Қазақстан Республикасындағы діни жағдай


Мазмұны
Кіріспе2
I. Қазақстан Республикасындағы діни жағдай. 4
1. 1 Діни қайта өрлеу4
1. 2 Діндердің әлеуметтік-саяси ролі9
1. 3. Қазақстандағы «Діндер» мониторингі13
II. СЕКТАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ. 18
2. 1 Секталардың исламға тікелей және кері әсері18
2. 2 Конфессияаралық келісім - ҚР тұрақты даму факторы25
2. 3 «Қоғам және халықаралық қауіпсіздік»28
Қорытынды34
Қолданылған әдебиеттер тізімі35
Кіріспе
Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасындағы діннің ролі мен мәнін арттыру. Тәуелсiздiк жылдарында елiмiзде орын алған күрделi саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекеттiк билiктiң қайнар көзi болып табылатын халқымыздың рухани өмiрi мен дiни көзқарастары да бiр жағынан толығып, ал ендi бiр жағынан әр алуан бағыттар бойынша дамып, бүгiнгi көптеген этникалық топтар мен түрлi дiндердi ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билiк болмайды, ал дiнсiз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен дiннiң тұтастығы және мемлекеттiң тұтастығы арасында тiкелей тәуелдi байланыс бар екенiн ескерелiк. Көптеген этникалық топтар мен дiни сенiмдерден құралған бiздiң қоғамымыздағы өтпелi кезеңде дiн атаулының мемлекеттiң iшкi тұрақтылығы мен қауiпсiздiгiн қамсыздандырудағы рөлi, өндiрушi күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдiретi, халықаралық қатынастардағы салмағы және елiмiздiң болашағы мен баяндылығына тiкелей әсерi өте анық көрiнiс бердi.
Өзіндік жұмыстың кіріспе бөлімін -қазақтың «Ораза-намаз тоқтықта» деген мәтелін негізге алумен бастайық. - Сол мәтелде айтылғандай, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезін Қазақстанда өткізу - ең алдымен еліміздің 2030 жылға дейін жобаланған стратегиялық бағдарламасынан туындайтын, соны жүзеге асыруға бағытталған экономикалық реформалардың табыстылығының арқасында мүмкін болып отыр.
- Екіншіден, ол - еліміздегі саяси тұрақтылықтың арқасы. Үшіншіден, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың арасындағы жарасымды татулықтың, төртіншіден, Қазақстандағы негізгі діндер мен 40-тан астам діни конфессиялардың арасындағы дінаралық түсіністік пен толеранттылықтың негізінде мүмкін болып отыр. Сондықтан Елбасының қай кезде болсын қайталап айтатын сөзі: «Саяси тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің, ұлтаралық татулықтың арқасында ғана экономикалық реформа табысты болады». Ал экономикалық реформа табысты болған жерде осындай әлем жұртшылығының назарын өзіне аударған аса ірі халықаралық шараларды өткізуге мүмкіндік тумақ. Бұны да біздің еліміздің, халқымыздың, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы жетістігі деп таныңыздар!
Жалпы осы өзіндік жұмысымда Қазақстан Республикасындағы діннің қайта өрлеуін, әлеуметтік саяси ролін тереңірек тоқталатын боламын. Сонымен бірге Қазақстанда белең алып бара жатқан діни секталардың кері әсерін ашып көрсетіп, конвенссияаралық келісім - Қазақстан Республикасының тұрақты даму факторын ашып көрсетем.
I. Қазақстан Республикасындағы діни жағдай.
1. 1 Діни қайта өрлеу
Елiмiзде негiзiнен басты екi дiн бар десек болады. Олар - Ислам және Христиандық. Ислам дiнiн ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрiк, күрдi, дүнген, чешен, әзiрбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей Ислам дiнiн және оның iшiндегi Сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзiрбайжан және күрдi халықтарының бiр бөлiгi мен шағын ирандық топ қана Шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгiнге дейiн көп бiлiнбейтiн шиғалар, әсiресе, Ага Ханның елiмiзге жасаған сапарлары және Халықаралық тау университетiнiң Қазақстан бөлiмшесiнiң ашылуы арқасында соңғы жылдары елiмiзде үгiт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елiмiзде 1648 мұсылмандар дiни бiрлестiгi мен 1534 мешiт жұмыс iстейдi. Осы арада Ислам дiнiнiң Қазақстандағы ең негiзгi дiн екенiн және халқымыздың тарихында үйлестiрушi, ұйымдастырушы һәм бiрiктiрушi күш ретiнде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек . . .
Қазақстан мұсылмандарының дiни iстерiн ұйымдастырып, дiни бiрлестiктер, мешiттер және шетелдердегi мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттейтiн дербес мекеме «Қазақстан мұсылмандар дiни басқармасы» Дiни бiрлестiгi деген атпен 1990 жылы құрылды. Оған дейiн «қазият» деңгейiндегi дiни мекеме ретiнде қызмет атқарған бұл ұйым бүгiнгi күнi елiмiз мұсылмандарының ең басты Ислам ұйымы ретiнде аталады. 2000 жылғы маусым айындағы құрылтайда ҚМДБ төрағалығына бiлiктi ғалым, арабтанушы және дипломат профессор Әбсаттар Дербiсәлi сайланды. Өткен 3-4 жыл көлемiнде тоқырап қалған кейбiр мәселелер оң шешiмiн тапты. Мысалы, Алматыдағы Орталық мешiттiң ашылуы, Әл-Фараби даңғылы бойындағы университеттiң ашылуы, дiни басылымдардың сан және сапа жағынан бiршама жоғары сатыға көтерiлуi, облыс орталықтары мен Астана қаласында жаңа мешiттердiң салынуы т. т.
Алдымыздағы уақытта мынадай мәселелер оң шешiмiн тапса елiмiздегi мұсылманшылықтың жүйеленуi және тұтастануы жағынан үлкен жетiстiктерге жетер едiк:
Бiрiншiден: ең маңызды проблема ретiнде елiмiздегi мұсылмандардың белгiлi бiр жүйе бойынша ұйымдаспағанында және Ислами үгiт-насихаттың дiнiмiздiң негiзгi бұлағына, яғни Құран Кәрiмге толыққанды сәйкестiк қағидасы бойынша жүзеге асырылмауында. Әсiресе, өзге мұсылман мемлекеттерiнде орталықтары орналасқан суфизм бағытындағы эзотерикалық тариқаттар мен дiни ұйымдардың, қайырымдылық қорларының белсендi қамданыста екенiн айтуымыз шарт. Бұлардың үгiттерi Исламның бiрегей қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмнiң үкiмдерiмен көп жағдайларда қабыспайды және дiнге кейiннен қосылған әр түрлi негiзсiз ырымдар мен нахақ нанымдарды (бидғаттар мен хұрафаларды) қамтиды. Бiр ұйымның ақ дегенiн екiншi бiр ұйым қаралап жатқан жағдайлар жиi кезiгедi. Сонымен қатар, дiни топтар мен жамағаттардың арасындағы келiспеушiлiктер қоғамдық тәртiп пен халқымыздың береке-бiрлiгiне нұқсан тигiзуi әбден мүмкiн. Дiнге ендi бет бұрайын деп жатқан кейбiр азаматтарымыз да осындай күрделi жағдайды көрiп, дiннен жерiп кететiнi, тiптi, басқа дiндердi қабылдайтыны да шындық.
Екiншiден: Ислам ғылымдарын оқыту және ғылыми-зерттеулердi белгiлi бiр жүйеге салу мәселесi де жөндi шешiмiн тапқан жоқ. Бұл сала мамандары мен исламтанушылардың және дiни кадрлардың жетiспеуiнiң басты себебi. Шындығында оқу жүйесi мен кадрлар бiрiне бiрi тәуелдi екi мәселе. 2000 жылғы қыркүйек айында ҚР Сыртқы iстер министрлiгi шетелдердiң дiни оқу орындарында оқып жатқан студенттердiң елiмiзге қайта шақырылатыны туралы хабарлады. Түркия, Иран, Пәкiстан қатарлы елдердегi азаматтарымыз елге оралып, мұндағы университеттерге, атап айтқанда, жаңадан бой көтерiп келе жатқан «дiнтану» бөлiмдерiне түстi. Оқу базасы және оқытушы кадрлар мәселесi толық шешiлмеген осы бөлiмдердi бiтiрген студенттер нағыз дiнтанушы яки исламтанушы болды деп айту қиын. Қазiр де шетелдерде студенттерiмiз оқып жатыр. ҚМДБ тарапынан Мысыр және Түркияға жiберiлген бiрсыпыра жастарымыз бiлiм алуда. Алғашқы түлектер елге оралып, мешiттер мен жоғары оқу орындарында қызметке кiрiсiп те кеттi. Ендiгi мәселе, шын мәнiнде дiн ғылымдарын жете меңгерген, көкiрегi њәм көзi ашық, заманауи талаптарға сәйкес кадрларды дайындау.
Үшiншiден: жоғарыда келтiрiлген бiрiншi және екiншi проблеманың дұрыс шешiмiн табуы мұсылмандардың Құран Кәрiмдi дұрыс түсiнуiне тiкелей байланысты. Құранды дұрыс түсiнбейiнше Исламды түсiну мүмкiн емес десек артық айтқандық болмас. Құранды дұрыс түсiну екi жолмен ғана болады: 1) арабшаны меңгеру; 2) Құранның мағынасын дұрыс жеткiзетiн сапалы тәржiмесiн жасау. Азаматтардың барлығын арабшаға үйрету мүмкiн емес, сондықтан, қолымыздан келетiнi қасиеттi кiтабымыздың бүгiнгi ғылымдар негiзiнде, адамзаттың өркениет деңгейiн есепке ала отырып және шынайы ғылыми жетiстiктер бойынша Ислам тарихына қайтадан талдау жасай отырып аудармасын жасау. Өкiнiшке орай, бүгiнге дейiнгi жасалған тәржiмелер дәстүрлi тәфсiрлер мен аудармалардың әсерiнен аса алған жоқ және Құранымызды бүгiнгi ұрпақтарға түсiндiру iсiнде жетiспеушiлiктерi бар. Менiңше, ҚМДБ-ның алдында тұрған ең маңызды мiндеттердiң бiрi осы мәселенi шешу болуы керек. Құранның жаңа аудармасы йањуди және христиандардың аңыздары (исраилият) мен қиял-ғажайып уақиғалардан, бос сенiмдер мен ғылымға қайшы келетiн тұжырымдардан ада болуы керек. Мүмкiн осы аударма жұмысын жасау үшiн арнайы комиссия құрылар . . .
Төртiншi: бiз бiр ащы шындықты мойындауымыз қажет. Ол тәуелсiздiктi алған жылдары елiмiзде дiн мәселесiн жете меңгерген мамандардың болмағандығы және мемлекет билiгiнiң жоғары сатысында жүрген азаматтарымыздың осы мәселенiң маңыздылығын жете бағаламағандығы. Хош, бүгiнгi халiмiз қалай деп сұрағым келедi. АҚШ, Израиль және Еуропа елдерiндегi депутаттар мен жоғары лауазымды тұлғалар өз дiндерiн терең зерттеген адамдар және олардың басым көпшiлiгi миссионер ұйымдарының яки дiни басылымдардың қамқоршысы, құрылтайшысы немесе мүшесi. Бiздегi бiр жағынан алғанда табиғи (өйткенi, ұзақ жылдар бойы атеист түзiм тәрбиелеген ұрпақтар) кемшiлiк салдарынан дiнiмiздi лайықты деңгейде және формада насихаттау жұмыстары iске асырылмады, құқықтық тұрғыдан алғанда заңдардың өз iшiнде және заң мен өмiр арасында келiспеушiлiктер пайда болды. Сондықтан, тағы бiр маңызды проблема дiни қатынастарды реттейтiн заңдарды қайтадан қарап, қажеттi орындарын өзгертiп яки толықтырып, мемлекет мүддесiн ескере отырып қайыра қабылдауымыз керек.
Бесiншi: Қазақстан мұсылмандар дiни басқармасының құқықтық және әкiмшiлiк мәртебесiн нығайтуымыз керек. Ұлтты құрайтын ең басты құндылықтың бiрi дiн екенiн жоғарыда атап кеттiк. Дiн институтының мемлекеттiң қалыптасуындағы және өмiрдiң өзге де салаларындағы маңыздылығын жоғарыда атап көрсеттiк. Сондықтан да осындай маңызды салаға мемлекет бейқам қарай алмайды. Бiз Конституциямызда көрсетiлген зайырлылық қағидасын қатаң сақтай отырып, халықаралық тәжiрибелердi зерттеу арқылы мүмкiн Қазақстанға тән жаңа бiр әдiс табуымыз керек. Бүгiнгi заңдар шеңберiнде ҚМДБ және оның қарамағындағы дiни бiрлестiктердiң құқықтық мәртебелерi бiрдей. ҚМДБ-ның дiни әдебиеттердi құрастыруы, бекiтуi және бастыруы, дiни оқу орындарын ұйымдастыруы, ел көлемiнде бiркелкi дiни үгiт-насихат жасалуын қамсыздандыруы, халықаралық қатынастарға шығуы және республикадағы атқарушы, заң шығарушы және сот билiгiмен қатынастары жаңа заңнамалар мен құрылымдық өзгерiстер бойынша дұрыс жолға салынуы керек. Осы мәселенi шешкен кезде ҚМДБ-ың қаржыландыру және басқару тетiктерiн де жетiлдiруiмiз шарт.
Алтыншы: ендiгi маңызды проблеманың бiрi елiмiздегi миссионерлiк әрекеттердi бақылау және мұсылмандардың басқа дiндерге кетуiнiң алдын алу мәселесi. 2001 жылы талқыға түскен жаңа заңның Үкiмет тарапынан қайтарылып алынғандығы естерiңiзде болса керек. Содан берi жаңа заң қабылданған жоқ. Кейбiр деректерде 100 мың, ал ендi кейбiр газет хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа дiндердi қабылдаған делiнедi. Бүгiнге дейiн дiнге бөлiнбеген халқымыздың ендi алуан түрлi дiндерге бөлiнуi болашақта аса маңызды проблемаларға апарып соқтыруы, тiптi мемлекетiмiздiң iргесiн шайқалтуы әбден мүмкiн. Елiмiзде христиандықты таратушы ұйымдардың және миссионерлердiң жарғылық құжаттарында бiрiншi кезекте қазақ халқын шоқындыру мәселесiнiң алға тартылуы кездейсоқ емес. Бiз егер мүмкiн болса елiмiздегi өтпелi кезең белгiлi бiр дәрежеге көтерiлiп, саяси-экономикалық ахуал тұрақтанып, азаматтарымыз алдымен өздерiнiң дәстүрлi дiндерiн жете зерттеп түсiнiп алғанға дейiн миссионерлiк әрекеттерге тоқтау салуымыз қажет.
1. 2 Діндердің әлеуметтік-саяси ролі
Қазақстан Республикасының Негiзгi заңында көрсетiлгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тәуелсiздiктен кейiнгi жылдары мемлекет органдарының дiни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тiкелей араласпағаны белгiлi. АҚШ мемлекет басқармасының демократия, адам құқықтары және еңбек Бюросы жариялаған «Қазақстан - халықаралық дiни бостандық есебi» (2002 ж. ) де осыны растайды. Алайда, дiн мемлекеттi қалыптастыратын негiзгi әлеуметтiк институттардың ең бастыларынан және азаматтық қатынастарда маңызды рөл атқарғандықтан мемлекеттiк ұйымдар мен құрылымдардың iшiнде дiн саласымен жұмыс iстейтiн мекемелер мен органдар болуы заңды. Осы орайда, ҚР Үкiметi қарамағында дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi Кеңес құрылған. Кеңестiң облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы бөлiмшелерi тiкелей дiни бiрлестiктер және жамағаттармен, сонымен қатар әкiмдiктер, Әдiлет министрлiгiнiң тiркеу қызметi, Iшкi iстер министрлiгiне қарасты мекемелер, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мәдениет министрлiгi сияқты құзырлы мекемелермен етене байланыс жасайды.
Конституциямыз бойынша орталығы шетелдерде орналасқан дiни ұйымдардың Қазақстандағы басшыларының тағайындалуы «тиiстi мемлекет мекемелерiмен үйлестiре отырып» жүзеге асырылуы керек. Бұл жерде де сәл ойлануға тура келетiн жәйттер бар секiлдi. Жоғарыда көрсетiлген көптеген дiни ұйымдар мен миссионерлер және экстремистiк бағыттағы зиянды ағымдардың шектен тыс қажыр-қайрат жасауы салдарынан бүгiнгi күнi елiмiздегi дiни ахуалы аса күрделi қалыпта десек болады. Ал, осы күрделi ахуал ертеңгi күнi қандай болмақ? Тиiстi шаралар бүгiн қолданылмаса, бiрнеше жылдан кейiн дiндер арасы қатынастар қандай кейiпте болмақ? Осындай мәселелердi ойлаған сәтте шетелдiк ұйымдардың елiмiздегi жүздеген мың яки миллиондаған азаматтарымыздың рухани тiзгiнiн қолда ұстауы бiр жағынан «iшкi iстерге қол сұғушылық» болса, ал екiншi жағынан әлеуметтiк балансты теңселтетiн нәтижелердi алып келетiн қауiптi күш болуы мүмкiн. Бұған қоса айтпағымыз, болашақтағы президент және парламент сайлаулары кезiнде (құдды АҚШ-тағы сияқты) шетелдiк дiни ұйымдар Қазақстандағы белгiлi бiр тұлғаны яки саяси партияны немесе топты қолдауы, сол арқылы мемлекет билiгiне ие болуы да әбден ықтимал . . .
1992 жылы қабылданған «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер» заңы бойынша азаматтар дiни бiрлестiктер құра отырып, ұйымдаса алады. Дiни бiрлестiктердi Әдiлет министрлiгiнде тiркеудiң өзiндiк шарттары бар. Бұл шарттар орындалғанда ғана бiрлестiктер тiркеледi және қызмет атқара алады. 30. 01. 2001 ж. қабылданған ҚР «Әкiмшiлiк заң бұзушылықтар жөнiндегi Кодексi» ҚР соттарына белгiлi тәртiп бойынша тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға құқық берген. 2001 жылғы ақпан айынан бастап республикамыздың кейбiр аймақтарында аталмыш заң бұзушылықтар орын алып, ҚР соттары тиiстi шараларды қолданған. Мәселен, Қызылорда қалалық соты 14. 03. 2001 ж. шешiмiмен белгiлi тәртiппен тiркеуден өтпеген «Иегова куәгерлерi» жамағатының жұмысын тоқтатқан. Сол сияқты, Атырау облысы Құлсары аудандық соты 02. 05. 2001 ж. «Иман» баптист шiркеуiнiң жұмысын тiркелгенге дейiн тоқтату жөнiнде үкiм шығарған. Құлсарыда Тараз Сомаляк есiмдi «Пентекосталь» шiркеуiнiң (фундаменталист бағыттағы протестант сектасы) қызметкерiнiң ресми тiркеуден өткенге дейiн үгiт-насихат жасауына тыйым салынған. Осы орайда айта кететiн бiр маңызды жәйт - жоғарыда келтiрiлген Қызылорда қаласындағы «Иегова куәгерлерi» жамағатының басшылары Гүлжахан Жарықова және Бақыт Алтаев есiмдi Қазақстан азаматтары екенi және оларға сот тарапынан 7, 750 теңге айыппұл салынғандығы. Құлсарыдағы «Иман» шiркеуiнiң ұйымдастырушылары да Құрманғазы Әбдiмұратов және Асхат Әлiмжанов есiмдi қазақ азаматтары екенi назар аудартады. Нағыз қазақи ортада миссионерлiк жасап, шетелдiң дiни сенiмдерiн елiмiзде таратып жатқан ұйымдардың қандай дәрежеге жеткенi және қандай аймақтарды мекен еткенi бiраз нәрседен хабар бергендей . . .
Бұлар сияқты елiмiзде Ислам атын жамылып, әр түрлi негiзсiз њәм зиянды үгiт-насихат жүргiзiп жатқан дiни ағымдар да баршылық. Бұлардың iшiнде баспасөз бетiнде жиi аталатыны және қоғамдық тыныштыққа нұқсан тигiзушiсi «Хизб-ут Тахрир» ұйымы. Құран Кәрiмде «халифат құру» туралы ешқандай мәлiмет келтiрiлмегенiне қарамастан, бұл ұйым Орталық Азиядағы мемлекеттердiң орнына «халифалық» мемлекеттi орнатқысы келедi. Құран Кәрiмде баяндалған шынайы Исламның насихатталу деңгейiнiң төмендiгiн және сауатты мамандар мен дiнтанушылардың аздығын пайдаланған осындай ұйымдар, әсiресе, елiмiздiң оңтүстiк аймақтарында бiршама жастарымызды қатарына қосып та кеттi. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан және ҚР елдерiнде белсендi әрекет жасап жатқан осындай ұйымдар мұсылман мемлекеттерiнiң тұрақтылығына зиян тигiзумен қатар, Ислам дiнiнiң имиджiн бұзу және мұсылман жастарды дiнде орны жоқ нәрселерге үйрету арқылы екi есе үлкен зиян тигiзiп отыр. Орталық Азиядағы бауырлас республикалардың мемлекет институттары нығайған сайын және әлеуметтiк-экономикалық өмiр сүру деңгейi жоғарылаған сайын осындай зиянды ұйымдардың ықпалы азаймақ. Дегенмен, азаматтарымызға ненiң орны Исламда бар, ал не нәрсенiң орны жоқ екенiн дұрыстап үйретпейiнше қауiптiң алдын алдық деуге сiрә болмас. Сонымен қатар, әлгiндей ұйымдардың аталуындағы «Ислам», «Аллаһ» сөздерiне мән беруден гөрi, олардың iс-әрекеттерiнiң Исламға қаншалықты сәйкес екенiне көңiл бөлген жөн. Кейбiр мемлекеттердiң ислам дiнiн бұрмалау мақсатымен ислам атын жамылған ұйымдарды құрғызғаны және оларды жан-жақты қамсыздандырып тұратыны белгiлi . . .
Елiмiздегi мемлекет және дiн қатынастары турасында айта кететiн өкiнiштi бiр мәселе - ешбiр дiни мейрамның мемлекет дәрежелi мейрам ретiнде бекiтiлмегенi. Мұсылмандардың Құрбан айт және Ораза айт мерекелерiне Қазақстанмен көршiлес мемлекеттердiң барлығында да ресми демалыс берiлгенiне қарамастан, бiзде әлi сең жiбитiн емес сияқты. Жуырда сайланған Мәжiлiс депутаттары осы мәселенi алғашқы кезекте қарап, азаматтарымызды қатты алаңдатып отырған үшбу көкейтестi мәселеге дұрыс шешiм тапса игi едi. Өткен шақырылымдағы кейбiр Мәжiлiс депутаттары, iшiнде өзiмiздiң қазақ азаматтарымыз да бар, дiни мерекелерге ресми демалыс беру туралы заң жобасы түскенде «бiз атеиспiз» деп шыға келгенi әлi есiмiзде. Мұндағы мәселе депутаттың дiни сенiмiнде емес, оған дауыс берген мыңдаған сайлаушылардың дiни сенiмiнде екенi әлгi азаматтарды аса мазаламаған сияқты. Бiз алуан этникалық және дiни топтардан құралған Малайзия мемлекетiнiң тәжiрибесiн дұрыс пайдаланып, ең болмағанда Құрбан айтқа 3 күн, ал Ораза айтқа 1 күн, сондай-ақ православие шiркеуiнiң рождество мерекесiне 1 күн ресми демалыс берсек, бұдан тек елiмiзге, мемлекетiмiзге пайда болатыны анық. Ай-күннiң аманында «халықаралық ұйымдар сынайды» деп байбалам салатындар осы мәселеге келгенде неге жақ ашпайды, деп сұрағым келедi.
Мемлекет - дiн қатынастарының өзектi бiр мәселесi азаматтардың дiн саласында бiлiм алу, оқу құқығын пайдалануы. Елiмiздегi «Бiлiм» туралы заңда бұл мәселе толық шешiмiн тапқан емес. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 8 дiни жоғары оқу орны, 6 орта дәрежелi дiни оқу орны мен 3 жалпы бiлiм беру мекемесi жұмыс iстеуде. Жоғары оқу орындарынан екеуi мұсылмандардiкi. Олар: Нұр-Мүбарак атындағы Мысыр Ислам мәдениетi университетi және ҚМДБ қарамағындағы Имамдардың бiлiктiлiгiн жетiлдiру институты». Бұған қоса 1 католик, 1 лютеран және 4 протестант оқу орны бар. Ендi осы дiндер мен мәзһәбтарды (конфессияларды) ұстанатын адамдардың жалпы санына шағатын болсақ, сан жағынан ең аз болып табылатын протестанттардың еншiсiне ең көп жоғары оқу орны, ал мұсылмандарға болса ең аз оқу орны түсетiнi байқалады. Қайталап айтқанда, протестантизм бағытындағы дiни бiрлестiктер мен дiни оқу орындарының саны бәрiнен жоғары.
1. 3. Қазақстандағы «Діндер» мониторингі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz