Тәубенiң қасиетi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тәубенiң қасиетi.

Тәубе – күллi мүсылман қауымы қолданатын арабша сөз. Мағынасы өткен
күнәларына шын жүректен өкiну, күйiну деген. Адам баласы күнәдан толық
арылуы мүмкiн емес. Себебi Аллаһ тағала Адам ғ.с.- ды жаратқан кезде, оның
топырағына жамандық пен жақсылықты қоса илеген деген сөз бар. Ендi бұл
жамандықтан арылу тек қана екi оттың бiрiмен, яғни бұл дүниеде бiлiп–бiлмей
iстеген қателiгiне iштей, шын жүректен қатты өкiнiп Аллаһқа жалбарынумен
немесе ахиреттегi тозақ отымен ғана болады. Ал ахиреттегi тозақ отымен
күйдiру, ол адами жаухарды шайтанның жамандығынан тазартудағы қажеттi
нәрсе. Мысалы, темiр ұстасы, тат басқан темiрдi отқа қыздырып балғамен ұрып
тазалағаны сияқты. Сондықтан осындай ауыр жағдайға кез келмей тұрып, осы
дүниеде тәубе ету ләзiм.
Тәубе ету, исламда әрбiр мүмiн – мұсылман үшiн уәжiп екендiгi туралы
аят - хадистер көп.
Аллаһ субханаху уа тағала Құран Кәрiмде “Нұр” сүресiнiң 31 – аятында:

توبوا الي الله جميعا أيه المؤمنون لعلكم تفلحون

Әй, мүмiндер, түгел Аллаһға тәубе етiңдер! Мүмкiн құтыларсыңдар.

Тахрим сүресiнiң 8 – аятында

يا ايها الذين آمنوا توبوا إلي الله توبه نصوحا

Әй, мүмiндер ! Аллаһға шынайы тәубе етiңдер!.

Тәубе ету, адам баласының барлық үлкен күнәларын жойып қана қоймайды.
Жүрегiнде иманы бар әрбiр пенденiң, Жаратқан иесiнiң рызалығын табудан
үмiтi болса, ондай кiсi таубе ету Аллаһ тағаланың пендесiне болған
сүйiспеншiлiгiн оятады. Бұған Бақара” сүресiнiң 222 – аяты дәлел :

إن الله يحب التوابين و يحب المتطهرين

Шәксiз Аллаһ тағала тәубе етушiлердi жақсы көредi, әрi таза болушыларды
да жақсы көредi.

Тәубе етушi Аллаһтың сүйiктi пендесi болатындығына және тәубе адам
баласының бiрде - бiр күнәсiн қалдырмайтындығы жайында Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) хадис шәрифiнде :

التائب حبيب الله و التائب من الذنب كمن لا ذنب له

“Тәубе етушi Аллаһтың сүйiктi пендесi әрi бей күнә сәбидей таза
болады”.

Негiзiнде тәубе ету ол өзiмiздiң пайдамыз, әлемдегi адам заттың
барлығы тәубе етпей өтсе де Аллаһқа титтей де кесiрiн тигiзе алмайды. Бiрақ
Алллаһ тағаланың мейiрiмдi, рахымды деген сипаттары бар. Осы мейiрiм –
рахымдылығынан пенделерiне жол көрсетiп, сол жолмен жүрген пендесiне разы
болады.
Аллаһ тағаланың пенделерiне мейрiмдiлiгi соншалық, егер бiр пендесi
тәубе етсе, адам баласы жоғалтқан нәрсесiн тауып алғандағы қуанышынан да
артық қуанады.
Бұл жайында Пайғамбарымыз хадис шарифiнде былай деген:
Мысалы, бiр адам түйесiмен ұзақ шөл далада сапарда келе жатып бiр жерге
тоқтап, түйесiнен түсiп демалғалы жатады. Бiр уақытта үйқысынан оянып кетiп
жан – жағына қараса, түйесi үстiндегi ас–суымен кетiп қалыпты. Әлгi кiсi
айналасына қарап, ары – берi жүгiрiп әбден шаршап – шалдығып, шөлдеп өлетiн
халге келгенде, қой ендi сол баяғы жайыма барып өлейiн деп, алғашқы түскен
жайына келiп құлап ұйықтап қалады. Кейiнiрек оянып кетiп, түйесi үстiндегi
азық – түлiгiмен келiп тұрғанын көрiп, әлiгi адам жүрегi жарылып кетердей
қуанады. Мiне, Аллаһ тағала мүмiн пендесiнiң тәубесiне осы қуаныштан да
артық қуанады, – деген.

Хасан риуаят еткен хадис құдсийде: “Аллаһ тағала Адамның (ғ.с.)
тәубесiн қабыл еткен уақытта, тiптi перiштелер де қуанып Адам ғ.с.- ға
сүйiншi айтып құттықтады. Жәбiрейiл ғ.с. мен Микәйiл ғ.с. Адам ғ.с – ға
келiп: “Әй Адам, сүйiншi Аллаһ тағала тәубеңдi қабыл еттi”, - дедi.
Адам ғ.с.: Әй Жәбрейiл, осы тәубеден кейiн сұрақ – жауап болса,
ахиретте менiң жайым қай жер болады ?, - деп сұрады.
Аллаһ тағала уахи етiп: Ей Адам! сенiң ұрпағыңа сынақ қиыншылығын
бердiм. Бiрақ осы қиыншылықтан өте алмағандарға тәубенi бердiм. Кiмде – кiм
маған дұға етсе, саған ләббай дегенiмдей оларға да ләббай деймiн. Кiмде –
кiм кешiрiм сұраса сараңдық жасамаймын. Себебi мен оларға жақынмын әрi
дұғаларын қабыл етушiмiн. Ей Адам! Қиямет күнi тәубе етушiлердi қабiрiнен
сүйiнiштi және де дұғаларын қабыл етiп тұрғызамын,” - деген.

Аллаһ тағала Құран кәрiмде Әли ғимран сүресiнiң 135 аятында шынайы
мүмiн қандай екендiгiн баяндай келе оларға ахиретте ұлық дәрежелi орындар
болатындығын айтып сүйiншiлейдi:
و الذين إذا فعلوا فاحشه أنفسهم ذكروا الله فاستغفروا لذنوبهم و من يغفر
الذنوب الا الله ولم يصروا علي ما فعلوا و هم يعلمون.
Ал олар қашан арсыздық iстесе не өздерiне зұлымдық қылса, Аллаһты
естерiне алып, күнәларының жарылқауын тiлейдi. Күнәларды Аллаһтан басқа
кiм жарылқайды. Сондай – ақ олар iстеген iстерiне бiле тұра қасарыспайды.
ألائك جزاءهم مغفره من ربهم و جنات تجري من تحتها الأنهار خالدين فيها و
نعم أجر العاملين.
Мiне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау және астарынан
өзендер ағатын ұжмақтар. Олар онда мәңгi қалады. Амал iстеушiлердiң
сыйлықтары қандай жақсы ! , - деген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзiнiң хадис шарифiнде :
إن الله تعالي يقبل توبه العبد ما لم يغرغر .
Шынында Аллаһ тағала пендесiнiң жан тәсiлiм халiне кемей тұрған еткен
тәубесiн қабыл етедi, - деген.

Иман келтiрiп, әрдайым тәубесiне келiп, күнәлары үшiн Аллаһтан кешiрiм
сүрап жүрген пенденiң жан тапсыруы жеңiл әрi соңғы сөзi “Лә илаһа илаллоһу
Мұхаммадур расулуллоһ”,- деген куәлiк беруi болады. Ал иман келтiрмей,
тәубесiз жүрген пенделердiң жаны алқымына тығылып, мұны айтуға тiлi
келмей, тамағы қырылдап қалады. Мұндай жағдайда шын жүрегтен күнәсiне
өкiнiп тәубе етушiнiң тәубесын Аллаһ қабыл етедi, - деген де хадис бар.
Аллаһ тағала пенделерiне аса мейiрiмдi, рахымды, кешiрiмдi, тәубелерды
қабыл етушi.
Хадис – құдсий: Бiр күнi пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) - ға
Жәбiрейiл ғ.с. келiп: Әй Мұхаммед (с.ғ.с.), Аллаһ тағала саған сәлем дедi.
Үметiңнен кiмде – кiм өлiмiнен бiр жыл бұрын тәубе етсе, тәубесiн қабыл
етем, - дедi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Үмiтiнiң көптiгiнен аңдаусыз қалып қоюы мүмкiн.
Сондықтан үмметiме бiр жыл көп, - дедi.
Жәбiрейiл кетiп, кейiн қайта оралып: “Әй Мұхаммед (с.ғ.с.). Раббiң :
Кiмде – кiм өлiмiнен бiр ай алдын тәубе етсе қабыл етемiн , - дедi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Әй, Жәбрейiл, үмметiме бiр ай да көптiк
етедi, - дедi.
Жәбiрейiл ғ.с. қайта оралып: “Әй Мұхаммед, Раббiң :үмметiңнен кiмде –
кiм өлiмiнен бiр күн бұрын тәубе етсе қабыл етемiн, - дедi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): үмметiме бұл да көп, - дегенде.
Жәбiрейiл ғ.с. үшiншi мәрте қайта оралып: “Әй

Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһ
тағала, үмметiңнен кiмде – кiм өлiмiнен бiр жыл бұрн немесе бiр ай немесе
бiр күн немесе бiр сағат бұрын тiптi жаны алқымына келiп тiлi күрмелiп,
сөйлей алмай қалған жағдайда да шын жүрегтен күнәларына тәубе етсе күнәсiн
кешiремiн, - дедi.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) – ның тәубе туралы қайта – қайта
сұрауы, Аллаһ тағаланың Құран кәрiмде “Тәубе” сүресiнiң 128 – аятында :
“Расында сендерге iштерiңнен ардақты бiр Пайғамбар келдi. Оған, қиналуларың
ауыр тиедi. Сендерге өте ынтық, мүмiндерге өте жұмсақ, ерекше мейiрiмдi”
– деп сипаттағынындай үмметтерiне аса рахымды, мейiрiмдiлiгiнен.
Осы хадиске х. Омар р.а. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-мен бiрге ансарлардан
бiр кiсiнiң үйiне барғандағы оқиға дәлел:
Бiр күнi хазретi Омар ибн Хаттаб Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) –мен
бiрге ансарлардан бiр сахабаның үйiне кiрсе, ол кiсi жағдай нашарлап, өлiм
төсегiнде жатқан екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : “Аллаһқа тәубе ет !”- дедi.
Әлгi кiсi тiлiн әрекетке келтiре алмай, екi көзiн аспанға қаратты.
Пайғамбарымз (с.ғ.с.) күлiмсiредi. Сол уақытта х. Омар : “Әй, Аллаһтың
пайғамбары, неге күлдiңiз ?,- деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : “Бұл кiсi тiлiмен тәуба ете алмай көзiмен
аспанға қаратып шын жүрегiмен өкiнiп тәубе еттi. Аллаһ тағала: “Ей,
перiштелерiм, мына пендем, тiлiмен тәубе етуге шамасы келмей шын
ықыласымен, жүрегiнен ашынып тәубе еттi. Мен де оның тәубесiн және шын
жүрегтен күйiнгенiн бос қалдырмаймын. Расында, мен оны кешiрiп, тәубесiн
қабыл еткендiгiме сендер де куә болыңдар !,- дедi. Осы iстерге қуанып
күлiмсiредiм ,- деп жауап бердi.
Бiрақ, бұлдан “Өлерiмде бiр тәуба етермiн. Сондықтан ойнап – күлiп
өмiр сүреймiн”, деген шешiм шықпайды. Керiсiнше тезрек тәубе етсең
Аллаһтың рахымына бөленесiн, әйтпесе шайтанның алдауында қаласын дегенi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шарифiнде:
هلك المسوفون.
Мусаууафундер өледi (яғни тозақы болады), - деген.
Мусаууафун деп, кейiнiрек пәлен жасқа жеткенде тәубе етiп, барлығын
тастап намаз оқып, құлшылығын етемiн деп өзiн - өзi жұбатушы адамды айтады.
Ол нағыз, адам баласының түбiне жететiн адамды тозақы ететiн нәрсе.
Ондайдан Құдай өзi сақтасын !.
Себебi ешбiр адам өзiнiң қай кезде көз жұмарын бiлмейдi. Екiншiден,
адам баласы әдетке айналған iстерiн тастай алмай,тiптi оның күнәларын жеңiл
санап, қорықпай да қалады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмметтерiне былай деп өсиет еткен: “Ей,
үмметерiм ! Кәлима шаһадат пен истиғфарды парыз бiлiп, ол екеуiн әрдайым
айтып жүрiңдер.Себебi шайтан (оған Аллаһтың лағнетi болсын !) былай дедi :
“Мен адамдарға күнә iстер iстетiп, олардың түбiне жетiп тозақы етемiн
десем, олар кәлима шахатадпен Аллаһқа истиғфар айтып менiң түбiме жетпекшi.
Осыны көрiп оларды бос, сауапсыз iстермен әуре қылып қойдым. Ендi олар
өздерiн тура жолда жүрмiз деп ойлайды да Аллаһға истиғфар айтпайды”, - деп.
Басқа бiр хадис –шмарифте: “Аллаһ тағала Адам ғ.с.- ды жаратып, оған
перiштелерге және әзәзiлге сәжде етудi бұйырғанда Әзәзiл тәкаппарлық
жасап пейiштен қуылған уақытта:

قال إبليس يا رب ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам шариғатындағы «Жала жабу» сөзі
Хз. Пайғамбардың тәпсірлеуге себеп болған жағдайлар мен оның тәпсірінен мысалдар
Исламдағы жастардың кейбір мәселелері
Жәннәтің кілті ананың аяғының астында
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар туралы ақпарат
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар
320-жылдар шамасында Мысыр, Сирия және Кіші Азия шіркеулерінде қызу діни пікірталастар
Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер
Ортағасыр христиан философиясы
Eciмшe туралы жалпы түсінік
Пәндер