Тасаууф - сопылық рухани жол
Тасаууф-сопылық рухани жол
Осы уақытқа дейін батыс идеологтары мен шығыстанушылар "суфизм" деп
атап келген ислам дінінің құрамдас бір бөлігі болып табылатын, ата-
бабаларымыз мыңдаған жыл бойы ұстанған сопылық рухани жолдың, ілімнің
шариғаттағы арабша өз аты (яғни "изм"-сіз) "тасаууф" екендігін бүгінде
көпшілік біле бермейді.
Ислам дінінің даму тарихына тереңірек үңілсек, тасаууф ілімі мен оның
жолбасшыларының, яғни шейхтер мен ишандардың, пірлер мен әулиелердің ислам
дінінің күшеюіне, оның әлемге таралуына сіңірген еңбектері, тигізген
ықпалдары мен әсерлерінің қаншалықты зор әрі маңызды екендігін байқаймыз.
Тасууфтың негізінде не жатыр? Оның мақсаты не? Ол нені зерттейді?
Діннің дамуы, ілгері жылжуы мен таралуы үшін қаншалықты қажет? Қазіргі
кезде тасаууф жолдарының қоғамның дамуына тигізетін әсері, пайдасы бар ма?
Қазіргі күні тасаууфтың шығуы мен тарихын, оның Ислам дініндегі
алатын орны мен мәнін дұрыс түсінбейтін, оны терең білмейтін, діннен хабары
жоқ жазушысымақтар мен "дінтанушылар" (олардың дінді қаншалықты танитындығы
әрине белгісіз), уаһһабилер мен дін дұшпандарының тасаууф туралы айтып,
жазып әрі таратып жатқан жалған, шындыққа жанаспайтын пікірлеріне сеніп,
алданып ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі рухани жолға надандықпен тас
атуда. Өкініштісі, солардың шайтанның азғыруымен жазған теріс дақпырттарына
діннен бейхабар адамдар, әсіресе жастар еріп, уланып жатыр...
Жабулы қазанның қақпағын ашып, шындықты халыққа түсіндіретін уақыттың
жеткені қашан. Бірақ зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, әдебиет тарихын
зерттеушілер бұл мәселе төңірегінде әлі күнге шейін ауыз тұшытатындай еш
нәрсе айта алмай келеді.
Көршілес өзбек бауырларымыз егемендігін алысымен, өз тарихына үңіліп,
ата-бабаларының дәстүрлі жолдарын зерттеп, олар туралы мол тарихи, ғылыми
деректерді өз халқына кеңінен тарата бастады.
Оның ішінде тасаууфтың Орта Азия халықтарының арасында ислам дінінің
дамуына, таралуына тигізген игі әсері мен ықпалы туралы жарық көріп жатқан
еңбектер өте көп.
Бұрынғы ғұламала әулиелердің өмірбаяндары мен атақты еңбектерін
аударып, оларды оқырман қауымымен қайта қауыштыруда. Міне осының барлығына
мұрындық болып отырған (өзбек дінбасылары емес), керісінше Өзбекстан Ғылым
Академиясы мен өзбек зиялылары.
Қазақстан зиялылары Түркістанның 1500 жылдық мерейтойына байланысты
Қожа Ахмет Ясауи (р.а.) бабамыздың Хикметтерін қазақшаға аударып, қалың
оқырманға ұсынды. Бұл әрине қуантарлық жәйіт.
Бірақ, біз осындай ұлық кісілердің еңбектерін, олардың ұлағатты
өмірлерін, даналық өсиеттерін неге тек қана мерейтойларға байланыстырамыз,
ал қалған уақытта, күнделікті күйбелең тіршілікте оларды неге ұмытып
кетеміз?
Олардың еңбектерін жүйелі түрде зерттеп, ұдайы халыққа таныстырып
отыратын уақыт жеткен жоқ па? Әлі күнге шейін бірде-бір ғалым немесе
тарихшы, керек болса әдебиетші де осы дана бабаларымыздың еңбектерін
толыққанды түрде, өз деңгейінде таныта алған жоқ.
Әрине, бірсыпыра аудармалар бар, бірақ оларға сапалы қорытынды жасау
жетпейтін сияқты.
Осы орайда, жақында жарық көрген жас ғалым Нәзира Нұртазинаның Қазақ
мәдениеті және ислам атты кітабын атап кеткім келеді.
Бұл еңбекте автор Қазақ тарихы мен мәдениетіндегі ислам дінінің алатын
орнын айта келе, қазақ даласына ислам діні сопылық жол арқылы таралғандығы
туралы ғылыми негізделген түрде дәлелдер келтіреді.
Осындай еңбектер көбірек жазылып баспасөз беттерінде жарық көрсе,
тигізетін пайдасы сөзсіз, нұр үстіне нұр болар еді.
Жетпіс жылдық мәңгүрттікті басқа діннің өкілдері мен келімсек секталар
пайдаланып кетіп жатыр. Ол аз болғандай ат төбеліндей ғана ислам дінін
уағыздаушылар арасына уаһһабилер, ахмадилер т.с.с. теріс, исламға жат
ағымдар жік түсіріп, іріткі салуда.
Осы нәрселерді ескере отырып, тасаууф туралы ислам ғұламаларының
айтқан сөздері мен еңбектерінен оқырман қауымға үзінділер мен
түсініктемелер беруді жөн көрдік.
Т А С А У У Ф
Тасаууф адамның бойындағы шайтани жаман мiнез құлықтардан арылып,
рахмани жақсы мiнез құлықтарды бойға сiңдiру.
Жаман мiнез құлықтар:
1) тәкаппарлық;
2) хасад (қызғаншақтық);
3) ысырапқорлық;
4) сараңдық;
5) харам, мәкруһ iстерге әуес болу;
6) басқа кiсiнiң қолындағын дәмелену т.б.
Жақсы мiнез құлықтар:
1) кiшiпейiлдiк;
2) жомарттық;
3) үнемшiлдiк;
4) достық.т.б.
Адам баласы туғанда үш сипатпен туады:
1. Хайуани сипат: Мысалы: iшiп-жеу, ұйықтау т.с.с.
2. Шайтани сипат: өсектеу, ғайбаттау, екi адамның арасын бүзу.
3. Перiштелiк сипат: Кiшiпейiлдiк, достық, басқаларға деген
махаббат т.с.с.
Адам баласының жаратылысында осы қасиеттердiң қайсысы басым болса, сол
жаққа көбiрек ұқсайды. Егер адамның бойында шайтани, хайуани сипаттар басым
болса, онда ол адамның адамгершiлiк қасиетi төмен болады. Егер перiштелiк
сипаты басым болса, онда ол адамның дәрежесi перiштелерден де жоғары
болады. Мiне, дiннiң мақсаты, осы, адамның бойындағы перiштелiк, жақсы
мiнез құлықтарды көбiрек шығарып, адамның нәпсiсін тәрбиелеу. Құран кәрімде
Аллаһ тағала "Тин" сүресiнде: “Бiз адам баласын әдемi суретте жараттық”
деген. Демек, адам баласының негiзiнде жақсы қасиеттер, сипаттар бар. Адам
баласы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты өзiнiң жаратылысындағы жақсы
сипаттарды, мiнез құлықтарды шығаруы немесе басып тастауы мүмкiн.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “өздерiңнiң бойларыңа Аллаһ тағаланың жақсы
сипаттарын сiңдiрiңдер”, “жақсы мiнез-құлық дiннiң жартысы” деген. Демек,
әр бiр мұсылман өзiнiң бойына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жiбектей көркем
мiнез-құлқын сiңдiруді мiндет деп бiлуi тиiс, себебi жәһилия дәуiрiнде
Пайғамбарымызды мұсылмандар былай тұрсын, басқа дiннiң адамдары
құрметтеген, Мұхаммадул Амин яғни сенімді Мұхаммед деген атқа ие болған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис шарифiнде “Мен көркем мiнездi тамамдау
үшiн жiберiлдiм” деген. Мiне, тасаууф iлiмiнiң мақсаты осы адамның
бойындағы жақсы қасиеттердi шығару, тәрбиелеу, адамды рухани кәмелетке
жеткізу.
Тасаууф туралы ислам ғұламалары түрлі анықтамалар берген:
1) Мағруф Карһи. (815 жылы қайтыс болған).
Тасаууф хақиқатты қабыл етiп, адамның қолындағы нәрселерге көңiл “бөлмеу.”
2) Сирри Сақати. (865 жылы қ.б.).
Тасаууф дегенiмiз көркем мiнез құлық.
3) “Жунайд” Бағдади. (910 жылы қ.б.).
Тасаууф бойыңдағы “мен”-дi өлтiруiң және Аллаһ тағаланың сенi өзiнiң
"жанында тiрiлтуi".
4) Абу Амр Исмаил ибн Нужаид. (976 жылы қб.).
Тасауф Әмр және Наһи астында сабыр ету.
5) Абу Саид ибн Абулхайыр. (1048 жылы қ.б.).
Тасаууф-ақылындағы барлық ойларды тастау, қолындағы нәрселердi садақа ету
және басына түскен қайғыға сабыр ету.
6) Абуль Хафс аль Хаддад. (883 жылы қ.б.).
Тасаууф бастан аяқ әдептен тұрады.
7) Абуль Хусаин Нури. (907 жылы қ.б.).
Тасаууф- нәпсiнiң барлық қалауларын тәрк ету.
8) Рууайым (915 жылы қ.б.).
Тасаууф-дегенiмiз нәпсiнi Аллаһтың қалауына беру. Тасаууф үш түрлi
"қасиетке құрылған".
1) Фақр және ифтиқар яғни мал-дүниенi Аллаһтын жолына аямай сарп ету,
өзгенi өзiңнен жоғары қою (өзiңнен гөрі басқаларды көбiрек ойлау).
2) Тағарруз – табандылық көрсету.
3) Ихтиярды тәрк ету.
9) Имам Ғаззали. (1111 жылы қ.б.).
Тасаууф-жүректi тек қана Аллаһқа байлау, жүректің Аллаһтан басқа
нәрселермен байланысын бүтiндей үзу.
10) Ибн Халдун. (1406 жылы қ.б.).
Тасаууф-ибадатта мықты болу, Аллаһқа бет бұру, дүниенiң жалған
әшекейлерiнен, халық қатты мән беретiн мал-дүниеден, атақ данқтан қашу,
ғибадат үшiн халықтан ажырап, құлшылыққа берілу.
11) Абдуль Бари Надуий.
“Тасаууф рухты тән фәнилігінен тазалап әшекейлеу, және руханий
сипаттарда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұқсауды үйрететін ілім.
12) Абдуль Хаким Аруаси “ Тасауф шариғаттың батыны (ішкі жағы)
Қарап тұрсақ ғұлама тасаууфқа өзінше анықтама берген. Себебі
тасаууф әр бір сопының ішкі әлеміндегі рухани жол болғандықтан әр бір сопы
өзінің мақам, дәрежесіне қарай тасаууфқа белгілі бір тарапынан ғана
анықтама берген. Пікірлердің түрлі болуында сопылардың бағалау мәртебесі
мен табиғи жаратылысындағы айырмашылықтардың да әсері бар. Сырт көзге
қарама–қайшы болып көрінген бұл пікірлерге тереңірек ой жүгіртсек олардың
әр қайысы 2 тасаууфқа дұрыс анықтама бергендігі және пікірлердің ортақ
нүктелері бар екендігі анық көрінеді. Бұл анықтамалардағы ортақ
ерекшеліктер мыналар:
1). Дүниеден бет бұрып, жүректі Аллаһ тағалаға бағыттау.
2). Құран және сүннет көрсеткен жолмен табандылықпен ибадат жасап,
рухты тазалау.
3). Ибадат, зікір, тафаккур (ойлау) риязат (қиыншылық) арқылы нәпсіні
тәрбиелеу, мужаһада (нәпсінің қалауымен күресу, нәпсіні бақылауда үстау).
4). Хақиқат білімін иеленіп Аллаһқа жақындау үшін қайрат көрсету. Демек
тасаууфты ілім ретінде былай деп сипаттауға болады: “Тасаууф адамның
жүрегіндегі жаман сипаттардан құтылу жолын үйрететін, жақсы қасиеттерді
және оларға жету жолдарын көрсетуші, рухани дәрежелерді басып өтіп, ең
жоғарғы мәртебе, дәреже болып саналатын “Инсани кәмил”, яғни рухани
кәмелеттің шыңына жеткен адам мақамына жету ережелерін және жолдарын
үйретуші, таухид сырын ашушы бір ілім".
ТАСАУУФТЫҢ ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕСІ.
Демек тасаууф, Алла тағаланың разылығын табу және нәпсіні
тәрбиелеу, мінез – құлықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz