Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер
болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық
қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз
айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы
факторлардың бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын
орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндердің
ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін
емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш
қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын
реттеуде болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық
бастапқы мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты
қалыптастыру дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және
ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны
әлеуметтік мәні бар негізгі құндылқтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы
деп анықтауға болады.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі. Діннің мән-
мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде
жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен діннің
бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды. Қорқынш-
үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.с.с. да діни
сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және
бір мағыналы анықтама берем деу қиын.Егер религия -

(дін)терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда байлау,
екінші қайта оралу деегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында религия сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне
қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады.Бұдан шығаратын бірден-бір
тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін йтпайды. Тек, адамды қасиетті,
мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады.
Сенім – діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-
қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. Мен құдайға сенемін
деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл
жан тәнімен бұт бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк
етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да
болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілгін сезінуден туындаған
дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі – құрбандық
шалу рәсімі.
Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқа
көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар
сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі,
қалыптасып қалған көзқарас та жоқ емес – ол бойынша діни наным-сенімдердің
қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарға шығарылған. Басқа сөзбен
айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғам - тудырушы рөлін
анықтағысы келетіндігі айғақ. Адам ұжымдары қақтығыссыз өмір сүре алмайды.
Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомблықсыз, бәрінің бәріне
соғысынсыз болып көрген емес. Бастарын біріктіре тұра адамдар бөлінісіп,

ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз
қасиеттерін – қанды жауыздық құмарлығын өзіндік біржолға салып, оның
қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу құрастырылады. Яғни
діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды
дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылады. Сол
сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиетті кездестіреміз, яғни дін де
адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық күштеріне кері әрекет етіп,
әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.
Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық,
өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы
ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан
туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын
болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші
нормативті құрылым болып табылады.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстарының мен арман-мақсаттарының
тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толық-қандылығын танытатын
категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол
жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық
механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның іс-
әрекетін қатал қадағалаушы ережелер жмынтығын атайды. Өкімет пен азаматтық
қоғам институттары пайда болмай тұрып-ақ рәсім адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды реттеп, қоғамдық

тәртіпті сақтауға болысқан.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі – қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір
сүру.Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы – иудизмнің өзінде
қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу
принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында
үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің
кепілдігі бола алатын дәрежеде көрсетілген. Дін – бейбіт өмірдің
субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік
идеясы тарайды.
Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы
дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке
лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса
түсінікті нәрсе Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан
қандай да бір түпнегіздер табу – діннің болмыс етуінің алғы шарты.
Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас,
ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады,
әлде тіпті мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және
де ол адам болмыс-бітімінің айырықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан
да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын олар рөлі
ерекше.
Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді.
Мысалы, қола дәуіріндегі көптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе
діни қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын. Көне шығыс өркениеттерінде
діни ұйымдар мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласатын еді. Бұндай
күйді біз орта

ғасырлық Еуропа тарихынан да кездестіреміз. Еуропада тек Жаңа Дәуірдегі
ірі рухани төңкерістен кейін ғана жағдай мүлдем басқаша болып өзгереді.
Қайта Өрлеу кезеңінен баталған өзгерістер нәтижесінде еуропалық қоғамдық-
мәдени өмір шіркеу қармағынан, оның қатал бақылауынан бірте-бірте босана
бастайды. Бұл процесс реформация нәтижесінде жылдамдап, қарқын алады.
Мәдениеттің зайырлық принципіне өтуі саяси қоғамдық және экономикалық
құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зертеулер мен
техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуы мен етене байланысты жүріп
отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен,
мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан
жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам
аясына ауысына әкеліп соқты.
Батыс азаматы өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне
көшкен сәтті Шығыста әлі де болса сакралды (қасиетті) және профанды
(қарапайым күнделікті), діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып
жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде исламдық әлем мен қытайдың ұлы
мәдениеттерін мысал ете кетуге болады.
Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүниежүзілік діндердің
тағы бірі – ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады.
Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекетік
органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын

байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда
қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы – конститутциясы бойынша
дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың
әрқайсысы өз алдында өзінің қызметтерін атқарды, әрі бір-біріне кедергі
етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дін
ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының діни
бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы Заңдарына негізделеді.
Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеу-мешіттің
мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе
керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың
өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын
болса, онда мемлекет те өзін толық діннің ықпалынан тысқармын деп сезіне
алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру
және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің
бәрі мойындайды.
Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні
мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады,
адамгершілік тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол
тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қана
қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның МЕЙІРІМДІЛІК,
МАХАББАТ, және ШЫНДЫҚҚА деген сенімі мен үмітін

қалыптастырады.
Қазіргі таңда әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан
адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде – ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не
ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің
замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғандығына қарамастан
діни қажеттіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажетіліктер
әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі
жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдрінде өте маңызды болары
сөзсіз, өйткені дәлосындай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген
үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар
, КСРО-ның ыдырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат – коммунистік
бақытты болашақтың жүзеге аспай қалудың нәтижесінде адамдардың көпшілігі
әр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.
Қазір де Батыс та болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде
болсын, солардың арасында біз де дін азаматтық қоғамның біріктірушы-
бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің
негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйесінің бірлігін сақтап қалушы
күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестікер өзінің діни
насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика
территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып,
экономикалық дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін
тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға,
кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге т.с.с. қайырымдылық көрсетуді де
ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері
бейбітшілік,төзімділік және сүйіспеншік мұраттарын өмірге енгізу үшін
бағышталған.
Бәрімізге белгілі бір жай – зорлық-зомбылықты болдырмау басталып
кеткен, орын алған зорлық-зомбылықты тоқтатудан гөрі әлдеқайда оңайға
соғады. Себебі зорлық-зомбылық көзі адамның жаратылыс табиғатымен,
инстинктерімен байланысты болғандықтан ол көбінде иррационалдық,
соқырсезімділікке жақын тұр. Зорлық-зомбылық жұққыш, оған көп еліктегіш
келеді. Басталып кеткен зомбылық өзінің неден туындағанын, шынайы себебін
үміт қалдырып, мүлдем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін және мәдениет, қоғам
Діни сана
Қазіргі заманның классикалық философиясы
Психология ғылымы туралы
Қоғамдық сананың формалары туралы
ХІХ.ғасырдың әлеуметтануы
Қоғамның құрылымы өте күрделі
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Қазіргі әлемдегі діни экстремизм
Философия - көзқарастың бір түрі
Пәндер