Діннің мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
1. Діннің мәні
2. Негізгі бөлім
2.1 Діннің негіздері
2.2 Діннің қоғамдағы ролі мен әлеуметтік қызметтері
2.3 Ой еркіндігі мен атеизм тарихы
3. Қорытынды
Тарихи дін тану

Дін әлеуметтік құбылыс

Сонымен дін дегеніміз не? Ол қашан, неге пайда болды,
адам өмірінде ол қалай пайда болды? Оның тіпті пайда болмай қалуы мүмкін бе
еді? Адам дінсіз өмір сүре ала ма? Осы сияқты дінге байланысты көптеген
сауалдар ежелден-ақ адамдарды ойландырып, айтысталастар туғызды.Бұл
сұрақтарға әр түрлі тарихи дәуірдің ойшылдары әр қилы жауап береді.
Дін деген өзі латынның байланыстыру, қосу
деген етістігінен алынған. Аталмыш құбылыстың аты да діннің мазмұнына
сәйкес келеді, яғни дін адамдарды бір сенімге (конфессияға) біріктіреді.
Дін адамдарды өз сенімдерін көзге көрінбей өздерін құдаймен байланыстырып
тұрады деп сенеді.
Дін ілімі және оған жақын обьективті идеалистік
пайымдаулар діни феноменді мәңгілікпен, құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе
деген тезистер негізінде түсіндірді. Екеуі де дінді дүниедегі тылсым күштен
шығарады. Оны теология Құдай деп атаса, идеалистік философия трансцендттік,
абсолюттік ой деп атайды.
Олардың пікірінше киелімен кездесуге, адамдар
абсалюттен келіп қосылуға барынша ұмтылады. Сондықтан, діннің мәні мен
болмысы туралы мәселе Құдайдың мәні болмысына, ал діннің негізгі Құдайдың
негізіне айналады.
Дін ілімінің обьективті – идеалистік концепциясымен
қатар діннің субьективті - идеалистік концепциясы да бар. Бұл
концепцияның авторы американдық У.Джеймс (1842-1910) болып табылады. Оның
еңбектері көп тілдерге аударылған және күні бүгінге дейін Батыста кеңінен
танымал.
У.Джеймс дінді адамның субьективті ішкі күйзелістерінен
кенет туындайдтын жеке сананың қалыптасуы ретінде қарайды.
У.Джеймстің пікірлесі әрі ізбасары американдық психолог
Г.Оллпорт оның айтқан дінді субьективтік тұрғыдан түсіндіруді жалғастыра
отырып, адамның ішкі көңіл күйіндегі ерекшеліктерін абсалюттендіріп, тіпті
оны әр адамның өз діні бар дегенге дейін жеткізеді.
Тарихи дінтануда адам табиғатының ерекшеліктері
негізге алынып жасалған діннің антропологиылық концепциясы кеңінен танымал.
Оның анағұрлым көрнекті өкілі неміс матералист – философы Л.Фейербах (1804-
1872) болды. Ол дінді адам тұрмысының бейнесі ретінде түсіндірді. Ол адамды
құдай жаратқан жоқ, ал адам өзінің қалауы мен қажетіне қарай өз құдайын
жасап алды деп санады. Л.Фейерберх адам діни санада өзінен жеке қасиеттерін
бөліп шығарады деп сенген.
Дін тану – діндердің маңызы мен олардың пайда болуы, ой
еркіндігі мен атеизмнің пайда болу заңдылықтары, қызметтері мен дамуы
жөніндегі философиялық ғылым.
Дін тану нені зерттейді? Теориялық дін тануға діннің
философиялық, әлеуметтік, тарихи, психологиялық проблемалары кіреді. Ол
діндердегі жекелеген кездейсоқ нәрселерге көңіл аудармай, нақты ғылымдар:
археология, этнография, пси хология, социология арқылы дәйектей түседі.
Бүгінде отандық философияда, дін тану әдебиеттерінде
дінге және оған салиқалы баға беруге елеулі көңіл бөлініп келеді. Дегемен,
бұл проблемада әлі де қарама-қайшылықтар, асыра сілтеулер, мадақтау, дінді
бұра тарту және атеизм мен ой еркіндігін ғайбаттау баршылық. Бұл жағдай
тарихи қалыптасқан, бүгінде де өмір сүріп тұрған діннің маңызы, қоғам
тарихындағы ролі мен орны, рухани мәдениет жөніндегі дін идеологтарын, дін
ілімінің бұрынғы ойшылдары, әртүрлі философиялық мектептер өкілдерін,
маркстік атеизм жасаған қағидаларды бүгінгі өмір тұрғысынан философиялық
негізде қайта бағалау қажеттігін туғызып отыр.
Діннің ерекшелігін және оның пайда болу себебін
түсіндіруге Қытай, Үндістан, ежелгі Греция мен Римнің араб елдерінің
көптеген философтары талпыныс жасады.Ежелгі материалистер үшін басты мақсат
– адамдарда құдайларға сенудің пайда болуы, оған табыну себептерін анықтау
болды. Философ идеалистер мен теологтар үшін басты проблема – құдайдың
(құдайлардың) бар екендігіне және оның шындығына дәлелдер іздеу болды. Осы
негізде дін тарихы мен атеизмнің барлық кезеңдерінде олардың дін мен атеизм
проблемаларына қалай келгендігі анықтала түседі.
Бұрынғы материалистер дінді адамдар түсінігінің жемісі деп
қарағанда, олардың ойларының негізінде діни сенімінің пайда болуы
себептерінің, шарттарының мәселелері тұрды.
Көптеген философ – материалистер (Декарт, Эпикур,Спиноза,
Гольбах) билеуші таптардың мүддесіне орай дін феноменін үрейленуден туды
деп түсіндіргісі келді. Олардың үш өтірікші – Будда, Христос, Мұхамед жайлы
концепциясы соған дәлел. Бұл болжамды көптеген бұрынғы даңқты ойшыл –
атеистер Ж.Мелье, 17,18 ғасырлардағы француз ағартушылары Ж.Ламерти,
Д.Дидро, К.Гельвеций, Ж.Робине қуаттады. Білімсіздік – діншілдіктің
себебі деген концепция анағұрлым кең тарады. Оны атақты этнограф -
дінтанушы Э.Тейлор қолдады. Діннің пайда болуы жайында біршама басқа да
көзқарастар болды.
Аталмыш коцепцияларды байыппен зерттегенде, бәріне бірдей
қандай да бір ерекшеліктердің барын анықтауға болады. Ол ерекшелік бойынша
адамды құдай жасаған жоқ, қайта адам өз түсінігі бойынша құдайды жаратты.
Осы стихиялық – материалистік көзқарасқа қарсы дін маңызы
жөніндегі қағидалар идеалистер мен діни философтар арасында дами түсті. Бұл
позиция дінмен байланысты басқа да философиялық проблемаларда (діни сипатқа
ие болған қайырымдылық, жауыздық, бақыт, өмірдің мәні) өз таңбасын
қалдырды. Бақытты өмірдің мәні құдаймен мистикалық бірігу деп түсіндірілді,
адамның психологиялық өмірін түсіндіру - жанның мәңгілік өлмейтіндігі,
т.б. жөніндегі проблемаға айналды.
Мұның айқын дәлелі ретінде ағылшынның философы Ж.Хиктің
Батысқа танымал болған Діни философия атты кітабын атауға болады. Бұл
кітап АҚШ та, Бельгияда, Англия мен Францияда бірнеше рет қайта басылып
шыққан және колледждер мен университеттерде философиядан оқу құралы ретінде
кеңінен пайдаланылып келеді. Онда Философия деген не?, Философия мен
діннің өзара байланысы деген тараулар мен қатар Құдайды қалай танып
білуге болады? деген тараулар да бар. Авторлар Құдайдың ашылуын
философиялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан. Бұл жерде дін ұғымы Құдай
ұғымымен жиі балама жасалады.
Теориялық дін тану жоғарыда аталғандармен бірге діннің
маркстік концепциясы да зерттейді. Марксизм дінді әлеуметтік, соның ішінде
экономикалық, психологиялық, гносеологиялық себептерден өмірге келген
күрделі қоғамдық құбылыстардың тұтас жиынтығы деп қарастырады.
Марксизм дінді қоғамдық сананың бір түрі деп қарайды.
Теориялық дін танудағы күрделі проблемалардың қатарына мыналар кіреді:
Қоғамдағы діннің орны мен ролін, оның әлеуметтік
қызметтерін, діни қондырманың құрылымын зерттеу.
Эмпирикалық зерттеуді дін социологиясы мақсат етеді, ол
халықтың әр түрлі топтарындағы діннің жайы мен пайда болу түрлерін
зерттейді және осындай зерттеулердің әдістемесі мен әдісіне байланысты
мәселелер жиынтығын қамтиды. Сонымен бірге дін социологиясы жалпы
әлеуметтік деңгеймен шектелмейді, керісінше ол адамдардың деңгейінде де,
жекелеген адамдардың деңгейінде де зерттеледі.
Дінтанудың психологиялық проблемалары діндарлардың
психологиялық ерекшеліктерін, ішкі рухани дүниесін, діни түсініктің
ерекшеліктерін, діннің олардың сезімдеріне әсер етуін зерттеуді көздейді.
Жеке адамның діндарлығы діндарлардың психологиялық дем
беруші көрінеді, олар өздерін сол тұлғаға бас иіп, бүкіл психологиялық
қалпын өзгертеді. Өйткені, кез келген діни немесе діни емес көз қарастар
тұлғаға сырттай ғана қатынаста болмайды. Ол адамның өмір сүруін, мінез
құлқын анықтай отырып, бүкіл ішкі дүниесін қамтиды. Сондықтан, діндарлардың
санасындағы діни адамдардың орындары мен сезімдерін, олардың адамның мінез
құлқына, дағдысына өмірлік мақсаттарына, ықпалына ғылыми тұрғыдан зерттеу
де теориялық дінтанудың аса маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Олар
методологиялық жағынан ортақтығымен өзара тығыз байланысты, сондай – ақ
әркім өз позициялары, әдістері тұрғысынан зерттегенімен, олардың бәрінің
обьектісі біреу ғана – дін.
Тарихи дінтану тарих қойнауына кеткен ең ежелгі,
қарапайым, алғашқы қауымдық құрылыс діндерінен бастап, осы заманғы діндерге
дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
Діннің әлеуметтік мәні
Дін және мәдениет, қоғам
Теориялық дінтану
Дiн философиясы мен теологиясы
Діннің мәні, түрлері
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Пәндер