Адамның рухани тіршілігіндегі діннің ролі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Дінге байланысты туындаған ғылыми пікірлердің бағыттары 3
Адамның рухани тіршілігіндегі діннің ролі 4
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Қазіргі кезде дінге нақты бөліп ден қою етек алып келеді. Социализм
қоғамында дін – апиын деп түсіндіріліп, барлық іс-әрекет дінді адамзат
өркениетінен аластату үшін жасалынған көрінеді.
Бірақ менің рефератымның тақырыбы діннің адам өміріндегі рухани
ізгіліктерге әсері жөнінде болып отыр. Демек осы кезеңге дейін адамзат
баласы дінді рухани тірек ретінде арқа тұтты деген сөз.
Өркениеттің ең шарықтап көтерілген тұстарында діннің әсері өте мықты
болған. Сол замандарда рухани жағынан кемел туындылар туындаған. Соның
мысалы ретінде Рафаэльдің, Микеланджелоның туындыларын атауға болады.
Тағы бір айта кететінім: діннің келеңсіз көріністерге жол бергені де
анық. Өйткені инквизиция дәуірі сол діннің әсерінен туындаған да болатын.
Сондықтан дінді дәріптеген кезде мұндай көлеңкелі кездердің де болғанын
есте ұстағанымыз абзал-ау шамасы.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи,
саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым
замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде
Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын
мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық
сана мен дүниетанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі,
белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль
тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды
және "діндарлық генінің" болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы
мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді
алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология
ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос
мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын
зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Жоғарыда айтылғандар - дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ,
жеке-жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын
атаймыз, деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен
философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді
әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің
өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды
құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастыру бізді діннің шын
табиғатына бір қадам жуықтата түседі.
Дінге байланысты туындаған ғылыми пікірлердің бағыттары
Макс Вебер — 1864—1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы,
талантты социолог. Фрайберг, Гейдельберг және Мюнхен университеттерінің
профессоры. Оның басты шығармасы: Протестант және капитализм рухы, деп
аталады. Өзінің осы еңбегінде ол діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен
іс-әрекеттеріне ой элементтерін, парасат енгізу, осылайша олардың
емірлеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол діннің шығу тектерін
шаруашылық қажеттіктеріне байланысты қарады. К.Маркс — 1818—1883 жылдарда
өмір сүрген, марксизм ілімінің негізін калаушы, аса көрнекті философ және
публицист. Оның дін социологиясы саласындағы шығармаларының ішіндегі ең
бастысы — Гегельдің құқық философиясына сын туралы атты еңбегі. Онда
К.Маркс дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайларына байланысты пайда болды
және ол жағдайлар жөнделген кезде дін өзінен-озі жойылады деп қорытынды
жасады. Толкот Парсонс — 1902—1979 жылдарда өмір сурген, американ
социологы, профессор. Оның басты шығармасы: Социологияның жалпы
теориясының мәселелері деп аталады. Парсонстың негізгі ойы — дін
адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да
дінді арнайы социологиялық тұрғыдан зерттеу керек дегені.
Адамның рухани тіршілігіндегі діннің ролі
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың
барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім белгілі бір діни ілім
түрінде тұжырымдалып, тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс
береді. Ол құрылымдық жағынан діни сана, діни харекет, діни ұйым болып
тарайды.
Діни сана құрылымы - діни сенім, діни ілім және діни идеология. Діни
сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады. Бірінші
сатыға діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады.
Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, дін ілім
сипатына ие болады, оның теориялық негізі жасалады, ақиқаттығы дәлелденеді.
Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.
Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет
атқарып, көрініп отырды. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші
сатысы - діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл
қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік
қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни
және азаматтық салалардан тұрады. Бүл үрдіс (процесс) сакрализация деп
аталады.
Екіншісі - діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан
азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады; діни қызмет барған сайын
өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді; қоғамдық қатынастар діни
қатынастардан оқшауланады; бірақ, діни тұтастық бұрынғысынша этностық
тұтастыққа ұмтылады.
Үшіншісі - діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни
қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық,
мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық
өкімет биліктері біржола ажыратылады. Бұл үрдіс секуляризация үрдісі деп
аталады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым
мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін
бірнеше элементтерден түрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір
ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден
қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді
ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста
тұрпайы наным-сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен
көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы қауымдық синкреттік
дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология
трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле
бастады: көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнығып; дін пайда болып,
әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның
құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді.
Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен
әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология
болды деген біржақты тұжырымға келеді.
Жануарлар өз биологиясының, дене талабының құлы, соның заңдылықтарынан
шығып кете алмайды, табиғатты соның бір құрамды бөлігі болуымен ғана
өзгертеді. Санаға ие болған адам табиғатты өз білімімен, еңбегімен
белсенді түрде өзгертіп, өзі де қоса өзгеріп отырады, табиғи-биологиялық
заңдар шеңберінен шығып еркін даму жолына көшеді, тіпті өзінің дене
құрылымын да өзгертуге мүмкіндік алады. Санасы берік, рухы күшті адамдар
әулиелер деңгейіне дейін көтеріледі, өлімді де қасқая қарсы алып елді
тәрбиелеуге ерекше үлес қосады. Бұл олардың өзіндік санасының ерекшелігі.
Өзіндік сана - сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші - өз
ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап,
қажеттілік, құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-әрекеттеріне
жауапкершілікпен қарау. Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін
анықтауға болады. Алғашқыда адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі
ретінде қоршаған табиғаттан бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі
деп қарап қарсы тұрады, мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін
еңбек қарулары жетіліп жеке семья ретінде өмір сүру мүмкіндігі туғанда
рулық сананың орнына жекелік сана, біз - түсінігінің орнына мен ұғымы
келе бастайды.
Жеке адам өзін-өзі енді көрінген басқа адамға, тіпті туыстарына да
қарсы қоя бастайды. Қара күш, соғыс қаруының жетілуі, айлакерлік, алдап-
арбау, шағыстыру т.б. қасиеттер дамып қоғамның тұрақтылығына қатер төнеді.
Осыны тоқтату қажеттілігінен жақсылық пен жамандықты ажырату, оларды
табиғаттан тыс күшке (әр елдің табиғаты әртүрлі, құндылықтары ерекше
болғандықтан) табынып бағыну, яғни алғашқы жүйелі идеология әлемдік
діндер қалыптасады.
Кең ауқымды, жалпы көзқарастық идеалдық-психикалық модельдер діни
ілімдердің жемісі, шынайы толық мәнді руханилық осы кезден пайда болады.
Идея, идеал үшін өзіңнің табиғи ұмтылыстарыңды тежеу, өзіңді-өзің
тәрбиелеу, өз-өзіңе жауапкершіліктер жүктеу жаңа сапалы адамның тұруына тың
жол ашады. Бірақ діннің мазмұнында мифологиялық білім, о дүниедегі ең ауыр
тәндік жазамен қорқыту, қара күш қолдану басым. Мұнда саналы ұстанымдардан
гөрі басқаларға еліктеу, елдің сөзінен қорқу көп орын алады. Сондықтан
нақты ғылымның, соған сүйенген рационалдық философияның жаңа замандағы
айрықша дамуы діннің рөлін күрт төмендетті, оның енді қайтып тұруы
екіталай. Осы кезден руханилықтың ғылыми негіздемелері жасала бастады.
Руханилықтың негізгі мәні – саналы түрде қоғамның тұрақтылығын,
келісімділік өмірін жетілдіріп, адамның еркіндігі мен шығармашылығына
жағдай туғызуға ат салысу. Ол өз бастауын қоғам болмаса - адамның да
болмайтыдығын интуитивтік деңгейде бағдарлаған алғашқы қауым адамынан,
өмірді-күрес дейтін биология заңына қарсы тұрып, барлық күнәні
табиғаттан іздеген, барлық адамдардың теңдігін паш еткен діни ілімдерден
алады. Адамның рухани жан ретіндегі бақыты - өз өміріне риза болып өту,
табиғаттың берген барлық мүмкіндіктерін өз бойынан ашып оны елі, жері,
халқы үшін жұмсау. Шығыс өзінің ұзақ тарихымен адамның руханилығын ту етіп,
соны игеруге ұмтылды (медитация, күрес өнерінің ішкі мәні т.б.),
материалдық байлық, өткінші тән ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz