Жұма намазының қасиеттерi


Жұма намазының қасиеттерi.
Жұма күнiмен ислам дiнiн ұлық еткен Аллаһ Тағалаға мақтаулар болсын.
Күндердiң ең ұлығы - жұма күнi . Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) - ның хадис шарифiнде былай деген.
خير يوم طلعت عليه الشمس يوم الجمعه فيه خلق آدم عليه السلام و فيه أدخل الجنه و فيه أهبط إلي الأرض و فيه مات و فيه تقوم الساعه و هو عند الله يوم المزيد كذالك تسميه الملائكه في السماء و هو يوم النظر
Күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы - жұма күнi. Адам ғ. с. жұма күнi жаралған, жұмакүнi пейiшке кiрген, жұма күнi жерге түскен. Жұма күнi тәубесi қабыл болған, жұма күнi дүние салған және ахырғы заманда осы жұма күнiн болады. Аллаһтың алдында бұл күн йаум - ул - мазид деп аталады. Аспандағы перiштелерде осылайша йаум - ул - мазид деп атайды. Йаум - ул - мазид ахиретте Аллаһтың ұлық дидарын көретiн күн дегенi.
Аллаһ Тағала бiздерден алдынғы үмметтерге, яғни яхудилер мен насрониларға осы жұма күнiн мейрам етiп алуды ұсынған. Олар болса өзара келiспей, бiрi сенбiнi, екiншiсi жексенбi күнiн таңдап алғаннан кейiн Аллаһ Тағала бұл жұма күнiн Мұхаммед (с. ғ. с. ) және оның үмметтерiне сақтаған. Кейiн Аллаһ Тағала Мұхаммед с. ғ. с. - ның үмметiн осы ұлық жұма күнiне жол көрсетiп бұл күндi мйрам етiп бердi. Сондықтан да Пайғамбарымыз с. ғ. с. : “Менiң үмметiм бұл дүниеде үмметтердiң ең ахыры болып келгенмен ахиретте үмметтердiң ең алды болады. ”, - деген.
Аллаһ Тағала Құран Кәрiмде (“Жұма” сүресiнiң 9 аятында ) айтады :
يا أيها الذين ءَامنوا إذا نودي للصلاه من يوم الجمعه فاسعوا إلي ذكر الله وذروا البيع ذالكم خير لكم إن كنتم تعلمون
Әй мүмiндер! жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде, дереу Аллаһны еске алуға ( намазға ) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар ( яғни дүние iстерiн және жұма намазға барудан тосатын әрбiр iспен шұғылдануды қойыңдар), егер бiлген болсаңдар, сендер үшiн (Аллаһты еске алу үшiн намазға ұмтылуларың) жақсы, - деп.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) Мәдинеде жұма намазына хутба айтып мiнбарда тұрған кезiнде, Деһятул Кәлiп деген кiсi шам мемлекетiнен сауда керуенiмен оралады. Адамдардың барлығы сауда - саттыққа мешiттен шығып кетедi. Мешiтте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) және он екi адам ғана қалады. Сол уақытта Аллаһ Тағала мүмiндерге ескертiп осы сүренiң соңғы аятын түсiредi:
إذا رأوا تجاره أو لهوا انفضوا إليها و تركوك قائما
олар сауданы, ойынды көрген сәтте, сол жаққа тарайды да сенi тiк тұрған бойда тастайды.
قل ما عند الله خير من اللهو و من التجاره و الله خير الرازقين
Оларға : “Аллаһтың қасындағы нәрселер, ойыннан да саудадан да жақсы. Аллаһ ризық берушiлердiң жақсырағы” - де, - деп жұма намазының қасиетi барлық нәрселерден жақсырақ екендiгiн айта келе, негiзiнде рызық берушi Аллаһтың өзi екендiгiн келтiредi.
Сол уақытта пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) : “Аллаһ Тағалаға ант етiп айтамын, егерде осы он екi адам қалмағанда едi мына кең жазық дала от болып жанатын едi”, - дедi.
إن الله عز و جل فرض عليكم الجمعه في يومي هذا في مقامي هذا
Аллаһ Тағала сiздерге жұма намазды осы күнiмде осы тұрған жерiмде парыз еттi, - деген.
Бұл дүниедегi барлық нәрселердiң өзiне жараса жақсы қасиеттi сырлары бар болғаныдай, жұманың да iшiнде Аллаһ тағала пенднлерiне сыр етiп берiп қойған қасиеттерi мол. Яғни, Аллаһ тағала қасы пендем осы жасырып қойылған сырларға жетiссе, ол үшiн ұлық неғметтерiмнен берер едiм деп тұрғандай. Бiз пенделерге Аллаһ ненi бұйырған болса негiзiнде
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz