Есіру мен еркінсу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Есіру мен еркінсу
“Аудандық конгресс” деген не? Үстіміздегі жылдың 25-26 наурызында Мұратбаев
көшесіндегі 23-үйде орналасқан “Дарын” әлеуметтік-гуманитарлық институты
мен “Дарын” қазақ ұлттық гимназиясының мәжіліс және спорт залында
иеһовалардың қазақ топтары өздерінің конгресін өткізді. Мұны олар: “Иеһова
куәгерлерінің аудандық конгресі” деп атады.
Талқылаған жалпы тақырыбын: “Жаңа ізгі болмысқа ие болыңдар” деп атапты.
Конгрестерін бағдарламалары бойынша тура 9.40-та бастап: “Шаршаған,
езілгендер, Ауырлық сезінгендер, ... Қамытым да ыңғайлы, Жүгім жеңіл тым
жайлы, ...” деген сөздері бар әнмен жалғастырды. Ән айтылып болған соң дұға
оқылды. Дұға оқығанда барлығы бастарын салбыратып үнсіз тұрды. Таңертеңгі
конгрестері 12.05-те аяқталды.
Аяқталарда тағы да ән айтылды. Бірақ бұл жолы басқаша шырқады. Әннен кейін
тағы дұға оқылып бастарын салбыратып тұрды. Бұл көрініс түстен кейінгі
жиналыстарында да, ертесі күні де басталғанда және жиын аяқталғанда
қайталанды. Бірақ әр жолы басқа әндер айтылып отырды. Бастауын да, аяқтауын
да және ортадағы баяндамаларын да бағдарламада жазылған уақыттан ауытқымай,
дәлме-дәл жүргізіп отырды. Конгресте 5-6 жастағы баладан зейнеттегі қарияға
дейін болды.
Қарағанды, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Астана, Жезқазған, Шымкент, тағы басқа
қалалар мен облыстардан делегаттар қатысты. Жиналысты басқарушының
хабарлауынша, мұнда 697 адам келіпті. Жиын негізінен “Дарынның” мәжіліс
залында болып, сыймағандарын спорт залға отырғызды. Онда төрт жерден
монитор қойылып, олар басқосуды сол арқылы көріп отырды.
Бұл Иеһова куәгерлерінің Қазақстандағы қазақ қауымының конгресі. “Аудандық
конгресс” деп аталғанмен, бүкіл республиканы қамтыды. Бұлар дүние жүзіне
тарап жатқандықтан, Қазақстандағы иеһоваларды өз ішінде бір ауданның
куәгерлері деп атайды екен. Әр ауданға (әр елдегі Иеһова куәгерлері деп
түсіну керек – Н.Қ) шифр берілген. Біздегі белгілері – 1:1:1. Бірақ бұл
шифр нені білдіретінін ашып айтпады. Иеһова куәгерлерінің бастауыш ұйымдары
– топ. Әр топта 20-25 адам бар. 6-7 топ бірігіп қауым құрайды.
Әр қауымға 120-150 адам топтасқан. Қауымды ақсақалдар немесе бақылаушылар
басқарады. Мысалы, Алматыда қазақ тілінде төрт қауым бар. Олар – “Жаңа
дүние”, “Мұрагер”, “Достық”, “Медеу” деп аталады. Ал орыс тілді қауымның
саны 20 шақты. Сондай-ақ, бір-екіден ұйғыр, татар, неміс қауымдары бар. Әр
облыстағы қауым бірігіп бір облыстың куәгерлерін құрайды. Ал олар топтасып
аудандық куәгерлерді құрайды.
Мұндағы “аудандық” деп отырғандары бүкіл елдік, демек бүкіл қазақстандық
Иеһова куәгерлері. Олар өз атауларын орысша – Иегова, ағылшынша – Жаһова,
қазақша – Иеһова куәгерлері деп атайды. Сондықтан әр халықтың тіліне
байланысты атауларын ептеп өзгертеді. Біз кейде қазақ баспасөзінде “Иегова”
дегенде орысшасын атайды екенбіз.
Қазақстандағы Иеһова куәгерлерінің қазіргі басшысы – Гиглер Вернер деген
Германиядан келген 55-60 жас шамасындағы неміс жігіті. Олар басшыларын
“бақылаушы” (надзиратель) дейді. Алматы мен Алматы облысының бақылаушысы –
Белявцев Алексей деген орыс жігіті. Аудандық (қазақстандық) бақылаушының
міндеті – Нью-Йорктегі орталықпен байланыс жасап, іс-әрекетті үйлестіріп
отыру, уақытылы кітаптарды, аудиотаспаларды жеткізіп тұру, оларды облыстық
бақылаушыларға табыстап, бұлардың жұмыстарын бақылап отыру.
Әрине, ең негізгісі өздерінің идеяларын халық арасына таратып, неғұрлым көп
мүше жинау. Әр айда қандай тақырыпта діни баяндама жасалады, оны айдың қай
күніне қою керек, міне, мұның бәрін Нью-Йорктегі орталық нұсқап отырады. Ол
үшін ай сайын 27 миллион данамен 200 тілде шығып, 230 елде таратылатын
“Күзет мұнарасы” деген 30 беттік журналдары бар.
Осы басылымда әр айдың әр жетісінде қандай тақырыпта діни баяндама жасау,
қандай ән айту керек екені басылып, тақырыпқа байланысты мақала жарияланып
отырады. Журнал ай басталмай жатып куәгерлердің қолына табыс етіледі, әрі
жаңа мүшелер тарту ниетімен көшедегі елге тегін таратылады. Әнді айту үшін
“Иеһованы мадақтап ән шырқаңдар” деген қазақшасы Германияда басылып шыққан
ән кітаптары бар. Онда 29 ән сөзімен, нотасымен берілген.
Гиглер Вернер – Германиядан келген неміс жігіті дедік. Ол – Қазақстан
бойынша бақылаушы. Мұнда әйелі Дианамен келгеніне үш жыл болыпты. Вернердің
өзі қазақша білмейді. Баяндамаларын орысша жасады. Оны қазақшаға біздің
жігіттер аударып тұрды. Келешекте қазақша үйрену ойында бар. Ал әйелі Диана
үш жылда ана тілімізді меңгеріп алған. Қазақша сөйлей де, жаза да алады.
Кейбір баяндамашылар қазақша шала біледі екен. Бірақ бәрібір қазақша
жасады. Жиынның екінші күні Дианамен қатар отырған едім. Қазақ тілін нашар
білетін баяндамашылардың “Ң”-ды “Н” деп, “Ө”-ні “О” деп айтқанын ол өз
жазбасында түзетіп дұрыс жазып отырды. Осындайларды көргенде, Қазақстанда
туып, өмір бойы осы елде тұрып жатса да бір ауыз қазақша білмейтіндердің
мемлекеттік тілді үйренгісі келмей, неше түрлі сылтау айтатындары
ниеттерінің жоқтығынан екені белгілі болды.
– Конгрестің алғашқы күні жиындарын да, баяндамаларын да бағдарламада
көрсетілген уақыттан ауытқымай дәл бастап, дәл аяқтап отырғандарына
таңданып едім. Екінші күні Вернер және Дианамен танысып, олардың
Германиядан келген неміс азаматтары екенін білген соң түсінікті болды.
“Неміс дәлдігін” қазақтарға да үйретіпті. Әйтпесе қазекеңдер белгілі ғой.
Жиналысын да, тойын да жоқ дегенде жарты сағат кешігіп бастап, артынан
үлгермей жататыны. Тоқпағы келіссе қазақтар да бірдемені дәл уақытында
істеуге үйрене алады екен-ау деген ой келді. Иә, ондай жағдайда “киіз қазық
жерге кіреді” деген ғой.
Конгреске қатысқандардың көбі жастар, әрі әйелдер. Сырттай қарағанда
басқалардан өзгешелігі жоқ. Киім киісінде, шаш қоюларында ерекшеленбейді.
Айқыш (крест) тақпайды. Сондықтан жайшылықта басқалардан ажырата алмайсың.
Жиналғандардың ішінде аға жасы – елуге келген еркектер де, 70-тен асқан
оншақты кемпірлер де болды.
Шалдар көп көріне қоймады. Екінші күні байқап жүріп осы кемпірлердің ең
үлкені-ау деген кейуанамен сөйлестім. Жасы 84-те екен. “Қалай апасы,
жиналыс ұнап жатыр ма?” десем, “ұнап жатыр” деді. “Мешітке бармадыңыз ба?”
десем, “бардым ғой” дейді. “Ондағылар мыналар сияқты дұрыстап түсіндіріп,
жылы қабылдамайды. Садақа берсең бір-екі ауыз құранын оқиды да қояды.
Дұрыстап сөйлеспейді. Мыналар сияқты қиыншылығыңды қалай жеңуге болатыны
туралы айтып, жан сарайыңды ашпайды.
Бұлар жақсы, асты-үстіңе түсіп, апалап тұрады”, дейді. “Кітаптарын оқып
тұрасыз ба?” десем, “көзім жеткен үлкен қаріптермен жазылғанын оқимын, әрі
таратамын. Есік алдына шығып балаларға берсем “апа кітап берді” деп мәз
болып алып кетеді”, деп қарап отыр. Немерелері мен шөберелеріне шежіре мен
ертек айтып, ұрпағына ұлттық тәрбие береді деген кейуанамыздың түрі осылай.
Басқа дінсымақтың жымысқы жылы сөзіне алданып, ұрпағын соларға жығып беріп
жатыр. Мұндай әжелерінен “бата” алған немерелердің мешітке бара қоюы
екіталай-ау.
Жоғарыда біз конгресте сөз алғандар баяндамаларын негізінен қазақша жасауға
тырысты дедік. Олардың ішінде ана тіліне ағып тұрған, шешен сөйлейтін де,
қазақшаны жаңадан үйреніп жүрген, тілдерін бұрап сөйлейтін де қазақтар
болды.
Және де орыс, корей, татар, еврей, сондай-ақ Торьстан деген Германиядан
келген азамат та отырды. Олардың бәрі баяндаманы қазақша жасады. Кейбіреуі
қазақша тәп-тәуір сөйлесе, кейбірі әрең тіл қатады. Бірақ бәрібір қазақша
баяндама жасады. Облыстық бақылаушы Алексей Белявцев үш баяндамасының
біреуін қазақша оқыды.
Орысша жасаған баяндамасын қазақ жігіттері тікелей аударып тұрды. Сол
сияқты Гиглер Вернер де 3-4 рет баяндама жасады. Бірақ бәрінде де орысша
сөйледі. Оның баяндамаларын біреуі 20-лар, екіншісі 22-лер шамасындағы екі
қазақ баласы тікелей, ештеңеге қарамай аударып тұрды. Бір баяндаманы
біреуі, екінші баяндаманы екіншісі аударған бұл екі жігіт ағайынды сияқты.
Себебі, түрлері де, дауыстары да ұқсас екен. Дикциялары да ашық, сөздерді
нақ, анық айтады. Нағыз диктор болуға лайық азаматтар.
Сөйлемдерді де жатық, түсінікті жеткізеді. Мысалы, “не рыба, не мясо” деген
сөзді “не ары емес, не бері емес” деп әдемі аударып жіберді. Осындай ұтымды
шыққан сөйлемдер көп болды. Бұл балаларды Үкімет тауып, мемлекеттік
жұмыстың аударма бөліміне пайдаланса, еліне пайдасы әлдеқайда көбірек тиер
еді-ау деген ой келеді. Қазақтың осындай талантты балаларын секталардың
өздеріне тартып, пайдаланып жатқанын көргенде ішің удай ашиды.
25 наурыздағы түске дейінгі жиынның соңында алдыңғы қатарда отырған 14
адамды “суға шомылу рәсімінен өтуге шешім қабылдағандар” деп елге хабарлап,
басқа бөлмеге алып кетті. Оларды жиындағылар қол шапалақтап, қошеметтеп
шығарып салды. Бұл адамдардың ішінде жасы да, жасамысы да, әйелі де, еркегі
де бар. Барлығы қазақтар. Олар әдейі дайындалған бөлмедегі ваннаға бір-бір
сүңгіп шығады екен. Осыдан кейін олар Иеһова куәгерлігіне өткен болып
есептеледі. Бұрынғы дінінен бас тартады. Бұдан былай тек Иеһованың заңымен
жүріп, солардың істе дегенін істейді. Же дегенін жейді, бұдан кейін жылқы
етінің орнына шошқа етін жейтін болады. “Суға шомылу рәсімі” қазақша
айтқанда шоқыну ғой. Демек 25 наурыз күні 14 қазақ шоқынып кетті.
Жоғарыда біз, бұл жиынды қазақ қауымының конгресі дедік. Ал 2005 жылдың
қараша айында есту қабілеті нашар адамдардың конгресі болыпты. Оған 180
адам қатысып, онда 4 адам “суға шомылу рәсімінен” өтіпті. Одан кейін биылғы
жылдың 14-15-қаңтар күндері орыс қауымдастығының конгресі болған екен. Оған
3191 адам қатысыпты. Онда 39 адам “суға шомылу рәсімінен” өткен екен. Оның
да көбі қазақтар сияқты. Себебі ана тілімізді нашар білетін 2-3 адаммен
сөйлесіп: “Қазақша нашар біледі екенсіз. Қиналмай орыс қауымдастығына
бармадыңыз ба?” дегенімде, өздерінің ол жерден ауысып келгендерін айтты.
Олардың сөздеріне қарағанда орыс қауымдастығындағылардың 60-70 пайызы
қазақтар екен.
Конгресс жабыларда “Киелі үйді айналып, Қалғандай жаны байланып, ...” деп
басталатын “Иеһованың керемет үйі” деген ән айтылып, артынан дұға оқылды.
Оны оқығанда қандастарымыз бұрынғыдай тағы да бастарын салбыратып, құлдық
кейіпте мөлиіп тұрды. Қайран, Көкбөрінің ұрпақтары-ай! Шынымен Иеһоваға
жандарың байланып қалар ма екен?!
* * *
ОЙ. Қазір біз: “Қазақстанда 40-тан астам діни конфессия жұмыс істейді” деп
мақтанамыз. Бұл мақтанарлық іс пе, әлде жыларлық жағдай ма? Түптің түбінде
40 діни конфессияның басы бір қазанға сия қояр ма екен? Қырық конфессия
қырық пышақ болып қырылыспай ма? Екеуі де “Мұхаммедтің үмбетіміз” дейтін
шииттер мен сүниттер бір-бірімен сыйыса алмай жүр ғой. Алысқа бармай-ақ,
ХХ ғасырдың аяғында шиит бағытын ұстайтын ирандықтар мен сүнит бағытын
ұстайтын ирактықтар соғысқан жоқ па? Дәл қазір Иракта, шииттер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық-педагогикалық іс-шаралар бағдарламасы
Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)жайында
Ясауи фәлсафасы
Еңбек тәрбиесінің міндеттері
Ара шаруашылығы
Эксплуатациялық бедеулік. Алдын алу және диагностикасы
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау
Арал теңізінің экологиясы
Коммерциялық банктердегі маркетингті жоспарлау
Пәндер