Христиан дініндегі өнер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

ІКіріспе2

ІІ Негізгі бөлім. 3

Христиан ілімінің негізгі принциптері және оның құнды- лықтары. 3

Христиан дінінің шығуы, оның адамдардың санасы мен өмірдегі алатын орны3

Христианство құдай алдындағы адамдардың еркіндігін, теңдігін уағыздайтын ілім. 3

Христиан дінінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары. 4

Христиан дінінің құндылықтары. 4

Христиан дініндегі адамгершілік мәселелері. 4

Христиан дініндегі өнер5

Христиан ілімінде адамның жеке кісі ретіндегі мәселесі қалай шешіледі. 5

ІІІ Қорытынды7

Пайдаланылған әдебиеттер. 8

І Кіріспе

Біз өмірге шыр етіп келе салысымен ата-анамыздың махаббатына бөленеміз. Өсе келе біз өмірді тани бастаймыз. «Бұл өмір қалай орналасқан, өмір деген не?» дегендей әр түрлі сұрақтар ойымызға келіп жатады. Осы сұрақтардың бәрі дінге келіп тіреледі.

Менің осы жазбамда христиан дінің шығу тарихы, адамгершілік мәселелері мен оның құндылықтарына жалпылай кысқаша жазылған.

ІІ Негізгі бөлім.

Христиан ілімінің негізгі принциптері және оның құндылықтары.

Өзінің табиғаты жағынан сан қырлы, әрі жан-жақты болып келетін христиан мәдениеті - Иисус Христос дінін қабылдаған барлық халықтарға тән мәдениет болып саналады.

  • Жалғыз құдай - үш түрде: «Отец, Сын, Дух Святой - Троица»
  • Хиямет - қайым / қыл - көпірден өту: жұмақ пен тозаққа түсу
  • Қасиетті жазбасы - Інжіл (библия)
  • Діни мейрамдары-Иисус Христостың туған күні және пасха

Христиан дінінің шығуы, оның адамдардың санасы мен өмірдегі алатын орны

Христиан діні б. з. б. І ғасырда құдіретті рим империясының шығысында қалыптасты. Алғашқы кезде иудаизмнің бір тармағы ретінде пайда болған бұл дін б. з. б. 50-шы жылдары қасиетті Павелдың арқасында миссионерлік дін дәрежесіне жетті. ІV ғасырда Рим императоры Константин Константинопольде христиан дінін мемлекеттік дін деп жариялады. 1054 жылы христиан діні: католиктік және православиелік болып екіге бөлінсе, ал ХVІ ғасырда бұл діннің жаңа тармағы - простестанттық ағым пайда болды.

Иудаизмнің ықпалынан тез босанған христиан діні азғантай шеңберінде өзіне тән наным-сенідері, құдайға құлшылық ету дәстүрлері мен шіркеулік ұйым жүйесі қалыптасқан тәуелсіз дінге айналды.

Христианство құдай алдындағы адамдардың еркіндігін, теңдігін уағыздайтын ілім.

Құдай дүние жүзіндегі өмір сүріп жатқан халықтардың ешқайсысын да алаламайды, бәрін де тең санайды. Ендеше, христиан діні бір халықтың екінші бір халыққа үстемдік жасауын ешбір қолдамайды. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, христиан дінінің иудаизмнен түбегейлі айырмашылығы бар, өйткені иудаизм еврей халқын басқа халықтардан әлде қайда жоғары қояды. Өз халқынан басқаның бәрін төмен санап, олардың мәдениетіне жеккөрушілікпен, менсінбеушілікпен қарау - бұл ағымға тән қасиет болып саналады. Осы жағдайдың өзі-ақ хрисиан дінінің мәртебесін одан сайын асқақтата түсетініне ешбір күмән туғызуға болмайды.

Христиан дінінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.

Христиан діні құлиеленуші Рим империясының әбден құлдырап, қоғамдық өмірдің терең экономикалық әлеуметтік тоқырауы белең алған кезеғде өмірге келді. Римнің қоғамдық өміріндегі қалыптасқан мұндай әлеуметтік-экономикалық дағдарыс бұрыннан қалыптасқан діндердің құлдырауына әкеп соқты. Осы орайда христиан діні пайда болғанға дейін мессиандық идеяның өмірге келгендігін атап өткен жөн. Көне ғасырдың жазбаларында, Вавилонның мифологиясында, иудаизмде, зороастризмде дүниені апаттан құтқарушылар жайында діни ұғымдар мен сенімдер қалыптаса бастады.

Христиан дінінің құндылықтары.

Христиан дінінің, христиан мәдениетінің мән-мағынасын тереңірек түсіну үшін, оның құндылық бағыттарына да көңіл бөлген жөн, өйткені құндылық бағыттар - жеке адамның жан дүниесінің басты элементтері болып табылады. Мәдени құндылық бағыттар адамның іс-әрекетіне ерекше мән-мазмұн береді. Құндылық бағыттар - адамның философиялық, саяси, эстетикалық, адамгершілік көзқарастарының, ой-пікірлерінің мәнді жиынтығы болып саналады.

Христиан дініндегі басты эстетикалық құндылық-құдайдың өзі. Құдай - ол махаббат, махаббат болғанда құдайды шын көңілімен мойындап, оны қастерлейтіндерге ғана арналған шынайы махаббат.

Христиан дініндегі адамгершілік мәселелері.

Христиан діні - өзінің мазмұны мен мәні жағынан өзгеше жаңа мәдениеттің негізін қалауға тікелей себепкер болды. Бұл жаңа мәдениет адам тұлғасын мойындады, адамды құдайтағаланың жер бетіндегі пендесі, ал Иисус Христос адамзат баласының ең жақын қамқоршысы деп танылды.

Жаңа дін құрбандықтар шалуға қатаң тыйым салды және адамның өз бойындағы жағымсыз қылықтардан қалай арылуға болатындығының жолдарын көрсетіп берді. Христиан діні ғасырлар бойы халықтың бойында қалыптасып, келе жатқан салт- дәстүрлерден де бас тартқан жоқ, қайта оларға қиянат жасамай, оларды жаңа өмір талабына сай қайта жандандыру қажет деп санады. Ал бұл жағдай христиандық сана -сезімді қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Дәлірек айтқанда, бұл жаңа дінді адам қалай өмір сүруі керек, оның өмірінің мән-мағынасы қандай болуы керек, ар-ождан, парыз бен қарыз сияқты өмірлік мәселелерді қамтитын ауқымды, тынысы кең дін деп қарастыруымыз керек.

Адамгершілік жайындағы христиандық дін қағидаларының ішіндегі ең негізгілерінің бірі - құдайтағала мен ең жақын адамыңа деген махаббат пен сүйіспеншілік болып табылады.

Христиан дініндегі өнер

Христиандық өнер туындыларына баға бергенде екі жағдайға назар аударған дұрыс: оның алғашқысы, шығарманың идеялық бағыты, екіншісі, қарастырып отырған өнер туындысының христиандық мәдениет жүйесінде алатын орны.

Сән-салтанатымен, әсемдігімен көз тартатын христиан шіркеулерін тек құдайға құлшылық ету орны ғана деп санау біржақты көзқарас болған еді.

Христиан әдебиетіндегі Библия уақиғалары әдеби түрде насихатталып қана қоймай, христиан дініне және оның тарихына үлкен қызығушылық тудырады.

Табыну объектісі икона немесе, дінге табыну кезіндегі діндарлардың діни іс-әрекеттерінің қатарына жататын хормен өлең айту және т. б.

Христиан ілімінде адамның жеке кісі ретіндегі мәселесі қалай шешіледі.

Қоршаған дүниені христиандық дін тұрғысынан қабылдау - христиан мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін келелі мәселелердің бірі болып саналады.

Христиан діні адамды жан мен тәнге бөле отырып, рухани бастаманы басты орынға қояды. Адамның шынайы нағыз сұлулығы оның жан дүниесінің сұлулығымен өлшенді. Көне замандардағы өнер туындыларында сыртқы сұлулыққа үлкен мән берілсе, ендігі жерде шиыршық атқан атлеттер бейнесінен гөрі, адам бойындағы рухани байлықты көрсетуге баса назар аударылды.

Христиан ілімі бойынша, адам өмірінде «тазару» - өте үлкен рөл атқарады. Оған жетудің басты жолы - адамның рухани жағынан ұдайы жетіліп отыруы болып табылады.

ІІІ Қорытынды

Христиан діні көп таралған және ауқымды дін. Ол б. з. б. І ғ. пайда болып, осы күнге дейін көптеген діндермен жалғасып келеді.

Тәңірден түскен төрт кітап-Таурат, Забұр, Інжіл, Фурқан. Сол төрт кітапқа енген төрт пайғамбар - Мұса алайһис-салам, Хазрет Дауд, Хазрет Иса алайһис-салам және Мұхаммед мұстафа сала аллаһу аллайһи уа саллам.

Осы төрт кітаптің - Інжіл туралы айта кетсек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиан дінінің құндылықтары
Ортағасырлық философия туралы
Әлемдік діндердегі магиялық тәжірибе
Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Ерте Христиан өнері
Карен армстронгтың «Тәңірінің тарихы» еңбегіне дінтанушылық талдау
Буддизм және джайнизм
Діни туризм туралы
Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz