Қажылықтың қасиеттерi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қажылықтың қасиеттерi.

الحمد الله الذي جعل كلمة التوحيد اعباده حرزا و حصنا و الجعل البيت العتيق
مثابة للناس و امنا و اكرمه بالنسبه إلي نفسه تشريفا وتحصينا و منّا وجعل
زيارته والطواف نه حجابا بين العبد و بين العذاب و مجنا والصلاه علي محمد
نبيالرحمه وسيدالأمه و علي آله و صحبه وسلم تسليما كثيرا.

Қажылықпен Исламды тамамдап, дiндi толық еткен Аллаһ Тағалаға мақтаулар
болсын.
Аллаһ Тағала Құранда:

اليم اكملت لكم دينكم و أتممت عليكم نعمتي ورضيت لكم الإسلام دينا

“Бүгiн дiндерiңдi толықтастырдым және нығметiмдi тамамдадым, сондай-
ақ сендерге Ислам дiнiн қоштап ұнаттым”,- дегендей қажылықты орындаумен
ислам дiнi толық болады. Пайғамбарымыз (С.А.С): “Кiмде-кiм жағдайы бола
тұра, қажылық етпей дүниеден өтcе, онда ол яһуди немесе христиан болып
дүниеден өтедi”,- яғни дiнi толық болмайды деген.
Қажылық араб тiлiнде бiр жерге баруды ниет ету деген мағынаны
бiлдiредi. Шариғаттағы мағынасы Сауд Аравиясының Мекке қаласындағы
“Байтуллаһ”, яғни Аллаһтың үйiн зиярат ету деген. Бұның тарихы
хадистердегi хабарларға қарағанда Адам а.с.-нан басталады. Адам (А.С)
қажылық парыздарын өтегенде перiштелер оған келiп: “Қажылығың қабыл
болсын, ей Адам (А.С) бiз де бұл үйдi сенен екi мың жыл бұрын зиярат
еткенбiз”,- деген екен. Тарихшылардың айтуынша Адам (А.С) қажылық еткен
үйдi Нұх (А.С)-ның уақытында, жер жүзiн топан суы басқанда перiштелер көкке
көтерiп кеткен. Пайғамбарымыз (С.А.С) миғражға көтерiлгенде перiштелер сол
үйдi тауетiп жатқанын Ибраһим (А.С) үйдiң алдында отырғанын көрдiм деген.
Перiштелер бiр тәу еткеннен кейiн қиямет күнiне дейiн қайта тәу етуге
кезектерi жетпейдi екен. Кейiн Ибраһим (А.С) сол үйдiң орнына баласы Исмаил
(А.С) екеуi осы қазiргi Кағбатуллаһты салған екен. Қағбаның құрылысын
Аллаһтың бұйрығымен бiтiрген соң Аллаһ Тағала Ибраһим (А.С)-ға былай деп
бұйырған:

وأذّن في النّاس بالحجّ يأتوك رجالا وعلي كل ضامر يأتين من كل فجّ عميق

“Адамдарды қажылыққа шақыр. Олар жаяу және көлiк үстiнде әрбiр алыс
жолдардан саған келедi”.(Хаж сүресi)
Хадистерде айтылуы бойынша Аллаһ Тағала Ибраһим (А.С)-ға адамдарды
қажылыққа шақыруды бұйырғанда Ибраһим (А.С):
“Әй адамдар! шынында Аллаһ бiр үй құрды, соны қажылық етiңдер!?,- деп
шақырады. Сондай-ақ кейбiр тәфсiрлерде: Аллаһ Тағала “Әй, Ибраһим (А.С)!
“Бiздiң бұйрығымызбен салынған бұл үйге адамдарды қажылық етуге шақыр”-,
деп бұйырғанда, “Ия, Раббым! Адамдарға даусымды қалай жеткiземiн? Менiң
дауысым оларға жетпейдi”,- дедi. Аллаһ: “Әй, Ибраһим (А.С)! Сен шақыр.
Жеткiзу - бiздiң iсiмiз”,-дедi. Ибраһим (А.С) орнынан тұрып (кейбiр
кiтәптарда Сафа тауына шықты делiнген): “Әй, адамдар! шынында Раббыларың
өзiне ибадат ету үшiн үй салдыруға бұйырды, осы үйге қажылыққа
келiңдер!”,- деп жар салды. Сол уақытта осы дауыс жердiң түкпiр-түпкiрiне
жету үшiн тау-тастар еңкейiп қалған екен дейдi. Аллаһ Тағала осы дауысты өз
құдiретiмен әйелдердiң құрсағындағы, еркектердiң белдерiндегi болашақ
ұрпақтарына дейiн естiрткен. Осы дауысқа тау-тастар, қалалар, ағаштар,
қиямет күнiне дейiн Аллаһ Тағала қажылық етудi пешенесiне жазған бiрақ әлi
дүниеге келмеген пенделер, барлығы да “Ләббәйк Аллоһумма ләббәйк”,- деп
жауап берген дейдi. Аллаһ Тағала барлығымызға сол жауап бергендердiң
қатарында болуды нәсiп етсiн!. Әмин! Шайтан лағынет жәннаттан қуылған
уақытта осындай ұлы нығметтен пенделердi қайтарып, жiбермеуге тырысатындығы
жөнiнде Құранда Аллаһ Тағала былай деп ескертедi.
Аллаһ Тағала Құранда “ағраф” сүресiнiң 16-аятында:

لأقعدنّ لهم صراطاك المستقيم

“Әлбетте мен де оларға қарсы Сенiң тура жолыңда отырып аламын”-дедi.
Яғни адамдарды қажылықтан қайтару үшiн Меккенiң жолында отырып алып барынша
қажылықтарын бұзуға, азғырып күнә iстерге итермелейдi.
Пайғамбарымыз (С.А.С) хадис - шарифiнде:

من حج البيت فلم يرفث و لم يفسق خرج من ذنوبه يوم ولدته أمّه

“Кiмде-кiм жаман сөз сөйлемей, жамандық қылмай осы үйдi қажылық ететiн
болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады”,- деген.
Шайтан лағынет жоғарыда айтылғандай жолда отырып алады. Пенделердiң
күнәлары көбейiп, қажылықтары қабыл болмаса, семiрiп үлкейе бередi.
Пенделердiң күнәлары азайса, кiшiрейiп азып-тозып кетедi. Шайтан лағынеттiң
ең жаман көрiнiсi осы қажылықта болады.
Пайғамбарымыз (С.А.С) хадис-шарифiнде:

ما رأي الشيطان في ئوم أصغر ولا أدخل و لا أحقر و لا أغيظ من
يوم عرفه

“Шайтан арапа күнi қалтырап, қор болып, мыжырайып, кiшiрейiп қалады.
Басқа ешбiр күнде бұндай жағдайға түспейдi”,- деген.
Себебi шайтан, аспаннан Аллаһтың рахым-мейiрiмi жаңбырдай жауып,
Аллаһ Тағала қажылардың үлкен күнәларын кешiрiп жатқанын көрiп, қызғаныштан
өртенiп кете жаздайды. Аллаһ тағала пенделерiне Арафатта тұрған уақытта-
ақ кешiрiм жасайды.
Бiр тақуа кiсiге Арафат тауында шайтан лағынет белi сынған, көздерi
жасаурап, реңi сарғайып, азып-тозып кеткен адамның суретiнде көрiнген екен.
Тақуа кiсi шайтаннан: “Неге жылап жүрсiң?,- деп сұрайды. Шайтан: “Қажылық
етушiлер сауда жасамастан шығыпты, ниеттерiнен айнымай, менi ренжiтедi деп
қорқып, жылап отырмын”,- дейдi. Тақуа кiсi: “Неге азып кеткенсiң?”,- деп
сұрады. Шайтан: – “Аттардың Аллаһ жолында терлеуi, менi аздырып жiбердi.
Егер менiң жолымда болғанда жақсы болатын едi”,- деп жауап бередi. “Түрiң
неден сарғайған?,- деп сұрайды. Шайтан оған: “Аллаһ жолында жамағаттың бiр-
бiрiне жәрдем беруi мен сарғайтты. Егер күнә жолында жәрдем берсе, онда
маған жақсы болар едi”,- дедi. Белiңдi не сындырды?,- деп сұрағанда, “Әй,
Аллаһ! Сенен iстерiмнiң соңы жақсы болуын сұраймын деп пенделердiң дұға
етуi белiмдi сындырды”,- деп жауап берген екен.
Пайғамбарымыз (С.А.С):

من خرج من بيته حاجّ أو معتمرّا فمات أجري له أجرالحاجّ
المعتمر إلي يوم القيامه ومات أحد الحرمين لم يعرض و لم يحاسب
و قيل له ادخل الجنّه

“Сондай-ақ кiмде-кiм үйiнен қажылықты немесе умраны ниет етiп шығып,
кейiн жолда дүниеден өтсе, ол кiсi қиямет күнiне дейiн қажылық не умраның
сауабын алады. Кiмде-кiм екi Харамның бiрiнде дүниеден өтсе, еш
кедергiсiз, есеп берместен жәннатқа кiредi,- деген.
Пайғамбарымыз (С.А.С) өзiнiң хадисiнде айтады:

حجّه مبروره خير من الدنيا وما فيها و حجّه مبروره ليس له

جزاء الا الجنّه

“Қабыл болған қажылық бұл дүние және ондағы барлық нәрселерден
жақсырақ. Қиямет күнiнде қажылығы қабыл болған кiсi ешбiр есепсiз жәннатқа
кiрендi.
Қажылық Исламның бесiншi парызы болғандықтан оны орындаймын деп шыққан
адам Аллаһ жолында джихад еткен болады. Мысалы, бiр елдiң патшасы қол
астындағыларына бiр iстi бұйырса, сол бұйрығын орындап келген адамдарға
немесе соны орындаймын деп дүниеден өтiп кеткендерге сиылық бередi. Ал,
Аллаһтың сыйлығы шексiз, пенделерiне аса қамқор, ерекше мейiрiмдiлiгiнен
қажылыққа келгендердiң қандай дұғалары болса да қабыл етедi.
Пайғамбарымыз (С.А.С) тағы бiр хадисiнде:

الحجاج و العمّار وفدالله عز و جل وزواره إن سألوه أعطاهم

وان استغفرواه غفر لهم و إن شفعوا شفعوا إن دعوا استجيب لهم.

Қажылар және умраға барушылар – Аллаһтың жер-жерден келген өкiлдерi
және меймандары. Егер олар Аллаһтан сұраса, Аллаһ оларға бередi. Кешiрiм
сұраса Аллаһ кешiредi, шафағат сұраса шапағатқа бөленедi және дұға етсе
дұғалары қабыл болады деген.
1. Умра – қажылық айынан басқа уақытта Кағбаны зиярат ету.
Осындай уәделерден кейiн дұғалардың қабыл екендiгiне еш күмән жоқ.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):“Кiмде-кiм Арафат тауында тұрып, Аллаһ Тағала менiң
күнәмдi кешiрдi ме екен?-деп күмәнданса ол адам бұл дүниедегi ең күнәкар
адам болады”, - деген. Бұл жайында Әли ибн Маһқифтың айтқан әнгiмесi бар.
Ол: “Мен бiр жылы қажылыққа бардым. Арафат түнiнде “Хайф” мешiтiнде
ұйықтадым. Түсiмде көк киiмдi екi перiште аспаннан адам суретiнде түстi,
олардың бiреуi екiншiсiне: “Әй, Аллаһтың пендесi биыл жаратқан иемiздiң
үйiн қанша адам қажылық етiп келгендiгiн бiлесiң бе ?-дедi.
Екiншiсi: Жоқ,- деп жауап бердi.
-“Биыл Аллаһтың үйiн алты жұз мың адам қажылығын өтеуге келдi.
Солардан қанша адамның қажылығы қабыл болғандығын бiлесiң бе?,- деп
және сұрады. Екiншiсi: Жоқ,- дедi.
Бiрiншiсi: “Олардан алты кiсiнiң ғана қажылығы қабыл болды”,-
деп екеуi де аспанға көтерiлiп кеттi. Мен шошып оянып, өз iсiмдi
ойлап қатты қайғыға түстiм. Өзiме өзiм: Алты адамның ғана қажылығы
қабыл болған болса, маған сол алты адамның бiрi болу қайда?,-
дедiм де Арафаттан түсiп, Масжидул Харамның алдына келiп, көп
адамдардың қажылығы қабыл болмағандығы жайында ойланып тұрғанымда
тағы да көзiм ұйқыға кетiп қалыпты. Түсiмде әлгi екi перiште адам
көрiнiсiнде тағы да келiп алдынғы сөздерiн қайталап айтты. Кейiн
бiрiншiсi екiншiсiне: “Осы түнде Раббымыз не үкiм шығарғандығын
бiлесiң бе?”,- деп сұрады.
Екiншiсi: жоқ,- дедi.
-“Әлбетте Раббың алты кiсiнiң құрметiне алты жұз мың адамның
қажылығын қабыл еттi”,-деген уақытта, мен қуанып ұйқымнан оянып
кеттiм,- дейдi.
Расында Аллаһ Тағала Арафатта тұрған бiр пенденiң күнәсiн
кешiретiн болса соның құрметiне Арафатта тұрған барлық пенделердiң
күнәсiн кешiредi. Бұл да болса Арафат тауының қасиетiнен және ол
таудың Аллаһтың алдында дәрежесiнiң ұлықтығына дәлел. Кейбiр
ғұламаларымыз айтады: “Егер қажылықта осы Арафат тауында тұратын
күн жұма күнiне тура келсе, Аллаһ Тағала сол Арафат тауында
тұғандардың барлығының күнәларын кешiредi”,-деген. Бұл күн -
дүниедегi күндердiң ең ұлығы. Себебi бұл күн, Аллаһ Тағаланың
осы дiндi толықтырған, нығметттерiн тәмәм етiп және де бiздерге
ислам дiнiн разы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Ислам дініндегі қажылық парыздың орны
Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау
ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ
Ислам жайында
Туристік бизнес жайлы
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Қажылық
Ислам дінінің бес парызы
Құрбан айт – ұлттық мереке
Пәндер