Көне Мысыр діні
ЖОСПАР
Көне Мысыр діні 1
Көне Грециядағы дін 6
Көне Римдегі дін 11
Көне Мысыр діні
Көне Египеттегі құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет
патшалықтарының құрылуы барысында қалыптасып, Көне Египетте ертерек
дәуірлерде Жер - Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі Хапиді культі
басым болды. Олар баршаға тіршілік сыйлаушы деп танылды. Одан бертініректе
жер құдайлары Геб және Акер, олармен қатар Аспанды мадақтайтын ана құдіреті
кейпіндегі Нут құдайына сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер - Ана мен Хапи
культінің мерейі жоғары болды. Египеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары
құдайлар мен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс береді.
Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива қаласынан
шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра - Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы
Амонмен теңдестірілді. Сөйтіп, бұл екеуі біріктіріліп, Амон - Ра Күн құдайы
пайда болды.
Көне Египеттің мифтері әлемнің жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір
қағида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болды делінсе, екінші
бірінде алдымен су болып, одан керемет лотос гүлі көтеріліп шығып, осы
гүлден Ра пайда болады да, осыған дейін қараңғылық қапасында жатқан жерге
жарық шашады. Тағы бірінде Хаостан көтеріліп шыққан аралға келіп ғажайып
құс жұмыртқа салып, одан Ра шығады. Жаратылу туралы ең күрделі миф
Гелиополис қаласында туған. Ол бойынша бір құдай екінші бір құдайды
жаратады. Бертін келе күн құдайы Рамен біріктірілген Атум құдайы Хаостан
пайда болып, өзін - өзі ұрықтандырып, екі құдіретті - ауа құдайы Шу мен
дымқылдық құдайы Тефнутті дүниеге келтіреді. Олардан жер құдайы Геб пен көк
құдайы Нут туады.
Мифтердің ішінде Мемфис қаласының қорғаушысы Птах атты құдайдың әлемді
жаратуы туралы миф ерекше маңызды. Бұл құдай барлық дүниені, бүкіл әлемді
оймен және сөзбен жаратқан. Ол аттарын тізіп айта отырып, алғашқы сегіз
құдайды жаратады. Осымен бірге Амон - Ра Египет дінінде "барлық әкелерді,
барлық құдайлардың әкесі, көкті көтеріп, жерді орнықтырушы, бірден - бір
ұлы жаратушы құдай" болып қала береді. "Амон" сөзі "құпия", "тылсым" деген
мағынаны білдіреді. Яғни, оның бүкіл болмысы көзге көрінбейтін, ғайып,
тылсым. Ол Египеттің барлық қалаларында бас құдай болып танылды. Өзге
құдайлардың бәрі жиыла келе осы бір Амон - Раның болмысын сипаттаушы болып
танылды. Амон - Ра бір уақытта Осирис те, Птах та, басқа құдайлар кейпінде
де бола алады деп саналды. Мәселен, кештің құдайы Атум, таңды
сәулелендіруші Хепри болса, осылардың екеуі де, сонымен бірге Күннің де
құдайы жиынтығында Амон - Ра деп танылды. Ол тотемдік рәміз ретінде қаршыға
және алып мысық кейпінде бейнеленді. Антропозооморфтық бейнесінде қаршыға
басты, күн тәрізді тәж киген адам түрінде салынды. Амон - Ра әлемдегінің
баршасына иелік жасап, күндіз алтын қайықпен Нілде жүзіп жүреді, түнге
қарай жер асты дүниесін кезеді деп есептелді. Ол әлемге өзінің үш көмекшісі
- данышпандық әйел құдайы Сиа, құдіретті сөз құдайы Ху және әлемдегі тәртіп
пен әділет сақшысы, өзінің құдай дағуасындағы қызы Маат арқылы патшалық
етті.
Көне Египет мифологиясында өліп, қайтадан дүниеге келіп отыратын құдай
- Осирис туралы мифтер циклі бар. Миф бойынша ол адамзатты құдайларды
құрметтеуге, қалалар салуға үйретуші, адам етін жеуге тыйым салушы. Оны
өзімен бірге туған Сет есімді құдай жек көріп, өлтірмек болады. Бірде
Осирис үлкен той жасайды. Сет тойға саркофаг ала келеді де, барлық
қонақтарды кезекпен жатуға үгіттейді. Осиристің кезегі келгенде саркофагтың
беті сарт жабылып қалады. Қуанған Сет саркофагты Нілге ағызып қоя береді.
Исида күйеуін бүкіл Египетті шарлап іздеп, ақырында Нілдің жағасынан,
саркофаг ішінен табады. Осы жерде ол құдіреттің күшімен өлі Осиристен жүкті
болып, Осирис Гор есімді құдай кейпінде дүниеге қайта оралады. Гор әкесін
тірілтіп алу үшін өзінің бір көзін жұлып алып, Осиристің аузына салады.
Осирис осылай дүниеге қайта оралады. Бірақ ол енді жер астына түсіп,
өлгендердің әміршісі әрі төрешісі болады.
Осирис осылай өліп, қайтадан тіріліп отыруына қарай әр мерзімде жыл
сайын жаңғырып отыратын барша табиғат символы саналады. Оның әйелі Исида
(Исет) диканшылық және адамзаттың білім нәрін жинауына қамқоршы Ұлы Ана -
құдай бейнесін сақтауымен қатар молшылық, отбасы және су, жел құдайы және
суда жүзу жебеушісі болып таныдды. Ол адал жар және қайырымды ана символы.
Осиристің баласы - Гор Күн құдайы Амон - Раның, өзге құдайлардың
құдіреттеріне ортақ саналды. Ол қаршыға кейпінде немесе денесі адам, басы
қаршыға түрінде бейнеленді. Бертінгі уақыттарда Гор қанатын жайған күн
түрінде бейнеленіп, оған күн сәулесінің құдайы ретінде құлшылық жасалатын
болды. Ол фараондардың Осирис қатарлы құдіретті жебеушісі саналды. Нілдің
теңізге қүятын сағасында орналасқан Бехдет қаласында оған ерекше бас ұрып,
оның құрметіне ерекше мейрамдар ұйымдастыру тәртібі болды. Гордың кұн
құдайы Амонмен дәрежелестігі түрліше көрінді: бірде ол шығып келе жатқан
күн символы түрінде бейнеленсе, бірде бүкіл мемлекеттің сақшысы әрі
қорғаушысы болып дәріптелді.
Сет Осириспен байланысты оқиғадан соң қуғындалған құдай іспетті шет
жайлаған елдер мен шөл далалардың құдайы ретінде көрінеді, оның тотемдік
белгілері шошқа, жираф немесе есек, есек басты адам, қара ниеттің нышаны.
Ай құдайы Тот (Джехути) Раның жүрегі саналды. Ол шымшық басты адам
бейнесінде салынды, тотемдік рәмізі павиан (маймыл) болды. Ол құдайлар
пантеонына көне замандарда Батыстан келіп енген, басқа қасиеттерімен бірге
шындық пен ақиқат сырына қанық, даналық, жазу, есеп, яғни сауаттылық
құдайы, Амон - Ра құдайдың қызы - әділдік құдайы Мааттың күйеуі, көне
жәдігерліктерінің және кітапханасының байлығымен мәлім Шмун (Гермополь)
қаласында ерекше құрметтелгені байқалады. Птаху құдайымен қатар қойылады.
Птаху құдайдың мәртебесі әсіресе Мемфисте жоғары болды. Ол алғашқы
құдайларды жасаушы болуы себепті Амон - Ра бейнесімен бірдей адам кейпінде
бейнеленді. Птаху - Ра құдайының жаны қасиетті Апис бұқасында болды. Осымен
қатар ол Осириспен шендестіріледі (Птах – Сокар - Осирис), молшылық және
адамды батпақтан жасаушы қошқар басты Хиум құдайының қасиеттеріне де ие.
Осылармен бірге Амон - Ра культімен байланыссыз, белгілі дәрежеде
дербес құдайлар да болды. Олар - өлгендерді жебеуші, қорқау қасқыр басты
Анубис (Инпу) құдай; сауық - сайран құдайы, отбасының жебеушісі, дұшпан
рухтардан қорғаушы құдай Бэс (бұл құдайға табыну Египетке тыстан келген деп
саналады, ол Уралда, Сібір мен Орта Азияда басым болған).
Египет мифологиясындағы барлык әйел - құдайлар Исиданың көрінісі болып
саналды. Олар: Ренеутет - тағдыр мен қамбадағы астық құдайы, жылан түрінде
бейнеленеді; Хатор - аспан және махаббат құдайы; Тефнугп - дымқылдық
құдайы; Сохмет - соғыс құдайы; Баст - сауык, құдайы, мысық түрінде
бейнеленген. Бұлардың әрқайсысының өз орындарының болуымен қатар бәрі де
Исида деп танылған. Сеттің зұлымдықты бейнелеуіне қарай оның әйелі Нефтида
да жағымсыз бейнеленіп, әрдайым Исидаға қарсы қойылады.
Осылайша Египет құдайларының пантеоны жергілікті культтердің бір
орталыққа - Ұлы құдай бейнесіне тоғысып, мемлекеттік дінге айналуы
Египеттің мемлекеттік тұтастығына қызмет етті. Көне Египеттің сан алуан,
өте күрделі, монотеизмге жуық мифологиясын, діни ілімдер мен діни
мәтіндерді абыздар мен ақсүйектердің ғана танып, білу мүмкіндігі болды. Ал
қара халық өздерінің жергілікті құдайларын құдірет санап, соларға құлшылық
жасады.
Көне Египеттегі құдайға құлшылық рәсімдері. Көне египеттіктердің діни
ғұрыптарының негізінде адам жаны және Осиристің тірілуіне сену жөніндегі
діни тұсініктер жатты. Олар адам жаны мынадай төрт бөлектен құрылады деп
санады:
1) Ба — жанның өзі;
2) Хайбет — оның көлеңкесі;
3) Рен - есімі;
4) Ка - адаммен бірге пайда болатын, бірақ онымен бірге өлмейтін,
тіптен тәнді сақтаған жағдайда өмір сүре беретін көзге көрінбейтін
екінші бейнесі. Осыдан өлген адамның тәнін бальзамдап сақтау, оның
мүрдесінің жанына қажет делінген заттар мен ас - су қою рәсімі
орныққан.
Адам өлгеннен соң оның жаны - Ба мен есімі - Рен артта қалғандардың
есінде сақталуы тиіс болды. Бұл адам жанының рахатқа бөленуіне кепіддік
санадды. Ба адам өлген соң оның жанының еркіндігінің символы ретінде құсқа
немесе шегірткеге айналады деп саналса, адамның аты - Рен құлшылық
атқаратын жерлердің қабырғаларына ойып жазылды.
Көне египеттіктердің о дүниеге қалтқысыз сенімі Осирис туралы мифтен
айқын көрінеді. О дүниеге аттанған адамдар Осирис құдаймен шендестіріліп,
олардың қабырғаға қашалған аттарына "Осирис" есімі міндетті түрде қоса
жазылатын болған. Адам жанының пейішке (Иару даласына) барып жай табуы,
сонда өзіне шығарылатын үкімді күтуі үшін жерлеу рәсімін дұрыс атқару
ерекше маңызды саналған. Адам өлген соң Иару даласына, Осиристің алдына
барады, соның көзінше Гор, Анубис және Маат өліктің жүрегін безбенге салып,
оның кінасын айырып, үкім шығарады. Бұл уақытта өлік "Өлілер кітабынан"
"Күнәні мойындау" дүғасын оқып, өз жүрегінің тазалығын дәлелдейді. "Таза"
адам Иару даласына жіберіледі де, күнәлілер денесі арыстан, басы крокодил
құбыжық - Амтқа жемтікке тасталады.
Көне Египет діні бойынша фараон жердегі құдай саналды, мемлекеттік
және дін басқару соның қолына топтастырыдды, Күн қүдайы — Раның мұрагері
және оның жер бетіндегі бейнесінің өзі болып құрметтелді. Бертініректе
фараон әкім ретінде Осириспен шендестіріліп, жерді қастерлеу рәсімдерін
тегіс басқарушы, жер қазынасының бас сақшысы дәрежесінде орнықты. Көне
Египет дінінің мемлекеттік сипаты шет аймақтардағы барлық құдайлар культін
бір пантеонға біріктіру қажеттігін талап етті. Осындай орталықтандыру
барысында Египетті басқару мен ондағы діннің тұтастығының кепілі ретінде
фараонды "тірі құдай" дағуасына көтеру заңды құбылыс болатын.
Нілдің батыс жағалауын қуалай "өлілер қаласы" созылып жатты. Осында
Осиристің тірілу ғұрпы салтанатпен атқарылатын. Салтанат барысында Исида,
Анубис, Гор, Нефтидалардың қатысуымен Осиристің жаны - Ба қайта "тіріледі".
Өліктерді жерлеу үстінде құдайларға бұқа құрбандық етіліп, аяғы ұлан -
ғайыр тойға ұласып отырған. Діни сенімде осы тойға өлген адамның жаны бірге
қатысады деген түсінік орныққан.
Египет ақсүйектеріне қойылған ең көне құлшылық ескерткіштері -
мастабтар немесе үш бөліктен түратын қабірлер. Оның алдыңғы бөлігіне
құрбандық шалатын қондырғы мен о дүниеге өткен адамға тартулар қойылатын
болған. Екінші бөлмесіне өлген адамның тас мүсіні орнатылған. Ал жердің
астын үңгіп жасалған бөлегіне саркофаг орналастырылған. Көне патшалық дәуір
фараондарының мүрдесі үшін алып пирамидалар тұрғызылған. Орта және Жаңа
патшалық дәуірлерінде пирамидалар орнына тау үңгірлерін қашап, қуалай
отырып ұзын галереялар жасалатын болған.
Әдетте ең үлкен храм қаланы қорғаушы құдайына арналып тұрғызылып, оған
құдай мүсіні қойылған. Барлық ғұрыптар мен рәсімдер осында атқарылған. Храм
тек құдай үйі болып есептелгендіктен, өзге ресми шаралар храм ауласында
ұйымдастырылған. Құдай мүсіні тұрғызылатын бөлменің кіреберісінде әлемнің
құдіретті өміріне мойын ұсынушылықты бейнелейтін залдың жобалануы міндетті
саналған. Дінбасылары (абыздар) храмнан тыс үйлерде өмір сүрді. Олардың
әрқайсысының қасиетті мәтіндер сақталатын кітапханалары болды. Храмның
ішіне құдайға тарту алып, фараондар мен дінбасыларының ғана енуіне рұқсат
етілді. Дін жолындағы қара халық аса ерекше жағдайларда ғана, мәселен,
тұңғыш бала көргенде, құдай үйінің ауласына ене алатын болды.
Көне Египетте дін басшылары нақты бір құдайға құлшылық ету принципімен
бөлінді. Олардың басында жоғарғы дінбасы - абыз тұрды. "Құдай сөзін" оқыған
немесе храм шежіресін жүргізуші діндарлардың артықшылықтары басым болды.
Дегенмен, саясатқа белсенді араласып отыратын Амон - Ра құдайының
діндарлары ие болды. Құдайға құлшылық рәсімдерін үйде атқаруға да рұқсат
етілді. Құдайлардың шағын мүсіндеріне құрбандық жасалып, солардың алдында
дұға оқылды.
Көне Грециядағы дін
Көне грек мифологиясы. Дінтану - көне грек мифологиясының дамуын үш
кезеңге бөледі. Олар - хтон (грек тіл. - жер) немесе Олимпке дейінгі кезең,
классикалық немесе Олимп кезеңі және бертінгі немесе героикалық кезең.
Бірінші, хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық
тіршіліктің негізі әрі анасы - асыраушы Ұлы Жер - Ана. Мифология бойынша
жер тіршілік иесі және оның барлық тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған
ортадан, адамның өзінің қимыл - әрекеттерінен, мінез - құлықтарынан көрініс
береді. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері - медуза, химера,
гвара т.б.
Классикалық немесе Олимп кезеңі патриархатқа өтумен, алғашқы
мемлекеттердің пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл тұтастай мифологияның жаңа
арнаға өтуіне жол ашты. Табиғат құбылыстарымен шендестірілген құбыжық
құдайлар орнына адамға қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды.
Жаңа құдайлар әлемнің, қоғамның және адамның тұтастығы үшін күрескерлер
болып суреттелді. Олардың барлығы әлемнің тең ортасы деп танылған Олимп
тауына топтастырылды. Осы орталықты айнала қоршаған космос кеңістігі ұғымы
қалыптасты. Бұдан шет жатқан, бұрынғы және бір ізге түсірілмеген дүние, жоқ
болмыс Хаос деген түсінік орнықты.
Олимп кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен
күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды,
циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне
- Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана - Жер бейнесі енді
Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайларының бейнесіне
ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары.
Теңіз құдайы Посейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид Зевстің ағалары
болып келеді.
Бертінгі немесе героикалық кезеңде әлеуметтік қатынастарда
қайшылықтардың күшейе түсуімен полистер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz