ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН МЕШІТТЕРДІҢ МОНУМЕНТАЛДЫ - СӘНДІК БЕЗЕНДІРІЛУІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН МЕШІТТЕРДІҢ МОНУМЕНТАЛДЫ - СӘНДІК БЕЗЕНДІРІЛУІ
Орта Азияның монументалды - сәндік өнері діни құрылыстардың сәулетімен тығыз байланысты. Исламның мемлекеттік ретінде орнығуына байланысты сан алуан ғибадатханалық құрылыстар ғимараттың негізгі түрі - мешітпен алмастырылды. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедерсуретпен, ағаш және ғаныш ойма суреттермен безендірілген. Мұндай құрылыстардың интерьеріндегі монументалды кескіндеме және сәндік пластика сәулетпен тұтасып, өнер синтезін (тоғыстығын) құрайды. Мешітті әшекейлеуде бейнелеу негізі ою - өрнек болды. Ою - өрнектің өсімдік, геометриялық бейнелеу түрлерімен қатар өрнектік өнер дәрежесіне көтерілген эпиграфика кең түрде пайдаланылған. Тор мен жиектерді құра отырып, геометриялық ою - өрнек интерьерде өсімдік өрнек үшін өзіндік бір арқау болып, бейнелеу жазықтығын ұйымдастырды және онымен ажырамас тұтастықта болды. Эпиграфикалық ою - өрнек ислам дінін насихаттаудың өзіндік бір түрі болып табылды. Жазу жолақтары михраб қақпасын айналып, мешіттің кіре берісіндегі қақпаны көмкеріп, орталық порталдың ауқымымен, күмбездің барабанын жиектеп, мешіттің интерьерін әшекейлегенде пайдаланылады. Мекке жағына қараған ішкі қабырға - михраб - интерьерде ең көп шамада сәулеттік сәндеуді шоғырландырады.
Қолданбалы өнер түрлерінің өрісінің кеңеюі, ою - өрнек гаммасының баюы, өркендеуі және бейнелеу канондарының орнығуы Орта Азияда монументалды - сәндік өнердің дамуының нәтижесі болып табылды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тарриториясында мешіттер құрылысы кеңінен дами бастады. Көпшіліктің кіруіне ашық болған, қоғамдық сипаттағы сәулет құрылысы - мешіт - әр қашан да өзіндік бір Олимп секілді болатын. Оны безендіруде суретшілер өз дәуірінің бейнелеу өнеріндегі технологиялық жетістіктерін пайдалануға ұмтылатын.
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты - Қазақстанның монументші суретшілерінің осы ерекше саладағы жетістіктерін ашьш, көрсету. Сонымен қатар, осындай істерді орындағанда туатын проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру. Автордың өз тәжірибелік ақпаратына негізделіп, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының мешіттерін безендіруші, бас суретші - Ешкенов Ғазиз Ағзамұлының жеке жинағының фотодеректерімен суреттемеленген.
Осы күнге дейін жеткен, орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік бір тұмасы, құрылыс, сәулет өнері және кәсіпшілік салаларындағы жетістіктерді тоғыстырған ескерткіш. - Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи құрылыс кешені.
Монғолдарға дейінгі кезеңде өнердің өркендеуі сәулет және қолданбалы өнерлерінің дамуында өз тоғысын тапқандай. Көп түсті жыланкөзді жылтырақпен қапталған керамика өндірісі дами бастайды. Көптеген құрылыста пайдаланылатын шикі қыш пен пасхамен қатар күйдірілген қыш кең таралды. Тұтқырлық материал ретінде ғаныш (алебастр) пайдаланыла бастады, және де одан сәндік бөліктер жасалды. Ғимараттардың қасбетін безендіруде кең түрде терракоталық және изразецтік тақтайшалар қолданылған. Қақпа көтеру әдісі жетілдіріле түсті. Күмбездерді құрастыру дами түсіп, олардың түрлі формалары, жебелік арқалықтардың түрлері пайда болды. Моңғол шапқыншылығына дейінгі саңлақ ескерткіштерге Бұхарадағы Ысмайыл Саманидің кесенесі, Тараз жанында орналасқан Айша бибі мен Бабажа қатынның кесенелері, Бұхара мен Самарқан аралығындағы жолда орналасқан Рабат - и - Мәлік керуен - сарайы, Уапкент пен Бұхарадағы мұнаралар, Мервтегі - сұлтан Санжардың күмбезді кесенесі жатады.
Бүкіл Орта Азияны біріктірген Темірдің орасан зор құрылыс қызметі монументалды салтанат стилін тудырды. Изразецтік мозаикамен мол сәнделген, әсерлі порталды және күмбездері биікке көтерілген айбынды құрылыстар әміршіні ардақтап, оның құрған әскери - феодалдық мемлекетінің ұлылығын көрсету үшін арналды.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесін безендіруде мозаикалық жұмыстар мол орын алады. Мозаика - монументалды - сәндік өнерінің мол қорының құралы болып келіп, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Материалдың мықтылығы және оның бейнелеу ерекшелігі уақыт өтсе де өзгермеген, тек оны пайдалану әдістері мен істеп шығару қоспалары өзгереді. Мозаика ежелден бері интерьерлердің, көбінесе діни сипаттағы қоғамдық кұрылыстардың экстерьерлерін безендіруде қолданылады. Бұл материалды дұрыс пайдаланып, барлық технологаялық әдістемелерін сақтай білсе, мозаика материалымен орындалған жұмыстар ұзақ уақыт бойы өзінің құндылығын жоғалтпайды. Мысал ретінде Қожа Ахмет Йассауи кесенесін, Самарқан қаласындағы Регистан алаңындағы діни құрылыс кешенін, Стамбул Қаласындағы Әулие София Соборының мозаикасын келтіруге болады.
Тақтайшалар қалау технологиясы бойынша мозаика римдік және флоренциялық больш екіге бөлінеді. Мозаикамен ою - өрнектік жұмыстармен қатар реалистік бейнелерді суреттеуге болады. Бұған социалистік реализм өнерінің өркендеу кезеңінде монументал - суретшілердің орындаған мозаикалық паннолары керемет мысал бола алады.
Алматы қаласының мешітін безендірген кезде суретші Ғазиз Ешкенов мозаиканы қолмен теріп, қалау қажеттілігімен кездесті. Мозаика орталық порталда П тәрізді каллиграфияны құруы, яғни мешіттің орталық кіре берісін қоршаған жазықтығын қамтуы керек еді. Жұмыстарды орындаудың жалпы көлемі 60 кв. м. жуық болды. Каллиграфияны Стамбулдан келген шебер Хасан Челяби орындады. Бұл салада ол кісінің беделі бүкіл Еуропа мен Алдыңғы Азия бойынша өте жоғары. Жұмыстарды менімен бірге Мұхаметжан Сүлейменов және Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Монументалды кескіндеме" бөлімінің 1996 ж. түлектері орындады.
Жұмыс кейбір қиындықтардан басталды. Біздің мозаика қалау технологиясымен таныс екеніміз даусыз. "Монументалды кескіндеме" бөлімінің оқу жоспарына мозаиканың жазықтықта қолмен теру жұмысы, сонымен қатар әр түрлі бедер суреттерді қолдану кіреді. Бірақ материалдың қымбаттығы мен басқа себептерге байланысты біз мозаиканы мұндай көлемде орындай алмадық. Сонымен бірге қодданылған материалда да айырмашылық болды. Егер бұрын отандық смальта пайдаланылса, бұл жолы материал ретінде бүкіл әлемге әйгілі "ВІZZASА" фирмасының итальяндық смальтасы болды. Ол бүйір жағы 2 см. тең шаршы модуль тәрізді. Қол еңбегі арқылы бұл модуль қажетті көлемге дейін өңделіп, теріледі. Мұндай жұмыстар Түркияда қалай жүргізілетіні туралы тиісті ақпаратты Ғазиз Ешкенов бізге толық түрде түсіндірді. Басқасы практикалық - тәжірибе жұмыс барысында меңгерілді. Біз орындаған жұмыстың түрік іскерлерінің жұмысынан негізгі айырмашылығы мозаиканың бар үстімен графье сызығының орындалуы. Түркияда мозаикалық графье тіке каллиграфия бойында сақталады. Бізде графье каллиграфия әріптері терілгенде де, каллиграфиядан бос алаңды мозаикалық модульмен толтырғанда да сақталды. Картонды масштабтау жұмыстарынан бастап, мозаиканы теріп, тікелей қабырғаға құрастыруға дейінгі жұмыстардың барлығы толық өтті. Жалпы, бар жұмыс жарты жылға созылды.
Қолмен терілген мозаика тек Алматы қаласының Орталық мешітінің орталық порталында көрсетілген. Экстерьердің бірінші қабатының арқалық сипатты қуыстары мен күмбездің барабаны түрік іскерлерімен оқтау мозаика әдісі арқылы Түркияда өндірілген смальтадан құрылған. Ол жағы I см тең модуль болып келеді. Осы модульдер әдетте 50 х 50 см көлемдегі арнайы таспаларға оқтау әдісімен бейне (сурет) терілу арқылы жасалады. Бұл әдіс - кілемдегі бейнені жүн түйіндерін оқтау арқылы терген секілді.
Қазақстанда құрылымы мен мүмкіндіктері бойынша шетелдік аналогтардан еш кемшілігі жоқ, өз материалдарын өндіруге мүмкіндік баршылық. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін қайта құру жұмыстарының барысында археологтар мен реставраторлар мозаикалық және изразецтік материалдарды өндіру технологиясын толық көлемде жаңадан жасаған. Келешекте монументалды - сәндеу жұмыстарын жүргізгенде бұрын Қазақстан территориясында пайдаланылған материалдар мен технологиялар іске асырылса деген тілек білдіргіміз келеді. Біздің мемлекетте мұндай ерекше жұмыстың, айта кетсем, мешіттерді безендіру қажетгілігі тұғанда кереюі мамандар табыла қойды. Негізінде бұл "Монументалды кескіндеме" бөлімінің түлектері, және де олар қойылған міндеттерді ойдағыдай игерді.
Түркияда қалыптасқан дәстүр бойынша, мозаика саласында жұмыс істеуге маман шеберлер өз тәжірибесін тек отбасылық әулеттік бағытпен жеткізген. Бейтаныс адам мұндай ерекше күрделі салада арнайы білімсіз меңгере алмайды. Бізде Т. Жүргенов атындагы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Монументадды кескіңдеме" мамаңдығының студенттерінде болашакта қоғамдық ғимараттардың сәулетті - кеңістіктік ортаны әсемдеуге қажетті болатын практикалық машықтар мен әдістерін толық көлемде игеріп алуға мүмкіндіктері бар. Мешіт секілді ғимаратты көркемдейтін суретші монументал - суретшінің жан-жақты біліміне ие болуы керек. Өнердің сәулет, материалдар технологиясы, кескіндеме сияқты салаларының біліміне ие болған, және май, темпера, фрескамен жан - жақты жұмыс істеу машықтарына ие болған монументал - суретші ғана бұл мәселені сауатты түрде шеше алады.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастырғанда бөліп айта кететін мәселе бар, ол - мешіттің эскиздік бөлімін болашақ безендіру жұмысына суретшіні қатыстырмайтындығы. Егер болашақ монументалды - көркемдік жұмыстардың жобалау - сәулеттік және эскиздік бөлімдері бірге орындалса жөн болар еді. Әрине, монументал - суретші сәулеттік жобалау тәжірибесіне ие болу керек екені сөзсіз. Өткен жұмыстардың тәжірибесінен, ең жоғары нәтижеге жоба бойынша бас сәулетші мен безендіру бойынша бас суретшінің творчестволық бірігуі арқылы ғана жетуге болатыны белгілі. Социализм уақытында мұндай әдіс бірнеше рет жүзеге асырылып, өзінің келешегі бар екендігін дәлелдеді. Суретші безендіруге объектінің әлі де жобаланып, сәулеттік эскиздер түрінде болғанынан бастап кірісуі керек. Монументалды - көркемдік жұмыстарды атқарудың эскиздік - жобалау бөліміне нақты объектінің болашақ сәулеттік - кеңістіктік ортасының кешенді көрінісін безендіру үшін суретшінің барлық жерде қажет еткені ескерілуі керек. Егер эскиздер мұқият түрде жетілдірілсе, болашақта тәжірибелі түрдегі проблемалар азая түседі.
Жаңа экономикалық уақыттың келуімен бірге тендер ұғымы пайда болды. Менімше, мұның өзінде бір заңды қажеттілік бар сияқты. Тендер - елеуіштей ең жақсысын елеп алады. Тендерге қатысушы творчестволық ұйымдар мен суретшілер оның шарттарымен, орындау мерзімімен таныса отырып, өз эскиздік жобалары мен сметаларын ұсынып, әр бір кезеңде ең жақсы даярланғандарды анықтайтын сайыстан өтеді. Тапсырыс беруші, өзгеше айтқанда, тендер ұйымдастырушының тендер шарттары бойынша ұсынылған эскиздік және жобалау материалдарынан таңдап алуы керек, сондықтан бұл жүйе қажет.
Ешкенов Ғазиз - Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы орталық мешіттердің интерьерлерін безендіру жөніндегі бас суретші. Аталған ғимараттардың интерьері монументалды - сәндеу құралдарының мол қорымен таныстырады. Әр түрлі материалдардың қолданылуы: бұл глазурьлік нақыштауы бар сәнді керамикалық кірістірмелер, іргелік, күмбездік нақыштау мен мозаикалық панно, ағаштан оймыштап жасалған сәнді панельдер, ойылған терезелік торлар мен есіктер. Бұлардың тұтастығы ғимаратқа Храмға сай ерекше салтанатты - мерекелік түрін беріп тұрғандай. Монументалды - сәндік өнерінің құралдарының икемді пайдалануы бейнелеу міндеттемесін шеше отырып, сәндеу элементтері ерекшеленбей, өз салмағымен сығымдық етпей, сәулет пен интерьер бойынша суретшінің өнері және Құдай храмы - мешітте тұрған адам арасында қысқаша үйлесім құрастырады.
Ғазиз Ешкенов безендірген әр бір мешіттің интерьерінде өзіне ғана тән ерекшелік, сәулеттік және көркемдік стилі бар. Алматы қаласының Орталық мешітінің михрабы осындай ерекшелікке ие. Ол михраб негізінде П тәрізді болып, Мекке жаққа бағытталған іргеден түгелдей томпая шығып тұрып, ортасында ойықшасы бар дәстүрлі стильде шешілмеген. Ол орталық панно және екі жағындағы панно - жармалармен бір өзіндік жазықтық құрайды.
Астана қаласындағы Орталық мешіттің күмбезі және күмбез астындағы жайды нақыштауы өзіне ерекше назар аудартады. Өрнектік масштаб пен түсті колористиканың ара қатынастығының ұтымды қалануы күмбезге қайталанбас сипат бергендей. Ол адамның назарын тартып, ой - қиялдарын Құдайға зейіндейтін секілді.
Қарағанды қаласының Орталық мешітінің қабырға, төбе, күмбезінің нақыштауы адамның назарын бейнелеу байлығымен таңдандырады. Бұл Қазақстанда өзінің ішкі жасау - жабдығымен Орталық және Орта Азияның ортағасырлық мешіттерінің сәнді безендіруін еске салатын жалғыз мешіт. Мұның өзі бұл мешіттің интерьерін безендірген суретшілердің кәсіптік шеберлігінің көрсеткіші.
Нақыштауларды орындағанда, бүгінде қоладанылатын материал - акрил. Өзінің техникалық қасиеттері бойынша ол темпера әлде сулы эмульсиялы бояуға ұқсайды. Дымқылдылық беріктігі мен иілімдігі сияқты тиімді қасиеттерімен басқа материалдардан ерекшеленеді. Колористикалық реңдерді таңдау шексіз. Жаңа материалдар пайда болуымен бірге монументалды - сәнді өнер саласының дамуы үшін жаңа өркендер ашыла бастайды.
Өкінішке орай, жаппай түрде интерьерлердің безендіруінде "евроремонт" деп аталатын әдіс пайдаланылады. Эстетакалық - практикалық жақтары жақсарғанымен, әрбір сәулеттік ортаның көркемдік ерекшелігі жойылады. Интерьерлер түссіз, демек, жансыз болады. Ал негізінде моунментал - суретшілер дизайнерлермен бірігіп, дүкендер, кафелер, ресторандар, офистер, клубтар, театрлардың интерьерлерін безендіру арқылы адамның күнделікті өмірін әсемдей алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz