Әбу Юсуф бин Ибрахим бин Хабиб бин


بســم الله الرحمـن الرحيـم
Имам Ағзамның (р. а. ) өмiрi
Мейiрiмдi, рахымды Алла атымен бастаймын !
Бiз мұсылмандар, Аллаһ Тағалаға берген сансыз сыйапаттарына қанша шүкiр етсек де аз. Сол сый - сияпатының бiрi бiздердi Имам Ағзам (р. а. ) сияқты ұлық мүжтаһид иманың мазхабын ұстанушылардан етiп жаратқаны.
Бiр ақын кiсi мүжтаһидтер туралы екi шумақ өлеңiнде былай деген екен:
Мүжтаһидтер дүниенiң шырағы.
Дiни iлiм гүлiнiң бағы.
Мүжтаһид имадар үмметi Мұхаммадия үшiн ислам iлiмi жолында бар күш - жiгерлерiн жұмсап, көптеген қиыншылық көрген. Шариғаттағы зәру мәселелердi дiни дәлелдермен баяндап, бiздерге амал - ғибадаттарымыздың жолын жеңiл етiп көрсетiп берген.
Олардың iшiндегi ең ұлығы - бiздiң мазхабымыздың негiзiн салушы Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит (р. а. ) .
Бiздер, Орта Азия мұсылмандары осындай ұлық кiсiнiң мазһабын ұстанғанымыз үшiн өзiмiздi бақытты санаймыз.
Бiр ақын ол туралы:
“Имам Ағзам жаратылысы жөнiнен ұлықтардан едi. Әрбiр қадамын тек қана тақуалық және iлiммен өлшеп басатын едi. Бiздер оған ұйығандықтан көңiлiмiз шаттанды. Оның iлiмiнiң нұрынан әлем жарық болды”, - деген.
قال النبي صلي الله عليه و سلم : لو كان العلم عند الثريا لتناله رجال من ابناء فارس
Яғни Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) хадис - шарифiнде: “ Егер iлiм аспанда болса да, ажам перзендерiнен (яғни, араб емес басқа халық) бiр тобы оны алар едi”, - деген.
Арабтар өздерiнен басқа мұсылман ұлттарды, мысалы парсы, түркi және т. б. ажам деп атайды. Яғни Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) “Иман аспанда болса да, парыс ұлтының ер кiсiлерi оған анық жетедi), - деген.
Хадис - шарифтың қортынды мағынасы : араб емес ұлттардан, оның iшiне парыс елiнен көптеген ұлық мүжтаһидтер және үлкен ғұламалар шығып, ислам дiнiне жақсы қызмет етедi, - деген.
Хазретi Имам Ағзамның (р. а. ) ата - бабасы парс болған.
Мәшһүр ислам ғұламаларының бiрi Жалалуддин ас - Суюти бұл хадис Имам Ағзамға ишарат едi деп сүйiншiлейдi.
Бұған еш күмән жоқ, себебi Имам Ағзамның дәуiрiнде ол кiсiге тең келетiн ұлық имам, ғұлама болған емес.
Имам Ағзамның туылуын Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) өзi айтып кеткен. Осындай ұлық кiсiнiң мазхабын ұстанғандар Құдайға қанша шүкiршiлiк етсе де аз болады. Себебi “Ад - дуррул - Мұхтар” кiтәбының мусаннифi (авторы) хазретi Шейх Мұхаммад Алауд - дин Әл - Хаскафий ол кiсi туралы былай деген: “Мухаммад Мұстафаның (с. ғ. с. ) Құраннан кейiнгi муғжизаларының ең үлкенi “Әбу Ханифа Ан - Нұғман ибн Сәбит Имам Ағзам” .
و قال صلي الله عليه و سلم : إن آدم افتحر بي و انا افتحر برجل من امتي اسمه النعمان كنيته ابو حنيفة و هوسراج امتي .
Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) хадис - шарифiнде былай деген: (Адам (ғ. с. ) менi мақтан тұтады, мен болсам үмметiмнiң iшiнен бiр ер кiсi шығады соны мақтан етемiн, оның аты Нұғман лақаб аты Әбу Ханифа - ол менiң тура жол көрсететiн шырағы.
Бұл хадисте айтылған сөздер Имам Ағзам туралы екедiгiне еш күмән жоқ, себебi ол кiсiнiң iлiмнiң нұрымен ислам әлемi бүгүнгi күнге шейiн нұрланып келедi. Жолдан адасқан мыңдаған адам ол кiсiнiң мазаһабын ұстанып тура жол - хидаят тауып мақсаттарына жеттi және жетуде.
و قال صلي الله عليه و سلم : إن سائر الأنبياء يفتحرون بي و انا أفتحر بأبي حنيفة من احبه فقد احبني و من ابغضه فقد ابغضني.
Яғни Пайғам (с. ғ. с. ) хадис - шарифiнде: “Басқа пайғамбарлар менi мақтан етедi, мен Әбу Ханифаны мақтан тұтамын. Кiмде - iкм Әбу Ханифаны жақсы көрсе, онда ол менi жақсы көрген болады. Кiмде - кiм ол кiсiнi жек көрсе, менi жек көрген болады”, - деген.
Бұл хадистен мүмiн кiсiлерге Пайғамбарды (с. ғ. с. ) жақсы көру парыз болғаны сияқты Имам Ағзамды (ғ. с. ) да жақсы көру мiндеттi екендiгi келiп шығады. Керiсiнше болу, яғни ол кiсiнi мойындамау, оның жолын терiс санау - харам.
Бұрынғы ғұламалар: “Кiмде - кiм Имам Ағзамның ижтихады, жолы дұрыс емес десе, ол адам кәпiр болады”, - деп пәтуа берген.
نعوذ بالله من ذالك
Бұндай нәрседен Құдай өзi сақтасын !
Хазретi Имам Ағзамның жолында болудың
шарапаты туралы.
Исмайыл ибн Әбир - Рижа деген ғүлама кiсi түсiнде Имам Ағзамның шәкiртi Имам Мұхаммедтi көргендiгi жөнiнде былай дейдi: “Мен ол кiсiден: “Аллаһ тағала саған не iстедi ? деп сұрағанымда ол кiсi маған: “Аллаһ тағала менi жарылқап кешiрдi және мейiрiм етiп ; былай дедi: “Сенi азаптауды қалағанымда бұл iлiмдi саған бермес едiм, яғни iлiм беру - күнәларыңды кешiргенiм”.
Мен ол кiсiден: “Ей, Имам Мұхаммед, Әбу Юсуф (Имам Ағзамның озық шәкiрттерiнiң бiрi) қайда ? - деп сұрадым.
Ол кiсi: “Менен екi мәртебе жоғарыда”, - деп жауап бердi.
Мен тағыда: “Имам Ағзамның дәрежесi қандай?”, -деп сұрадым.
Имам Мұхаммед маған былай жауап айтты: “Ол кiсiнiң дәрежесi өте жоғары - (яғни Имам Ағзам) пейiштiң ең жоғарғы төрiнде.
Ол кiсiнiң дәрежесi қалай жоғары болмасын, қырық жыл құптан намазына алған дәретiмен таң намазын оқыған және елу бес рет жаяу қажылыққа барған, жүз рет Аллаһ тағалаға жалбарынып, жылап отырып былай деп мiнәжат етедi: “Ей, Құдай, бұл әлсiз пендең саған лайық дәрежеде ғибадат ете алмады, бiрақ өзiңдi шынайы тануын таныды. Ибадатымның кемшiлiгiн жарылқай гөр!”.
Кағбаның бiр тарапынан ғайыптан : “Ей, Әбу Ханифа, сен бiздi жақсы таныдың және бiзге жақсы қызмет еттiң, сондықтан сенiң және сенiң жолыңда болғандардың, қияметке дейiн сенiң мазһабыңды ұстанатын барлық адамдардың күнәларын кешiрдiм, жарылқадым !” - деген бiр дауыс келдi.
Мiне, сондықтан да Имам Ағзамның (р. ғ. ) мазһабын ұстанған әрбiр мұсылман адам, өзiне берiлген бұл сыйлықтың, шарапаттың қадыр - қасиетiн бiлiп, әрдайым Аллаһ тағалаға шүкiршiлiк етуге тиiстi. Әлбетте, мен ханафий мазһабындамын деп тек тiлiмен айтқаны жеткiлiксiз, Аллаһ тағаланың Құран кәрiмде бұйырған нәрселерiн орындап, тиған нәрселерiнен тиылуы мiндет.
Хазрет Әли каррамаллаһудiң дұға етуi.
Имам Ағзамның әкесi Сәбиттi балалық шағында әкесi Хазретi Әли разиаллаһу анһудың жанына ертiп барып, ол кiсiден баласына бата сұраған.
Хазретi Әли (р. а. ) Аллаһ тағала балаңызды өзiне және болашақ ұрпақтарына береке берсiн, деп дұға етiп, батасын бередi.
Хазретi Әлидiң (р. а. ) батасы қабыл болып, ол кiсiден Имам Ағзам сияқты ұлық адам, әлемге әйгiлi мәшһүр ғұлама дүниеге келедi. Мазһабы ислам әлемiндегi ең бiрiншi және ең үлкен мазһаб болып кеңiнен таралады. Жолын қуған шәкiрттерi де өте көп болады. Барлық ұлық ғалымдар мен мүжтаһидтер оның мазһабының усул және фуруғын, яғни негiзiн және тармақтарын (мәселелерiн) бекiтiп, күшейттi. Әлхамдулилләһ, сондықтан да Имам Ағзам мазһабы - өлшеусiз пайдалар қазынасы және ережелер мен қағидалар кенiшi.
Түркия, Солтүстiк Кауказ, Қара теңiз жағалауы, Татарыстан, Ота Азия және Қазақстан, үндiстан, Пакистан, Ауғанстан т. с. с. көптеген мемлекеттердiң мұсылмандары әлi күнге шейiн осы Имам Ағзам мазһабын ұстануда.
Ислам ғұламаларының бiрi фақиһ (фиқһ ғылымы) Ибн Абидин “Дуррул - Мухтардың” түсiндiрмесi “Раддул - Мухтарда” : “Самарқанда бiр мазар бар, онда төрт жүз Мұхаммед атты ханафий мазһабының ұлық ғұламаларының қабiрлерi бар”, - деп жазады.
Олардың барлығы фәтуә жазған муфтий, қази, көптеген кiтаптар, тәпсiрлер жазған муфассир, фақиһ, мыңдаған шәкiрт оқытқан мүдаррис едi. Олардан көптеген терең ғалымдар шыққан. Олардың жазып кеткен кiтаптарын мыңдаған мұсылман әлi күнге шейiн пайдаланып келедi.
Фиқһ ғалымы, күллi ислам әлемiне мәшһүр “Хидая” кiтабының жазбагерi Бурханиддин Марғиланий дүниеден озғанда, сол қабырыстанға жерлемек болғанда, ғұламаның аты Мұхаммед емес, әдепсiздiкке жатады деп ол жерге қойғызбаған. Ол мазар Самарқанда, әлi күнге дейiн бар, “Чақири Хибра” мазары деп аталады. Исламдағы ақаид iлiмiнiң екi мазһабының бiрiнiң негiзiн салушысы Әбу Мансур Мұхаммед Матуридидың (р. а. ) да қабiрi сол жерде.
Хазретi Әлидiң (р. а. ) дұғасының берекетiнен Имам Ағзамның шәкiрттерi өте көп болды. Ең атақты шәкiрттерiнiң бiрi - Имам Мұхаммедтiң (р. а. ) iлiмi жөнiнде тоғыз жүз тоқсан тоғыз кiтап жазған.
Имам Шафиғи - Имам Мұхаммедтың шәкiртi.
Имам Шафиғи : “Кiмде - кiм фиқһ iлiмiн үйренгiсi келсе Имам Ағзамға шәкiрт болсын. Себебi мағаналарын түсiну өте жеңiл болады. Мен, Имам Шафиғий, Имам Мұхаммед ибн Хасан кiтаптарын оқып - үйренiп фақиһ, ғалым болдым”, - деген екен.
Ғұламалардың айтуынша, фиқһ iлiмiнiң дәнiн Абдуллах ибн Масғуд (р. а. ) ектi, Имам Алқама ол егiндi суарды, Ибрахим Ән - Нахафий орды, Имам Хаммад бин Сүлеймен оны бастырды, Әбу Ханифа оны дирменге тартып, үн еттi, Имам Әбу Юсуф оны ашытып, қамыр жасады, Имам Мұхаммед ол ұннан нан пiсiрдi. Мiне, барлық халық сол Имам Ағзамның ұнынан пiсiрiлген нанды жеп келедi.
Кейбiр ғалымдар бұл мағынаны өлеңмен берегн:
الفقه زرع ابن مسعود و علقمه حصاده ثم ابراهيم دواسه النعمان طحانه يعقوب عجانه و محمد حبازه والآكل الناس.
Имам Мұхаммед фиқһ iлiмiн нан ғып пiсiрдi дегеннiң мағынасы фиқһ iлiмiнiң негiздерiнен тармақтарын шығарып, көптеген мәселелерге дәлелдер тауып, оларды тәртiпке келтiрiп, жүйе жасады.
Жүйенi әдемiлеп, көркемдегенi соншалық басқа басқа нәрсе қажет болмады. Бұл да болса Хазретi Әлидiң (р. а. ) дұғасының берекесiнен.
عند ذكر الصالحين تنزل الرحمة
“Ұлық кiсiлердiң жақсы iстерiн айтып, еске алғанда, Аллаһ тағаланың рахымы жаңбырдай жауады”, - деген бұрынғы даналар.
Әл-Хафиз Әбулқасым бин Асанир бұл туралы былай деген екен:
“Сахабалармен табиғиндердiң дәрежелерiнен соң Әбу Ханифа, Малик, Шарфиғий және Ахмад (р. а. ) сияқты ұлық имам мүжтәһидтердiң дәрежелерiн түсiну, олардың қасиет-ерекшелiктерiн айтып, еске алу және олардың дiнге жасаған қызметтерi мен өмiрбаянын жақсы бiлу, оны оқып үйрену жақсы амал жасағанның сауабын бередi. Көңiл Аллаһ тағаланың нұрымен нұрланып, көркейедi”.
Сондықтан отырыстарда пайдасыз сөздер сөйлегенше, ұлық ғүламалардың дiнге жасаған қызметтерiн айтып, тiлге тиек етудiң дүние және ахырет үшiн пайдасы көп.
ХАЗРЕТI ИМАМ АҒЗАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГI
Хазретi Имам Ағзамның Хаммад есiмдi жылғыз ұлы болған. Хаммадтан мәшһүр екi ұл қалады, бiреуiнiң есiмi - Омар, екiншiсiнiң есiмi - Исмаил.
Омардың айтуынша атасы Имам Ағзам Сәбитұлы, Сәбит Зуатұлы, Зут Махұлы. Бiрақ Исмаилдың айтуына қарағанда Имам Ағзам Сәбитұлы, Сәби Ән-Нұғманұлы, Ән-Нұғман Марзубанұлы, Марзубан парсылардың ұлықтарынан.
Шейх Шахабуддин Ахмад бин Хажар бұл екi кiсiнiң сөздерiне түсiндiрме бере келе, Зута мен Нұғыман бiр адам, Мах пен Марзубан да бiр кiсi деп жорамал айтады.
Себебi кiсiге екi есiм немесе бiр есiм оған қоса бiр лақап ат берiледi.
و الله اعلم بالصواب.
ХАЗРЕТI ИМАМ АҒЗАМНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ
Хазретi Имам Ағзам Әбдумәлiк бин Маруани ислам халифасы болып тұрған дәуiрде Куфа қаласында хижрий 80-шы жылы дүниеге келдi.
Ханафий мазһабын ұстанушылар Имам Ағзамның өмiрбаянын жақсы бiлiп, әрдайым ол кiсiнi дұғаларында еске алуға мiндеттi.
ОНЫҢ (р. а. ) ЕСIМДЕРI
Ғұламалардың бiрауыздан келiсiмдерi бойынша Имам Ағзамның есiмi - Ән-Нұғыман. Бұл атта бiр нәзiк сыр бар. Себебi Нұғыман “қан” деген мағынаны бiлдiредi, қан дегенiң тiрегi және тiршiлiктiң жүйесi.
Кейбiр даналар қанға - рух деп балама берген. Имам Ағзам (р. а. ) -фиқһтiң тiрегi, әрi зәру мәселелердiң тәртiп-жүйесi едi.
Немесе Нұғыман - қызыл гүл, яғни қызғалдақ мағынасын бiлдiредi. Хазретi Имам Ағзам фиқһ бағының қызғалдағы, яки ислам гүлiнiң қызыл өзегi.
Немесе Нұғыман - нығмет, сыйлық мағынасын бiлдiредi, яғни Хазретi Имам Ағзам Аллаһ тағала тарапынан қараңғы халыққа жiберiлген рахым-мейiрiм және нығметi-тамма, яғни толық нығмет, сыйлық.
Лақап аты Әбу Ханифа, яғни мұсылмандар қауымының атасы деген мағынаны бiлдiредi. Толық айтылуы - Әбул-Милләти-Ханифати, яғни хақ дiнге бет бұрған қауымның атасы деген. Себебi хақ дiнге бет бұрған қауым - ол мұсылмандар.
Тағы бiр аты Сиражул-уммати, яғни үмметтiң шырағы деген.
Шынында, ол кiсi мұсылман үмметiн адасу қараңғылығынан тура жол жарығына шығарып, хақиқий мақсаттарға жеткiзушi шырағы. Тiптi әлемнiң жарық берушi күнi десе лайығырақ болады.
Себебi, дүниенiң тәртiбi ислам үкiмдерiне амал ету және фиқһ мәселелерiн жақсы бiлумен болады.
Қорыта айтқанда, халықтың жақсы өмiр сүруi тек қана шариғатқа амал ету арқылы болады.
ХАЗРЕТI ИМАМ АҒЗАМНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫ
Ұлы Хаммадтың: “Әкем Имам Ағзам қызыл шырайлы, әдемiше келген, айбатты, ауыр мiнездi едi. Көп сөйлемейтiн, тек сұраққа жауап берерде сөйлейтiн. Орта бойлы, салмақты, пайдасыз сөздерге еш қосылмайтын едi. Сұхбаты өте тартымды, тыңдаған адам рухани ләззатқа бөленетiн”, -деп әкесiнiң жаратылысы туралы айтқан сөздерi баршаға аян.
Шәкiртi Имам Әбу Юсуф: “Бет пiшiнi, дене бiтiмi жөнiнен адамдардың бәрiнен әдемi едi. Сөзге өте шешен, дәлел келтiруге өте ұста, тiлi жұмсақ едi. Дәрiсiне қатысқан кез-келген адам, оның iлiмiнен ләззат алатын.
Шәкiрттерiнiң шариғат мәселелерiн тереңiнен түсiнетiн ғалым болуларына көп көңiл бөлiнетiн. Имам Ағзамның шәкiрттерiне жұмсаған күш-қайраты соншалық, ол кiсiден дәрiс алған кез-келген адамның әлемге әйгiлi ғалым болуы оңай болатын”.
رحمة الله رحمة واسعة و متعنا الله بأخذ علومه آمين
Ибнул-Мубарак Имам Ағзамды сипаттай келе, ол кiсiнiң дәрежесiн өлеңмен берген екен. Ол өлеңнiң мазмұны мынадай: “Мұсылмандардың жолбасшысы хазретi Әбу Ханифа мұсылман қауымына шариғат үкiмдерiн орындаудың жолдарын өзiнiң жазған кiтаптары мен фиқһ iлiмi арқылы Забур аяттары бұрын түскен парақтарды көркемдеп әшекейлегенi сияқты, толықтырылып бердi.
Куфада да, Батыс пен Шығыс аралығында да Имам Ағзамның теңдесi жоқ”.
Түнiмен ұйыщтамай ибадат жасап, күндiз Аллаһтан қорқып ораза тұтатын. Тiлiн жалған сөзден сақтайтын, тәнiн пәк ұстайтын. Харам нәрселеден және ойын-сауықтан аулақ жүретiн. Аллаһ тағаланың ризашылығын табуды өзiне парыз санайтын.
Ол кiсi халықтың жолбасшысы һәм де патшалардың иамаы едi.
Имам Ағзамға өз заманында дұшпандық жасаған адамдар да болған. Бiрақ олардың таққан айыптарының ьарлығы қып-қызыл өтiрiк пен жала, өрмекшiнiң торындай әлсiз, дәйексiз болатын.
Бүкiл әлем мойындаған осындай ұлық адамды қорлаушы қиянатшылардың сөзi қалайша дұрыс болады.
Бұл жөнiнде Имам Шафиғий былай деген: “Барлық адамдар фиқһ жөнiнде Имам Әбу Ханифаның әйелi және бала-шағасындай. Ендi Әбу Ханифаның сөздерiн қабылдамай, оны терiске шығарып, өзiнiң арам ойын араға салған адамға әлемдердiң Раббысының жер бетiндегi құмның мөлшерiндей лағынетi болсын”.
و قال الامام الشافعي رحمة الله عليه : من اراد ان يعرف الفقه فليلزم أبا حنيفة و اصحابه فان الناس كلهم عيال عليه في الفقه. فلعنه ربي بعدد رمل علي من رد قول ابي حنيفة رحمة الله عليه.
ХАЗРЕТI ИМАМ АҒЗАМНЫҢ ТАБИҒИНДЕРДЕН БОЛУЫ, ЯҒНИ САХАБАЛАРДЫ КӨРГЕНДIГI ЖӨНIНДЕ.
Бiр сахабаны көрген, оның сұхбатын тыңдаған немесе Пайғамбардың (с. ғ. с. ) хадисын есiтiп, оны сахабадан риуаят еткен, адамды табиғин деп атайды.
Имам Ағзам 16 сахабаны көрген, оның iшiнен хадис риуаят еткен.
- Анасибн Мәлiк; разиаллаһу анһу.
- Амр ибн Хурайс; р. а. хижиридiң 85 - шi жылы дүниеден өткен.
Мухаддистердiң, яғни хадис ғұламаларының көпшiлiгi, егер 5 жасар балаға Аллаһ тағала ерекше бiр қасиет берген болса, сахабаны көрiп, одан хадис риуаят етсе сахих, дұрыс болады шешiм қабылдаған.
Демек, бес жасар баланың естуi және риуаят етуi дұрыс әрi дәлелденген болса, әлбетте оның табиғин екендiгiнде сөз жоқ.
- Убайдуллаһ бин Әли - Харис бин Жаз Әз - Зубайдий (р. а. ) хижрийдiң 86 - шi шi жылы қайтыс болған.
- Жабир бин Абдуллаһ р. а.
- Абдуллаһ бин Әбу Ауфий р. а. хижирий 87 - жылы дүниеден өткен.
- Уасила бин Ал -Асқағ р. а.
- Муғаққал бин Ясар р. а.
- Абу Ат - Туфайл Омар бин Уасила р. а. хижирий 102 - жылы қайтыс болған. Сахабалардың iшiнен ең соңғы дүниеденөткен осы кiсi болған.
- Айша бинти Ужрат р. а.
- Солих бин Сағат р. а. хижрий 88 - жылы қаитыс болған.
- Ас -Соийб бин Халад бин Суайд р. а. хижирий 91 - жылы қайтыс болған.
- Ас -Соийб бин Язид бин Сағид р. а. хижирий 92 - жылы қайтыс болған.
- Абдуллаһ бин Басра р. а. хижирий 96 - жылы болған.
- Махмуд бин Ар -Робиғ р. ахижирий 99 - жылы дүниеден өткен.
- Абдуллаһ бин Жағфар р. а.
- Әбу Имама р. а.
Бұл сегiз кiсiден Имам Ағзам хадис риуаят еткен. Бұл мағынаны ғұлама Шамсуддин Әбу Нәсыр бин Арабшах Әл - Ханафий “Жауаһирул - ақайд уа дурарул - қалаийд” атты өлең кiтабында айтып кеткен.
Қорқыта айтқанда Имам Ағзамға (р. а. ) нәсiп болған мұндай ұлық дәреже, яғни Пайғамбардың (с. ғ. с. ) сахабаларымен сұхбаттас болып, табиғин атану ол кiсiмен замандас болған басқа имамдарға нәсiп болмаған.
Замандастары мына ұлық ғұламалар едi:
1 Имам Аузағий.
2. Басрада - Хаммад бин Сулейман.
3. Куфада - Суфиян Сәурий.
4. Мадина Мунаууарада - Имам Мәлiк.
5. Мысырда - Ләйс бин Сағда рахимаһуллаһу ажмағин.
Табиғиндер туралы Аллаһ тағала Құран кәрiмде “Тәубә” сүресiнiң 100 - аятында былай деген:
و الذين إتبعوهم بإحسان رضي الله عنهم و رضوا عنه و أعد لهم جنات تجري تحتها الأنهار خالدين فيهآ أبدا ذالك الفوز العظيم.
“Жақсылықта оларға (сахабаларға) ергендерден Аллаһ разы болды. Әрi олар да Аллаһтан разы болды. Сондай - ақ Аллаһ, олар үшiн iшiнде мәңгi қалатын, астынан өзендер ағатын жәннеттер әзiрледi. Осы ұлық мұрат”.
ҰСТАЗДАРЫ
Имам Әбул Хафсул - Кабирдiң айтуынша ИмамАғзамның 4000 (төрт мың) ұстазы болған. Кейбiр зерттеушiлердiң айтуына қарағанда тек қана табиғиндерден төрт мың ұстазы бар, олардан бақа да көптеген ұстазы болған. Даруқутнийдiң пiкiрi бойынша ұстазының бiрi Лайс бин Сағд, Имам Мәлiк бин Анас және Әбу Мухаммадул - Айний.
Бiрақ ең соңғы және ең мәшһур ұстазы Имам Хаммад бин Сулеймен едi (р. а. ) .
ХАЗРЕТI ИМАМ АҒЗАМНАН ХАДИС ЖӘНЕ ФИҚҺ IЛIМДЕРIН ҮЙРЕНГЕН ШӘКIРТТЕРI.
Хазретi Имам Ағзамның щәкiрттеррiн санап шығу қиын. Себебi олкiсiнiң шәкiрттерi өте көп болған.
Олардың iшiндегi хадис ғалымдарының ең атақтылары: Яхия бин Сағид Әл - Қаттан, Абдуллаһ бин Әл - Мубарак, Уақиғ бин Әл - Жаррах, Язид бин Һәрун, Абдураззақ бин Һәммән, Даууд Таий.
Фиқһ iлiмiнен Имам Ағзамның жолын жалғастырып, фиқһ мәселелерiн толықтырып, дамытқан шәкiрттерi:
Имам Зуфар, Имам Әбу Юсуф және Имам Мухаммед едi.
1. Имам Зуфар (р. а. )
Әбу - Хузайл Зуфар бин Хузайл Қайс Әл-Әнбарий Әл Басрий (728 - 775ж) Имам Ағзамның ең үлкен шәкiрттерiнiң бiрi. Негiзi Исфахан қаласынан, әкесi Хузайл кезiнде Басраның әкiмi болған. Әбу Ханифадан фиқһ iлiмiн үйрендi. Ұстазы оны “Шәкiрттерiмнiң iшiндегi қиясты (яғни салыстыруды) ең жақсы бiлетiнi”, - деп мақтайтын. Әбу Ханифаның көптеген шәкiрттерi ол кiсi қайтыс болғаннан кейiн, имам Зуфардан дәрiс алды.
2. Имам Әбу Юсуф (р. а. ) (731 -798ж) Әбу Юсуф бин Ибрахим бин Хабиб бин Сағд бин Хабта Әл - Куфий, Әл - Ансарий.
Iлiм жөнiнен Әбу Хнифадан кейiн орын алатын, ең озық шәкiртi. Мүжтаһид дәрежесiне жеткен. Куфада 731 жылы дүниеге келдi. Куфада және Мәдинеде iлiм алды. Бастапқы кезде iлiмдi Имам Ағзам мен Әбу Ләйладан алды. Кейiнрек Мәлiк ибн Анас, Суфьян бин Уайна, Имайл бин Улая, ибн Журайдж, Ханзала бин Әбу Суфьян, Хишам бин Урфа, Әбу Исқақ Әш - Шайбаний, Сулайман Әт - Таминий сияқты әйгiлi ғұламалардан дәрiс оқыды. Имам Мұхаммед бин Хасан Әш - Шайбаний, Ахмед бин Ханбал, Яхья бин Мәлiк сияқты мәшһүр ғұламалар кезiнде Әбу Юусфтен дәрiс оқыған шәкiрттерi едi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz