Тiлдi жаман сөздерден сақтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
بِســمِ اللهِ الرَّحمَنِ الرّحِيمِ
Тiлдi жаман сөздерден сақтау.

Барлық мақтаулар Аллаһ Тағалаға болсын. Пайғамбарлардың абзалы
Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның үй iшiне және сахабаларына Аллаһтың рахымы және
мейiрiмi болсын.
Тiл, Аллаһ Тағаланың пенделерiне берген ұлық сыйлықтарының бiрi.
Тiлдiң көлемi кiшкентай болғанымен, жаратылысы өте күрделi. Тiл, Аллаһ
Тағаланы мойынсұнуда үлкен қызмет атқарады. Бұл дүниеде адам баласының
иманды немесе имансыз екендiгi тiлдiң куәлiк беруi арқылы мәлiм
болады. Аллаһ Тағаланың бар екендiгiн адамдарға анық дәлелдермен
түсүндiруде тiл бiздерге жәрдем бередi. Тiлдiң жәрдемiмен түрлi
iлiмдердiң қыр- сырын оқып үйренемiз. Бұндай қасиеттер тек тiлге
ғана берiлген. Мысалы көз көрген, құлақ естiген нәрселердiң қандай
екендiгiн тiлмен айтып жеткiземiз. Денедегi барлық мүшелер белгiлi
бiр шектеумен шектелген, яғни көз мың немесе екi мың шақырым
жерге жетуi мүмкiн. Сол сияқты қолдың да құлақтың да белгiлi бiр
шекарасы бар. Ал тiлдiң өрiсi болса өте кең. Егер тiлдi қадағалап,
сөзге есеп берiп тұрмаса,оған шайтан араласып иесiн жамандыққа
жетелеуi мүмкiн. Тiлдiң нәтижесiнен адам баласы дозаққа түседi.
Тiлiн шариғат жүгенiмен жүгендеген, екi дүниеге де пайдасы бар
сөздердi сөйлеген адам ғана бұндай жамандықтан құтыла алады. Адам
баласын көп жағдайда бақытсыздыққа күнә iстерге душар ететiн нәрсе
ол -тiл. Сондықтан да адамдарды жолдан адастырудағы шайтанның
аспаптарының ең үлкенi тiл болып саналады. Сол себептi шариғатымыз
тiлдi қалай болса солай сөйлеуден сақтауға шақырады. Пайдасыз сөз
сөйлегеннен гөрi үндемей тұруды дәрiптейдi.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

مَن صَمَتَ نَجَا

“Кiмде-кiм сөйлемей , тыныш тұрса бәледен құтылады”,-
деген.
Және бiр жерiнде:

الصَّمتُ حِكمَهٌ وَ قَلِيلٌ فَاعِلُهُ

“Тiлiне сақ болып тыныш тұру даналық. Бiрақ, бұны түсiнiп
амал етушiлер аз”,- деген яғни тiлiне ие болып тыныш тұруда
ақылдылық және сақтық бар деген.
Абдуллаһтың әкесi Суфян деген сахаба айтады: “ Мен Расулуллаһға
(с.ғ.с.): “Ей, Расулуллаһ маған, сiзден кейiн басқа еш кiмнен
сұрамайтындай исламнан бiр iстi көрсетiңiз” дедiм. Расулуллаһ (с.ғ.с.)
: “Аллаһға иман келтiр, соң ол иманыңда мықты тұр”,-дедi. Мен:
“Қайсы нәрседен сақтанайын”?-дедiм. Сол уақытта Расулуллаһ (с.ғ.с.)
қолы мен тiлiн көрсеттi, яғни тiлiңе ие бол”,- дедi.
Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.), үмметтерiнен тiлiне сақ болған
адамның жәннатқа кiруiне кепiлдiк берiп:

مَن يَتَكَفَّل لِي بِمَا بَينَ لِحيَيهِ وَرِجلَيهِ اَتَكَفَّل لَهُ بِالجَنَّهِ

“Кiмде-кiм маған тiлi мен екi аяғының арасындағы нәрсенi
жамандықтан сақтауға кепiлдiк берсе, мен оған жәннатқа кiруiне
кепiлдiк беремiн”,- деген.
Муғаз ибн Жабал Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): “Қандай iстер жақсы ?-
деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тiлiн шығарып, үстiне cаусағын
қойып, тiлге сақ болу дегендей ишара еттi. Кейiн: “кiмде-кiм жамандықтан
сақтануды қаласа тiлiне сақ болуды ләзiм тұтсын”,- дедi.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмметтерiне күнәнiң көпшiлiгi тiлден
болатындығын ескертiп:

اِنَّ اَكثَرَ حَطَاياَ اِبنِ آدَمَ فِي لِسَانِهِ

“Шынында, Адам баласы күнәнiң көбiсiн тiлiнен табады”,-дейдi.
Ибн Омар : Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенiн естiдiм :

مَن كَفَّ لِسَانَهُ سَتَرَ اللهُ عَورَتَه وَ مَن مَلَكَ غَضَبَهُ وَقَاها اللهُ عَذَابَهُ

وَ مَن اِعتذَرَ الَي اللهِ قُبِلَ عُذرُهُ،
“Кiмде-кiм тiлiн жамандықтан сақтаса, Аллаһ Тағала ондай
кiсiнiң айыбын жасырады. Кiмде-кiм өзiнiң ашуын басса, Аллаһ Тағала
оны азаптан сақтайды. Кiмде-кiм Аллаһ Тағалаға үзiр айтса үзiрi
қабыл болады”.
Сафуан ибн Салим : Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына:

قالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّي اللهُ علَيهِ وَسَلَّمَ؛ ألا اُخبِرُكُم بِايسَرِالعِادَهِ وَ
أَهوَنِهَا عَلَي

البَدَن . الصُمتِ وَ حُسنُ الخُلقِ.

“Сiздерге ғибадаттың ең жеңiлi және де денеге оңайрағы не
екендiгiн айтайын ба ?. Ол тiлге ие болып сөйлемей тыныш тұру
және әдемi мiнез құлықты болу”,- дегенiн естiдiм, деп риуает етедi.
Абу Хурайраның риуаятында :
َمن كَانَ يُؤمِنُ بِاللهِ وَ اليَومِ الأخِرِ فَليَقُل خَيرًا أَو لِيَسكُت
Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): “Кiмде-кiм Аллаһға және ахирет күнiне
иман келтiрсе жақсы сөз сөйлесiн немесе тiлiне ие болып тыныш
тұрсын”,-деген.
Және бiр жерiнде айтады: Бiзге Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) былай деп
айтқан:

رَحِمَ اللهُ عَبدًا تَكَلَّمَ فَغُنِمَ أَو سَكَتَ فَسَلِمَ

“Сөйлеген сөзiнен пайда тапқан немесе сөйлемей тыныш тұрып аман
қалған пенделердi Аллаһ Тағала өз рахымына бөлейдi”.
Бұрынғы Пайғамбарлардың үмметтерi өз Пайғамбарларынан жәннатқа
алып баратын амалдар жайында сұраған да барлығы да бiрiншi тiлiне
сақ болуды айтқан. Мысалы, Исадан(ғ.с.): “Ей, Иса(ғ.с.), бiзге
жәннатқа алып баратын амалды көрсет”,-дегенде. Иса (ғ.с.) үмметтерiне:
“Еш сөйлемеңдер”,-дедi. Үмметтерi: “Бiз сөйлемей жүре алмаймыз”,-
дегенде; “Олай болса, тек қана жақсы сөз сөйлеңдер”,- деп бұйырды.
Дәуiттiң (ғ.с.) баласы Сүлеймен де (ғ.с.) адамдарға: “Егер сөйлеу -
күмiс болатын болса, сөйлемей тыныш тұру - алтын”,- деп түсiндiрдi.
Тура сол сияқты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бiр кiсi келiп:

فَقَالَ : دُلنِي عَلَي عَمَلٍ يُدخِلُنِي الجَنَّهِ، قَالَ:أَطعِمِ الجَائِعَ وَ اسقِ الظَمآنَ

وَ أمُر بِالمَعرُوعِ وَ انهَ عَنِ المُنكَرِ فَاِن لَم تُطِق فَكُفِّ لِسَانَكَ إلا مِن خَيرٍ

“Ей, Мұхаммед(с.ғ.с.) маған, менi жәннатқа кiргiзетiн амалдарды
айт !- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол кiсiге былай дедi: “Аш
қалғанға тағам, шөлдегенге сусын бер, жақсылыққа бұйыр, жамандықтан
қайтар. Егер бұған да шамаң келмесе, онда жақсы сөз айт, жаман
сөзден тiлiңдi сақта.”
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис-шарифте мүмiндердiң сөздерi
қандай болуы керектiгiн былайша түсiндiредi:

إنَّ لِسَانَ المُؤمِنِ وَرَاءَ قَلبِهِ فَاِذَا أَرَادَ أَن يَتَكَلَّمَ بِشَيءٍ تَدَبَّرَهُ بِقَلبِهِ
ثُمَّ

أَمضَاهُ بِلِسَانِهِ، وَ أِنَّ لِسَانَ المُنَافِقِ أَمَامَ قَلبِهِ فَاِذَا هَمَّ بِشَيءٍ أَمضَاهُ
بِلِسَانِهِ

وَ لَم يَتَدَبَّر بِقَلبِهِ

“Мүмiннiң тiлi жүрегiнiң түбiнде болады. Егер бiр нәрсенi
айтқысы келсе, оны жүрегiмен тексерiп көредi, кейiн тiлiмен
айтады. Екi жүздi адамның тiлi жүрегiнiң бергi жағында болады.
Егер бiр сөздi айтқысы келсе айта салады, оны тексерiп көрмейдi”.
Және бiр хадисiнде Пайғамбарымыз(с.ғ.с.):
مَن كَثُرَ كَلَامَهُ كَثُرَ سَقطُهُ وَ مَن كَثُرَ سَقطُهُ كَثُرَ ذَنبُهُ
وَمَن كَثُرَ
ذَنبُهُ كَانَتِ النَّارُ ولي بِهِ
“Кiмнiң сөзi көбейсе қателесуi көп болады. Кiмде-кiмнiң
қателесу көбейсе, күнәсi көбейедi. Кiмнiң күнәсi көп болса, тозаққа
лайық болады”,-деген.
Өткен ғұламаларымыз және басқа да кiсiлер тiлден сақ болу
жайында дана сөздерiн айтып кеткен. Әбубакр Сыддық өзiн көп
сөйлеуден тыю үшiн аузына кiшкентай тас салып жүредi екен. Сұраған
адамдарға қолымен көрсетiп : “пайдалардың маған келтiрген пайдасы”,-
Бұл деп жауап бередi екен.
Тауус деген кiсi: “Менiң тiлiм - бiр жыртқыш аң. Егер бетiмен
жiберсем өзiмдi жеп қояды”,-деген.
Вахб ибн Манбаһ: “Дәуiт(ғ.с.) және оның жан ұясының хикметi”-
деген кiтабында: “Ақылды адам өз заманының бiлiктiсi, тiлiн жаман
сөздерден сақтай алатын және де өз iстерiн тексерiп тұрушы болуы
тиiс”,-деген.
Кейбiр ғұламаларымыз айтады: “Сөйлемей тыныш тұру адамға екi
жақсылық әкеледi. 1- дiнiнде аман болады. 2- қасындағы бауырынан
ақылдырақ болады”,- деген.
Мұхаммад ибн Уасиғ Мәлiк бин Динарға: “Әй , Яхьяның әкесi,
тiлiңмен адамдарға азар беруден алтын- күмiсiңдi жоғалтып алудан да
қаттырақ сақтан”,- деген.
Хасан (р.а.): Бiр қауым Муғауияның (р.а.) алдында сөйлеп
тұрғанда Ахнаф ибн Қайс сөйлемей тыныш тұрған екен. Сол кезде
Муғауия (р.а.) оған: “Әй, Әбубакр не болды саған неғып сөйлемей тұрсын
?”- дедi. Ахнаф: “Жалған сөйлеуге Аллаһтан қорқамын, шындықты айтуға
сенен қорқып тұрмын”,- деп жауап берген екен.
Әбу бакр ибн Ғияш айтады: “Iлгерiде төрт патша, яғни индияның,
қытайдың, парыстың патшасы кисро және римнiң патшасы қайсар төртеуi
бiр жерде кездескен екен. Олардан бiрiншiсi: “Мен айтқан сөзiме
өкiнемiн, айтпаған сөзiме өкiнбеймiн,-дедi. Екiншiсi: Егер мен бiр
сөздi айтсам сөзiм маған патша болады, айтпасам сөзiме мен патша
боламын,-дедi. Үшiншiсi: “Мен Сөйлеген адамға таң қаламын. Егер сөз
өзiне қайтса оған зиян болады. Ал, егер қайтпаса оған тiптен
пайдасы жоқ,-дедi. Төртiншiсi: “Мен, айтқан сөзiмнен айтпаған сөзiмдi
өзiмнен қайтаруға құдiреттiмiн”,-дедi.
Ата-бабаларымыз: “Екi нәпсiсiн тиған адам әулие болар”,- деген
екен. Расында тiлiн жамандықтан сақтаған адам екi дүниеде де ұлық
дәрежелi болады. Cебебi тiлге сақ болу, тiлдiң апаты болған -
қателесу, жалған сөйлеу, өсек айту, сөз тасу, өзiн адамдарға
көрсетiп сөйлеу, екi жүздiлiк, жаман сөздi сөйлеу, өзiн ақтап
сөйлеу, дұрыс болмаған сөздерге кiрiсiп кету, бiреудi жамандағанда
асырып жiберу, тiлiмен адамдарға азар беру және де бiреудiң абыройын
айрандай төгу сияқты жамандықтардан сақтайды. Бұл апаттар тiлге
жеңiл болғанымен иесiне жаратылыс жағынан және шайтан тарапынан
жамандықтардың келуiне үлкен себеп болады. Көбiнше адам баласы осы
айтылып өтiлген iстерге кiрiсе кеткенде өзiн тоқтатып қалуға шамасы
жетпей қалады. Кейiн көңiлiне айтқысы келген сөздi айта салады,
айтқысы келмеген сөздi айтпай қояды. Сондықтан да шариғатымыз тiлге
сақ болып тыныш тұрудың қасиетi ұлық деген. Сондай –ақ тiлге ие
болу әр дайым салмақты болуды, ойлануды, бұл дүниеде және
ахиретте есеп берудiң қиыншылығынан аман сақтап қалуды өз iшiне
қамтиды.
Аллаһ Тағала Құрани Кәрiмде “Қаф” сүресiнiң 18-аятында:

مَا يَلفَظُ مِن قَولٍ إِلا لَدَيهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ

“Аузынан бiр сөз шығарса ақ болды алдында аңдушы дайын”,- деген.
Осы аяттың өзi бiздерге орынсыз сөйлемей үнсiздiк сақтаудың
ләзiм екендiгiне дәлел болады. Негiзiнде сөздiң өзi төртке бөлiнедi.
Бiрiнщiсi - анық зиян. Екiншiсi - таза пайда. Үшiншi бөлiгiнiң
пайдасы да зияны да бар. Төртiншiсi - пайдасы да зияны да жоқ.
Осының анық зияны барынан тiлiмiзге сақ болуымыз қажет. Зияны
да пайдасы да бары осыған ұқсас яғни тiлiмiзге ие болуымыз керек
болады. Себебi, жақсы сөзге жаман сөз араласса онда жақсылықты еш
қылады. Ал ендi пайдасы да зияны да жоқ сөздерден де сақ болу
жөн болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тілі туралы
Тілдік норманың қалыптануы
Синонимия және сөз варианттары
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқуышыларын халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді іріктеу
Әдіс ұғымы және оның зерттелуі
Диалектологиядағы сөз мағынасына байланысты құбылыстармен таныстыру
Әдеп - эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы
Тілдік норма
Зар заман ақындарының ахлақтық мәселелер
Пәндер