Ислам дініне жалпы түсінік
ЖОСПАР
Дін дегеніміз не ? 2
Ислам дініне жалпы түсінік 3
Негізгі бөлім 5
Иман негіздері 5
Ақыретке иман 6
Дін дегеніміз не ?
Адам баласы ақылымен, сезімімен бір жаратушы күштің (Алланың) бар екенін
білсе де, оның бұйырған нәрселері мен тыиым салған нәрселерінің не екенін
біле алмайды. Оны Алла тағала тек пайғамбарлар арқылы, солардың
дәнекерлігімен ғана білдірген. Адам баласына бұл дүниеде, ахиретте бақытқа
ие болудың жолдарын баян еткен. Осы Алланың әмірімен білдірілген атқарылуға
тиіс немесе тиім салынған іс-әрекеттерінің жиынтығы Дін деп аталады.
Сондай-ақ бүкіл пайғамбарлардың діні Ислам еді. Сол үшін де Ислам діні
тек бір қауымның немесе ұлттың діні емес, барша адам баласына ортақ ең
соңғы дін. Өйткені Ислам діні ақылдың, білімнің, тазалықтың, содай-ақ
бейбітшілік пен тәртіптің діні. Онда өмір сүрудің ең жақсы жолдары мен
қағидалары көрсетілген. Ислам діні адамдарды жығымды көркем мінезділікке,
абзал әдептілікке тәрбиелейді.
Ислам деген сөздің мағынасы: Алланың және оның пайғамбарының
бұйрықтарына сеніп, мойындау. Осылайша Аллаға, пайғамбарына шын сеніп мойын
ұсынғанды мұсылман дейді.
Ислам дініне жалпы түсінік
Адамзат тарихына көз салсақ, ықылым заманыннан бері дінсіз өмір
сүрмегенін байқаймыз. Адам жеке тұлға ретінде де, қоғамдық тұрғыдан да
дінге мұқтаж. өйткені дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында
бар. Туа біткен қасиет. Дін - оның мына қалтарыс-бұлтарысы мың сан қабат
ғұмырында арқа сүйер тірегі, сарқырап аққан өмір-өзеніндегі қайғының
діттеген мақсатына апарар ескегі мен жөн көрсетер темірқазығы.
Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз салайықшы! Неткен
ғажап жаратылған?! Қандай тіл жетпес жүйе құрылған?! Осы әлемде адамнан
басқа әрбір жаратылыс өз қызметін қалтықсыз атқарып, тыныс тіршілігін
жасауда. Алдын-ала келісіп қойғандай бірігіп, жұмыла кірісін, әлемнің тепе-
теңдігін сақтап, жағдай жасап, соған бағынуда. Ал адам баласы осынау жеті
қабат әлем өзіне бағынса да, бақытты емес. Ол ұзақ уақыт бойы ойланып, бұл
ғұмырға неге келгенің, қайда баратын таба алмауда. Мына әлемнің өзіне не
үшін бағынатынын, өзінің кім екенін ұға алмай жүр. Кейде ол өзінің
дүниедегі жалғыз ақыл иесі екенін аңғарса да, жақсы ғұмыр сүре алмай жүр.
Құс екеш құстың ұясы қарағанда жанды тамсандырса, адам баспанасын әзер
салуда.
Адам-әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқыметті де сол
санадан көрді. Өйткені санасы өзін қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ
жауап бере алмайтын. Әлемдегі әркімнің өз қызметі мен мақсаты бар. Бәрінің
мақсаты-адамға қызмет ету. Бірақ адам баласының мақсаты не болмақ? Әсіресе
оның жанын қатты қиынайтын өлім. Өлімді ойлай бастағанда жүрегінің терең
түкпіріндегі мәңгілік өмірге деген сезім, бейне бір жанар таудай атқылап,
тұла бойын өртейді. Ол саналы бола тұрып, көбінесе жақсы мен жаманды айыра
алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман, алжаман дегені жақсы болып шығуда.
Жанын ең қатты қинағаны, ақыл иесі бола тұра, қауқарсыз, әлжуаздығы. Кейде
жауыннан қашып, жапырақты тасалаған көгершінге көзі түсіп, бұл да ғұмырдың
зардабынан қашып, құдретті бір күшті паналап, бой жасырғысы келеді. Әлемнің
жалғыз Жаратушысы бар екендігін тапса да, оны тани алмауда.
Адам баласының хал-күйі осылай. Сондықтан ол шеше алмаған жұмбақтың
жауабын діннен ғана таба алады. Ол дін илаhи ( құдайлық ) болу керек. Яғни,
дін-өзі мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушыдан келуі лазым.
Өйткені адамның бақытты өмір сүру жолдары Ұлы Жаратушыға аян. Әркім өзінің
жасағанын жақсы білмек. Сол секілді адам да өзін-өзі жасамағаны белгілі.
Өзіне қызмет еткен табиғат-әлем де жасауы мүмкін емес .Ендеше оны
жаратылыстан тыс біреу жаратқан. Ұлы Жаратушы. Олай болса, адамға не керек
екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын және бойындағы шексіз сезімдер мен
қабілеттерді қалай пайдалану керектігін де бір Аллаh Тағала ғана біледі.
Өйткені Ол – Жаратушы. Аса қадірлі қонағына арнап жеті қабат сарай салып
шақырған Сол. Жер-жүзін үлкен дастарқан етіп, оны жүз мыңнан астам тәтті
тағамдармен толтырып, қоноғына дәм таттырған Сол. Жан-жануар мен құс
атаулына қызметші қылып, күнді шырақ, жерді бесік еткен Сол. Ендеше,
адамның нендей мақсатпен шақырылғанын, діттеген мұраты мен мәңгілік бақытын
білетін де Сол. Сондықтан Ұлы Жаратушы өзінің қәдірлі қонағын жауапсыз
тастауы әсте мүмкін емес. Ол сол хабарын елшісі арқылы білдірмек. Міне, сол
елшісі әкелген хабарды біз дін дейміз.
Адам баласы қашан да дінге мұқтаж. Осы илаhи хабардан қалып қойған әр
бір адам жаратылысындағы қажетілікті өзге жасанды діни-сенімдермен
толтырады. Дінсіз бұл күнге дейін қоғам, яки жек тұлға кездескен жоқ. Ұлы
Жаратушыға сенбеген адам, әйтеуір бір нәрсені өзіне медет тұтады. Ол ағаш,
тас, ай, күн тіпті өзінің нәпсісі болуы мүмкін. Бірақ ақиқат бір-ақ нәрсе.
Ол-Ұлы Жаратушыға бас имеген жанның сансыз пұттарға бас июі. Атеистік те
жалған жалған дін. Құдайсыздар алдымен аталмыш идеяны жасағандарға, содан
кейін нәпсісіне табынады. Ібіліс те әуелде Ұлы Жаратушыға мойын ұсынған
еді. Кейіннен Хазіреті Адамға сәжде ету әміріне қарсы шығып, өз нәпсісінің
дегеніне мойын ұсынып, содан бері өз нәпсісіне табынумен келеді.
Адам баласы Ұлы Жаратушыға мойын ұсынғанда ғана пұт атаулыдан ада
болып азаттыққа жетеді. Иман еткен адамның бодандықтан құтылып, бостандыққа
жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені Аллаh Тағала имандының Ұлы Досы.
Әлемнің Ұлы Иесіне дос болған кімнен қорықсын. Жүрегіндегі бұрынғы
қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсіз
ғой.
Дінге адам әрқашан мұқтаж. Адамда жан мен тән бар. Тәнге не қажеттігі
анық. Ал рухқа не қажет? Оның азығы не ? рухани байлыққа кенелмеген кісі
төрт түлігі сай келсе де, бақытты бола алмайды. Алайда рух-әлем шұғылаға
оранған сана иесінің шаңырағынан су өтсе де, табанынан сыз өтпейді.
Пенденің рухани байлығы-Ұлы Жаратушығаиман ету. Рухы сонда ғана жәй тауып,
арнасымен ағады. Иман-Аллаh Тағалаға ғибадат. Рух ғибадатқа кіріптар. Ол
оның дара азығы.
Әрі рухтың бұл дүниемен шектелгісі келмейтін шексіз қалауы бар. Мәңгі
бақи бақытта ғұмыр кешкісі келеді. Шексіздікті қалайды. Аллаh Тағала мен
ақыретке иман ету мен ғана көңілі жұбаныш табады.
Адам өмірі - күрес. Ол мұнда өмірдің жал-жал толқындарын бұзып-жарып,
өзінің кім екендігін көрсету үшін келген. Бірақ ол кейде көксеген мұратына
жету жолында қатты шаршап-шалдығып, алдағы үміт отын сөндіру қауіпіне
ұшырап, өзінің қауқарс ыздығын аңғартады. Алдынан қамалап тосқауылдар
шықанда қашанда көмек көрсететін Ұлы Жаратушыға құл болып, көкірегін
дауылға тосып, Ұлы Иесінің мұны бір сәтте тастамайтына бек сенеді. Ол өзі
көтере алатын ауыр сын арқылы жақын достығын анықтап жатқанын біледі.
Адамның сыналатынын Ұлы Жаратушысы елшісі арқылы білдірілген. Адамзаттың
өмірге келген мақсаты екі нәрседен тұрады:
Аллаh Тағалаға иман етіп, берген мол берекесіне шүкірлік етіп, алғыс айту.
Сосын Аллаh Тағала қаситті хадисте былай дейді:
Мен бір құпия қазына едім. Танысын деп әлемді жаратым. Әлем - Оның
сипаттарының айнасы. Ал адам - дара айна. Сондықтан адамның мақсаты-Аллаh
Тағаланың күллі сипаттарын танып, оны әлемге паш ету. Бұл екеуі ғибадатты
құрайды.
Адамзат Аллаh Тағалаға ғибадат неліктен жасайды?
Біріншіден, Ұлы Аллаh ғибадат ет деп әмір еткені үшін. Екішіден, Оның
ризалығын алу. Үшіншіден, жоғарыда айтылғандай, адам рухының азығы –Аллаh
Тағалаға ғибадат ету. Әрине, Аллаh ғибадатқа мұқтаж емес. Керісінше біз
мұқтажбыз. Оған құлшылық еткенде ғана адамның жан-сарайы жай тауып, рухы
көгілдір көктемге айналады.
Адам дінсіз өмір сүре алмайды. Сол діннің қайнар көзі - илаhи болуы
лазым. Шынайы дін ғана адамды нұрға бөлейді. Жалған дін жүректі
қараңғылықтың қара шәлісімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz