ҚҰРАН ЖӘНЕ ШАЙЫРЛАР ПОЭЗИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰРАН ЖӘНЕ ШАЙЫРЛАР ПОЭЗИЯСЫ

Ислам "Кітаптарының Кітабы" - Құран күні бүгінге дейін мұсылман жұрты
үшін адамзаттық мәні бар шығарма ретінде маңызын жойған жоқ. "Құран - біреу
жаратпаған, Алланың өзі сияқты мәңгілік өмір сүретін кітап, "билік сөз"
(86:13).
Қасиетті Кітаптың алғашқы меккелік Фатиха сүресінен бастап - ақ Алла
Тағаланың жалғыздығы баян етіледі: "Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың
атымен бастаймын (1:1). Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән (1:2).
Шын мәнінде Алла Тағалаға жердегі, көктегі еш нәрсе жасырын емес (3:4).
Алла бір, Одан басқа ешбір тәңірі жоқ" (20:7).
Сыр шайырларының жырларында да Алла Тағаланың жалғыздығын тану, Оған
мінәжат ету сарыны айқын аңғарылады:
Ей, Алла, рақым қылғыл мұсылманға - ай,
Бергейсің өзің жәрдем қысылғанда - ай.
Ерлердің бұрынғы өткен біреуі жоқ,
Кәпірге шауып қылыш ұсынғанда - ай.
(Құлжан ақьш)
18 мың ғаламның 6 күнде жаратылуы туралы пайымдаулары да шайырлардың
Құран оқиғаларын жетік білгенін көрсетеді. Жаратылыс заңы Құран сүрелерінің
көптеген аяттарында баяндалады: "Ол "Бол!" деген күні бола кетеді (6:72).
Расында көктер мен жерді және ел арасындағы мәселелерді алты күнде
жараттық, шаршамадық (50:38). Сондай - ақ жерді төседік (51:48). Сендерді
теңселтпеу үшін өзендер, жолдар тартты (16:15) Рахманның жаратуында еш
мүлтік көре алмайсың (67:3). Біз дүние аспанын шамдармен (жұлдыздар)
безедік" (67:5).
Жыр әлемінде өзінің терең философиялық дүниетанымымен ерекшеленген
Нұртуған шайырдың өлең жолдарына осы оқиға арқау болды:
Аспан, жер, адам, айуан, түрлі шөбің
Көк, теңіз, таудан бұлақ, дария аққан.
Бітіріп алты күнде құдіретімен,
Қалдырмай тамамдаған бір сағаттан.
Аспан, жер - жаралғанның есебі жоқ.
Бейөлшеу арғы жағы Әлімсақтан.
Шайырлар поэзиясында Адам атаның топырақтан жаралу оқиғасы да
баяндалады. Қасиетті Кітапта бұл туралы: "(Мұхаммед (с.ғ.с.)) сол уақытта
Раббың періштелерге: "Әрине, мен жерде бір орынбасар жаратамын!" - деген
еді. (Періштелер): "Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба?
Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз" деді. Алла: "Мен
сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!" - деді. Алла Адамды топырақтан
жаратып, оған жан салды. Сондай - ақ сендерге есту, көру жөне түсіну
қабілетін берді" (32:8) делінген.
Бұл хикаяны Омар ақын:
Болғасын әмір парман жаппар һақтан,
Адамды жаратыпты топырақтан.
Тибеттің Меккеменен арасында,
Үстіне жауып жаңбыр қырық жыл жатқан,
- деп өрнектейді. Ал Бұқара сүресінің 33 - аятында айтылған Ібілістің
Алла өміріне мойынсұнбауын Қарасақал Ерімбет:
Әзәзіл ол уақытта ғалым еді
Суретін от пен судың салып еді.
Сафиді топырақтан жаратқанда,
"Адамнан абзал мен!" деп шанып еді.
"Дәріс айтқан Жер мен Көкке ұстазбын!" деген
Сөзіне періштелер нанып еді.
"Адамнан артықпын!" деп сәжде қылмай,
Пәлеге өз қимылынан қалып еді", - деп жырға қосады.
Құдіретті күшті Алла Адам ата Сапиолланы жалғызсыратпау мақсатында оның
ұйқылы - ояу жатқан сәтін пайдаланып, сол жақ қабырғасынан Хауа Ананы
жаратты. Ағраф сүресінің 189 аятында: "Сіздерді бір жаннан жасады, жаны жай
табу үшін оның өзінен әйелін жасады" (7:189) делінген. Бұл оқиға
Сырдың даңқты ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуовтың нақылында айтылған:
Әйел жерден шыққан жоқ
Ол да еркектің баласы.
Еркек көктен түскен жоқ
Әйел оның анасы.
Өз шығармаларында дін тарихын кеңінен арқау еткен шайырлардың бірі -
Шораяқтың Омары. Өз термесінде ол пайғамбарлар өміріндегі басты оқиғаларды
өзек етеді. Мысалы, қазақ ұғымында Қарынбай аталып кеткен һарүнның Мүса
пайғамбардың тілеуімен Алланың қаһарына ұшырауы ақын жырында төмендегінше
суреттеледі.
Тілегі әзірет Мұса қабыл болып,
Қалмады еш нышана қаумедаттан.
Қарынбай малы толып дүниеге.
Мұсаның дүғасымен жерге баткан.
Одан әрі:
Ибраһим Намуратқа қарсы келіп,
Саламат күймей шықты жанған оттан.
Смағүл қүдай үшін құрбан болып
Тамағын пышақпенен бауыздатқан,
- деп Ибраһим пайғамбардың өмірінен де хабардар етеді. Шайыр бұл жерде
Ибраһимді пүтқа табынушылардың отқа тастағанын негізге алса керек. Онда:
"Олар Ибраһимді отқа өртемекке ниет қылды. Лапылдаған өртке тастау арқылы
оны өз пүттарының жолына пияз етуге бекіді... Ибраһимді өртеуге әзірленген
отын тау болып үйілді... Арқанмен мықтап байланған Ибраһим осы лаулаған
өртке тасталды. Ибраһим өртке таеталғанымен, Аллаға деген сенімінен
айнымады, маздаған жалын оны тайсалта алмады... От оның аяқ-қолын байлаған
арқанды ғана күйдіріп, оган бостандык әперді. Алла тағала Ибраһимді пөледен
қағып, отты жылу шығаратын кұйдіретін, табиғатынан түлдыр етті" (Қүран
хикаялары, 1992.32).
Қасиетті Итаптың хаж сүресінде: "Біз өрбір үммет үшін өздеріне берілген
малдардан Алланың атын ғана атап, қүрбан шалуды бекітгік" делінген (22:33).
Омар акьшның жоғарыда келтірген деректері де осы аятпен байланысты. Смағул
- Ибраһим пайғамбардың жалғыз баласы. Алла түсінде аян беріп, Ибраһимге
жалғызын қүрбандыққа шалуға әмір кылады. Жаны қатты күйзелсе де Ибраһим
Алланың әміріне шын ыкьшасын танытады. Бірақ, Алланың құдіретімен Смағұлды
бауыздаған пышақтың жүзі майырылып қалады. "Ибраһим "Қайтемін?" - деп
Аллаға жалынды. Алладан уәһи келді: "Уа, Ибраһим! Түсінде берген омірімді
бүлжытпадың, сол бойынша істедің. Сендерге кеңшілік етемін. Бала
қүткарылды. Әке Аллаға алғыс жаудырды. Смағүлдьщ орнынан күрбандықка шалуға
Аллаға бейіштен жуан семіз кой тұсірді... Қолындағы пышагамен дереу койды
кұрбандыкка шалды". (Қүран..., 1992. 396).

Қүранның 12-сүресінде "Жүсіп" өңгімесі - өңгімелердің ішіндегі ең
көркемі. Жүсіл - Шығыс өдебиетіндегі сұлулық эталоны. Бүл өңгіменің желісі
ксзінде Шьныс жұлдыздары Фирдоусидің "Иусуф вө Зулайха", Әлидің "Қисса-и
Иусуф", Дүрбекгің "Иусуф вө Зулайха" сияқты атақты дастандарьша өзек болды.
Шораяқтың Омары да:
Жүсіпті Мөлік заңғар саудагерге ; -Оң сегіз қара пүлға күл ғып
сатқан. у •• ... .-.•' Жүсіптің қолы жетіп дөрежеге , •, Туыекан
ағасынан азар тартқан, - . : ..-••. деп осы өңгімедегі
оқиганы жырға қосады. , :• : ,
Әйуп пайғамбардьщ да Аллаға шексіз берілгендіп, төзімдідііі мен
адалдығы ақын назарынан тыс қалмайды: . . ••. •. . Бөлеге Әйуп нөби
сабыр ойлап, ; , Бөдәны саһатланды
жарақаттан.
Бүл жолдар Ібілістің азғырғаньш елемей, Аллаға құлшьшық етуден жазбаған
Әйуптің өмірінен хабардар етеді. Ол балаларынан да, байлығынан да айрылады.
Бірақ тура жолдан таймайды. Енді Ібіліс амалдап жүріп Әйупті ауруға
шалықтырды. Әйуптің аурудан күр сүлдері ғана қалады. Сонда да Аллаға
мінәжат етті. Әбден амалы таусылған Ібіліс енді оның өйелін азғырды,
Әйелінің алдауға түсіп, азғырғанға ергеніне ашуланған Әйуп: "Егер осы
аурудан айьгксам, саған қалайда жүз қамшы дүре согамын" дейді. Пайғамбар
жалшз қалғаннан кейін де Аллаға итыхат ете берді. "Ауруы да мейлінше
асқыңды. Ол Алладан медет тіледі. Кейімей, назаланбай" мінөжат қана жасады.
- Е, раббьш,- деді ол, - жанъша қатгы зақым жетгі, ең рақьшды
шапағатшым. Сол тұсга оның иман-итыхаты ең шырқау шегіне жеткен еді. Ол
өзөзідцің уәсуөсөсін тойтарды... Алла Тағала оның мінөжатын кабыл алды,
оның аризасына қүлақ асты.
-Алдыңа қарай жүгір, - деген уәһи келтірді Алла оған, - аддыңнан шапшыш
бүлақ кездеседі, оның суынан ішіп, жуын. Совда ада-күде жазыласың. Күш-
қайратың баяғы қалпына келсді. Әйуп солай істеп, күлан-таза сауығып шыға
келді". (Қүран..., 1992.140). Алла Әйуптің өйелінің жүрегінің таза
екендігін ескеріп, оған кеңшілік жасайды. Әйупке тек күріш сабанымен жеңіл
ғана ұруға омір етеді. Ақырьшда Алланың шапагатына бөленген Әйуп тағы да
балалы болып, мол дәулетке ие болды.
Омар ақын одан өрі:
Іскендір қос мүйізді Зүлқарнайын,
Дүнияны екі айналды Гоһиқаптан ...
Нұхыньщ наласымен жердің жүзін
Қаптап ед топан суы дүға айбаттан, - деп пайғамбарлар тарихына тереңдей
барады.
Зүлқарнайын - Александр Македонскийдің Шығыстағы аңызға айналған
бейнесі. Ол туралы хикая-аңыздар "Александрия" деген өзінше жанрға айналып
кеткен. Шығыс өдебиетінде Зұлқарнайын бейнесінің Науаи, Низами, Жөми,
Еазали, Абай шығармаларында сомдалғаны белгілі. Рабғүзи қиссаларын
зерттеген белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб әдебиетінің тарихы
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Исламға дейінгі араб поэзиясы тарихи дереккөзі ретінде
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
А.ЯСАУИ, Ж.БАЛАСАҒҰН, А.ЖҮЙНЕКИ және РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛЫ
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Пәндер