Ізгілікке бейіл ислам діні


Ізгілікке бейіл ислам діні - елді марқайтып қана қоймайды, мемлекеттің рухани тіректерінің біріне айнала алады
2001 жылғы қыркүйектің 11-інде Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына ұшақтар бірінен кейін бірі келіп соғылып, биіктігі аспанмен таласқан қос ғимарат күл-талқаны шығып, жермен-жексен болып опырылғанда, көп елдің үшінші дүниежүзілік соғыс басталғандай қал кешкені есте. Алайда, адамзат тарихындағы осынау жан түршігелік оқиғаның лаңкестік әрекет екені анықталып, артынан оны Осаме бен Ладен жетекшілік ететін «Әл Қаида» ұйымы өз мойнына алғанда, бір сәт христиан дүниесінің ислам әлеміне жек көрінішпен, кекпен қарағаны жасырын емес. Содан бері, ислам діні мен өзге діндер арасында көзге көрінбейтін тамыры тереңге кеткен үлкен текетірестік қалыптасқандай, ол әлі де жалғасып келе жатқандай.
Сол тұста тағына отырғанына көп бола қоймаған АҚШ Президенті кіші Джордж Буш Америка деп аталатын атауынан ат үркетін елдің алдында қасықтап жинаған беделінің шөміштеп төгілгенін жиып-шаю үшін терроризммен, экстремизммен күрес деген ұрандарды желеу етіп ислам әлеміне ашық соғыс бастады. Осама бен Ладеннің көзін жоймақ болып, оны іздеп алдымен Ауғанстанның астаң-кестеңін шығарды. Ондағы талибтердің режимін құлатып, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткендей болғанымен, ол елде бейбітшіліктің толық салтанат құрмағаны белгілі. Ауғанстанды әлемдік қауымдастық әлі де болса лаңкестерді дайындайтын ошақ ретінде қарастырып, есірткінің ордасы деп бағалап отыр. Одан кейін ислам әлеміне жорығын кіші Д. Буш ядролық қаруы бар, оны құртпасақ дүние жүзі елдеріне үлкен қауіп төніп тұр деген сылтаумен Саддам Хусейн билігіндегі Ирак мемлекетіне соғыс ашу арқылы жалғастырды. Басты мақсаты - ислам елдерінің ішінде АҚШ-қа қарсы пікірін жасқанбай, ашық әрі айқын білдіріп жүрген С. Хусейн режимін құлатып, ирак халқына тиесілі мұнайға иелік ету болды. АҚШ басшылығы бұл діттегеніне де қол жеткізгенімен, Ирактан ешқандай да ядролық қару, тіпті оның бағдарламасы бар бірде-бір құжатты бункерлерді шам алып іздесе де таба алмады. Соғысқа дейін ұйқылары тыныш болған, оразаларын алаңсыз ұстап келген ирак халқының басынан бүгінде бағы тайған, берекесі қашқан. Не үшін, кім үшін, кіммен соғысып жатқанын өздері де ұғып болмайтындай халге жеткен, күнде жарылыс, нәтижесінде еш жазығы жоқ бейбіт тұрғындар зардап шегіп, қаза табуда.
Осылайша, естен кетпес 11-інші қыркүйек оқиғасынан кейін әлемдік қауымдастық басынан үлкен дағдарыстарды өткеруде. Түрлі дінге сенуші топтардың арасында пайда болған іштей қарсылықты жойып, әрбір діннің тек ізгілікті, бейбітшілікті насихаттайтынын түсіндіріп, алауыздықты ауыздықтауға бағытталған тура жолды іздеп әуре. Бұл ретте ғалымдар мен түрлі дін өкілдерінің, саясаткерлердің, аузы дуалы ойшылдардың қатысуымен әлемдік деңгейде басқосулар ұйымдастырылып, жиындар өткізіліп келеді. Ондағы мақсат - діндер арасында диалогқа жол ашып, жаңа мыңжылдықта көкейкесті проблемаға айналып отырған әлемнің қауіпсіздігін камтамасыз ету.
Осындай шоқтығы биік басқосудың қазақ жері - Астана қаласында өткені белгілі. Әлемдік қауымдастық Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Азия жерінде, мұсылман елінде дүниежүзінің діндері, бүкіл жер бетінің халқы табынатын діндер - христиандық, иудаизм, ислам мен буддизмнің басшылары жиналып, Алланың, Құдайдың бір екенін айтып, ешқандай дінде экстремизм жоқ екенін мәлімдеген, елордада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының сьезін адамзат тарихындағы саяси маңызы зор оқиға деп бағалады. Осылайша, бұл шара әлемдік діндердің диалогына даңғыл жол ашты. Осыдан кейін барып өмірге деген көзқарастары, наным-сенімдері әртүрлі топтардың бір-біріне қырын қарағаны сәл де болса басылып, өзара түсіністікте, бірлікте, ынтымақта әрекет етуге деген ниет пайда болды.
Дегенмен, қазақ жерінде өткен діндер сьезінен кейін де әлемде түрлі қақтығыстар мен соғыстар орын алып, адам қаны төгіліп, кісі өліміне әкеліп жатқан лаңкестік әрекеттер әлі де болса тиылар емес. Бұл ретте адамдардың жүрегін әлемнің әр түкпірінде орын алып жатқан қолдан жасалған жарылыстар мен қақтығыстарды естігенде оны нақ ислам дінін берік ұстанатын топтар мен адамдар іске асырып жатқандай әсер жайлап алған. Өйткені, қазіргі таңда әлемде жүріп жатқан ақпарат соғысын өздерінің мүддесі үшін тиімді пайдаланып отырған АҚШ пен Батыстың ақпарат құралдары біржақты ақпарат таратып, ислам дінін - құбыжық, озбыр, өктем дін ретінде көрсетуге тырысып бағуда. Мойындау керек, өкінішке орай, олардың бұл саясаты әзірге өз жемісін беруде.
Алысқа бармай-ақ, солтүстіктегі көршіміз Ресейдегі скинхеттердің немесе тақырбастардың түр-пішіні мұсылманға ұқсас адамдарға тыныштық бермей, оларды соққыға жығып, қорлағандарын мысалға алсақ та жеткілікті. Мұндай оқиғалардың Еуропа елдерінде де жиі болмаса да ара-тұра қайталанып тұратыны жасырын емес. Бұдан әлемдік діндер арасында сындарлы диалогтың қалыптасып, дамуына мүдделі емес топтардың әлі де болса белсенді әрекет етіп, жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр деп қорытынды шығаруға болады. Дегенмен, ондайлар қарсы екен деп адамзаттың болашағы үшін аса қажет іргетасы қаланып қойған диалогтың тоқтап қалуына жол бермей, оны жоспарлы түрде жүзеге асыру аса маңызды. Мұны әлемдік қауымдастықтың зиялы тобы жақсы түсініп отыр. Ол үшін мұсылман әлемнің ойшылдары, ғалымдары, дін басылары, саясаткерлері әлемдік деңгейдегі мінбелерге жи-жиі көтеріліп, адамзаттың ақырғы және хақ діні - ислам дінінің қадір-қасиеті мен маңызы жайлы басқа дін өкілдеріне түсіндіріп, олармен бірлікте, ынтымақта жұмыс істеудің жолын қарастырып, жатпай-тұрмай әрекет еткені қажет.
Бүгін елордада осындай игі шаралардың бірі - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Төзімділік арқылы - рухани бірлікке» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына ҚР Президенті әкімшілігінің, Үкімет кеңсесінің, еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдері, Парламент депутаттары, конфессия жетекшілері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, Қазақстан мен Ресейдің қоғамдық ұйымдары қатысты. Онда ғылым мен әлеуметтік тәжірибедегі жаңа бағыт болып саналатын төзімділік, этникалық гуманизм проблемалары, қоғам өміріндегі діни факторлардың рөлі және діни экстремизмге қарсы іс-әрекет мәселелері талқыланды.
Онда сөз алған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі конференцияға жиналған христиандық, иудаизм, ислам мен буддизмнің өкілдерінің алдында баяндама жасап, ислам дінінің қоғамдағы рөлі мен маңызы жайлы көзқарасын ортаға салды. «Соңғы кездері ислам дініне түрлі жағымсыз «измдер» таңып, қара күйе жағуға тырысушылық байқалуда. Мұның астарында әлдекімдердің тасада тұрып тас атуы, көздеген белгілі бір мақсаты жатыр», деп атап көрсеткен Бас мүфти: «Исламда терроризм де, басқа да измдер жоқ. Бұлардың дінімізге үш қайнаса да сорпасы қосылмайды», деді.
Бас мүфтидің айтуынша, исламның басты мұратының бірі - адамдар арасында бейбіт қатынас орнатып, тыныштықта өмір сүру. «Бұл «измдер» ислам дінінің күннен-күнге күшейіп келе жатқан беделін түсіріп, өзгелерге құбыжық етіп көрсетуге бағытталып отыр. Терроризмде ұлт, дін, нәсіл жоқ». Бүгінде әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан дау-жанжал мен соғыстардың, қақтығыстардың себебін көбіне-көп діннен іздеу үрдісі қылаң бере бастағаны басы ашық шындық. Босния мен Герцоговинадағы қантөгіс діндераралық шиеленіс салдарынан болды деп түсіндірілді. Осыған тоқталған Әбсаттар қажы Дербісәлі ЮНЕСКО секілді әлемге белгілі халықаралық ұйымның бұл мәселеге үлкен мән беріп, 2000 жылды діндер арасындағы диалог жылы деп жарияланғаны тектен-тек емес екенін айтты. «Қазіргі таңда діннің үлкен күшке айналғанына тоқталған ол: «Мәселе сол күштің кімнің қолында екендігінде. Егер ол содырлар немесе діни фанатист, яки, экстремистер мен дүмшелердің қолына тисе халық қасірет шегеді. Ал, зиялылар басқарса дін көркейеді, ел марқаяды, дін мемлекеттің рухани тіректерінің біріне айналады. Ал, мемлекет күшті болса, оның діні белсенді. Сондықтан, қазіргі тартысы көп, қым-қуат алмағайып кезде дінге бірлік, ынтымақ өте қажет», деді.
Сонымен қатар, Бас мүфти дінімізді түрлі саяси мақсаттарға пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, біртұтас Қазақстан үшін жұмыла жұмырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, диалогқа жол ашып, жікшілдік пен фанатизмге тосқауыл болуға тиіс екенімізді атап өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz