ИСЛАМ ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ 1
2. ӨНЕР ЖӘНЕ ИСЛАМ 3
3. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН РӘСІМДЕР 5
4.ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ҚҰРАННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. 12
5.ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУІ 17
6. ИСЛАМ ДИАЛОГЫ 20
7.ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИСЛАМ. 22
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

1. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ

Дін адам баласының балаң кезінде туған. Санасының жетіле қоймаған шағында
адам табиғаттың сан қилы көріністері алдында дәрменсіз болды. Күннің
күркіреуін, жарқ-жұрқ еткен найзағай отын, аспан әлемінің о шеті мен бұ
шетіне тартылған кемпірқосақ құбылысын, көк жүзінен шелектеп құйған нөсер -
осылардың бәрін халық қайдағы бір кереметтің жасап жатқан кесапаты деп
түсінді де оған құдай деген ат тақты. Адам өлімін де, оның қуанышын да сол
құдай есімімен байланыстырды. Жеті қабат жерді көтеріп, алты қабат аспанды
тіреп тұрған кім? Ол - құдай, құдай әмірімен солай болып тұр дейтін ұғымда
адам санасының сол бір балаң шағында туған еді. Өмір құбылыстарының бәрін
құдай есімімен байланыстыру көне замандарының өзіне тән ерекшелігі болатын.
Оқыған-тоқыған жоқ мәдениеті төмен халықтың құдайға құлшылық ете табынуын
өлердей қорғайтын дін де,оның уағыздары да түрліше болып келеді. Бір дін
жақсылық атаулыны өзіңнен өзіңнің еңбегіңнен күтпей, көктен күт деп
адамдарды аспанға қаратып қойса, басқа бір дін оларды айға жалбарындырды
немесе күнге телміртті. Әрине біздің мақсатымыз барлық діндерді
атап,олардың шығу тегін,көздеген мақсатын айту емес, біз бір ғана ислам
діні туралы әңгімелекпіз. Өзге діндер сияқты бұл діннің де шығу тарихы,
таралу жолы көздеген мақсаты болды. Ислам діні алдымен Таяу және Орта шығыс
пен Африканың біраз елдеріне тарады. Ол осы елдерді әлі де болса жайлап,
өзінің дәрменсіз бұғауымен бірқатар халықтарды матап отыр. Толық емес
мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде осы дінді ұстайтын мұсылмандар саны
1500000 адам болып отыр. Аталмыш дінді әлемнің басқа халықтары ұстамай,
Таяу Орта Шығыс және Африка елдері халықтарының иеленген себебі не? Егер
бір сөзбен айтар болсақ, мұның себебі сол тұстағы араб қоғамының
материалдық тұрмыс жағдайларына, сол жағдайлардан туған өзгерістерге тығыз
байланысты еді. Арабия түбегі ерте замандардан-ақ тоқсан жолдың торабында
жатты. Азия, Африка мен Европа елдерінің де сауда-саттығы осы түбек арқылы
өтті. Бір елден алған тауарын екінші елге бұлдап өткізіп, араб саудагерлері
байи берді. Соның нәтижесінде араб елі әлденіп өзге елдердің көзіне ілінді.
Біздің заманымыздың жетінші ғасырында өзінің асқан дәулетімен, байлығымен
аты шығып құлпырған әсіресе Мекке қаласы еді. Мекке қаласын сол тұста
арабтармен бірге христиандар да, еврейлер де мекен еткен. Бүкіл Арабия
түбегіндегі сияқты бұл қалада да бытыраңқы тайпалар көп еді. Осылардың басы
қосылмай, өз алдарына бір-біріне бағынбай өмір сүретін. Қаланың билеуші
топтары осы тайпалардың басын қосып, біріктіруді ойлады және бір орталықтан
басқарылатын мемлекет құрмақ болды. Ол үшін тайпа атаулыны бағындырып, бір
қолда ұстайтын бәрін билеп, бәрін көріп отыратын құрал керек болды.
Мұндай құрал дін еді. Міне осы дін арабтар тарихында тіршілік атаулының
бәріне өктемдігін жүргізетін құдіреті күшті бір құдайға табынудың
басталған дәуірін паш етуге тиісті болды.

2. ӨНЕР ЖӘНЕ ИСЛАМ

Ұлт тәрбиесінің басты құралы-өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде
қалыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір
талабына керекті жақтарын іздестіреді. Ислам дінінің берік орын алып күш
қуатының дамуына, оның жас ұрпақ тәрбиесіне деген ізденістердің тәжірибелік
ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол-өнер, яғни
музыка арқылы ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады.
Ислам дінінің түпкі сырының өзі адамгершілікті, шыншылдықты, қамқорлықты,
аяушылықты, жанашарлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды
қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді.
Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам дін тудырған
құран сүрелерінің бәрі дерлік ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды.
Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан-ауызға әуен негізінде жетіп, халық
арасына кең тарады. Құран оқылған кезде жігерлі дауысқа салып, жоғары
диапазондағы регистрмен әрбір әріптің нақты естілуін сальақты қадағалаған.
Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болу үшін
әуеннің атқарған ролі өте жоғары болды.
Аңыздарға қарағанда, Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда,
естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты. Құран
сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, дауыс
ерекшелігі тұрақталып оның тез жатталуына мүмкіндік беріп отыратын көмекші
құрал бола алады. Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие
пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта
Мұхаммедтің жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу
Бәкір: ойнауды тоқтат, пайғамбардан ұялсаңшы деп оған ашуланады. Сонда
пайғамбар: әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде осындай үлкен,
қуанышты мереке деген екен. Бұл айтылған сөз музыкалық құралды пайдалануға
болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә болса, онда
пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді. Діни әдет-ғұрыптарды белгілі
бір музыкалық мақаммен орындау ежелден келе жатқан діни-мәдени құбылыс
екенін өз мәдениетімізден де көруге болады. Музыка мен өлеңнің яғни сөздің
тығыз байланыста болғандығын әнші ақындар өнерінен байқауға болады.
Ақындықпен қатар әнші, бата оқу, жыр, терме, күйші, сазгер, би өнерлерін
дамытып, құран сүрелерін қоса жаттап біліп отырған. Жеке тұлғаны дамытып
қалыптастыруда музыканың атқарар қызметі үлкен. Ол ислам дінінің жалпы
заңдылықтарына сүйене отырып, ұлттық мәдениетке табан тірейді. Бұл тұрғыда
қазақ музыка өнерінің синкретті сипаты аса қолайлылық туғызды, әсіресе
музыканың Құранмен байланысын синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды
шешуде тиімді жол болып табылады. Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде
тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның
ішінде Құранмен тығыз байланыста екенін көреміз.

3. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН РӘСІМДЕР

Мұсылмандық мерекелер мен рәсімдерге қатысты сөз қозғайтын болсақ ең
маңыздысы Рамазан мерекесіне тоқтала кеткенді жөн деп санаймыз. Алла тағала
Құран кәрімнің он төртінші сүре отыз төртінші аятта: Алла тағаланың берген
ниғметтерін санап, санына жете алмайсыңдар деп ескертілген. Яғни, Алла
тағаланың біздерге берген сансызданған ниғметтері, ұшы қиырсыз сыйлықтары
бар, осы айт мерекесі үшін бір жерге жиналудың өзі зор ниғмет болып
есептелінеді екен. Алла тағаланың біздерге берген бұл ниғметтері екі түрлі
немесе екі тұрғыдан қарауға болады. Біреуі Мадди яғни-заттай, материалды
түрде көзге көрінетін ниғметтер. Екіншісі Мағнауи яғни-рухани көмескі,бірақ
бар екендігі анық ниғметтер. Салыстырмалы түрде алсақ көзге көрініп тұрғаны
денеміз болса, екіншісі көмескі түрдегі жанымыз, ақыл есіміз болып шығады.
Егер осыны санамызбен ұқсақ, білсек Алла тағаланың барлығын да білеміз
екен. Біз осы тіршілігімізде Мадди, Мағнауи көрінеу - көмескі екі
нәрсеге мұқтажбыз. Ашып айтқанда тамақ жеп, сусын ішіп, денемізді күшейтіп
ғұмыр кешуге қандай мұқтаж болсақ, рухымызды азықтандырып, тәрбиелеп,
нығайтуға тиіспіз. Денеміз тамаққа сүйеніп өмір сүрсе, рухымыз сабаққа
сүйеніп өмір сүреді екен. Яғни біз айтып отырған діни мерекелер мен
рәсімдердің діни тұрғыдан бағалайтын болсақ рухани дамудың, толысудың
негізі болып шығады. Мұсылмандық ілім екі нәрсеге де тең қарап, екеуін
бірдей дамытып, өмір сүруді уағыздайды. Құран кәрімде: ішіп, жеңдер,
ысырап етпеңдер және дүниедегі сыбағаңды ұмытпа делінсе хазірет
пайғамбар: Еш өлместей дүниең үшін еңбек ете отырып, ертең өлердей
ақіретің үшін еңбек ет деп екі дүниені тең қамтуды уағыздайды. Осы арадағы
негізгі мәселе бұл шолақ фәнидей қысқа өмірде жанның тәнмен бірігіп тұрған
шағындағы тіршілікті Хаят деп атайды. Ал жанның денеден айырылу құбылысын
Мәут деп атайды. Діни тұрғыдан келсек әрине өліммен өмір аяқталмайды.
Дұрысында ақіреттің анық тіршілік екендігін олар білген болса деген аят о
дүниеде мәңгі тіршілік бар екендігін дәлелдейді. Оның үстіне Кім де кім
тозаң түйірінің салмағындай жақсылық істесе оны да көреді, ал кім де кім
бір тозаң түйіріндей жаманшылық істесе оны да көреді деген аятпен хазірет
пайғамбарымыздың Дүние-ақіреттің егіндігі деген хадисі де адам бұл
дүниеде нені ексе о дүниеде соны оратындығын нақты дәлелдейді. Сондықтан
иманның негізгі шарттарының бірі өлгеннен кейін қайта тірілуге сену
екендігін әр мұсылманның шынайы білуі шарт. Ал мерекелік мақсатқа келсек,
жылына бір рет жиналып оқылатын рамазан айт намазы. Алла тағаланың біздерге
ілтипат етіп берген зор ниғметтерінің бірі. Сондай-ақ бұл мұсылмандарда ең
бастысы болып табылады. Біздер намазға бір-бірімізді құттықтап, Алла
тағалаға құлшылық ету үшін жиналамыз. Алла тағала ұстанған ораза,берген
садақа,жасаған құлшылықтарымызды қабыл алсын деп ниет етеміз. Алла тағала
Бақара сүресінің 185-ші аятында 12 айдың сұлтаны атанған Рамазан айына
байланысты былай дейді: Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына
тура жол, ақ пен қараны айыратын Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан
айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас, не сапарда болса басқа
күндері санын толтырсын. Алла тағала сендерге жеңілдік тілейді.Ауыртпалық
қаламайды. Сендерді тура жолға салған Алла тағалаға шүкіршілік етулерің
үшін санын толтырыңдар, әрі Алла тағаланы ұлықтаңдар деп Рамазан айының
қасиетін білдірген. Рамазан айында үйде болып, дені сау болғандарға бір ай
ораза ұстауды, сапарда немесе науқас болғандарға ораза ұстамай-ақ басқа
күндері күніне күн ораза ұстау арқылы төлем өтеуді, осылайша Алла тағаланың
құлдарына ауыртпашылық емес, жеңілдік қалағандығын ескере келіп, осындай
жеңілдік берген Алла тағалаға шүкіршілік етіп, ұлықтауды әмір етеді.
Хазірет пайғамбарымыз: Ислам діні бес негіз үстіне құрылған. Алла тағаладан
басқа ешбір тәңірдің жоқтығына Мұхаммед (ғ.с)ның Алла тағаланың елшісі
екендігіне сеніп, айғақ болу, бес уақыт намазды қаза етпеуге, зекет беру,
қажыға бару және рамазан айында толық бір ай ораза ұстау деген. Пайғамбар
бір Мүбәрәк хадисінде Рамазан айының басы рахмет, ортасы жарылқау, соңы
тозақтан азат болу деп рамазан айын аса жоғары бағалап, ерекше дәріптеген.
Жыл он екі айдың ішінде бұл Рамазан айы артықша қасиеттерге ие болғандығы
үшін он екі айдың сұлтаныдеген өйткені қасиетті Құран кәрім осы айда
түсірілген. Мың айдан артық қасиетке ие қадір түні де осы айда өткеріледі.
Діни тұрғыдан қарастырсақ, расында Алла тағаланың көк пен жерді жаратқалы
осы айлардың саны он екі. Рамазаннан басқа төрт құрметті ай бар.Олар:
Мухаррам, Рабиғұл-Әууел, Режеп және Шағбан. Енді осы төрт айға жеке
тоқталып кетсек.
1. Мухаррам айы Ислам жыл есебі бойынша бірінші ай, жылдың басы. Бұл айдың
алғы он күнін Ашура күндері деп атайды. Хазіреті пайғамбар: рамазаннан
кейін ең абзал ораза, Алла тағаланың аты болғандықтан Мухаррам айының
оразасы деген рауаяттар бойынша хазіреті атамыз адамның жараталуы, жер
бетіне түсуі Нұх пайғамбардың кезегіндегі топан су Нұхтың кемесінің жұды
тауына тоқтауы, Ибрагим пайғамбардың туылуы, пайғамбар болуы, Залым патша,
Мушрик Намрұттың отынан құтылуы, Ыдырысы пайғамбардың көтерілуі, Аюп
пайғамбардың сақаюы, Мұса пайғамбардың туылуы, көтерілуі тағы басқа да
елеулі оқиғалар осы айдың онында болған. Сондықтан жер бетіндегі
мұсылмандар осы аса қасиетті айға әсіресе Ашура тәттісінжасап тарататын
болған сондай-ақ Алла тағалаға жалбарынып, ғибадат етіп тілек тілейді, жоқ
жітікке қарасады және де айдың басынан бастап он күн ораза ұстауда зор
сауап бар.
2. Рабиғұл-Әууел айы мұсылмандардың 3-ші айы. Бұл айдың 12-сі дүйсенбі күні
хазіреті пайғамбарымыз дүниеге келген. Жер шарындағы мұсылмандар бұл айды
ерекше құрметтеп, мәуліт оқып,өте жоғары бағалайды.
3.Режеп айы-мұсылмандардың 7-ші айы. Бұл режеп айының екі ерекшелігі бар.
Бірі-алғашқы жұма рейғайып кеші хазіреті пайғамбарымыздың Анасы жүкті
болған кезі. Анасының құрсағына түскен кеш.2-сі миғраж мұғжизасы режеп
айының 27-ші кешінде болған. Сондықтан режеп айы екі рет құттықталады.
Режеп айында тұтас немесе басында үш күн, ортасында үш күн, аяғында үш күн
болып 9 күн ораза ұстауда ірі сауап бар деп саналады.
4. Шағбан айы-мұсылмандық жыл санау бша 8-ші ай. Осы шағбан айының 14 мен
15 арасындағы кешті Бараат кеші деп атайды.Оның ұғымы құтылу, ақталу
кеші болып табылады. Намаз осы кеште қағбаға қарап оқылатын болған. Духан
сүресінің 2-ші, 3-ші және 4-ші аяттарында ашық баян етуші. Құранға серт
шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірді. Расында біз ескертушіміз. Ол кеште
барлық хикметті істер айырылады деген. Бұл кештің аса қасиетті бір кеш
екендігі ескертілсе, хазіреті пайғамбарымыз, Алла тағала шағбан айының
жартысындағы кешті бүкіл құлдарын жарылқайтын болған. Бірақ Алла тағалаға
серіктелінуші мен сараңды жарылқамайды деген. Жыл ішіндегі болашақ, жақсы-
жаман істер, ризық т.б.табиғат құбылыстары осы кеште белгіленген еді.
Сондықтан бұл ерекше қасиетті кеште Құран оқып, қаза, нафил намаздарын
орындап,тілек тілеп түрлі ғибадат етілсе, Алла тағала өз мархаматымен
жарылқап,мұратқа жеткізетіндігі үшін жасалынған әрекет болып шығады. Режеп,
Шағбан және рамазан айын үш айлардеп атайды. Осы үш айы бойына тұтас
ораза ұстаса, мол сауапқа ие болады екен. Ең болмаса режеп айында 9 күн,
шағбан айында 3 күн ораза ұстау үлкен сауап. Сөйтіп, бұл айлар-ғибадат
айлар. Шәууел айының ауыз ашар айты және Зулхижжа айының 10-ғы құрбан айты
мұсылмандар үшін ең зор діни мереке болып табылады. Осы арада арабша ай
аттарын келтіре кету артық болмас деп есептейміз. Олар: 1) Мұхаррам. 2)
Сафар. 3) Рабиғұл-Әууел. 4) Рабиғұл-Ахир. 5) Жұмадұл-Әууел.6) Жұмадұл-Ахир
.7) Режеп. 8) Шағбан. 9) Рамазан. 10) Шәууел. 11) Зұлқағда.12) Зулхижжа.
Қорыта келгенде діни мерекелер мен рәсімдер діни тағылымдық ілімге тікелей
байланысты ғана қалыптасқан болып шықты. Ал діни тағылымдардың адамзаттың
алғашқы дүниетанымдық негізі екендігін еске алсақ, сонау Адам ата мен Хауа
анадан бастап қалыптасқан рухани жауапкершілікке баулитын, адамгершілікке
және имандылыққа тәрбиелейтін әрекеттік құбылыс екендігі анық мәселе.
Сонымен бірге діни мерекелер мен рәсімдердің негізгі мақсаттары адам
баласының бұл дүниеде хайуан, малша ішіп жеп күн көргенді мақсат етіп,
адами қасиеттерден, ар-ұжданнан, ұяттан қоғамдық және жеке тұлғалық
жауапкершіліктен жұрдай болып жүргендігі емес, мәнді түрде мақсатты өмір
сүруін талап етеді екен. Мысалы: ораза ұстағанда таңнан кешке дейін аш
жүріп қана орындамай, Алла тағаланың әмірі екендігіне нық сеніп, оразаны
құрметтеп, сауабын үміт ете, барлық тыйым салынған нәрселерден: өсек-
аяңнан, күншілдіктен, ғайбаттан, алдамшылықтан, өтіріктен, жанжал-
төбелестен, ұрлық-зорлықтан, арсыздықтан, абыройсыздықтан, намыссыздықтан,
әсіресе мұсылмандық ілім бша кесімді түрде қатаң тыйым салынған,ауызға
алынуы мүлде харам етілген, киімге тисе оны жумай намаз оқуға болмайтын
нәжіс деп лас саналған арақ-шараптан өте-мөте сақтану шарт болып
табылады. Міне осындай ислам дініндегі мерекелер және рәсімдермен таныс
болдық.

4.ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ҚҰРАННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

Құран-ислам дінінің идеялық қаруы, оның ішкі қайшылықтары.
Ислам дінінің мәнін ашып көрсету арқылы оның идеялық қаруы Құранның Шығыс
елдері халықтарына тигізген әсерін көрсетуге болады. Мұның қажеттілігі
мынадан келіп туады: күні бүгінге дейін мұсылман діни иелері Шығыс елдері
халықтарының рухани мәдениетін Құранға тәуелді етіп келеді. Енді осы
мәселеге тоқтап өтелік. Құран арабтардың рулық құрылыстан таптық қоғамға
өтуін бейнелейтін ертедегі ислам дінінің идеологиясы. Мұсылмандардың
қоғамдық және саяси көзқарастары мен құқықтық әдет-ғұрып ережелері осы
кітапта жинақталған. Мұнда жер шаруашылығы мен мал бағуды кәсіп еткен Шығыс
елдері халықтарының ырым-жоралары мен салт-кәделері, мінез-құлық ережелері
баяндалады. Құран әр заманда айтылған, жазылған және мейлінше өзгертіліп,
бұрмаланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық діндер. Дүниежүзлік діндер
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Қазақ хандығы (хү-хүііі)
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Діннің қазіргі Қазақстанда атқаратын рөлі
Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар
Тасаууф ілімі
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Қазақстан тарихындағы Ислам діні
Пәндер