Рамазан айының қасиеттерi


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Рамазан айының қасиеттерi

Бүкiл әлемдi жаратқан құдiретi күштi иемiз Аллаһ және оның сүйiктi пайғамбары Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) жақсы көрген айы қасиеттi рамазан ай.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) өзiнiң хадис шарифiнде: “Айлардың ең ұлығы рамазан, құрметтiсi зул хижжа”, -деген. Және бiр хадисiнде: “Кiмде-кiм рамазан айының кiруiне қуанса, оған тозақ оты харам болады”, - деген .

Аллаһ Тағала рамазан айында дүние аспанына ахирет күнiне дейiн үкiмдерi, тiптi бiр әрiпi де өзгертiлмейтiн, пенделерге әрдайым қажеттi болған қасиеттi Құранды түсiрген. Мiне осының өзi рамазан айы Аллаһтың алдында ұлық мәртебеге ие, әрi сүйiктi айлардың бiрi екендiгiне дәлел.

Ислам бес нәрседен тұрады:

1. Аллаһтан басқа тәңiрi жоқ және Мұхаммед оның елшiсi, - деп куәлiк беру.

2. намаз оқу.

3. Зекет беру.

4. қажылыққа бару.

5 рамазан айында ораза ұстау.

Хадис - құдисте Аллаһ Тағала былай дейдi: Адам баласының оразадан басқа ғибадат амалдары өзi үшiн. Ал рамазан айының оразасы мен үшүiн ғибадат болады. Мен ораза ұстағандарға көптеген сыйлықтар беремiн. Ораза ұстау - жәннат. Сiздерден ораза ұстағандарың күндiзi әйелдерiне жақындаспасын және ешкiммен ұрыспасын. Егер бiр кiсi ұрыспақшы болса, онда : “Мен ораза үстаушымын”, - деп айтсын. Ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иiс мен үшiн мисктiң (хош иiстi су) иiсiнен де жақсы.

Ораза үстағанның екi қуанышы болады. Бiрiншiсi ифтарда яғни ауызын ашқанда. Екiншiсi қияметтi жаратқан иесiне кездескенде, ораза үстағанына қуанады.

Аллаһ Тағала Құрани Кәрiмде “Бақара” сүресiнiң 183-187 аяттарында былай дейдi: “Ей иман келтiрген пенделер, тақуалы кiсi болуларың үщiн, сiздерден iлгерi өткен халықтарға фарыз етiлгендей сiздерге де бiрқанша күн ораза ұстау фарыз етiлдi. Ендi сiздердiң қайсы бiрлерiңiз сырқаттанып қалса немесе жол сапарында болса, бұндай жағдайда (ораза ұстай алмаған күндерiнiң) санын рамазаннан басқа күндерi ораза ұстайды. (Кәрiлiк немесе сырқатынан) Ораза ұстауға қиналатын кiсiлер бiр кедей - бейшараға бiр күндiк фитр садақа мөлшерiнде ақы төлеуi қажет. Ендi кiмде - кiм өзi ынтығып (ләзiм болғаннан артығырақ төлесе), ол өзiне жақсы. Бiлсеңiздер тағам төлеуден көре ораза ұстағандарыңыз сiздер үшiн жақсырақ. Рамазан айы сондай бiр ай, ол айда адам баласын тура жолға бастайтын, хақ жолды көрсетiп берушi аяттарды өз iшiне алған және (ақ пен қараны) айыратын Құран түсiрiлдi. Сендерден кiм рамазан айында болса, оразасын ұстасын. Ал кiмде - кiм осы айда ауырып қалса немесе сапарда болса, басқа күндерi оразаның санын толтырсын. Аллаһ Тағала сендерге жеңiлдiктi қалайды, ауырлықты қаламайды. Бұл санын толтыру және тура жолға бастағанына Аллаһты ұлықтау үшiн. Қане ендi сiздер шүкiр етсеңiздер. Пенделерiм сенен (Эй Мұхаммед) мен жайымда сұрайды, мен оларға жақынмын. Маған дұға еткен уақытта дұға етушiнiң дұғасын қабыл етемiн. Ендi тура жолда жүру үшiн (олар да) маған жауап берсiн және маған иман келтiрсiн. Сендерге рамазан кешiнде әйелдерiңе жақындасу халал етiлдi.

Олар сiздерге киiм, сендер оларға киiмсiңдер (яғни адам баласы киiмге мұқтаж болғаныдай ерлi - зайыптылар да бiр - бiрiне өте мұқтаж) Аллаһ сiздер өздерiңе зиян қылатындарыңды бiлдi. Сондықтан тәубелерiңдi қабыл етiп, күнәлерiңдi кешiрдi. Ал ендi (бұдан бұлай рамазан кешiнде де) оларға жақындасыңдар. Аллаһ сiздер үшiн жазған (перзенттi) талап етiңдер. Таңнан, қара жiптен ақ жiп (қараңғылықтан сәуле) айырылғанға дейiн iшiңдер, жеңдер де сонсоң оразаны кешке дейiн толық орындаңдар”.

“Түсiнiктеме. Ораза ұстау парыз болған уақыттың алғашында мұсылмандарға рамазан айында түнде де әйелдерiне жақындық жасау тйым салынған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) хадис шарифiнде: “Жәннатта бiр есiк бар. Оның аты Райян деп аталады. Қиямет күнiнде ол есiктен тек қана ораза ұстағандар кiредi. Ораза ұстағандар қане дейiлгенде олар орындарынан тұрып осы есiктен кiргiзiледi. Соң есiк жабылады. Олардан кейiн ол есiктен ешкiм кiргiзiлмейдi”, - деген.

Үш адамның дұғасы қабыл болады. Бiрiншi ораза үстаушының. Екiншi әдiл имамның. Үшiншi жәбiр көргеннiң. Бұндай кiсiлердiң дұғаларын Аллаһ дүние оспанына - яғни бұлттардың үстiне алып шығады. Дұғалар үшiн аспан есiктерi ашылады. Аллаһ Тағала дұға етушiлерге: “Ұлықтығыммен және құдыретiммен ант етемiн, расында мен саған кейiнiрек жәрдем беремiн, - дейдi.

Рамазан айының бiрiншi күнi болғанда Аллаһ Тағала пенделерiне рақым етiп: “Кiм менi жақсы көрсе мен де оны жақсы көремiн, осы рамазан айының құрметiне кiм не сұраса беремiн, iстиғфар айтса күнәсiн кешiремiн”, - дейдi. Сауап және күнәларды жазатын перiштелерге осы рамазан айында жақсы көрген пенделерiнiң күнәләрiн жазбастан тек сауапты iстерiн жазуын бұйырады және сол пенделерiнiң өткен күнәлерiн кешiредi.

Құраннан алдынғы кiтаптардың барлығы осы рамазан айында түскен. Пайғамбарымыз Ибрәһим ғ. с. парақтары рамазан айының бiрiншi күнiнде, Таурат Ибрәһим ғ. с. - ның парақтарынан жетi жүз жыл кейiн, рамазан айының алтыншы күнiнде, Забур Таураттан бес жүз жыл кейiн, рамазанның он екiншi күнiнiң түнiнде, Iнжiл Забурдан бiр мың екi жүз жыл кейiн рамазанның он сегiзiншi күнiнде, Құран Iнжiлден алты жүз жиырма жыл кейiн рамазанның жиырма жетiншi түнiнде байтул иззаға яғни дүние аспанына түскен.

Ибн Аббас пайғамбарымыздан келтiрген хадисiнде: “Егерде менiң үмметiм рамазан айының iшiнде қандай қасиеттер бар екендiгiн бiлсе, онда жылдың барлығы рамазан айы болса екен деп үмiт еткен болар едi”.

Аллаһ Тағала Муса ғ. с. - ға: “Мен Мұхаммедтiң үмметiне екi қараңғылықты жоятын екi нұр бердiм”, - дедi. Муса ғ. с. : “Ей жаратқан ием, екi нұр деген не?”, - деп сұрады.

Аллаһ Тағала : “Рамазан айының нұры мен Құранның нұры”, - деп жауап бердi.

Муса ғ. с. : “Екi қараңғылық қайсы ?”, - деп сұрағанда, Аллаһ Тағала : “Қабыр қараңғылығы мен ахиреттiң қараңғылығы”, - дедi.

Анас ибн Мәлiк р. а - дың риуаятында: Пайғамбарымыз Мұхаммед с. ғ. с :Кiмде -кiм Рамазан айында iлiм мәжiлiсiне қатысса Аллаһ Тағала оның әр қадамына бiр жылдық сауап жазады. Және де аршының астында пайғамбарымыз Мұхаммедпен бiрге болады. Ал кiмде - кiм рамазан айының жұма намазын қалдырмай оқыса, әр бiр рәкатiна Аллаһтың сыйларына толтырылған үлкен бiр қаладай сауап табады. Рамазан айында ата - анасына жақсылық жасаған перзент Аллаһтың рахметiне бөленедi. Бұл айда күйеуiнiң ризашылығын тапқан әйелдер Мәриям анамызбен Әсия (Муса ғ. с. - ға иман келтiрген Фирғауынның әйелi) анамыздың сауабына жетедi. Сондай-ақ рамазан айында бiр мұсылман, басқа мұсылман бауырына жәрдемдессе Аллаһ Тағала қиемет күнi ол пенденiң мың қажетiн өтейдi.

Имам Ғазали р. а. : “Ораза ұстау - жанға тазалық, денеге рахат және жақсылықты шақырады. Ораза - адам баласы үшiн күнәдан тиылу, жамағат үшiн жамандықтан сақтану.

Аш денеде жүрек бiр қалыпты жұмыс iстейдi, ми тынығады, көз нұры өткiрленедi.

Тоқтық, жалқаулықты тудырады, жүрек сезiмiн кеiредi, жаттау қаблетiн кемейтедi. Жас өспiрiмдердiң қарны тоқ болса, олардың жаттау қаблетi және зиректiгi азаяды.

Аз үйқы, аз тамақпен жүректерiңiздiң ғұмырын ұзартыңыздар, - деген. Әкiм Лұқман баласына: “Эй, ботам. қарын тойса, пiкiрлеу қаблетi ұйықтайды, даналық қаблетi әлсiзденiп дененiң мүшелерi ғибадат етпеуге әрекет жасайды”, - деген.

Ораза ұстау - рухани тәрбие және ғибадат. Ораза ұстау адамның нәпiсiн тәрбиелеп, адамды сабырлыққа, төзiмдiлiкке үйретедi.

Сондықтанда Аллаһ Тағала Құрани Кәрiмде : “Эй иман келтiрген пенделер, ораза ұстау сiздерден алдынғыларға парыз етiлгендей сiздерге де парыз етiлдi Сiздер тақуа болуларыңыз үшiн”, - деген. .

Жалпы адамдзат тарихында бұрынғы өткен дамдар мысалы: мысырлықтар мейрамда ораза ұстаған . Олардың балгерлерi жылына жетi күннен жетi аптаға дейiн ораза ұстаған.

Қытайлықтар жай күндерде де ораза ұстайтын. Олар тiптi, бастарына бiр iс түскен күндерiнде өздерiн ораза ұстауға мәжбұрлейтiн. Кейбiр қытайлықтар мен тибеттiктер жйырма төрт сағат ораза ұстаған.

Гректер ораза ұстау әдетiн мысырлықтардан үйренген. Олар көбрек әйелдерiн ораза ұстауға мәжбүрлеген. Ораза ұстаған әйелдерi қайғы - қасретке түскендей жерге отырып алады. Бұл әдет ескi юнондықтардан қалған. Себебi iлгерiгi кейбiр юнон тайпалары соғыс бастаудан алдын бiрнеше күн қатарынан ораза ұстайтын болған.

Римдықтар мен италияндықтар жау бастырып келгенде жеңiске жету үшiн ораза ұстайтын болған.

Бiрақ яһудилер қайғы - қасрет немесе қауып - қатер пайда болғанда және оба кеселi тарқалған күндерi немесе поптарының тұтқысы келген күндерiнде ораза ұстайтын. Пайғамбарымыз Муса ғ. с. - уақытында қырық күн ораза ұстаған. Бұдан басқа да яһудилер Аллаһтың бiзге қаһары келiп жатыр деп кезiнде ораза ұстаған. Осы түсiнiктерi Аллаһтың қаһарын қайтармасада, Аллаһтың қаһарына ұшырағандықтары тарихта өтiлген.

Оразаның парызы үшеу : мұсылман болу, екiншiсi ақыл - есi бүтiн болу, балиғат жасына толған болу яғни ұл бала он екi жас, қыз бала тоғыз жаста болу. Демек әрбiр балиғат жасына толған, ақылды әр бiр мұсылман ер және әйел кiсiнiң рамазан айында ораза ұстауы парыз.

Үш нәрсе оразаны бұзады, бiр нәрсенi iшiп - жеу және әйелiмен жақындасу бұзады. Бiлместен iшiп - жеу, бiр әйелге қарап немесе ойлап ғұсыл (жуыну) уәжiп болып қалу немесе ұйықыдан ойанғанда киiмiнде шәһуат суын көру, қан алдыру, тамағына түтiн, шаң немесе шыбын шiркей кiрiп кету.

Оразаның мәкруһтерi (яғни ораз ұстаған кiсiге дұрыс көрiлмейтiн нәрселер) бiр нәрсенi иiскеу немесе үзiрсiз шайнап көру, сағыз шайнау, әйелiн сүйу немесе құшақтасу. Сүрме жағу, қан алдыру және тiсiн мисуакпен тазалау сияқты нәрселер рұхсат етiледi.

Оразаның түрлерi жайлы

Оразаның бес түрi бар:

1 - Парыз болған ( яғни Аллаһ Тағала бұйырған) оразалар: Рамазан айында ораза ұстау, рамазан айында ұсталмаған ораза қазасын басқа күндерде ұстау және каффарат оразалары парыз.

2 - Уәжiп болған (шариғат бұйырған) оразалар: Нәзiр (“Уәде етiлген ораза мысалы: Әйелiм ұл туса 3 күн ораза тұтамын” деп уәде етiлсе оны тұту мiндеттi болады. Мұны нәзiр дейдi. ) оразалары мен нәпiл (қосымша) оразалардың қазасын өтеу қажет.

3 - Сүннет (Пайғамбарымыз с. ғ. с. тұтқан) оразалар: Мұхаррам айының тоғызыншы, оныншы күнi немесе оныншы күнi мен он бiрiншi күнi қатарынан ораза ұстау сүннет.

4 - Мүстахап болған (шариғат бойынша дұрыс деп есептелген) оразалар: Мұсылман айларының он үш, он төрт және он бесiншi күндерi мен аптаның дүйсенбi, бейсенбi күндерi және рамазан айынан кейiн шаууал айында алты күн ораза ұстау мүстахап.

5 - Мәкруһ (шариғат бойынша дұрыс деп есептелмеген) оразалар:

мәкруһ оразалар екiге бөлiнедi:

а) Мәкруһ танзих (халалға жақын) оразалар: мухаррам айының тек оныншы және тек жұма немесе тек сенбi күнi ораза ұстау, кешқұрым ауыз ашпастан бiрiншi күнгi оразаны екiншi күнге жалғастыру, сондай-ақ адамды зайыптастыратындай жыл он екi ай ораза ұстау мәкруһ боп саналады.

ә) Мәкруһ таһрими (харамға жақын) болған ораза: Рамазан айтының бiрiншi және құрбан айттың төрт күнiнде ораза ұстау мәкруһ тахримге жатады.

Ораза қай уақытта және қалай ниет етiледi.

Оразаның бiрiншi шарты ниет. Ниетсiз ораза дұрыс болмайды. Сондықтан қай уақытта және қалай ниет ете бiлудiң де маңызы зор.

Ниет уақыттарына қарай екiге бөлiнедi.

1. Күн батқаннан тал түс болғанға дейiн ниет етiлетiн оразалар. .

Рамазан айында тұтылатын, белгiлi күндерде тұтылатын ораза және нәпiл оразалар.

Бұл оразалар сәресi уақытында ниет етiлмей қалған жағдайда, тал түске дейiн ниет етуге болады.

2. Сәресi уақытына дейiн ниет етiлетiн оразалар.

Рамазан айында тұтылмаған қаза, каффарат және қаза болған нәпiл оразалар.

Сәресi iшудiң және ауызашардың қасиетi.

Сәресi iшу мұстахаб. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) хадис шарифiнде:

“Сәресi iшiңдер, себебi сәресi iшуде береке бар”, -деп бұйырған.

Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бiрi - сәресi iшу уақыты.

Оразасын ифтар уақытына дейiн жеткiзген адам, үлкен қуанышқа жетедi. Яғни ауызашар уақытында және қиямет күнi Аллаһтың алдына барғанда ораза ұстағанына қуанады.

Бұл жайында пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) хадисiнде: “Ораза ұстаушының екi қуанышы болады: бiрiншiсi ифтарда ауыз ашқанына қуанса, екiншiсi қияметте Аллаһ Тағалаға жолыққан уақытта ораза ұстағанына қуанады”, - деген.

Ауызашар уақыты да дұғалар қабыл болатын уақыт.

Әбу Хурайраның пайғамбарымыздан (с. ғ. с. ) келтiрген хадисiнде: “Үш адамның дұғасы кедергiсiз қабыл болады:

1. Ораза ұстаушының ауызашар уақытындағы дұғасы.

2. Әдiл имамның дұғасы .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Қазақтың діни мерекелері
Ораза ғибадаты
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ
Ораза – Қасиетті Рамазан айында ораза тұту
ҚҰРАН ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ
Ораза айт - қасиетті Рамазан айы
Педагогикалық практикаға есеп беру
Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz