Шараптың зияны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шараптың зияны.

Бисмиллаһир раһманир раһим

Әлхамдулиллаһил әази һәдәнә лил-имани уал ислами. Уассалату уассаламу ъала расулиһи Мухаммадин ъалаһис салату уассалам

Құрметтi әһли ислам бауырлар. Аллаһ субханаһу уа Тағала адамдарды басқа мақұлықтардан ажыратып, өзiмiздi пәк ұстап, харамнан сақтануымызды бұйырған. Пайғамбарымыз Мухаммед (с. ғ. с. ) өзiнiң мүбәрәк хадистерiнiң бiрiнде былай деген.

» Аллаһ тағаланың адамда бiр жапырақ еттi жаратқан, егер осы бiр жапырақ ет пәк болса адамның денесi яғни басқа мүшелерi де пәк болады. Егер сол бiр жапырақ ет бүзылса, адамның басқа мүшелерi де бүзылады, пәктiгiнен айрылады. Ол бiр жапырақ ет - жүрек « . Демек харамнан сақтанып, пәк адал өмiр кешiру шiн әр бiр адам өз жүрегiн таза сақтауы керек.

Жүректi тазалау екi түрлi болады. Бiрiншiсi, дененi тазалау, екiншiсi рухани тазалық.

Адам жүрегiн, тәнiн тазалу үшiн Аллаһ харам еткен үш нәрседен сақтану керек. Өйткенi адамның жеген тағамы асқазанда қорытылған-нан кейiн белгiлi бiр мөлшерiнде қан болып тамырлар арқылы жүрекке барады. Аллаһ тағала адамға ұлық сыйлық етiп ақылды бердi. Осы ақылмен хайуандардан ажырап тұрамыз. Аллаһ мойнымызға жүктеген барлық мiндеттердiң амалға асуы ақыл талабымен болады. Тiптi жүмаққа кiруiмiз, яки тозаққа кiруiмiз де ақыл бiзге қаншалықты жол бастағанының белгiсi. Ақылы жоқ адамның қандай күйде болуы, жындылар бинесiнде көз алдымзға келедi. Олар хайуан емес, хайуаннан да төмен. Өйткенi хайуандарды адамдар пайдаланады. Мысалы қой, түйе, ешкiлердi сойып жеймiз, жүнi мен терiсiнен киiм тiгемiз. Кейбiреулерiн мiнемiз, кейбiреулерiне жүк артамыз. Қысқасы, хайуандар ауырымызды жеңiл, ұзағымызды жақын етуге жәрдем бередi. Жындылар және ақыл - есi дұрыс емес кiсiлер де ешкiмге пайдасы жоқ. Оларды тек адам баласы болғаны үшiн ғана қарайды, бағып - қағады. Бiздер сондай ақылсыз адамға айналып қалудан Аллаһтан пана сұрауымыз керек. Бiрақ көп адамдар ең ұлық болған ақылмен ойнап, одан айрылып жындыға айналдыратын, адамды хайуаннан да бетер қорлыққа түсiретiн мас қылушы iшiмдiктер iшiп, нашақорлықпен айналысады. Бәрiмiзге белгiлi iшкiлiк iшкен кiсi бiр отырыста әртүрлi хайуанның бейнесiне кiрiп шығады әуелi тiзесiн ұрып бақырады, болар-болмасқа ыржаңдап маймылға айналады. Бiрәз iшкеннен кейiн күшейiп жанында отырған адамдарға күш көрсетiп, ұрып, боқтап жiберуге дайын тұрады. Бұл кезде өзi тамақ жеп тұрып та қарсы алдындағыдан қызғанып, ырылдаған ит бейнесiне кiредi. Әбден iшкеннен кейiн ақыл-есiн жоғалтып, құлап, құсып, лайға аунап, үстi-басына нәжiс тигiзiп, шошқаға айналады. Мұндай араққорлар балаларға мазақ, үлкендерге келеке, жанұясының, ата-анасының маңдайына жазылған бәле болады.

Абу Лайс Самарқади р. а. былай дейдi : » Арақ iшпе ! Өйткенi онда он жаман қасиет бар:

  1. Араққор арақ iшкенде жындыға айналады, жас балаларға күлкi болады, ақылды адамдардан сөз есiтедi.
  2. Арақ ақшаны ысырап етедi және ақылдан айырады.
  3. Араққолық ағайын - туыс пен достардың арасына араздық кiргiзедi«.

Аллаһ тағала Құран Кәрiмде » Майда « сүресiнiң 91-аятында былай дейдi:

إنما يريد الشيطان أن يوقع بينكم العداوه والبغضآء في الخمر والميسر

» Негiзiнде шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрi кек салуды қалайды. «

  1. Әлбетте, арақ iшу Аллаһтың зiкiрiнен және намаздан қайтарады. Аллаһ Тағала Құран Кәрiмде былай деп ескертедi:

يصد كم عن ذكرالله وعن الصلواه فهل أنتم منتهون

» Шайтан сiздердi Аллаһтың зiкiрiнен және намаздан қалдыруды қалайды. Ендi тоқтайсыздар ма, жоқ па? ( яғни арақтан тоқтаңдар ) « . » Майда « сүресi, 91-аят.

  1. Арақ адамды арсыздыққа, ойнастыққа алып барады, өйткенi арақ iшiп, мас болып өзi бiлмей әйелiн талақ етедi.
  2. Арақ - барлық жамандықтың кiлiтi. Арақ iшкен адам кез келген күнә iске бейiм болады.

إجتنبوا الخمر فإنها مفتح كل شر

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) : » Iшкiлiктен сақтаныңдар. Өйткенi ол - барлық жамандықтың кiлiтi « -деген.

  1. Азғындық жолына кiрiп, арақ iшкен адамның сасық исiнен барлық қорғаушы перiштелер қашады.
  2. Шариат бойынша арақ iшкен адамға сексен дүре соғу уәжiп. Егер де бұ дүниеде ұрылмаса, ахыретте ата - анасының және достарының алдында оттан болған қамшымен ұрылады.
  3. Арақ iшумен аспан есiктерiн жауып қояды. Өйткенi бiр мәрте арақ iшкен кiсiнiң жақсылық iстерi және қылған дұғалары қабыл болмайды.

Бұған дәлел Пағамбарымыздың ( с. ғ. с. ) хадисi бар:

لا يشرب الجمر رجل من أمتي فيقبل الله منه صلاه أربعين يوما

» Үмметiмнiң iшiнен iшкiлiк iшкен адамның Аллаһ тағала қырық күнгi намазын қабыл етпейдi. Бұл хадиске қатысты Имам Суютый: » Адам бойына тараған iшкiлiктiң толық жойылуы мерзiмi - 40 күн « деген.

10. Арақ iшушi адам уайым, қайғыға түседi, өйткенi ол өлер уақтында имансыз кетуi мүмкiн. Себебi Пағамбарымыз ( с. ғ. с. ) :

من شرب الخمر لم يقبل الله منه صلاه أربعين صباحا فإن مات في الأربعين دخل النار ولم ينظر الله إليه

» Аллаһ тағала iшкiлiк iшкен кiсiнiң қырық күндiк намазын қабыл етпейдi. Осы қырық күн iшiнде өлiп кетсе, ол адам дозаққа түседi. Аллаһ тағала оған назар да салмайды « деген.

Бұл қиыншылықтардың барлығы бұл дүниедегiсi, бiрақ ахиреттiң қиыншылықтарынан санап болмайды. Аз ғана ләззатқа бола мәңгiлiк ләззаттан мақырұм қалу ақымақтың нағыз өзi.

Пайғамбарымыз ( с. ғ. с. ) мұсылмандарды шарап iшуден қайтарған, бұл жайында Құранда да айтылады. Пайғамбарымыз ( с. ғ. с. ) миғражға шығарда Жәбрейiл ( ғ. с. ) бiр қолында сүт, екiншi қолына шарап алып келiп » таңда « дегенде, пайғамбарымыз ( с. ғ. с. ) сүттi таңдаған. Сол уақытта Жәбрейiл ( ғ. с. ) : » Сен хақты таңдадың, егер шарапты таңдағаныңда үмметiң жоқ болатын едi « деген. Осы орында айта кететiн жәйт Аллаһ қайсыбiр нәрсенi харам еткен болса, оның саудасын да харам еткен. Сондықтан мас қылушы iшiмдiктердi iшу де, сату да, оның табысын пайдалану да харам болады. Бұған Пайғамбарымыздың ( с. ғ. с. ) көптеген хадистерi дәлел болады. Хадис-шарифтiң бiреуiнде бұл жөнiнде былай делiнген.

لعن الله الخمر و شربها و ساقبها و مبتاعها وعاصرها و معتصرها وحاملها والمحبوله إليه و آكل ثمنها

» Аллаһ тағала арақты, оны iшушi мен құйып берушiнi, сатушы мен стып алушыны, дайындаушы мен дайындатушыны, арақты алып келгендi, алып келуге бұйырғанды және сатып күн көргендi лағнеттейдi « .

Және бiр хадисiнде айтады: » Аллаһ арақты харам еттi, оның табысын да харам еттi. Өлiп қалған малды харам еттi, оны сатқандағы ақшасын да харам еттi. Шошқаны харам еттi, оның табысын да харам еттi. Харамның азы да, көбi де бiрдей - харам « . Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : » Мас қылушы әр бiр нәрсе - арақ үкiмiнде. Мас ететiн нәрсенiң азы да, көбi де бiрдей « . Пайғамбарымыз ( с. ғ. с. ) үмметiне аса мейрiмдi қамқор болғандықтан үмметi адасып кетпеуi үшiн көптеген ескертулер айтып кеткен. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) айтады: » Кiмде - кiм арақ iшсе, оған киеуге шықпаңдар, аурып қалса көңiлiн сұрап бармаңдар, дүниеден өтетiн болса, жаназасына қатыспаңдар. Менi пайғамбар етiп жiберген Аллаһтың атымен ант етiп айтамын Аллаһ тағала арақты Тауратта, Инжилде де, Забурда да, Құранда да лағнеттеген. Кiмде - кiм арақтың бiр тамшысын iшкiзсе Аллаһтағала оның денесiн жылан, шаяндарға тастайды. Кiмде - кiм бiреудiң арақ iшуiне жәрдемдессе, онда ол исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған қарыз берсе, онда ол бiр мүмiндi өлтiруге жәрдемдескен болады. Сондай-ақ кiмде кiм арақ iшушi мен бiрге отырса, Аллаһ тағала оны қияметте екi көзi көрмейтiн етiп тiрiлтедi. Аллаһ тағаланың назарынан тыс қалады « .

Хазiретi Осман ибн Аффан р. а. Пайғамбарымыз ( с. ғ. с. ) -ның мына әңгiмесiн естiгенмiн дейдi.

إجتنبوا الخمر فإنها أم الخبائث

» Арақтан сақтаныңдар, себебi iшкiлiк барлық жамандықтың

( анасы ) көзi « . Бiр заманда Аллаһқа құлшылық ететiн, адмдардан ажыралып тұратын бiр адам бар едi. Бiр күнi бiр жаман әйел оны ойлап тұрып, қызметшiсiне ол кiсiнi шақырып келуге жiбердi. Қызметшiсi барып: » Сенi бiр нәрсеге куә боласын деп шақырып жатыр « , - дедi. Ол кiсi үйiне кiргенде есiктер жабылып құлыптанады. Кiсi үйде отырған әйелдiң алдына келсе, бiр жас бала және шыны ыдыста шарап бар екен. Жаман әйел: » Сенi куә боласын деп шақырған жоқпыз, сен мына баланы өлтiресiң немесе менiмен жақындық етесiн немесе мына шарапты iшесiң деп шақырдық. Егерде бұл iстерден бас тартсаң, жарияға жар салып абыройыңды айрандай төгемiн « , - дедi. Ол кiсi ешқандай еш шара таба алмаған соң: » Бiр кесе арақ құй, арағыңды iшемiн « , - дедi. Жаман әйел бiр кесе арақ құйып бердi. Әлгi кiсi арақ iшкен соң, ақылынан айрылып әйелге жақындық етедi. Кейiн баласын да өлтiредi. Мiне, арақ әр бiр жаман iстiң көзi дегенi - осы. Осы сияқты өмiрде болған оқиға, қиссалар өте көп. Бұның барлығы iшушiге болған зиандар. Ал келешек жағына мән берсек, әрқашанда әр ел-жұрт өздерiнiң болашақтарынын жас ұрпақтарына сенiп жүктеген, тiптi өте қарапайым күнделiктi тұрмыста әр ата-ана жиған -тергенiн » ұлым өсiп ер жетер, қызым өсiп бой жетер « деп соларға ниет етiп сақтаған. Олар болашақта бiлiм алып, отау құрып, өсiп-өнедi деген сенiммен солар үшiн өмiр сұрген. Шариғат бойынша баланы оқытып, үйлендiру ата-ананың парызы болып саналады. Жас ұрпақтың болашағы тiкелей әйел, аналарға байланысты. Олар от басының жылуы мен жарығын сақтайтын үйдiң құты мен берекесi болып сан ғасырдан берi саналып келе жатқаны бәрiне мәлiм. Әрине қай ата-ана болмасын от пен суға түсiп өсiрген өз перзентiне жамандық тiлемейдi. Барлық ата-ана баласының жақсы болуын қлайды. Осы ұрпағымызды жақсы сақтап қалуымыз үшiн, iлгерi өткен ата-бабаларымыз еңбек еткендей олардың өсiп-өнуiне бар мүмкiншiлiгiмiздi жасап, дұрыс тәлiм-тәрбие беру жолында ерiнбей, жалықпай еңбек етуге тиiспiз. Жерге не ексең соны орасың дегендей, өткен ғұламалардың өмiр тарихына назар салайық. Мысалы бәрiмiзге мәлiм ғұлама Әбу Ханифаның әкесi қандай болғанын бiлемiз. Әбу Ханифа 3-4 жасында 3- күнде бүкiл Құранды жаттап анасына қуанып келгенде анасы жылаған екен. Әбу Ханифа таң қалып: » Әй, анашым, неге жылайсың, адмдар жылдап жаттай алмай жүрген Құранды үш күнде жаттап келдiм « дегенде, анасы: » егер әкең әлгi алманы бiр тiстемегенде, сен бiр күнде жаттап келген болар едiң « деген екен. Сол сияқты Абдуллаһ ибн Мүбәрәктың туылуына назар салайық. Марзауий қаласының қазысы пәк, әдiл және тақуа адам едi. Оның жалғыз қызы болып, ұл перзент көрмеген едi. Бiрақ » егер қызымды бiр таза жiгiтке ұзатсам, Аллаһ ұл немере берсе, оны аты әлемге әйгiлi ғалым етiп тәрбиелеймiн « деп әрдайым ниет ететiн. Осы ниетiн iске асыру үшiн қызын айттырып келген бай адамдарды және қызмекер адамдарды әр түрлi желеулермен қайтарып жiберетiн едi. Бiр күнi бау-бақшасына барып, дем алу үшiн жолға шықты. Екi жылдан берi бау-бақшаға қарап, қызмет етiп жүрген Мүбәрәк деген қызметшiсi қазыны әдеп құрметпен күтiп алды. Қазы отырғаннан кейiн бiр ыдыспен жүзiмдi жуып қазының алдына қолйды. Қазы бiр уыс жүзiмдi қолына алып, бiр данасын жегенде ащылығынан денесi тiтiркенiп кетедi. Сонда қазы: - Әй, Мүбәрәк неге жүзiмнiң тәттiсiн алып келмейсiң?- дедi. Мүбәрәк орнынан тұрып, кешiрiм сұрап, әдеппен: - Қайсы жүзiмдi әкел десеңiз әкелейiн, бiрақ жүзiмнiң қайсысы тәттi екенiн бiлмеймiн, -деп жуап бердi. Қазы таң қалып: - екi жылдан берi жүзiмдерге қарайсың, оның тәттiсi қайсы екенiн бiлмегенiң қалай?- дедi. - Сiз менi жұмысқа алған уақтыңызда бұл жердегi жүзiмдерге қарайсың дегенсiз. Жүзiмдерден жеп тұрасың деген жоқсыз. Сол үшiн мен осы күнге дейiн бұл жүзiмдерден жеп көрмегенмiн, қайсы бiрi тәттi, қайсы бiрi ащы екенiн бiлмеймiн, -деп жауап бердi. Қазы таңданып өте риза болып қызметшiсiне мерейi күшейдi. Үйiне келiп, әйелiмен кеңестi. Бiз iздеген күйеу өз қолымызда екен, басқа жақтан iздеудiң қажетi жоқ, - деп қызын Мүбәрәкқа некелеп бердi. Кейiн өзi күйеу баласы мен қызына дұға еттi. Аллаһтағаладан ұл бала беруiн сұрап жүрдi. Бiрақ арада бiр апта өтсе де күйеу бала қызына жақындамайтын, аралары суық едi. Қызы әр күнi таң ертең көңiлсiз шығатын және кешке дейiн күйеуi жұмыстан келгенше қабағы ашылмайтын. Ата-анасының шыдамы таусылып, қызынан себебiн сұрайды. Қызы: » Күйеу балаңыз кешқұрын жұмыстан келгенде алдына тамақ қойып сөйлеспекшi боламын. Бiрақ ол кiсi асығып тамағын жейдi де, » намазымды оқып алайын « деп орнынан тұрып кетедi. Кейiн таң атқанша намаз оқиды. Таң атқаннан соң таң намазын оқып алып » мен жұмысқа кеттiм « деп шығып кетедi. Бiр аптадан берi мiне осылай « , - дедi. Қазы таңырқап, кешке күйеу баласын шақырып сұрады. Бiз қызымызды пәк, пәк немере көрсек, оны оқытып әлемге әйгiлi ғалым етсек деген мақсатымыз бар едi. Бiрақ пәк күйеу таптық дегенде қызымыздан бiр қателiк өттiме, сiз қызымызға ықылассыз екнсiз, - дедi. Сонда Мүбәрәк: » Менiң мақсатым да пәк қызға үйлену, Аллаһ пәк перзент берсе оны ғалым ету. Мен көңiлiмдегi қызға үйлендiм. Бiрақ осы күнге дейiн сiз қазылықтан тапқан табыстан жеп келдi. Сiз қазылардың ең әдiлi және адал қазы болсаңыз да бәрiбiр қазылықтан алатын жалықыңыз маңдай термен табылған несiбеге тең келмейдi. Сол үшiн мен өз табысыммен бағамын. Қырық күнде оның денесiнен күмәндi тағмның қалдықтары шығып кетедi. Одан кейiн мен әйелiммен бiрге болсам Аллаһ тағала қаласа пәк перзент туылады, мақсатымызға жетемiз « дедi. Мүбәрәктiң ниетi тазалығына және тақуалығына қазы разы болды. Уақты келiп Аллаһ тағала Мүбәрәкқа бiр ұл перзент бердi. Ниеттерiне қарай бұл перзент Абдуллаһ ибн Мүбәрәк Ал-Марзауини есiмiмен бүкiл әлемге әигiлi ислам ғалымы (хадис ғалымы ) болды.

Әрбiр ақылы бар адам отырғызған ағашын жемiстi болуын қалағаны сияқты өзiнiң ұрпағын да салауатты, ақыл өрiсi кең елiне танымал болуын қалайтыдығы сөзсiз. Бiзге осы мақсатқа жетуге кедергi болатын ең жаман нәрсе ол - адамды ақылы-есiнен айыратын нәрселер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері
Алкогольдің адам ағзасына асері
Ішімдіктің зияны
Кайқауыстың зиянды әдеттерге қарсы ой-пікірлері
Жүзім шарабы өндірісі
Этиль спиртінің ағзаға әсері
Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
Маскүнемдік – үлкен дерт
Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
Жамбыл облысындағы спирт өндірісінің пайдасы мен зияны туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz