ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ1

ПЕРІШТЕЛЕРГЕ, КІТАПТАРҒА, ПАЙҒАМБАРЛАРҒА, 2

АХИРЕТ КҮНІНЕ ЖӘНЕ ТАҒДЫРҒА СЕНУ ЖАЙЛЫ2

КІШІПЕЙІЛДІК ЖӘНЕ ТӘКӘПАРЛЫҚ ЖАЙЛЫ7

ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ9

ДҰРЫСТЫҚҚА ҚОСЫП, БҰРЫСТЫҚТАН ТОСУ ЖАЙЛЫ11

ТАУХИД ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ14

БІЛІМ - ҒЫЛЫМ ЖАЙЫНДАҒЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ. 16

МИҒРАЖ КЕШІ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ18

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ21

ОРАЗА ТҰТУДЫҢ САУАБЫ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ22

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ23

ТАРАУИХ НАМАЗЫНЫҢ САУАБЫ ТУРАЛЫ ЖҰМА25

ХҰТПАСЫ25

ИСЛАМДАҒЫ ҮЛКЕН КҮНӘЛАР ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ29

АТА - АНАНЫ ҚАДІРЛЕУ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ30

ЕКІ ДҮНИЕ АМАЛЫНЫҢ БІРГЕ ӨТЕЛУІ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ32

КҮПІРЛІКТІҢ КҮНӘСІ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ34

ҰРЛЫҚ ЕТУДІҢ КҮНӘСІ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ35

ҚИЯМЕТ-ҚАЙЫМ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ37

ТӘУБЕГЕ КЕЛУ ТУРАЛЫ ЖҰМА ХҰТПАСЫ38

ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ

« Адамдар: « Сендік (иман) келтірдік » деумен сыналмай қалмайтын - дықтарын ойлай ма? Расында олардан бұрынғыларды да сынаған едік.

Сондай-ақ Алла тағала шындықты да өтірікті де біліп отырады.

(немесе екеуін де мәлімдейді) (29/2-3) .

Қадірлі жамағат! біреу: « Ла ілаһә іллалаһ Мұхаммедур расулұллаһ»

яғни Алла тағаладан басқа ешбір тәңір жоқ. Мұхаммед ( ғ. с. ) Алла тағаланың елшісі деп тілмен айтып, жүрекпен бекітсе ғана мұсылман болады. Бірақ «қә-

лимә таиибә» деп аталатын осы көркем сөзді тек қана ауызша айтып, жүрегін

бермеген, сондай-ақ сол сенімі бойынша Алла тағаланың бұйырғанын орындамаған, дұрыс іс істемеген адамдардың иманы қауіпті болады. Өйткені құр ғана иман келтірумен, мен мұсылманмен деумен іс бітпейді. Сол иманды сақтау және қорғау шарт. Сол иманды әуелі шын жүректен бекітіп, қорғай отырып, о дүниеге сол сенім және иманға лайық ғамал істеп толық мұсылман болған түрде күту керек. Осындай мол мархаматтың иесі Алла тағала жоғарыда оқылған аяттарда мұсылмандарға осы жағдайды ерекше ескертеді.

Мысалы:құлшылықсыз, ғамалсыз құр сенім: «Ашық жерде жанған шам тәрізді, үп еткен жел оны өшіре алады. Сондықтан иманды, ғамал әрі дұрыс іс істеумен нығайту мойнымызға борыш. Былай айтқанда, сол иманға өзіңіз ие болмасаңыз, дұрыс ғамал істеудің орнына діннің тыйым салған: зина, арақ, ұрлық, өтірік, кісі хақысын жеу, шадыр мінезділік, тәкәппалық, ғайбат, өсек-аяң, мақтаншақтық, құмар ойнау, уәдеде тұрмау тағы басқалар сияқты жамандықтардың ортасында жүзіп жүрсеңіздер, бара-бара көңілдеріңіз қарайып, имандарыңыз нашарлай бастап, бұл дәулет құсының бастарыңыздан ұшып кеткенін сезбей қаласыздар. Алла тағала оның бетін ары қылсын!»

Қадірлі көпшілік! Әрине, мұсылмандар о дүниеде жаннатқа кіру үшін, бұл дүниеде еңбек етуі, мейлінше тырысуы шарт. Құр сөзбен бола қоймайды. Ауызға салған тамақ та шайнамай жұтылмайды. Дүниенің рахаты да еңбекпен қолға келеді. «Дәнді ексең орасың. »

Хазірет Пайғамбарымыз: «Дүние-ахиреттің егіндігі» деген. Жан қиналмай мал табылмайды. Сол сияқты жаннат та оп-оңай қолға келмейді. сенімі күшті, иманы кәміл мұсылман, - істеген қылмыстырының сазайын тартқаннан кейін жаннатқа кіреді.

Қаділі жамағат! Ислам діні сынақтан өткізбей тек қана: «Алла тағала бір, Пайғамбар хақ» десе болды жаннатқа кіреді де кетеді демейді.

Сондықтан, құрметті жамағат! Ғамалсыз құр иманға сеніп босқа жүрмей маңыз беріп еңбек істесеңіздер, дініңізге, дүниеңізге тең қарап, шынайы ынтамен тырысып, Алла тағаланың бұйрығын орындап, Пайғамбардың жолымен жүріңіздер. Ұдайы ғибадат істеп имандарыңызды қорғаңыздар. Діни сенім бойынша өмір сүріңіздер, бұл дүниеде рахат күн кешіріп, о дүниеде жаннатпен сыйланасыздар. Алла тағала біздерді толық иман иесі етіп иманын қорғап, сеніммен ғамал істеген шынайы мұсылман құлдарынан ете көрсін! Әмин.

ПЕРІШТЕЛЕРГЕ, КІТАПТАРҒА, ПАЙҒАМБАРЛАРҒА,

АХИРЕТ КҮНІНЕ ЖӘНЕ ТАҒДЫРҒА СЕНУ ЖАЙЛЫ

Қадірлі жамағат! Алла тағала Құран кәрімнің « Ниса» сүресінің жүз отыз алтыншы аятында. Алла тағалаға, пайғамбарларына, кітаптарына, періштелеріне және ахирет күніне сену жайлы былай деген: «Әй, мүміндер, Алла тағалаға, Пайғамбарына және Пайғам- барына түсірген Құранға сондай-ақ, одан бұрынғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал кімде-кім Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ахирет күніне қарсы шықса, сонда ол қатты адасты. Және хазірет Пайғамбарымыз: «Періштелер Алла тағаланың көктегі айғақтары, сендер жердегі айғақтарысыңдар» деген.

Өткен хұтпаларда Алла тағаланың барлығына, бірлігіне иман келтіру туралы қысқаша түсінік берілген еді. Ал енді бұл хұтпада періштелер, кітаптар, пайғам -барлар, ахирет күні және тағдырға байланысты негізгі мәселелерге біраз тоқталып өтейік. Бұл сенімді «иман мұфассад», толық иман деп атайды. «Әментү біллаһи»: Алла тағалаға иман келтіру жоғарыдағы хұтпада өтті.

«Уә мәләһикәтиһи»-періштелерге иман келтіру. Періштелер Алла тағаланың нұрдан жаратқан ақыл иесі құлдары. Олар нұрдан жаратылғаны үшін біз оларды көре алмаймыз. Басқаша айтқанда оларды көре алатын қабілет жоқ. Мысалы, біз микробты, рухымызды және ауаны көре алмаймыз. Біздің бір затты көре алмауы- мыз, ол нәрсенің жоқтығын дәлелдемейді. Періштелердің бар екендігі, әрі сипаттары Құран кәрімнің сексеннен астам жерінде баян етілген. Сондықтан періштелердің барлығына нақты сенеміз. Періштелер әртүрлі бейнеге кіреді, аталық, аналық (жыныстық) сипаттары жоқ. Ішіп, жемейді. Алла тағалаға мұқият ғибадат етумен болады. Еш қарсы келмейді. Кейбірі жер жүзінде, кейбірі көкте болады. Қанаттары бар, ұшады. Кейбірі ғарш ағлада болады. Адам баласының жарылқануы үшін тілектес болады. Алла тағалаға жақын, әрі ірі төрт: Жебрейіл, Микайіл, Ғазрайіл және Ісрафил деп аталатын періштелер бар.

Жебрейіл- Пайғамбарларға Алла тағаланның әмірін уахи етеді.

(Жалғастырады) .

Микайіл - Алла тағаланың әмірі бойынша бұл әлемдегі табиғат құбылыстарын басқарады.

Ғазрайіл: - Ажалы жеткендердің жанын алады.

Ісрафил - Қиямет күні бірінші сұр үрлегенде барлық жәндіктер өліп, екінші сұр үрлегенде қайта тіріледі.

Кірәмән Катибин - Екі періште: адам баласының әрекеттерін жазады.

Мүнкір- Нәкір- Екі періште: қабырға қойылғандардан сұрақ сұрайды.

Забани деп аталатын он тоғыз періште тозақ істерін басқарса, тағы бір періштелер жаннатқа кіргендерді қарсы алу міндеттерін атқарады. Алла тағала кейде періштелер арқылы көмек берсе, кейде апатқа ұшыратады. Басқаша айтқанда, рахмет періштелері және ғазап періштелері бар.

Рағыд сүресінің он бірінші аятында: «Әр кімнің алды-артын Алла тағаланың әмірі бойынша қорғаушы( періштелер) бар», деген мазмұнда Алла тағаланың әмірі бойынша періштелердің қорғайтындығы ескертіледі. Тахрим сүресінің алтыншы аятында: « Олар Алла тағаланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді», яғни періштелер Алла тағала нені бұйырса соны орындайды. және Нәжім сүресінің жиырма алтыншы аятында: «Көктерде қаншалаған періштелер бар. Алла тағала қалап разы болған кісісіне рұхсат бермейінше олардың шапағаты (болысуы) еш нәрсеге жарамайды». Демек, Алла тағала қалап, рұхсат бермесе періштелердің шапағат етулері, яғни болысып, арашалаулары кәдеге аспайды. Періштелердің санын Алладан баска ешкім білмейді.

Қадірлі жамағат! Алла тағала тарапынан дүниедегі және ахиреттегі бірқыдыру елеулі құбылыстарға қатынастырылып, жұмсалып отырған періштелердің- қорғап, арашалап, болысуларын, яғни шапағат етулері, Алла тағаладан бұйрықсыз іске аспайтындығы ескертіліп, « Ағузү біллаһи» делінген түрде бір Алла тағалаға ғана сиынып жалбарыныңдар деп тұжырымды да елеулі әмір бойынша ашық бұйрық беріліп отырғанда екі дүниеде ешбір ролі болмаған аруаққа сыйыну мүлдем қате. Ислам дінінің, негізгі «сеніміне»үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Аруаққа сиынушылық « Анамизм» сенімі Ислам дінінен көптеген ғасырларша бұрыннан жалғасып келе жатыр. Бұл сенімнің дұрыс емес екендігін түсіндіріп айтқан да кісі болмаған. Сондықтан бұрынғы моллалар неге айтпаған дейтіндер де болады. Бірақ бұрынғылардың айпағандығы бұл мәселенің дұрыстығына дәлел бола алмайды. Алла тағала өзі оңғарсын.

«Уә күтүбиһи»: Кітаптарына иман келтіру. Алла тағала, ақыл-ой, сана-сезімдерімен толық қамдап, жіберген елшілерімен бірге - әлеуметке бұйырықтары мен тыйымдарын білдіру үшін Алла тағаланы мойындаса да, бұйырықтарын біліп орындай алмайтын еді. Сондықтан пайғамбарлардың кейбіріне бірнеше жапырақ түрінде бұйырық түскен. Бұларды: «Сахифа сұхуф», яғни жапырақ- жапырақтар деп атайды. Хазірет атамыз Адам (ғ. с. ) ға он, хазірет Шид (ғ. с. ) ға елу, хазірет Ідіріс (ғ. с. ) ға отыз және хазірет Ыбраһим (ғ. с. ) ға он сахипа түсірілген. Ал ірі кітаптар төртеу.

Хазірет Дауыл (ғ. с. ) ға Зәбур,

Хазірет Мұса (ғ. с. ) ға Тәурат,

Хазірет Ғайса (ғ. с. ) ға Інжіл

және Хазірет Мұхаммед (ғ. с. ) ға Құран кәрім түсірілген. Бірақ Құран кәрімнен басқасында сенім қалмады. Өйткені көп өзгерістерге ұшыраған. Бақара сүресінің жетпіс тоғызыншы аятында: « Сондай кітаптарды қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға (дүниелікке) сату үшін «осы Алла тағаланың қасынан келгені» дегендерге, «олардың қолекі жазғандарына, оны сатып тапқан табыстарына қандай өкініш» дейді.

Бүгінгі қолдағы Зәбур, Тәурат, және Інжілердің Алла тағала тарапынан жіберілді деген құр аты ғана бар. Өйткені бұлардың кімдер тарапынан жазылғаны белгісіз. Тіпті егер нағыз негізгі нұсқалары болса да, Құран түскеннен соң олардың, хүкімдері күшінен қалды. Біз мұсылмандар негізгі нұсқаларына сеніп иман келтіреміз. Бірақ яһудилер мен христиандар Құранды мойындамайды.

Тәураттың негізгі нұсқасы жоқ. Өйткені ұрпақтарының бастарына түскен (келген) ұзақ тарихи күйзелістер, аянышты ауыр азаптар мен құлдықтар және тұтқын болу салдарынан жойылып кеткен, түгел жатқа алған да ешкім болмаған.

Ал Інжілге келсек, негізінен Тәураттың жалғасы болып, біраз үгіт- насихаттар қосылған. Тәураттың үкімдері бойынша ғамал істелетін еді.

Хазірет Ғайса(ғ. с. ) ның үш жылдық Пайғамбарлық дәуірінде небары он екі немесе он жеті хауарилардан басқа ешкім мойындап иман келтірмеген. Сондай-ақ яһудилер өте қатты қарсылық көрсетіп, тіпті хазірет Ғайса(ғ. с. ) ның көзін жоймақшы болған. Ғайса(ғ. с. ) ның заманында етек алып жайыла алмаған Інжілдің қайда қалғаны белгісіз. Өйткені яһудилер Інжілге де мейілінше қарсы еді. Бүгінгі христиандардың қолындағы Інжіл хазірет Ғайса (ғ. с. ) нан көптеген заман кейін жазылған. Бір замандарда әркім Інжіл жаза-жаза өте көбейіп кеткендіктен, Шығыс рома императоры Константин Милади 325 жылы Ыстамбул қаласының шығыс жағындағы «Ізнік» қалашығында бір дини жиналыс жасауға әмір береді. Міне сол жиналыста бұрын жазылған көптеген Інжілдердің ішінен Матта, Юханна, Лұқа және Марқос атты төртеуі қабылданады.

Ал, Құран кәрім, Алла тағала тарапынан ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед(ғ. с. ) ға Жебрейл(ғ. с. ) арқылы(611- 632) жиырма үш жылда араб тілінде түсіріліп, тамамдалған болатын. Бұл қасиетті Құран кәрім, отыз пара, жүз он төрт сүре, алты мың екі жүз жиырма сегіз аят немесе шамалы артығырақ. Бұл қасиетті Алла тағаланың сөзі, аяттарының тәртібі де сондай- ақ ешбір сөзі, Алла тағала тарапынан хазірет Мұхаммед(ғ. с. ) ға қандай түсірілген болса, сол қалпында түп - түгел жалғасты түрде сақталып келеді. Өйткені хазірет Пайғамбарымыз(ғ. с. ) Алла тағала тарапынан әр келген сүренің қай орынға жазылатынын, арнаулы уахи жазушыларына дұрыс жаздырып отырған. Және көптеген сахабалар жаттап алып отырған. Пайғамбарымыз қайтыс болғанда, сахабалардың саны неше жүз мыңға, Құран жаттаған қарилардың саны жүзге жетті десек, артық айтылған болмайды.

Хазірет Әбубәкірдің халифалығы заманында, әрі уахи жазушысы, әрі қари Сәбитұлы Зәйіттің қарамағындағы бір қоғам тарапынан өте ұқыпты түрде ел арасындағы Құран беттері бір ортаға жиналып, әр сүренің аяттары хазірет Пайғамбарымыздың көзі тірісінде жаздырған тәртібі бойынша, кітап етіліп жазылып хазірет Ғұсманның халифалығы заманында сол Құран нұсқалары көбейтіліп тарқатылған. Міне, сондықтан Құран кәрім заманында жазылып, әрі жүздеген қаридың жанында сақталған бойда бүгінгі күнімізге дейін жетіп келді.

Ал, бүгін дүниенің төрт бұрышында ең соңғы техникалық мүмкіндігі бар баспаханаларда миллиондаған нұсқасы басылумен қатар, миллиондаған қарилер жатқа оқуда. Бұдан былай қияметке дейін жалғаса беретіндігі сөзсіз. Онымен қатар бүкіл мұсылман тілдеріне содай-ақ басқа да тілдерге аударылуда. Өйткені Алла тағала он бесінші сүренің тоғызыншы аятында: «Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнінде оны біз қорғаушымыз» деген.

«Уә рұсүлиһи» - пайғамбарларына иман келтіру: Алла тағала құлдарына бұйырықтарын жалғастыру үшін ел арасынан елші белгілеген. Бұны пайғамбар деп атайды. Періштелер арқылы пайғамбарларға берілген бұйырықтарды «уахи» деп атайды да, ол пайғамбарлар арқылы халыққа көрсетілген ғажайып нәрселерді, «мұғжиза» дейді. Пайғамбарлар, іші - тісі бірдей таза, аса зерек, тым парасатты, Алла тағаланың әмірлерін халыққа толық жалғастыралықтай қабілетті майталман тұлғалар болып, өтірік, өсек, арсыздық, қиянат сияқты кінәләрдан мүлде пәк, бастарына қандай қауіп - қатер төнсе де бұлжытпай Алла тағаланың бұйрықтарын орындаудан әсте бас тартпайтын аса сабырлы, ерекше қажырлы, өте батыл, мызғымас толғамды кісілерден болған.

Алла тағала тарапынан кітап түсірілгендерді « расул - мүрсәл» (елші) деп атайды да кітап түсірілмегендерді « нәби - әнбия» (хабаршы) деп атайды.

Пайғамбардың ең бастапқысы, хазірет Адам(ғ. с. ) . Ең соңғысы хазірет Пайғамбарымыз. Мұхаммед(ғ. с. ) . Бұл екеуінің арасында қанша Пайғамбарлар келгені мәлім емес. Ал қанша Пайғамбар келген болса да барлығын мойындаймыз. Барлығы хақ Пайғамбар. Алла тағаланың елшісі.

Құран кәрімде аттары аталған Пайғамбарлар мыналар:

Адам, Ыдырыс, Нұх, һуд, Салық, Лұт, Ибрахим,

Исмағил, Исхак, Якуб, Юсуф, Шұғаип, Мұса,

Һарун, Дауыд, Сүлеймен. Әййуп, Зүлкәпіл,

Юнус, Іляс, Әлясағ, Зәкәрия, Яхя, Ғиса-(Ғайса)

және Мұхаммед(ғ. с. ) . Лұқман, Ғұзайыр және Зұлқарнайын -

үшеуінің Пайғамбарлықтарында қайшылық (күмән) бар. Пайғамбарлардың толық жағдайын Құран кәрімнен және «Қасасүл Әнбия» (Пайғамбарлар қиссасы, Пайғамбарлар тарихы) деген кітаптардан оқуға болады.

«Уәл қадәри хайриһи уә шәрриһи мінәллаһи тағала». Яғни жақсы, жаман, болашақ тағдырдың Алла тағаладан екендігіне иман келтіру. Алла тағаланың ежелден мәңгілікке дейін болатын құбылыстардың мезгілін, орнын, бейнесін, қайтып, қашан, қалайша болатындығын, білетіндігін тағдыр деп атайды.

Қорытып айтқанда, ешбір нәрсе өзінен - өзі болмайды, Алла тағаланың білуі, қалауымен болады. Бұл жерде «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі», «Алла тағаладан бұйрықсыз шыбын шақпайды» деген екі мақалды ескерткім келеді.

«Уәл яумәл ахири уәлбағсу бағдәл мәут». Яғни ахирет күніне және өлгеннен кейін тірілуге иман келтіру. Ахирет күніне және өлгеннен кейін қайта тірілуге сену Алла тағалаға сену болып табылады. Өйткені өлгеннен кейін қайта тірілу Алла тағаланың құдіретінің елеулі бір дәлелі және хазірет Пайғамбарымыздың бекітуі болғандықтан ахирет күніне және өлгеннен кейін қайта тірілуге сенбеу Ислам дінінің негізін мойындамаған болады. Ойлап қарасақ, тірі құстан өлі жұмыртқаның шығуы, жансыз жұмыртқадан жанды, тірі балапанның шығуы, міне, бұл құбылыстардың мылқау, олақ табиғаттың ғана жұмысы емес, бір шебер құтіреттің ісі екендігін талас көтермейді. Ал, өзіміз де бір күндері дүниеде жоқ едік. Бір тамшы жансыз судан пайда болып дүниеге келу қарсаңында бірнеше құбылыс кезеңдерінен өтіп барып дүниеге келдік, және бұл дүниеден жоқ боламыз. Әрине, бұған ешкім таласпайды. Тағы Алла тағаланың құдіретімен және қайтадан бар боламыз.

Біз, мұсылмандар, қияметтің болуына, аят, хадистер бойынша дәлелденіп, бекітілгендігі үшін күдіксіз сенеміз. Шын жүректен бекітіп, тілмен айтамыз. Әрине, бұл дүниенің соңы бар. Бір күні әлемнің тәртібі өзгеріп, қиямет - қайым болады. Басқаша айтқанда заман ақыр болады. Бірақ қашан болатыны мәлімсіз болғанмен біздің өміріміз шекті. Өлгеннен бастап қиямет табалдырығын аттаған боламыз. Мейлі қиямет қашан болса, сонда болсын. Қияметке дейін «Бәрзах әлемі» делінген көмескі өмір жалғаса береді. Қиямет басталғанда бір Алла тағаладан басқа бүкіл жан иесі өледі де, Алла тағаланың құдіретімен қайта тіріліп, ғарасат майданына жиналады. Әркімнің дүниедегі жақсы, жаман істері есептеліп, таразыға тартылады, кімнің кімде хақысы болса, алынып, жақсылығы ауыр тарқандар тозаққа түседі. Алла тағала біздерді жаннатқа кіретеін құлдарынан ете көрсін. Әмин.

КІШІПЕЙІЛДІК ЖӘНЕ ТӘКӘПАРЛЫҚ ЖАЙЛЫ

Қадірлі жамағат! Алла тағала Құран кәрім он алтыншы сүренің жиырма үшінші аятында: « Дау жоқ Алла тағала олардың жасырғандарын әрі көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла тағала өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді», делінген мазмұнда Алла тағаланың тәкәппарларды жақсы көрмейтінін ашық білдіреді. Және хазірет Пайғамбар (ғ. с. ) : « Берілген садақа мал - мүлікке зиян келтірмейді. Алла тағала кешірімді құлына гизаттан басқа бір нәрсе бермейді. Ал, кімде - кім Алла тағала үшін кішіпейіл болса, Алла тағала оның абыройын көтереді». Екінші хадисте: « Кімде - кім Алла тағала үшін кішіпейіл болса, Алла тағала оны көтереді. Кімде - кім тәкәппар болса, Алла тағала оны төмендетеді» дейді.

Қадірлі жамағат! Жоғарыдағы аят және хадистерде: өзін-өзі жоғары санап, басқаларды бойына теңгермей дандайсыған тәкаппарларды Алла тағала жақсы көрмей, олардың абыройын түсіретіндігі ашық баян етілуде. Онымен қатар өр кеуделерді елде жақтырмайды. Он жетінші сүресінің отыз жетінші аятында: «Жер жүзінде дандайсып жүрме, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың». Яғни, жерден мықты, таудан биік бола алмайсың. Сондықтан өзіңді өзің көтеріп, шертимей, бәсең бол. Осы мазмұнда ашыұ әмір беріледі және хазірет Пайғамбар (ғ. с. ) : «Бір адамның жүрегінде тозаң түйіріндей мен-мендік болса, жаннатқа кірмейді», деп қатаң ескертеді.

Қадірлі жамағат! Ал енді көп ұзаққа бармай - ақ өзіміздің жаратылысымыз- ды, дүниеге келуімізді біраз зерттеп қарасақ, бір тамшы жайсыз судан жаралып, шыққан жерімізде белгілі. Сондықтан басқалардан өзімізді жоғары санауымыз үшін не ауыздан туып, не көктен түскен болуымыз қажет қой. Ондай ерекшелігіміз болмағанда өзімізді басқадан артық көріп, даңдайсыйтын не жөніміз бар? Ендеше өзіміздің тегіміздің қайдан шыққанын мүлде ұмытып, өзімізді басқалардан жоғары көріп, менменсінуіміз ақылымыздың кемшілігін дәлелдейді. Ақылы толық, миы түзу адам терең ойлап, жете түсінсе, тәкаппар болмайды. Тәкәппар адам қоғамның басына келсе, басқаларды қор көргендігі үшін әділетпен басқаруы мүмкін емес. Сондай - ақ ондай адамның жанына ешкім жоламайды да, о да басқалармен араласуды ар көреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имандылық – бақыттың шыңы
Тағдыр мәселесі
Имандылық туралы
Әбу Юсуф бин Ибрахим бин Хабиб бин
«Сәләфия» шырғалаңы – дін келешегіне төнген қауіп
Ислам діні және оның ерекшеліктері
Ислами тәрбие
Ислам теологиясы
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда
Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz