ЗАРАТУШТРА ДІНІ
ЗАРАТУШТРА ДІНІ
Заратуштра аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі 1500 - 1200 жылдар
аралығында өмір сүрген. Ол отқа, қайырымдылық құдайы Ахурамаздаға табынуға
негізделген жаңа дін жүйесін, әлемдік этика үлгісін жасады. Ол үшін
Жақсылық пен Жамандық адам жанының да, тіптен адамзаттың да проблемасы
болған емес. Бұлар - Космос құдіреттері еді.
Заратуштра діні қазіргі Иран территориясында пайда болған. Екінші бір
деректерде Заратуштра б.э. дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырлар шамасында Мидияда
дүниеге келген. Туғанда оған ата-анасы Спитама есімін берген. Спитама
жиырма жасынан дала кезіп кетіп, он жыл бойы өз ойымен болып, тақуалықпен
жалғыз өмір сүрген. Оған ұлы құдай -Ахурамазда және оның жеті сипаты туралы
аян келеді. Өсиеттеріне өз жұртын сендіре алмаған Спитама Отанынан безіп,
шығысқа, Амудария бойына, ол кездегі Бактрия мемлекетіне бет алады. Ол ел-
елді аралай жүріп, жаңа дінді насихаттаудан жалықпайды, Ахурамазда туралы
гимн айтумен болады.
Жаңа діни ілім Бактрия мен Согдиананың әміршісі Виштасптың назарына
ілігіп, Заратуштраны өзінің кеңесшісі әрі бас діни уағызшы етіп алады.
Виштасптың жарлығымен "Авестаның" бастапқы тараулары алтын табақшаларға
түсіріледі. Б.э. дейінгі 546 жылы Бактрияны Парсы патшасы Кир басып алады.
Осы аймақтағы өктемдікке жанталаса ұмтылған Кир жаңа дінді өз ұлылығын
насихаттауға пайдалануды ойлайды.
Заратуштра діні біртіндеп көпшілікке тарап, мемлекеттік дінге
айналады. Араб жаулап алушылары келгенге дейін ол осылай мемлекеттік дін
болып қала береді. Зороастризм іздері қазірде де Иран мен Индия тұрғындары
арасынан байқалып отырады.
"Авеста". Қасиетті "Авестаның" ең көне тараулары б.э. дейінгі ХШ
ғасырға жатады. "Авеста" бойынша әлемді ең көне замандардан тұңғыш адам
басқарып келген. Оны Ангра-Майну құдай өлтірген соң, әлемде ізгілік пен
зұлымдықтың күресі басталды. Ол орасан апатқа әкеліп соқтырды: барша әлем
отқа оранып майып болды. Осыдан соң өлем екінші қайтара жаратылды.
Ахурамазданың жарық пен ізгілік әлеміне Ангра-Майнудің зұлымдық пен
қапас әлемі қарсы тұрды. Зұлымдық құдайы Ахурамазданы мейлінше жек көрді.
Бірақ, оған қарсы әлдене жасауға дәрменсіз еді: бір ауыз ізгі сөздің өзі
зұлымдық рухын құртып жібере алатын еді. Бұл күрес мың жылға созылады. Одан
кейінгі мыңжылдықта жарық пен ізгілік құдайы "фраваши" -Заратуштраның рух
болмысын жасап, оны "ғұмыр бәйтерегі" - "хаоманың " өзегіне орналастырады.
Осыдан кейінгі кезеңде жарық пен қапастың ортасындағы заттық әлем жасалады.
Ахурамазда өз қолымен бірінші адамды және бір бұқаны жаратады. Үшінші
мыңжылдықта Ангра-Майну Ахурамаздамен соғысып, бұқа мен адамды өлтіреді,
бірақ олардың ішінен адамдар шығады.
Келесі мыңжылдықта Ахурамазда Заратуштраға адам кейпін беріп,
адамдарға ақиқат дін таратуға жұмсады. Жарықты қорғай ма, қапас жағына шыға
ма - таңдауды Заратуштраның өзіне қалдырады. Адамзаттың басым бөлегінің
дұрыс өмір құруы, ізгілік жағында болуы Ахурамазданың зұлымдықгы жеңуіне
көмектеседі. Әлемнің даму циклі аяқталғанда Заратуштра жер бетіне құтқарушы
кейпінде оралады. Заратуштра діні бойынша, ақырзаман болғанда өлгендер
Ахурамазданың алдына жауапқа барады. Өлген адамның жаны аспанға ұшып, "жаза
көпіріне" барады. Оларды онда құдайлар күтіп тұрады. Күнәсіз жандар жарық
пен қайырымдылық әлеміне, күнә жасағандар зұлымдық әлеміне жіберіледі.
Адамның тәні жер үстінде қалып, табиғатпен тұтасады: қаны суға, сүйегі
топыраққа, өмірлік қуаты отқа қосылады.
Ақырзаман келгенде Ахурамазданың бұйрығымен адамдардың жаны мен тәні
бір-бірін тауып қосылады. Осыдан соң үш күнге ізгілер жұмаққа, зұлымдар
тамұққа түседі. Үш күннен соң Ахурамазда барлық адамдарды бір жерге жиып,
жерді балқытып, сол балқыған денені адамдарға жібереді. Одан күнә жасамаған
адамдар сескенбек емес, өйткені олар үшін балқыған жердің ыстығы жылы
сүттей ғана сезіледі, ал күнәлілер ол ыстықтан қуырылып қалады. Осылай
қасиетті от әлемді барлық күнә атаулыдан арылтады. Күнә жасағандар
күнәсінен тазарады. Жарық пен ізгілік құдайы қапас пен зұлымдықты біржола
жеңеді. Митра кұдай басқа құдайлардың көмегімен Ангра-Майнуді жеңіп, от
тасқынына лақтырады. Сонда әлемде қайырымдылық пен ізгілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz