Индуизм


ыИНДУИЗМ
Индуизм б. д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (басты шарты - құрбандық атау) ; таным жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар) ; адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену) .
Индуизмнің тұңғыш қауымы - "адживака" тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. "Адживака" діни идеяларын "бхагаватами" толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай - Рамаға ерекше тұғыр орнатты.
XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.
Индуизм үшін "Махабхарата" және "Рамаяна" эпостары - Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленеді. "Рамаянада" Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады.
Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан "Махабхарата" эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін '' Бхагавад-Гита" ("Жаратушы өлеңі" немесе "құдіретті өлең") философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретіндегі пракрит (материя, табиғат) туралы және одан дербес таза рух - пуруша (кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құрайды.
Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді.
"Бхагавад-Гитаның" негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудің сегізінші аватарасы (осы кейіпте көрінуі) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді. Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары, материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материалдық бастау - тамас (әрекетсіз), раджас (құмаршыл, іскер, жігерлендіруші), саттва (рухтандырушы, ой сарайын ашатын, саналы) және осылардың түстері (тиісінше қара, қызыл және ақтүстер), йога жолы (өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы), ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтер береді. Байсалдылық, құмарлықтан аулақ болу, тіршілікке байланбау сияқтылар басты адамшылық қасиеттері қатарынан аталады.
Йога "Ведаларға" сүйенеді және Веда философиялық мектептерінің бірі болып табылады. Ол әрі философия, өрі тәжірибе (харакет), жекелей алғанда, әр адамның рух еркіндігіне жету жолы, ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз сезімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады. Йога жүйесінде құдайға сену азаптан құтқарылуға бағытталған іс-қимылдың шарты және теориялық дүниетанымдық көзқарастың элементі ретінде қарастырылады. Дара (Жаратушымен) қосылу адамның өзінің даралығын сезінуі үшін қажет нәрсе. Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда адам самадха күйіне (толық интраверсия) енеді.
Иңдуизмнің тағы бір арнасы - "«у/>ййа"діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеалогиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, " Тримурти " немесе үштік ұғымы орнығады. Брахманың өзін барлық өзге құдайларды жаратушы бас құдаймын деп жариялағаны үшін оны Шиваның жазалап, бес басының бірін шауып тастағаны, сөйтіп оның адам-құдай бейнесін алуы туралы айтылады. Одан гөрі кейініректегі аңыздарда Брахма әлемді Вишну мен Шиваның нұсқауымен жаратты делініп, оның Тримуртидегі тұғыры қайта қалпына келтіріледі.
Бүкіл әлемнің бірінші негізі және абсолютті құдірет тұрғысындағы Брахманың орнын толығымен Вишну меншіктейді. Бүкіл әлем Вишнудің барлығының нысаны деген қағида орнығады. Индуизм көркем өнерінде Вишну Шеш әбжыланына отырып, әлемдік суларды кезіп жүрген құдай түрінде бейнеленеді. Оның аяғында сұлулық құдайы Лакшми отыр. Лакшмидің кіндігінен өсіп шыққан лотос ішінен Брахманы көреміз. Космогониялық сурет әлемді жаратушы Вишну бейнесін осылай береді. Аңыз бойынша әлемдік цикл аяқталғанда, Вишну бүкіл дүниені оранып, белгілі уақытқа ұйқыға кетеді. Оянған соң, оның әмірімен Брахма әлемді қайтадан жаратады. Келесі әлемдік цикл басталады.
Бүкіл көзге ілінетін және ілінбейтіннің бәріне әмірін жүргізуші Вишну өзіне жалбарынушыларға ізгілік үлестіреді. Вишну төрт қолы бар, әр қолына зұлым күштерге қарсы қолданатын қару ұстаған ер жігіт кейпінде бейнеленген. Ол Меру әлемдік тауының құздарын мекендейді. Құстардың патшасы - Гарудамен ұшып жүреді. Вишнудің аватарасы, яғни адамның, хайуанның, болмаса басқа құдайлардың кейпіне енуі туралы ілім - индуизмнің діни ғұрыптарының негізі.
Индуизмдегі әрбір құдірет иесі Вишну аватарасы деп түсіндіріледі. Осы арқылы ол космостық қуатқа (майя) ие болады. Демек, әр тайпа өзінің жергілікті құдайына сиынғанда, ол осы құдай бейнесіндегі Вишнуға сиынады. Вишну аватарасының негізгі он түрі бар. Олар - балық, тасбақа, аю, арыстан, қортық, әмірлерді, өркөкіректер мен құдайды сайқымазақ етушілерді жазалаушы брахман Парасурама, Рама, Кришна, Будда және Калка батыр. Болашақта, әлемнің ақырында Вишну Калка батыр бейнесінде келіп, дінсіздерді тегіс жойып, мейірімділік пен бақыт қоғамын орнықтырады.
Шива - денесін тегіс жылан ораған, үш көзі бар, мойнына адамның бас сүйектерінен алқа тағынған, түрінен адам шошырлықталқандаушы құдай бейнесінде суреттеледі. Кей суреттерде бетчіішіні айқын, қолдары бар. Ол Гималай тауларын мекен етіп, тақуалықпен, қалың ой үстінде ғұмыр кешеді. Аңыз бойынша, Шива әлемдік цикл аяқталғанда бүкіл жер-дүниені, барлық құдайларды жояды. Оның талқандаушылық бейнесі туралы түсінік осыдан шығады.
Мифологиядағы Шива бейнесі - қарама-қайшылықты бейне. Ол кейде жағымды жағынан да көрінеді. Мәселен, Шива мәйектілік пен шексіз шығармашылық қуаттың құдайы. Әлем әрқашан Шива және оның жұбайы - Деви құдайдың әмірімен пайда болады және әрдайымғы солардың бақылауындағы қуат арқылы жасайды. Шива өзі жеңген жынның үстіне шығып алып билеп, дүниені бірде аспандатып, бірде шыңырауға құлдыратып отырады.
Деви Шиваның тылсым куатының рәмізі бола отырып, Шива тәрізді қарама-қайшы бейнелерде суреттеледі. Ол бір жағынан қайырымды Парвати құдай болса, екінші жағынан қатыгез талқандаушы Кали. Оған, сонымен бірге, құдай-ана ретінде құлшылық етеді. Әсіресе арийлік дәуірге дейін Деви бейнесі ерекше құрметтелді. Миф Шива мен Девидің екі ұлы - соғыс құдайы және ұрылардың жебеушісі Сканда мен даналық құдайы Ганеша болғандығын жеткізеді.
Индуизмдегі абыздардың басты міндеті - шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды "гуру" деп атайды.
Құлшылық рәсімдері жергілікті жөне барша құдайлар пантеонына арнап тұрғызылған храмдарда атқарылады. Храмдарда құдайлардың көркем етіп жасалған мүсіндері қойылып, соның алдында құдіретті өлең (суттор) айтылады. Барлық тіршілік иесі Вишнуден тараған. Сондықган Вишнудың құдіретті болмысы ретінде қасиетті деп саналатын хайуандар мен жануарлар, мәселен, жылан, сиыр, маймыл, Вишну есімімен байланысты жерлер-көлдер, Ганг өзені айырықша құрметтеледі. Барлық діндердегі тәрізді брахманизм мен индуизм тарихында да қасиетті қалалар бар. Мәселен, осындай қасиетгі қалалардың бірі - бүгінгі брахманизм мен индуизмнің орталығы Бенарес қаласы. Сонымен қатар, Аллахабад қаласы да қасиетті саналады.
Индуизмнің басты мерекелері - Кришна мен Раманың туған күндері мерекелері жөне Ганеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар. Кришнаның туған күні оның балалығындағы Вишнудың сегізінші аватарасын еске түсірумен байланысты түрлі ойын-сауықпен көңілді аталады. Шиваға арналған салтанат барысында ораза түту, құмардан бойды тежеу және тақуалық жаттығулар жасау салты орныққан. Гурудан және дінге сенуші өзге адамдардан шыншылдық, өсек-өтірік, ғайбат айтпау, ұрлық жасамау, қолын қанмен былғамау және қиянат жасамау, зина қылмау, менмендік пен мақтанға бой алдырмау қатаң талап етіледі.
Сикхтар және олардың діни сенімі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz