Халық тәрбиесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

“Кәпірдің ғалымы мұсылман болады, мұсылманның наданы кәпір болады. ”

Хадис

Халық тәрбиесі ғасырлар бойы сараланып жұртшылықтың ой-арманы, тыныс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, тарихи және мәдени мұра.

Шәкәрім Құдайбердіұлының: “Адам атаулы бір бауырдай қылып, екі өмірде де (бұл дүниеде де, о дүниеде де) жақсылық пен өмір сүргізетін жалғыз жол - мұсылман жолы ”, - деген тұжырымы әрбір жүрекке жол тапқанда ғана адамдардың көкірегінде имандылық орнығып, бір сәттік нәпсі үшін ештеңеден тайынбайтын қатыгездік жойылмақ.

Басты мақсат - жастарды рухани қалыптастыру, ғасырлар өрнек салған дәстүрлерімізді тіл өнерімен сабақтастыра отырып сақтауда.

Рухани өміріміздегі айтулы өзгерістер халқымен қуаныш - мұңы бір әрбір жан иесінің қуатына қуат, бойына тың серпін қосқаны анық.

Оқу мен тәрбие - егіз, бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған үрдіс. Тәрбиеленуші студент - болашақ маман ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып XXI ғасыр есігінен еркін енетін дүниежүзілік мәдениетті танитын, мол мәдениетін сыйлайтын, таныта - сыйлата алатын рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы шарт.

Аллаһ Тағаланың сөзі Құран Кәрімде 114 сүре, 6228 аят, 77439 сөз бар болса, соның бәрі де тек қана тура, әділ, таза, иманды, қанағатшыл, кешірімді, төзімді, сабырлы болуға шақырады.

Адам басқа жол таппай, ал тәуекел етуге батылы жетпегендіктен ұзақ жолмен жүрмесе, онда көздеген мақсатына ешқашан жетпейді.

Өкінішке орай, Исламнан хабары жоқ, Құраннан, Аллаһтың сүйікті елшісі Мұхаммет (с. ғ. с. ) - нің хадистерін оқымаған қандас бауырларымыз алдамшы миссионерлердің сиқыр сөзіне сеніп, алдауына еріп, өз діндерін тастап өзге дінге кетіп жатыр. Олардың Аллаға деген сенімі түгілі өздерін мына жарық дүниеге әкелген ата-анасына да сенімсіздікпен қарайтын көкірегі соқыр, білімсіз, қараңғы, намыссыз, жігер - қайратсыз жандар екеніне менің ешқандай да күмәнім жоқ.

Менің ойымша, өмірде сенімсіздік пен күдік бар жерде кімнің болса да өмірге деген көзқарасы, жақсылыққа деген сенімділігі келіп, туыспен достан, бауыр мен туғаннан байланысы үзілері хақ!

Мұхаммет (с. ғ. с. ) Пайғамбарымыз бір хадисінде “Мынадай… адамның абыройын төгіп, қарғау керек: дін бұзушыларды!”-деген.

1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі 75 жылға жуық аласапыранға толы еліміздің тарихына, халықтың қалпы мен ұлттық болмысына таразы көзбен қарайық. Сонда біз тапқанымыздан жоғалтқанымыз, қол жеткізгеннен айырылып қалғанымыз әлдеқайда басым екенін аңғарамыз. Сонау ертеден келе жатқан дініміздің шаңырағы шайқалып, ұйығы босап, өзімізден де береке кетті.

Имандылық пен инабаттылықтан, қайырымдылық пен мейірімділіктен ада болып, осындай адами қасиеттерді негіздеуші дінімізден бездік. Адамдар құдайға, бір-біріне деген сенімдерін жоғалтып, тамыры бір туыстан халықтар өзара араздасып жауласуға дейін барды. Әдебиетіміз бен өнерімізде қожа молдалар бір жақты сыналып, мазақ етіледі, жастар кинофильмдер мен спектаклдерден намаз оқып жатқандарын көрсе күлетін болды. Ораза денсаулыққа зиянды деп табылды.

Ал шын мәнінде діннің, діни тәрбиенің адам өмірінде, бүкіл қоғамдық болмыста маңызды екенін шет елдерде әрқашан дәлелдегенімен бізде енді-енді ескеріліп келеді. Қазіргі газеттерде бұл аса құнды, қажетті саланы кең, молынан жаза бастады. Мешіттердің санының көбейгендігін, діни журналдар мен газеттердің және діни кітаптардың жарияланып жатқанын көзіміз көруде. Әрине бұл қуанарлық жәйт.

Ақиқаттың Ұлы кітабы - Қасиетті Құран Кәрімнің әлемдік ғылымға тигізген әсерін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Құран адамзаттың игілігіне айналғалы бергі 14 ғасырда ашылған ғылыми жаңалықтың бәрі оның аяттарының шыншылдығын растаумен келеді.

Халықты тура жолға бастаған Алланың Елшісі Мұхаммед (с. ғ. с. ) Пайғамбарымыздың “Ғылым дамыған кезде ислам да дамиды” деп жастарды үнемі білім үйренуге ғылым іздеуге шақырып отырған.

Қазақстан жерінде етек жайған секталар мен ағымдар қала мен ауылдың көше - көшесінде қалдық іздеген иттерше кезіп, тіміскілеп жүргені жұртқа аян. Бетіне жылы жүзбен қарасаңыз болды, өзіне қарату үшін алуан түрлі тәсіл қолданып, алдап, жанына жақын тартуға қолынан келгенінің бәрін жасайды. Осыдан келіп ақшаға дінін, тілін, ділін сатқан кейбір қазақ жастарын,

“өз құдығына өзі түкіріп жүрген” ақыл айтар ағаларды да көзіміз көріп жүр.

Қазақстанда не көп қазір секта көп, дін көп. Солардың бірі бүкіл Ислам әлемі теріске шығарып араларынан аластап тастаған қадиани (яғни ахмадийлер), бахабизм деп аталатын Ислам атын жамылған, Ислам дініне ашықтан ашық ревизия жасауға кіріскен, ешбір елде, ешбір ұлтта, ешбір халықта тұрағы болмаған бұл секта, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне орасан зиян тигізбсе игі.

Енді “Иегова куәгерлері” туралы бір ауыз сөз. Бұл ұйымның орталығы Американың Бруклин қаласында орналасқан. Өзінің баспаханасы бар. Онда миллиондаған тиражбен “Таурат” кітабы, “Строжевая башня” және “Пробудитесь” деп аталатын журналдар шығып, әлем халықтарының 120 тілінде басылды.

“Біз Иисус Христосты құдай деп санаймыз. Креске де құлшылық етпейміз. Шіркеулерге де бармаймыз. Біздің табынатынымыз Иегова”, - дейді олар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Дене тәрбиесі жөніндегі ұлттық спорт түрлері
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Балалардың таным қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz