Дін мен мәдениеттің арақатынасы


Дін мен мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері дін экспансия алаңына айналған елімізде "дініміз өзгерсе өзгерсін, ал мәдениетіміз өзгермесін" дейтіндей орашолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениөт те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс, қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рол атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы ролін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін - осы салаларға бағыт - бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғамдық құрылымның анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдары қатарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Тіпті, халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым - секемдердің қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін - өзі танып білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және XXI ғасырдағы халқымыздың өсіп - өркендеуінің басты құралы - дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселелеріне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Фейербахтың еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі - сезім ақылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті тәңірдің барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Сондықтан да Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына жатқызған. Сөйтіп, ол Маркс пен Энгельске қатты ықпал жасаған. Міне, Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді апиынға теңеуі және Гегельдің "Құқық философиясына сын" атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше, дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану болып табылады. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пикассо, Моцарт, Чайковский түседі. Ал, мәдениет ұғымы, шынында, өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп, мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске үшырағанымен қоғам өзінің мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Ислам дінінің көшпелі және руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, Ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы Ислам діні болған. Ислам діні қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса, мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды т. т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қараларды, африкадағы халықтарды, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілерді осы санатқа жатқызуға болады. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор дін екені анық. Біздің мүсылман халқымы-зға тән басты қасиеттеріміз, мей-мандостық, ағайынмен тату болу, ораза айт пен қүрбан айт кезінде кешірім сұрасу, араағайыншыл-дық, қайырымдылық Ислам дінінің мүсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Ислам діні:
1. қоғамға бағыт-бағдар береді;
2. қоғамды біріктіреді;
3. идеологиялық және мәдени ұғымдарды бүкіл қоғамға телиді;
4. жеке тұлғаның мүдделерін қорғайды;
5. этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениөттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік дәлелдер:
діннің жеке тұлға және қоғам өмірінде нақты функциялары бар;
дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін береді;
дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады;
дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.
Мәдениетгің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске үшыраған мәдениеттің белгілі бір элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Мүның нәтижесінде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениетердің арасындағы парықтарды қабылдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін Ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні өзіне екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және қарым-қатынас орнату жағынан жағымды роль атқаруы да мүмкін. Бұл - біздің қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, Ислам дініндегі толеранттылықты шынайы толеранттылық деп қабылдаған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын кереміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін өкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хош көрушілікпен қараған.
Адамзаттың тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсафи негіздерді қамтитын Ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған.
Дін - адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Солай бола тұрғанмен, дін мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да, егжей-тегжейге араласпайды. Мәселен, дін адамдардың киіну мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюді ұсынбайды. Ислам діні адамдардың халал тағам жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның "Ислам мәдениеті тарихы" атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: "Мәдениет дегеніміз - бір қоғамды, жамағатты, ұлтты ұлт жасайтын, оныөзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірдің көріністері әр ұлттың өзіне тән болып келеді. " Қысқаша қайырып айтқанда, мәдениет "әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі" болып табылады. Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1. Ұлттық сипатқа ие.
2. Табиғилық және тірілік.
3. Жалғастылық және тарихилық.
4. Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады.
5. Өзегі өзгермейді.
6. Үйлесімді тұтастық болып табылады.
7. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде Исламдінінің қазақ халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, "дін - мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін" деген сөздердің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен өркениеттің парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен, өркениет дегеніміз халықаралық сипаттағы нәрсе. Бір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса жалпы адамзатқа тән байлық.
Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, сауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.
Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет-ғұрып: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.
Қорыта айтар болсақ, қазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген тармақтарының барлығында да Ислам дінінің мызғымас әсерін, үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. "Дініміз өзгерсе өзгерсін" деген сөздің қандай мақсатпен айтылғанын түсіну мүмкін емес. Қазір, халқымыздың дінін тұтастай өзгерту туралы әңгіме күн тәртібінде жоқ, яғни, қазақ халқының күн тәртібінде жоқ. Ал, енді хапқымыздың мәдениетімен, дінімен, тарихымен қақтығыста жүрген бір-екі адам айтты деп, Ислам дінін тастап, басқа дінді қабылдайын деп жатқан біздің халық та жоқ. Сол себепті, Ислам дініне қарсы айтылған сөздерді қасақана айтылмаған демесек те, сәтсіз һәм орынсыз айтылған деуге толық хақымыз бар. Бүгінгі конференция өткізіліп жатқан осы Орталық Мұражайды аралағанда қазақ халқының мәдениетіндегі Исламияттың өшпес орнын тайға таңба басқандай паш ететін жәдігерлерді көруге болады. Тек көретін көз болса болғаны . . .
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
Мәдениеттегі діннің ролін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішінде ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақаладар, ғылыми еңбектер саны көп. Дегенмен “діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды”. Қорқыныш үрей де, сүйіспешілік те, ата бабаларды қастерлеу де діни сенімнің өз алдына тұрған жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын.
Цицерон шығармаларында “религия” сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден бір тұжырым дін деп кез келген сенім түрін айтпайды, тек адамды қасиетті мәңгілік тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім - діннің негізін қалушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. “Мен құдайға сенемін” деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан тәнімен бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі -құрбандық шалу рәсімі.
Дін адам жан дүниесінің талап талпыныстары мен арман мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмды атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік іс әрекетін қатал қадғалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрып адамдар арасындағы қарым- қатынастарды реттеп қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды және профанды діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде исламдық әлеммен қытайдың ұлы мәдениеттерін тереңге жайған.
Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы бірі - ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі заңдарда негізделенеді.
Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшілігіне сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға ар-ождан, ұят тұралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның қылығы мен іс әрекетін ғана реттеп бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды. Адамның Мейірімділік, Махаббат, Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады.
Қазіргі таңда әлемде бар діндердің қайсысымен болған әлсіз байланысқа адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде. Ол не өзінің заң беруші ақыл ойына не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан қарамастан діни қажеттіліктің өзектілігі азаймайды. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған қиын қыстау өтпелі жоғалып кетті. КСРО ыдырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат “коммунисттік бақытты болашақтың” жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі әр түрлі діни конфессияларға бет бұрды.
Қазіргі Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында біз де де дін азаматтық қоғамның біріктіруші, бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдениетінің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірдестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға қайырымдылық көрсетуді де ұмтымайды.
Дүниежүзілік діндер таза этникалық құндылықтар аумағынан шығуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер императивтерін қалыптастырады. Конфессионалдық бірлік деңгейіне тұлғааралық және топаралық қатынастарда кемітетін принциптер негізделінеді. Әлеуметтік тұрақтылық мәдени бөліктердің бірін бірі қолдап отырғандығы талап етіледі. Дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде орнықты құндылықтарды нығайтып, статус квоны сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан дін қазіргі адам үшін де тартымды болып табылады. Өйткені, ол өткен құндылықтарын жоғалта бастаған постиндустриалдық өркениеттік шамадан тыс ағынымен қамтылған, маргинал тұлғаға жатады. Болмыстың тым жылдам ырғағына ілесе алмаған адам үшін ол батып бара жатқанда қармап қалатын қамыс сияқты және дін арқылы ол уақыттың үзілген сәттерін қалпына келтіргісі келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz