ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
Мәдениеттегі діннің ролін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішінде ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны көп. Дегенмен “діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды”. Қорқыныш үрей де, сүйіспешілік те, ата бабаларды қастерлеу де діни сенімнің өз алдына тұрған жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын.
Цицерон шығармаларында “религия” сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден бір тұжырым дін деп кез келген сенім түрін айтпайды, тек адамды қасиетті мәңгілік тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім - діннің негізін қалушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. “Мен құдайға сенемін” деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан тәнімен бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі -құрбандық шалу рәсімі.
Дін адам жан дүниесінің талап талпыныстары мен арман мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмды атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік іс әрекетін қатал қадғалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрып адамдар арасындағы қарым- қатынастарды реттеп қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды және профанды діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде исламдық әлеммен қытайдың ұлы мәдениеттерін тереңге жайған.
Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы бірі - ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі заңдарда негізделенеді.
Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшілігіне сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға ар-ождан, ұят тұралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның қылығы мен іс әрекетін ғана реттеп бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды. Адамның Мейірімділік, Махаббат, Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады.
Қазіргі таңда әлемде бар діндердің қайсысымен болған әлсіз байланысқа адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде. Ол не өзінің заң беруші ақыл ойына не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан қарамастан діни қажеттіліктің өзектілігі азаймайды. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған қиын қыстау өтпелі жоғалып кетті. КСРО ыдырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат “коммунисттік бақытты болашақтың” жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі әр түрлі діни конфессияларға бет бұрды.
Қазіргі Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында біз де де дін азаматтық қоғамның біріктіруші, бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдениетінің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірдестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға қайырымдылық көрсетуді де ұмтымайды.
Дүниежүзілік діндер таза этникалық құндылықтар аумағынан шығуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер императивтерін қалыптастырады. Конфессионалдық бірлік деңгейіне тұлғааралық және топаралық қатынастарда кемітетін принциптер негізделінеді. Әлеуметтік тұрақтылық мәдени бөліктердің бірін бірі қолдап отырғандығы талап етіледі. Дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде орнықты құндылықтарды нығайтып, статус квоны сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан дін қазіргі адам үшін де тартымды болып табылады. Өйткені, ол өткен құндылықтарын жоғалта бастаған постиндустриалдық өркениеттік шамадан тыс ағынымен қамтылған, маргинал тұлғаға жатады. Болмыстың тым жылдам ырғағына ілесе алмаған адам үшін ол батып бара жатқанда қармап қалатын қамыс сияқты және дін арқылы ол уақыттың үзілген сәттерін қалпына келтіргісі келеді.
Діннің өзі де эволюциялық өзгерістерге ұшырап, азаматтық қоғамдағы тұлғааралық қатынасатрды реттеу тетіктеріне жаңаша әсер еткісі келеді. Оның негізі де бар. Өйткені құндылық нормалар адамдық қалыптардың сыртқы көріністерін ретке келтіріп, дін көмекке келетін адам үміттеріне, қайғысы мен тәубесіне, тәубеге келуіне араласа алмайды.
Адамдық қатынастарды мәдени әлеуметтік реттеудің маңызды тетігі болып табылатын дін өз қызметінде өмір мен өлімнің түбегейлі, болмыстық, экзестенциалдық мынадай мәселелерін қояды. Адам өмірінің тәндік шектілігінен туындайтын түңілу, қайғы және болмыстық мағынасыздықты жеңуге ұмтылған дін, адамдық ізденісті рухани жетілуге, адамда адамгершілікті сақтап қалуға шақырады.
Постиндустриалдық қоғамдағы дінге де қатынасты қазіргі постмодернизм өзінше құрастырады. Постмодернисттік дискурс бойынша, дінди идеологиялық қатардағы құбылыс ретінде алмау керек. Кез келген идеология жақсылыққа жатпайды, өйткені ол адамдарға сырттан күшпен танылады. Әсіресе ғылымға ұқсатылып қалыптасқан идеология мәдениетке жағымсыз болып шығады, себебі идеологтар өз құрылымындарына “адам жанын” белгілі бір саяси мақсаттарға пайдалану үшін ұрлап алады. Постмодернизм жеке адамдардың дауыстарын естуге мүмкіндік беретін “мәдени терапияны” ұсынғысы келеді. Діни идеялар бұл жерде, әсіре рационалданған адами рухани дінімен риза болмаудан өз әрекеттеріне негіз таба алады делінеді. Дін осы сипатта “қасаиееті мәтін”, “құтқаруші шеңбер” қызметін атқаратын, адамдарға түсінікті әрі қарапайым құралдарды жеке тұлғалық болмыстың тым тар шектерінен шығу үшін пайымдалуға мүмкіндік береді.
Алайда, қазіргі күні дін мен мәдениеттің дәстүрлі формалары түбегейлі өзгерістерге бәрібір ұшырап отырады. Бұкіл әлемде біртіндеп бырақ тоқтаусыз жүретін секулиризация процесі қамтиды, ол азаматтық және қасиетті салаларды адамдың рухани өмірінде бір бірін бөліп алып, сакральды қасиетті ұғымдардың экономика және саясат аймақтарына арыласпауын қалайды. Дін өркениетарлық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарғанымен, өзінің жалпы көрінісінде адамның жеке тылсымдық өміріне қарай көбірек ығысады. Әлем барған сайын ашық, бірегей, толерантті болып көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz