Буддизм iлiмi туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
БУДДИЗМ

Б.д.д. VII-V ғғ. шамасында санкхья, веданта iлiмдерi өздерiн күнә
-кесiрден құтқармақ, қоғамнан шеттеген, материалдық байлықтан босатпақ
рухани бастамаға, адам өзiнiң Мен қуатына шоғырланатын көптеген, аумақты
әлеуметтiк ортаны дайындады. Олардың арасында брахмандардан басқа
кастiлерде болды. Тың көзқарастар брахман ықпалымен шектелiнбедi, одан
бөлек жаңа дiни ағымның негiзiн қалыптастырды. Сондай ықпалды, кең таралған
дiни жүйенi буддизм деп атады.
Будда терминi жарқырау, сергу, жадырау деген мағынаны
бiлдiредi. Буддалық iлiм бойынша, өмiр – қобалжу, азап. Өмiрге келу мен
қарттық, ауру мен өлiм, сүйгенiнен айрылу мен сүймейтiнмен бiрге тұру,
орындалмаған арман және қанағаттанбаған тiлек ( мұның бәрi де азаптың
көрiнiсi, әрi жалғасы. Артық қобалжу ( тiрлiктi аңсаудан, қызықты, билiктi,
мәңгi өмiрдi көксеуден туындайды.
Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың
(б.д.д. 563 – 483жж) есiмiмен тығыз байланысты. Буддизм iлiмi бойынша, өмiр
– қасiрет. Адам қандай әлеуметтiк сатыда тұрса да аурудан, кәрiлiктен,
өлiмнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды.
Қасiреттен құтылудың бiрден-бiр жолы – сансардан толық азат болу. Ол үшiн
адам төрт түрлi ақиқатты бiлуi қажет:
1. Өмiр – қасiрет. Өмiрге келу, кәрiлiк, ауру, өлiм, жақсы көрген
нәрсеңнен айырылу, қажетiңе жете алмау, т.б. осылардың бәрi
–қасiрет .
2. Қасiреттiң пайда болу себептерi туралы ақиқатты бiлу. Ол ( өмiрге,
ләззатқа деген құштарлық.
3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.
4. Құштарлықтан құтылу жолдарын бiлу.
Будда кейiннен нағыз шындыққа жетудiң және нирванаға жақындаудың
сегiз сатылы жолын атап өтедi:
1. Шынайы сенiм. Дүние қайғы-қасiретке толы, оны тоқтату үшiн ой мен
бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзiне сену;
2. Тура, әдiл шешiмге ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтiн
қасқа жолды бiржолата айқындау;
3. Шыншыл сөз. айтпақ сөзiңдi мұқият қадағала, ол зұлымдыққа
итермейтiн, қайта дұрыс, рақымды болсын;
4. Дұрыс iстер. Терiс ниеттi, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игi iске
икемдi болу;
5. Дұрыс өмiр. Тiрiге зиян келтiрмейтiн, құрметтеуге тұрарлық өмiр
сүру;
6. Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан күдiктi, күмәндi
нәрсенi қудалап, жағымдыны жалғастыру;
7. Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
8. Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемi және төзiмдiлiкпен жаттықтыру,
шындыққа жетпек талпынысты өзiңе шоғырландыру, оны тереңдету
қабiлетiн шыңдау.
Буддизм iлiмi нирваналық деңгейге жеткен адам ғана сансарадан босана
алады деп үйретедi. Сансарадан босану жолы, осы-ақ. Бiрақ сансара басқа
заттармен, құбылыстармен себептiлiк заңы бойынша бiлiнедi. Сансараның
көпжақты себебi мен бастауы, бiржағы, индивидуалды санаға деген сенiмдi
қалыптастырды, бiржағы, түсiнбеушiлiктi қоздырды. Түсiнбеушiлiкке бес
негiзгi эмоциональдi тұрақсыздық, бес моральдық мешеулiк дәнекер түрткi
болды. Түсiнбеушiлiктiң бес негiзi дегенiмiз мағлұматсыздық, құмарлық,
ашушандық, тәкаппарлық, қызғаншақтық. Тұрақсыздықтың осы түрлерi сансараның
түбiрiн құраiды, оны әр саққа жiктейдi. Нирвананың белгiсi ( бiрлiкке,
сансараның белгiсi ( индивидуальдi “менiң” немесе оның санасының көптiгiне
жету үшiн будданы шындыққа жеткiзер төрт өсиеттiн, сыңаржақтылықтан
сақтайтын екi бағдарды, адамгершiлiктi толықтыратын сегiз талапты орындау
қажет. Шындыққа жақындайтын жолдар: 1. Қанағатсыздық, қобалжу; 2. Iзденiс
пен үмiттiң себептiлiгi; 3. Ынтаны тоқтату. 4. Талпынысты тоқтататын әтiс.
Әйелжандылық пен өзiн-өзi азаптап қорлауда сыңаржақтылық күш алмақ.
Нирванаға жеткiзетiн сегiз жолды атап өттiк.
Жаңа дiни түсiнiктердiң жүйесi кең ортаға тез таралды, түрлi
топтардан қолдау тапты. Олардың бiрi жайнизм салтын қолдаса, ендi бiреулерi
– будизмге, оның этикалық мәселелерiне бет бұрды. Жайнизм де, буддизм де
ортодоксальдi емес, дiндар бағыттың жүйесi.
Будданың басты идеялары – адамдардың, әсiресе монархтардың теңдiгi
туралы, монархтың қайырымды басқаруы туралы, шыдамдылық туралы, этикаға
жүгiну туралы ұсыныстары, түрлi қауымдастық пен касталардан, тiптi
патшалардан қолдау тапты. Ертедегi үндi императоры Ашоканың кезiнде (б.д.д.
III ғ.) буддизм елге тұтас таралды, мемлекеттiң ресми идеологиясына
айналды. Буддизм дiнiн Индияға көршiлес елдер қабылдай бастады.
Будданы жақтаушы алғашқы қауымдастықтың қатарында тақуалар тобы (алты
адамнан артық), кедейлер (бхикшу) тобы, монархтар (сангха) болды.
Қауымдастыққа енуге тыйым салынбаған. Оның мүшелерi,
бiрiншiден, бес дiни антты орындауға уәде бередi. Олар “өлтiрмеу
керек”, “ұрламау керек”, “зинақорлық iстемеу керек”, “мас болмау керек”;
екiншiден, кедейлердiң тұрмысын садақа жинайтын ыдысы, су iшетiн
табағы, ұстарасы, аса таяғы құрады, оларға басқа заттарды иемденуге
болмады;
үшiншiден, монастрь мүшелерi отбасынан, кастылық тегiнен, жеке
меншiгiнен бас тартуға (ең болмағанда, монастрьде болған кезде бас
тартуға) тиiстi;
төтiншiден, монастрьдың өздерi тағы да бес мiндеттi уәде қабылдады:
- өлең айтып, билемеуге;
- жұмсақ төсекте ұйықтамауға;
- кез келген жерде тамақтанбауға;
- пайда iздемеуге;
- сасық немесе өңсiз боялған заттарды пайдаланбауға мiндеттеме алды.
Монахтық рәсiмдi алмақшылар қатаң арнайы рәсiмнен өткiзiлдi ( дiни
ант бердi, жеке қызмет етуге дайын екендiгiн дәлелдедi. Монахтық салттқа
талапкерлар қатаң сыннан өткiзiлдi, олардың еркi мен рух табандылығы
тексерiлдi. Монахтың он басты дiни антынан басқа, тағы да көптеген (250-ге
жуық) шағын тыйымдары болды. Оның барлығы монахтың дұрыс, әулиелiк өмiр
сүруiне кепiлдiк едi. Рәсiм тыйымдарының бәрiнде мүдiртпей орындау, кез
келген монахтың қолынан келе бермедi.
Монастырлық қауымдастық Индияда әйелдердi де қамтыды. Оған қабылдау
рәсiмi монахтар белгiлеген арнаулы орында – монастырьде өттi.
Будда дiни жүйесi ( Хинаяна және Махаяна деп екi ағымға бөлiндi.
Хинаяна буддизмнiң алғашқы түрi. Ол құдайсыз дiндi мойындады, соның үлгiсiн
жасады. Құдайдың орны мен ролiн карманың немесе дхарманың жалпылама
адамгершiлiк заңын атқарды. Хинаяна Будданың өмiрi мен iлiмiн негiзге ала
отырып адамның өзiн-өзi құтқара алатын, құтқаруға баулитын дiнге айналды.
Буддизмнiң екiншi ағымы ( махаяна (үлкен дөңгелек), яғни әртүрлi
мүмкiндiк пен мәдениетке бейiмделу ағымы қалыптасты. Махаяна бейiмделу рухы
және өз дiнiн ашық уағыздау (миссионерлiк ынталылық) арқылы дүниежүзiлiк
дiнге айналуды дiттедi.
Хинаяна буддизмi Цейлон (Шри-Ланка), Таиланд, Бирма, Камбоджа
(Кампучия) және де басқа Индокитай, Индонезия елдерiне тарады. Махаяна
буддизмi Қытайға, сол арқылы Кореяға, Жапонияға, Вьетнамға, Непалға,
Монғолияға, Орталық Азияға тамыр жайды. Махаяна буддизмi Индияның өзiнде
кең таралмады. Оған кедергi болған бас себеп – қоғамның кастiге бөлiнуi.
Махаяна дәстүрi кастiлiк институттың негiзiн бұза алмады және кастiлiк
салтпен ымыраласпады.
БУДДИЗМ

Буддизм атауы осы ілімнің негізін салушы Будда есімімен байланысты. “Будда”
– санскрит сөзі (“будх” – ояну, көзі ашылу), ұйқыдағы сананың оянып, сергек
санаға өтуін білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, “будда” кез келген белсенді
сананың иесі, ал ақыл-ойдың белсенді күйінің не екенін Будда ілімі
түсіндіреді. Бұл ілімді VІ ғасырда Үндістан жерінде тарихи қайраткер
Сиддхартха Гаутама таратты. 29 жасында Сиддхартха бар байлықтан,
патшалықтан, отбасынан бас тартып, адамзатты азаптардан құтқарудың жолын
іздеп шығады. 6 жыл даналармен, діндарлармен әңгімелесіп, тақуалық өмір
кешкенде өзін ойландырған сұрақтарға жауап таппайды. Бірде киелі саналатын
Бодхи ағашының түбінде ойға шомып отырған Сиддхартхаға кенеттен шындық
ашылады. Бұл шындық буддизмнің төрт “ұлы ақиқатына” айналады.
Бірінші ақиқат бойынша адам өмірі азап шегуден, қайғы-қасіреттен тұрады.
Екінші ақиқат бойынша азап шегудің себептері адамдардың тілегі мен
құмарлығына байланысты болады.
Үшінші ақиқат бойынша азаптан құтылудың жолдары – адамдардың өздерінің
тілек, құмарлық ұмтылыстарына тежеу салу.
Төртінші ақиқат бойынша азаптан толық құтқарылу – Будда көрсеткен жолға
түсу. Ол “игілікті сегіз жол” мыналар: дұрыс түсінік (пұтшылдықтан,
адасушылықтан бөлек); дұрыс ой (кемелденген даналарға тән); дұрыс сөз
(шыншыл, жылы); дұрыс іс-әрекет (татулықтағы, таза); дұрыс жинақылық (өзін-
өзі тәрбиелеу, өзін ұстай білу); дұрыс мінез-құлық (ешкімге жәбірлік
көрсетпеу); дұрыс көңіл бөлу (йога); рухани дұрыс шынығу (медитация).
Буддизм жалпы діндарларға арналған бес, дінбасыларына арналған он моральдық
заң белгілейді.
Жалпы діндарлар мына міндеттерді орындаулары керек:
1) ешбір тірі жанды өлтірмеу;
2) ешқашан ұрлық жасамау;
3) зинақорлық жасамау;
4) өтірік айтпау;
5) басты айналдыратын сусындар ішпеу.
Дінбасыларына осыған қоса тағы бес парыз (міндет) жүктеледі:
6) түстен кейін тамақ ішпеу;
7) көңіл көтеруге қатыспау;
8) иіс су жағып, әшекей тақпау;
9) биік және кең төсекте жатпау;
10) алтын, күміс жинамау.
Будда жолына түсуші азаптан құтқарылу үшін монахтық қауымға (сангхаға)
кіруі керек. Олар пендешіліктің қамын тастап, қайыр-садақамен өмір сүруге
көшеді. Олардың өмірі ұсақ-түйекке дейін реттелген. Монахтарға 253 түрлі
қылықтарға тыйым салынған. Соның ішіндегі ең негізгі талаптар жоғарыда
айтылған бесеуі.
Буддизм мен оның қасиетті кітаптарын еуропалық философтар ХІХ ғасырдың
басында зерттей бастады. Ресей шығыстанушылары В.П.Васильев, И.П.Минаев,
С.Ф.Ольденбург, Ф.И.Щербатский, Ю.Н.Рерих, О.О.Розенберг өз еңбектері
арқылы буддизммен таныстырды. Буддизмнің уағыздары мен қасиетті қағидалары
мына кітаптарда баяндалған: “Лалитавистра” (Будданың өмірбаяны), “Трипитака
(Үш даналық)” – космогония, сангха өмірі, Будданың даналық сөздері,
“Дхаммапада” – гнесеология және методология, т.б. ежелгі санскрит және пали
тілінде жазылған сутралар.
Буддизмнің дүниетанымдық жүйесін дхарма (болмыс), карма (тағдыр заңы),
сансара (қайта туу), нирвана (азаптан құтқарылу), нидама (себеп-салдар),
сангха (қауым) ұғымдары мен категориялары құрайды. Бұл діннің өзіндік
ерекшелігі, белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан
жоғары тұрады. Ол құтқарылу мүмкіндігі бар жеке тылсым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизмнің негізгі бағыттары
Буддизм философиясы - буддизмнің әртүрлі бағыттары мен мектептері аясында қалыптасқан әлемге, адамға және танымға ұтымды негізделген көзқарастар жүйесі
Буддизм – адамгершілік-этикалық ілім
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы туралы
Даосизм білім туралы
Буддизм туралы мағлұматтар
Ежелгі үнді философиясының даму ерекшеліктері мен кезеңдері
Қытай философиясы
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы
Пәндер