол дүйсенбінің кешіне сәйкес келген.

ХАЗІРЕТІ ӘЛИДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ

Хазіреті Хадишаның шәк келтірместен иман айтып, мұсылмандықты қабылдауы Хазіреті Мұхаммедті (с. а. у. ) үлкен қуанышқа кенелтті, жігерін жаныды. Жер жүзінде өзін мойындаған, иманға ұйған біреудің болуы неткен бақыт!

Пайғамбарымыздың Исламға шақырған екінші адамы - тағы да ет жақындарынан - жас бала Әли болды. Ол төрт-бес жасар бала шағынан бастап Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) тәрбиесінде болған, өзі құралпы балалардан адамгершілік, ақылдылық, тәрбиелілік жөнінен оқ бойы озық тұруы соның көрінісі іспетті.

Кішкентай Әли бір күні Мұхаммед (с. а. у. ) пен Хадишаның намаз оқып жатқанын көріп қалады. Намаз аяқталғанша аңтарылып қарап тұрады да, бітірген соң:

“Бұл жасағандарыңыз не?”, - деп сұрайды. Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) :

“Уа, Әли! Бұл - Аллаhтың өзі қалаған дінінің талабы. Мен сені де бір Аллаhқа иман келтіруге шақырамын. Адамға пайдасы да, зияны да жоқ пұттарға - Лат пен Уззаға табынуды бүгіннен бастап доғар”, - дегім келеді.

Әли көзін төмен салып ойланып қалды, аз кідірістен соң:

“Менің өмірімде естімеген нәрселерімді айттың. Әкем Әбу Тәліппен ақылдасып көрейін” - деді.

Алайда пайғамбарымызға әлі дініне ашықтан-ашық шақыруға рұқсат берілмеген еді. Сол себепті Әлиге:

“Ей, Әли! Менің айтқандарымды қабылдағың келсе, ешкімге тіс жармастан қабылда. Ал егер жасағың келмесе, онда ерік өзіңде, тек көрген-білгеніңді ешкімге айтушы болма” - деп ескертті.

Әли пайғамбардың ескертуінен соң сырды сақтайтындығын айтып, уәде берді. Бірақ сол түні ойға беріліп, дөңбекшумен болды. Таң арайлап атқан шақта Хазіреті Әлидің көңілінде шуақты ой орнықты. Бала көңілі батыл шешімге келген еді. Таң сәріден Аллаh Расулына барып, түйінді ойын жеткізді.

“Аллаh мені жарататын кезде Әбу Тәліптен рұқсат сұраған жоқ қой, мен де енді құдіреті күшті Жаратушы иеме ғибадат ету жайында әкеммен ақылдаспасам, ерсілік бола қоймас”, - деп тоқтамын білдіріп мұсылман болды.

Ең алғашқы бала мұсылман атанған Әли (р. а. ) сол кезде небары он жаста.

Абайлау - әрдайым қажетті қасиет. Әсіресе, қандай да болсын, жаңа істі бастауда абай болу әсте керек. Әр нәрсені, мейлі ол шындық та болса, барлық жерде жария етуге болмайды. Мұхаммед те (с. а. у. ) “Үйренгеніңді ешкімге айтпа” деп Әлиге ескерткенде жаңа істе - дін таратуда сақ болудың үлгісін көрсеткен-ді. Аллаhтың ақ жолын уағыздауда қоғамдық, әлеуметтік шарттарды ескере отырып, ақырын жүріп, анық басу - біздің заманымызға да керек өлшем.

Иман шәрбатымен сусындау бақыты Хадиша мен Әлиден соң бір кездері сүйікті Пайғамбарымыз асырап алған Зәйд ибн Харисаға бұйырды…

Мұсылмандыққа мойынсұнғаннан кейін Хазіреті Әли мен Хазіреті Зәйдтің Расулаллаһқа деген сүйіспеншіліктері бұрынғыдан да арта түсіп, пайғамбарды пір тұтты. Иманнан нәр алған екі жас ғибадаттарын да Хазіреті Мұхаммедпен бірге орындайтын.

Үшеуі бірге қасиетті Қағбаға барып намаз оқитын.

Пайғамбарымыз Ислам дінін көпшілікке ашық жарияламаса да мүшріктер саусақпен санарлық мұсылманның Қағбада намаз қылғандарын жаратпаған, өзгеше ғибадат жасағандарға тыжырына қарап, ұнатпаған. Мұны байқаған Хазіреті Мұхаммед көбінесе Хазіреті Әлимен бірге намаз-ғибадаттарын қырда, тау мен тастың қалқасында - көпшілік көзінен таса жерлерде жасаған.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. а. у. ) қасынан бір елі айырылмаған соң Әлидің әке-шешесінің көңіліне күдік ұялады. Әсіресе, анасы Фатима қатты қауіптеніп, күйеуіне :

“Ұлың Мұхаммедпен күндіз-түні бірге, бірдеңеге ұрынып қалып жүрмесін”, - деп қара аспанды төндірді.

Әбу Тәліп саспай салқынқандылығына салып, жағдайды пайғамбарымыздың өзінен естігенді жөн көрді. Осы мақсатпен Хазіреті Мұхаммед пен ұлының ізіне түсті. Олардың жазық далада екеуден-екеу намаз қылып тұрғандарын көрді. Әбу Тәліп келген бетте екі дүниенің сұлтаны - Хазіреті Мұхаммедke қарап:

“Ей бауырымнан қалған жалғыз тұяқ! Сені асылдың сынығына балаймын, бірақ мен түсінбейтін бір нәрсе бар - осы сенің уағыздап жүргенің не дін?”, - деп сұрады.

Пайғамбарлар падишасының жауабы:

“Көке! Мына дүниедегі жанымдай жақсы көретін жандардың бірі - өзіңізсіз.

Бұл дін - Аллаhтың діні. Періштелердің, пайғамбарлардың және арғы атамыз Ибраһимнің діні. Құдіреті күшті Аллаh осы ақиқатты тарату үшін маған жауапты міндет жүктеді.

Тура жолға шақыратындарымның және менің үндеуіме алғашқы боп үн қосатындардың қатарында сен де барсың. Сен бұған ең лайықты адамсың. Пұттарға табынғанды қой, бір Аллаhқа иман келтір”.

Әбу Тәліп біраз ойланып тұрды да:

“Мен ескі дінімнен айырыла алмаймын. Бірақ саған кедергі де болмаймын. Сен өз білгеніңді ұстан. Мен аман тұрғанда, ешкім сенің жолыңа көлденең тұра алмайды. Уәдем - уәде”- деді. Сонан соң Әлиге бұрылып:

“Ұлым-ау, сенің ұстанған дінің не?” деп сұрады.

Хазіреті Әли:

“Әке! Мен Аллаhқа және оның елшісіне иман еттім. Аллаhтың нәбиінің Жаратушыдан алған хабарларына сеніп, мойынсұндым. Расулға ұйып, намаз оқыдым”, - деп жауап берді.

Ұлының жауабын ден қойып тыңдаған Әбу Тәліп:

“Ей, ұлым, үміт еткен көзімнің нұры сенсің. Мұхаммед саған бөтен емес. Туысқан болып бір-біріңді жаттай сыйламасаңдар, өзгелерден жақсы қарым-қатынас күтпей-ақ қойыңдар. Ағаңның айтқанын мақұлдап, оның дініне өз еркіңмен кіргенің жөн-ақ. Ол сені тек жақсылыққа шақыратынына сенемін. Мойынсұнған екенсің, айтқандарын екі етпе. Мен сендердің сырттай тілеулестерің болуға жарасам болды емес пе?” - деп Хазіреті Мұхаммедті де, Хазіреті Әлиді де қуантып тастады. Сосын келген ізімен кері қайтты.

Үйде Фатима күйеуін дегбірсіздене тосып отырған. Әбу Тәліп табалдырықтан кірер-кірмес бас салды:

“Қайда ұлың? Неге ертіп келмедің? Қызметшімнің айтқаны рас болса, біздің Әли Хазіреті Мұхамедпен (с. а. у. ) бірге Жиад алқабында өзгеше құлшылық қылып жүр дейді. Не деген сұмдық! Елдің бетіне қалай қараймыз?”

Әбу Тәліп мұнан ары сөйлеуге шамасын келтірмеді:

“Көкесінің баласына бас-көз болып, көмектесу -Мұхаммедтің міндеті. Бауырына қолдау көрсеткеннің несі айып!

Егер Әбдімүттәліптің дінін тастау үшін нәпсімді жеңе алсам, Мұхаммедтің (с. а. у. ) жолын бірінші болып мен қабылдар едім. Өйткені, Ол (cалааллаһу алейһи уәсәллам) әмин1, халим2, әрі тахир3. ”

ХАЗІРЕТІ ӘБУ БӘКІРДІҢ

МҰСЫЛМАН БОЛУЫ

Хазіреті Әбу Бәкір пайғамбарымызбен көп уақыттан бері дос, қашан көрсе, шынайы көңілден шұрқырасатын.

Хазіреті Әбу Бәкірдің сырт көзге бірден байқалатын ерекшелігі - жәһилияның надандықтарынан аулақтығы, рухының күштілігі, асқан ақылдылығы әрі жайдарылығы еді. Ең бастысы, ол мүшріктік салттарға жирене қарайтын… Сауда-саттықта адалдығымен сол өңірде аты шыққан. Онысымен де қарап қалмай, құрайыштың көп мәселелерінде қазылық жасап, дау-дамайдың әділ шешілуіне үлес қосатын. Тағы бір ерекшелігі, құрайыштың түп шежіресін, тарихын, өткен-кеткен жақсылы-жаманды ақиқатты анық білетін.

Расулаллаh әлі де ашық үндеуге кіріспеген-ді. Дегенмен, ұзын құлақ тыныш жатсын ба, азды-көпті болған жайды естіп үлгерген.

Әбу Бәкірдің Йемен сапарынан жаңа келген беті болатын. Әбу Жәһил бастап, Уқба ибн Әби Муайт қостап құрайыштың құзырлы қариялары оған сәлем бермекке келеді. Амандық-саулықтан соң Хазіреті Әбу Бәкір:

“Мен жоқта нендей оқиғалар болды? Ел аман, жұрт тыныш па? Айта отырыңдар”, - деді.

Ақсақалдар:

“Ей, Әбу Бәкір! Ел ішінде бүлік шықты, мұндай сұмдықты кім естіген бұрын-соңды” деп орағытып әкеп “Әлгі Әбу Тәліп ақсақалдың қолында өскен жетімек Мұхаммед деген бар емес пе еді, сол өзін пайғамбармын деп жариялаған көрінеді. Біз ұзын құлақтан естіп жағамызды ұстап, не де болса сенің келуіңді тосайық дедік. Әйтпесе шыдас берерлік оқиға ма осы?! Досыңа өзің барып, мән-жайды анықтап, ақылға шақырмасаң болмас”, - деп жамыраса шуласты.

Хазіреті Әбу Бәкір айтылғандарды мұқият тыңдап алған соң кезек күттірместен Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) үйін бетке алды.

“Уа достым! Пайғамбармын дегенің, қауымыңнан бөлініп, ата-бабаңның дініне қарсы шыққаның рас па? ” - деп сұрады келген бойда.

Ардақты Пайғамбарымыз құлын тайдай тебісіп, кішкентайынан бірге өскен досы Әбу Бәкірдің айтқандарын күлімсірей отырып тыңдады да:

“Ей, Әбу Бәкір! Жаңсақ емес, естігендеріңнің бәрі дәп солай.

Мен саған және жалпы адамзатқа жіберілген Аллаhтың елшісімін. Халқымды бір Аллаhқа сенуге шақырамын.

Сен де куәлік айт, иманға кел!”, - деді.

Хазіреті Әбу Бәкірдің көңілі алабұртып, санасын сан сұраулар шырмап, аласапыран күйге енді. Бұл сөздерді бала күнінен асыр салып бірге өскен, жанындай сүйетін, өмір-жалғанда ойнап та болса шындыққа қайшы сөз айтпаған Мұхаммед Әминнің өз аузынан естіген ол, сол мезетте күмән келтірместен:

“Әшһәду әл-ләә иләәһә иллаллаh уә әшһәду әннә Мұхаммедәр-расулаллаһ” деп кәлимаға тілін келтіріп, мұсылман болды.

Хазіреті Әбу Бәкірді Ислам ақиқаттарына шақырғанда титтей де наразылық көрсетпеуін Расулаллаһ ылғи да былайша еске алған:

“Әбу Бәкірден басқалардың бәрі иманға кел дегенімде сәл де болса, күмән келтіріп кібіртіктеп қалған еді. Ал, ол болса еш ойланбастан менің сөзімді қабыл етті!”

Ардақты досының муминдер қатарынан орын алуы Хазіреті Мұхаммедке қанат бітіргендей. Хазіреті Айша анамыздың бұл жайт турасында былай дегені бар:

“Аллаhтың нәбиін Хазіреті Әбу Бәкірдің мұсылман болуынан артық шаттандырған оқиғаға куә болған емеспін. ”

Исламға мойынсұнған Хазіреті Әбу Бәкірдің бұған дейін көрген, әрдайым есінен шықпай жүрген бір түсі де өңіне айналды.

Ол түсінде толықсыған бір айдың Меккеге барынша нұрын төккенін, сосын жайлап бірнеше бөлікке бөлініп үйді-үйге таралғанын, ең соңында қайта жиналып көз шағылыстыратын сәуленің өз үйіне енгенін көрген-ді.

Бұл түсін сол кездегі Тәурат, Інжілден мол хабары бар оқымыстыларға жорытқанда, бәрі бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, көптен күтілген соңғы пайғамбардың Меккеден шығатынын, Әбу Бәкірдің Соның ізінен еріп, бақыттылар сапында орын алатынын айтқан.

Хазіреті Әбу Бәкір мұсылмандықты қабылдағанын ашық айтудан да жасқанбады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
«Шиға ағымынан болған имамия мазһабі»
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам діні негіздері мен тарихы - оқу-әдістемелік құралы
Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және діни экстремизм
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Жұма намазы және хұтпа
Әбу Юсуф бин Ибрахим бин Хабиб бин
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz