Iлiмнiң қасиеттерi және артықшылықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
بسم الرحمن الرحيم

في فضيله العلم

Iлiмнiң қасиеттерi және артықшылықтары.

Аллаһу Субһанаһу уа Тағала өзiнiң Кәләмi болған Құран –Кәримде
iлiмнiң қасиетерi мен ерекшелiктерi жөнiнде көп айтқан. Құрани – Кәримнiң
алғашқы аяттары оқу – iлiм туралы түскен болатын.

اقرأ بسم ربك الذي خلق

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Аллаһ Тағала ең алғаш рет уаһи жiбергенде
“Өзiңдi жаратқан раббыңның атымен оқы!” – деп бүйырған. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) Аллаһ Тағала Құрани – Кәримдi 23 жыл iшiнде жазусыз, кiтапсыз
Жәбрәйiл (с.ғ.с.) арқылы түсiрген. Яғни Жәбрәйiл (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) ұстаздық еткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) барлық шариат iлiмдерiн
Жәбрәйiлдiң (с.ғ.с.) ұстаздық етумен үйренген. Бұның өзi iлiмдi құр кiтап
арқылы емес, ұстаз арқылы үйрену сүннәт екендiгiн бiлдiредi. Ұстаз арқылы
алынған iлiмде береке болады.
Тағы бiр аятта Аллаһ Тағала:

فاسئلوا أهل الذكر إن كنتم لا تعلمون

деп айтқан. Яғни “Бiлiмейтiндерiң бiлетiндерiңнен (iлiмсiздерiң
алымдардан) бiлмейтiндерiңдi сұраңдар!” Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис –
шарифiнде:

طلب علم فريضه علي كل مسلم و مسلمه

Яғни: “Iлiм талап қылу әрбiр мүсылман ер мен әйелге парыз болып
табылады”, - деп айтқан.
Мүжтаһид алымдардың фәтуәларымен осы аят – кәрима және хадис – шариф
бойынша iлiм үйрену мүмин – мұсылмандарға парыз болып табылады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) iлiм алудың парыз екендiгiн қуаттай келе басқа бiр
хадис – шарифте былай дейдi:

اطلبوا العلم من المهد الي اللحد

Яғни: “Бесiктен көрге дейiн (туғаннан өлгенге дейiн) дiн iлiмiн талап
қылыңдар!”.
Келесi бiр хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

اطلبوا العلم ولو بالصين

Яғни: “Iлiмдi Қытайда болса да, барып үйренiңдер”, - деп, дiн iлiмiн
қай жерде болса да талап қылуды насихат етедi.

من خرج من بيته في طلب العلم فهو في سبيل الله الي ان يرجع الي بيته

Яғни: “Кiмде – кiм үйiнен iлiм үйрену үшiн жолға шықса, қайтып
оралғанға дейiн Аллаһ Тағаланың жолында болады”,-делiнген.
Тағы бiр хадисте:
افضل العباده طلب العلم و نظر الرجل في العلم خير له من عباده ستين سنه
Яғни : “Ибадаттың ең абзалы – iлiм үйрену. Кiсiнiң бiр сағат iлiм
үйренуi, алпыс жылдық нәпiл ибадатынан артығырақ”, - деп айтылған.
Аллаһ Тағала мұсылмандарға iлiм алуды парыз ете отырып, ғұламалардың
артықшылығы жөнiнде былай дейдi:

هل يستوي الذين يعلمون و الذين لا يعلمون

Яғни “Бiлетiндер мен бiлмейтiндер (iлiсiз надандар мен алымдар) тең
болады ма ?”. Бұл жерде هل истифһам – инкарий үшiн келгендiктен араб
тiлi ережесi бойынша терiстеу мағанасын бередi. Аллаһ Тағала: “Жоқ, әлбетте
тең болмайды”, - деп жауап қайтарып, ғұламалардың артықшылықтарын, олардың
iлiмсiз адамдарға қарағанда дәрежелерiнiң жоғары екендiгiн бiлдiрген
болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ғұламалардың артықшылықтары жөнiнде
көптеген хадистерiнде айтып кеткен:

علماء أمتي كأنبياء بني إسرائيل

Яғни: “Менiң үмметiм алымдарының дәрежелерi Исраил әулетiнiң
пайғамбарларының дәрежелерiндей болады”, - деп айтқан.
Екiншi бiр хадисте:

العلماء ورثه الأنبياء

Яғни: “Алымдар – пайғамбарлардың мұрагерлерi”, - деген. Себебi
пайғамбарлардан iлiмнен басқа ешқандай мирас қалмаған. Қандай да бiр
мұсылман сол iлiмге ие болса, яғни шариат iлiмiнде алым болса, онда ол адам
пайғамбарлардың мирасқоры болады.
Басқа бiр хадисте ртуаят етiлгендей:

فضل العالم علي العابد كفضلي علي أدناكم

Яғни: “Менiң сендердiң ең төменгi дәрежеде болғандарыңның алдындағы
артықшылығым қандай болса, алымдардың iлiмсiздердiң алдындағы дәрежелерi
сондай болады”, - деп сахабаларына алымдардың дәрежесiн түсiндiрген.
Келесi бiр хадисте былай делiнген:

من سلك طريقا إلي العلم سلك الله به طريقا إلي الجنه و إن العالم

يستغفر له من في السموات و الارض حتي الحيتان في البحر
“Кiмде – кiм iлiм талап қылып жолға шықса, Аллаһ Тағала ол кiсiге сол
iлiм себептi жәннәтқа қарай жол ашады. Аспан мен жердегi барлық нәрселер
тiптi теңiздегi балықтарға дейiн, алым үшiн Аллаһ Тағалаға истиғфар айтып,
оның күнәларының кешiрiлуiн сұрап тұрады”, - делiнген.
Басқа бiр хадис – шарифте:

من تعلم بابا من العلم ليعلم الناس أعطي له ثواب سبعين نبيا

Яғни: “Кiмде – iкм iлiмнен бiр тарау (бiр бөлiм) үйренсе, ол үйренген
iлiмiн басқаларға үйретсе, ол адамға жетпiс пайғамбардың дәрежесiндей
сауап жазылады”, - делiнген.
Сол сияқты алымдардың сүхбатында болып, олардың үгiт – насихаттарын
тыңдап, үйренiп амал жасаудың қасиеттерi туралы да көптеген хадитерде
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бiздерге ескертiп кеткен.
من جلس عند العالم ساعتين او اكل معه لقمتين او سمع منه كلمتين او مشي معه
خطوتين اعطاه الله تعالي جنتين كل جنه مثل الدنيا مرتين
Яғни: “Кiмде – кiм алымның сүхбатында екi сағат отырса немесе онымен
бiрге екi лұқма (жұтым) тамақ жесе немесе одан екi ауыз сөз үйренсе, онымен
бiрге екi адым жер жүрсе Аллаһ тағала ол кiсiге екi жәннәттi нәсiп етедi.
Ол жәннәттардың әр қайсысы дүниеден екi есе үлкен болады”, - деп
Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бiр хадис риуаят етiлген.

و عن علي كرم الله وجهه عن النبي صلي الله عليه و سلم أنه قال سألت جبريل
عن أصحاب العلم فقال هم سراج امتك في الدنيا و الآخره طوبي لمن عرفهم و الويل
لمن أنكر هم و أبغضهم (كواش)
Хазретi Әлi каррамаллаһу уәжһәһуден риуаят етiлген хадисте былай
делiнедi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Жәбрәйiлден (с.ғ.с.) алымдар жөнiнде
сұрадым. Ол маған: “Алымдар – сенiң үмметiңнiң екi дүниедегi шырағы. Оларды
танып – бiлгендерге сүйiншi болсын, оларға қарсы шыққан немесе оларды жек
көргендерге өкiнiш болсын”, - деген едi.
و روي عن النبي صلي الله علي و سلم أنه قال من صلي الصلاه مع الجماعه و
جلس في حلقه العلم و سمع كلام الله و عمل به أعطاه الله تعالي سته أشياء :
الرزق من الحلال و ينجو من عذاب القبر و يعطي كتابه بيمينه و يمر علي الصراط
كالبرق الخاطف و يخشر مع النبيين و بني الله بيتا في الجنه من ياقوته حمراء له
أربعون بابا
(زبده)
Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) мына хадис риуаят етiлдi: “Кiмде – кiм
намазды жамағатпен оқыса, алымдардың iлiм сүхбатына (алқасына) қатысып,
олардан Аллаһ Тағаланың кәләмiн үйренсе және оған амал қылса Аллаһ Тағала
ол кiсiге алты түрлi нәрсе бередi:
1.Халал ризық;
2.Қабiр азабынан босатылады;
3.Қияметте күнi есеп кiтабы оң жағынан берiледi;
4. Сират көпiрiнен жарқылдаған найзағайдай ұшып өтедi;
5.Қияметте пайғамабарлармен бiрге тiрiледi;
6.Аллаһ Тғала ол кiсiге арнап қызыл жақұттан жасалған қырық есiгi бар
сарай салдырады”.
و عن ابن عباس رضي الله عنهما قال خير سليمان عليه السلام بين العلم و
الملك فاختار العلم فأعطي العلم و الملك
Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етiлген хадисте: “Сүлейменге (с.ғ.) iлiм иен
патшалықтың қайсысын таңдайсың”, - дегенде, Сүлеймен (с.ғ.) iлiмдi
таңдаған. Оған iлiммен қоса патшалық та берiлдi”, - делiнген.
Кейбiр даналардың айтуынша iлiм сөзi араб тiлiнде үш әрiптен тұрады:
العلم:
1عين، 2 لام، 3 ميم،
عليين – عين сөзiнен, لطف -لام сөзiнен,ملك – ميم сөзiнен алынған. ع
(айн) әрiпi иесiн عليين - иллийнге (ең жоғарғы жәннәт) тартады. ل (ләм)
әрпi оны لطيف - латиф, яғни жұмсақ мiнездi қылады. م (мим) әрпi ملك
-мәлiк, яғни басқаларға патша, басшы етедi.
Iлiмнiң шарапатты нәрсе екендiгiне Аллаһ Тағаланың мына сөзi дәлел
болады:

و قل رب زدني علما

Яғни: “Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.) сен: “Ей, раббым! Менiң iлiмiмдi молайта
көр”, - деп айт”.
Себебi Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) барлық iлiмдердi үйреткен
едi. Оған iлiмнен басқа нәрсенiң көбейюiн, молайюын талап етудi бұйырмады.
( مجلس الابرار)
Бiр күнi Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешiтке келсе, есiктiң алдында тұрған
шайтанды көредi. Оған: “Ей, Iблiс! Сен мүнда не қылып жүрсiң!”, -дейдi.
Малғұн оған: “Мешiтке кiрiп, анау намаз оқып тұған кiсiнiң намазын бұзғым
келiп түр. Бiрақ мына ұйықтап жатқан кiсiден қорқып тұрмын”,- дедi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) одан: “Ей, Iбiлiс! Неге Раббiсiне мiнәжәт етiп,
намазда тұрған адамнан қорықпай, Құдайдан бейхабар (ғафiлетте), ұйқыдағы
адамнан қорқасын ?”, - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ферменттер өндірісі
Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері жайлы
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі
Ғылымтану деңгейлері мен әдістері
Философия ұғымы туралы түсінік
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Легистердің этикалық - саяси ілімі
Пәндер