Ислам дініндегі негізгі құндылықтың бірі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ислам дініндегі негізгі құндылықтың бірі „Мұхаммед Пайғамбар” болып
табылады.
Мұхаммед Ахмет б. Абд Аллах (570 – 632 ж. ш.) – Пайғамбар, ислам
дінінің негізін салған діни уағызшы, Құрайыш тайпасынан шыққан. Ол Меккеде
дүниеге келген. М. өзінің атасы Абд әл – Муталіптің үйінде тәрбиеленеді.
Жастайнынан кіре тартумен жақсы таныс болып, кейде кіре тарту сапарларына
да қатысады. Мұхаммед Меккелік бай әйел Хадиша бинт Хууалидтың саудасын
жүргізуге жалданады. Жиырма бес жасында оған үйленеді. Мұхаммедтің Қасым
Руқайа, Умм Күлсүм, Зейнеп, Фатима атты баллары болған. Ұлдары жастайынан
шетінеп кеткен. Мұхаммед бір Алланың ұлылығымен даналығын сипаттауы,
Арабияда тараған көп құдайға табынушылықты жоққа шығаруы, әруақтардың
тірілуі жөніндегі Аллаға иланбайтындардың бәрін тозақтың оты күтіп
тұрғандығы туралы, хиямет күні жайлы көріпкелдік ескертпелері – Мұхаммедтің
туысқандарына түсісндіруге тырысқан алғашқы „жаңалықтарының” бірі еді.
Мұхаммедтің уағызын Меккеде күмәндана қарсы алғанымен, біртіндеп
оның төңірегіне жақтаушылар да топтаса бастады, олардың бір бөлігі белгілі
ауқаттылардан болса, екінші бір тобы Меккелік қауымның ең төменгі жарлылары
еді. Мұхаммед Әбу Тәліптің қамқорлығында болды. Көптеген мұсылмандар қуғын
– сүргіннен бас сауғалап Меккеден Ефиофияға ауа көшті.
618 – 620 жылдар шамасында Мұхаммед Меккеліктермен тіл табыса
бастады. Ол Меккедегі қасиетті орын әл – Латт, әл – Ұзза мен Манат
құдайларының Алланың алдында айрықша орыны бар деп таныды. Мұхаммед
моральдық қолдау және қорғау жағынан әжептеуір ұтылды. Сондықтан ол
Меккеден басқа жерлерден қолдау іздей бастады. Ол Шаһарға сауда – саттықпен
келген адамдармен жолығып, ислам дінін уағыздады, бассауғалап баспана іздеп
Тарипке барған сапары сәтсіз аяқталды. Ақырында, 620 жылдар шамасында
Меккеден солтүстікке қарай, 400 шақырымға таяу жердегі ірі егіншілік өңірі
Ясрибтің бір топ тұрғындарымен жасырын келісім жасады. Онда тұратын көп
құдайшылармен Яһудизмді қабылдаған араб тайпаларының арасы ушығып, ұзаққа
созылған шиеленіске айналды. Әуелі мұсылмандардың басым көпшілігі, артынша
Мұхаммедтің өзі де Ясрибке көшіп келді. 622 жылдың қараша айынан (әл -
Бухара) бастап, мұсылмандар (Омар 1тұсында) жаңа дәуірдің жылдарының
басталуын есептеу – Меккеден немесе Медине атала бастаған Ясрибке көшіп
барған жылынан басталады.
Мұхаммед ислам дінін уағыздаушыдан мұсылмандарды біріктірген қауымның
саяси басшысына айналды. Біртіндеп Мединеде оның жеке билігі нығая түсті.
Мұхаммедтің басты тірегі Меккеден өзімен бірге келген мұсылмандар –
мұхаджирлер мен Мединелік мұсылмандар – ансарлар болды. Мұхаммед сондай –
ақ Ясрибтің Яһудиларынан да діни әрі саяси қолдау тапқысы келді, ол бұл
мақсат үшін Ирусалимді таңдап алды. Оларға әуелі Исламды ықыласпен
қабылдаған, артынша Мұхаммедке қарсы шыққан Иаһудилер мен Христиандардан
тұратын Ясрибтықтардың басқа да топтары қосылды.
Ішкі жікшілдік жеке дін ретінде Ислам туралы түсініктің қалыптасып,
дамуына, оның арабтық сипаттарының нығаюына ықпал етті. Мұхаммед барған
сайын исламның айрықша рөлі туралы айқынырақ, нақтырақ уағыздай бастады,
өзін Пайғамбарлардың соңғысы – „Пайғамбарлардың таңба – мөрі” санады,
Яһудилер мен Христиандарды дінсіздер ретінде айыптады. Намаз күнін сенбінің
орнына жұмаға белгіледі. Әл – Қағба қасиетті орын ретінде жарияланып, оған
барып тәуәп етуге аса жоғары мән берілді. Ол исламның басты қасиетті орнына
айналды, намаз құбылаға қарап оқылатын болды.
Мединеде Мұхаммедтің үйі, тұңғыш мешіт салынды, мұсылмандықтың
дәстүрлі парыздарының негізі – намаз, дәрет алу, ораза ұстау, азан шақыру,
харіп – хасірлерге садақа беру, тағы басқа шарттары белгіленді. Мұхаммедтің
уағыздарынан мұрагерлік, мүлік бөлісу, неке қию рәсімі қауімнің тұрмыс
шарттары нақты айқындала бастады.
Мұхаммедтің Алланың елшісі жағдайы да нығая түсті. „Аяндарда”
Мұхаммедке ерекше құрмет көрсету талабы қойылды, басқалар үшін міндетті
түрде орындалуға тиісті шектеулердің кейбірінен оның айрықша азап екендігі
„белгіленді”. Сөйтіп, Мұхаммед Меккеден діни ілімнің негізгі шарттары мен
дәстүрін құрып, қауымды ұйымдастырып, қалыптастырды. Бұл шарттар „аяндарға”
және Мұхаммедтің жекеленген сөздерінде, іс - әрекеті мен шешімдерінде
айтылған. Медине кезеңінің баснан бастап, қауымды нығайтудың және ұлғайту
жолында Меккені дінсіздермен күрес жүргізілді. 623 жылы мұсылмандардың
Мекке керуендеріне шабуылы басталды, ал 624 жылы Бадр бойында Мұхаммед
бастаған мұсылмандар Мекке жасақтарын тізе бүктірді де бұл жеңіс Алланың
мұсылмандар жағында екендігінің дәлелі ретінде қабылданып, түсіндірілді.
625 жылы Меккеліктер Мединеге жақын келіп, Ухуд тауының маңында мұсылман
әскерімен шайқасты. Шайқаста Мұхаммед жеңіл жарақаттанып оның қолы көп
шығынға ұшырады, бірақ Меккеліктер өз жеңістерін ары қарай өрістетпей кері
қайтты. Келесі жылы Мединеге қайта аттанған олар мұсылмандардың арнайы
қазылған ор бойындағы берік қорғанысына тіреліп тоқтады.
628 жылы бірқатар көшпенді тайпалар қосылған үлкен әскер қолы Меккеге
бет алып, қасиетті Меккенің шекарасындағы әл – Худайбийа деген жерге барып
тоқтады. Меккеліктер мен мұсылмандар арасындағы келіс сөз бейбіт мәмілемен
аяқталды. Бұдан кейін тура бір жылдан кейін Мұхаммед пен оның жақтастары
шартқа сәйкес кіші қажылыққа барды. Осы кезде Мединеліктердің қауымы да
күшейе түсті. Олар Солтүстік Арабияның Хайбар мен Фадактағы құнарлы бай
жарін жаулап алды, жаңа тайпалар бірінен соң бірі Мұхаммедтің одақтастарына
айналды. Осы жағдайда Меккеліктердің Мұхаммедпен құпия келісімдері де
жасалып жатты, көптеген Меккеліктер исламды ашық, не жасырын тұрде
қабылдады. Соның нәтижесінде 630 жылы Меккеге мұсылман әскерлері еш
кедергісіз – ақ кірді. Мұхаммед әл – Қағбаға тәуеп етіп оны көп құдайға
табынушылардың пұттарынан арылтты.
Меккедегі жеңіс Мұхаммедтің өзіне деген сенімін күшейтті әрі оның
Арабиядағы саяси және діни беделін арттырды. Ор Арабияның әр түрлі
көсемдерімен патшаларына және Арабиямен шектес Византиямен Иран
аймақтарындағы патша өкілдеріне Исламды қабылдау туралы хабар берді.
Меккелік қарулы жасақтар Солтүстік Арабияның тағы да шұрайлы өңірлерін
жаулап, Йеменге аяқ басты. Меккеге алуан түрлі тайпалар мен түбек
аймақтарының өкілдері келе бастады. Бұлардың көбі Мұхаммедпен одақтасу
туралы келісім жасасты. 630 жылы Хунайн маңында болған шайқастар
мұсылмандар мен оның одақтастары көшпенді тайпалардың Меккеге жасалған
жойқын шакбуылын тойтарды. Сөйтіп, 631 - 632 жылдары Арабияның маңызды
бөлігі Мұхаммед басқарған саяси бірлестікке әртүрлі дәрежеде қосылды.
Мұхаммед өмірінің соңғы жылдарында осы бірлестіктің мақсатын айқындай
нақтылай түсті. Ол ислам дінін Солтүстікке қарай таратуды алдына мақсат
етіп қойды.
Мұхаммедтің қайтыс болуына байланысты қауымның Алламен тікелей
„қатынасы” да үзілді, енді қауымды құранда жазылған Мұхаммед өсиет еткен
шариғат пен қағиданы жүзеге асыру ісінде Пайғамбардың орынбасарлары –
Халифалар басқаратын болды. Халифалардың орнына өзінің өкілдерін өткізу
құқығы үшін мұсылмандардың түрлі топтары өзара бақталастық тартысқа ұрынды.
Мұхаммедтің жақын әріптестерінің бірі Әбу Бәкір бірінші халифа болды.
Хадиша дүниеден қайтқаннан кейін Мұхаммед көп әйел алады.
Пайғамбарлардың мұсылмандарға рұқсат етілген әйелдер санынан „төрт” да көп
әйел алу құқығы Құранда арнайы негізделген еді. Көп жағдайда бұл некелердің
саяси астары болғандықтан, Мұхаммедтің әртүрлі ру – тайпалардың топтары мен
байланысын нығайтты. Аңызға сенсек Мұхаммедтің сүйікті әйелі Әбу Бәкірдің
қызы Айша деседі. Пайғамбар дүние салғаннан кейін Айша оның өсиеттерін
сақтап, таратушы ретінде көп күш жұмсаған. Мәрия атты әйел де Мұхаммедтің
айрықша махаббатына ие болған, ол Ибрахим деген ұл тапқан. Бұл баласы
жастай шетінегенде Пайғамбар қатты қайғырып, күйінеді. Аңызға қарағанда
Мұхаммедтің он бір әйелі болған, өзі дүниеден қайтқанда олардың тоғызы тірі
болса керек.
Мұхаммедтен ұл қалмаған. Мұхаммедтің қызы Фатима оның немере інісі
әрі сенімді серігі Әли б. Әбу Тәлибке тұрмысқа шығады. Қазіргі мұсылман
дүниесінде Пайғамбар тұқымынан Саидтер мен Шарифтер әулеттері тараған.
Қазіргі заманғы ғылымда Мұхаммедтің нақты тіршілік етіп Құранға
кірген сөздерінің басым көпшілігін айтқан, әуелі Меккеде, кейін Ясрибте
мұсылман қоғамын құрған. Оның тіршілік сипаттамасында (сүре), іс -
әрекеттерімен сөздері жайлы хикаяларда (хадис). Құранға берілген
түсіндірмелерде т.б. тарихи шын деректермен бірге аңыздар да көп. Соның
бәрі мұсылмандар қасиет тұтатын Пайғамбардың өмір баянын түзеді.
Исламның бұкіл тарихы бойында Мұхаммедтің жеке тұлғасы кеңінен қолдау
тауып, құрметтеліп келеді. Мұхаммед туралы сопылық зікір кезінде оқылатын
аяттың кеңінен тараған сан түрі бар. Пайғамбардың үмбеттерін қорғап –
қоршап жүретін қасиетті қамқоршы екенін мұсылмандар арасында ерекше
дәріптелді. Халық ішінде оның басына барып тәуеп етуді ғажайып құдіретті
қасиетке балайды, ол туралы ұрпақтан – ұрпаққа тараған бай аңыздар
фолклорлық шығармалардың тұтас жүйесіне айналды. Құдайшылдық жолында
Мұхаммедтің бейнесі кемелденіп, толысқан тұлға ретінде өнеге етілді. Ислам
діні ілімінің басты тарауларының бірі Сунна шын мәнінде Пайғамбардың өмір
жолын мұсылмандардың барша ұрпақтарына өнеге етіп ұсынудың үлгісі. Мұхаммед
бейнесі мен мұсылмандардың алғашқы қауымының исламның қазіргі сан алуан
ағымындағы атқаратын қызметі ерекше.
Мұхаммедтің идеялық, саяси қызметі алуан түрлі идеялогиялық
қозғалыстарының бір бөлігі. Таяу Шығыстың ерте Орта ғасырлық дәуірдегі
басты өзгешелігі де осы идеялогиялық қозғалыстар еді. Мұхаммед негізін
қалаған ілім мен қоғамның – діни қауымдастықтың- үлгісі аса өміршең,
жасампаз болып шықты. Бұл өзі, шын мәнінде, Шығыстың маңызды бөлігіндегі
феодалдық, қоғамдық экономикалық формация идеялогияларының тоғысқан бірден
– бір текстік түйіндерінің бірі. Исламның дін ретінде де жемісті өркендеуін
объективті және субъективті факторлар қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Ислам діні және құндылықтары туралы бастапқы түсінік
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Қазақстан Республикасындағы діни жағдай
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
Педагогикалық практикаға есеп беру
Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы
Діни туризм туралы
Пәндер