Жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқу мен қазiргi кездегi социология


Мазмұны
КIРIСПЕ3
1-БӨЛIМ. Жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқу мен қазiргi кездегi социология. 6
1. 1 Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуiнiң негiзгi заңдылықтары мен жалпы мiнездемелерi. 6
1. 2 Жастардың девианттық мiнез-құлық даму классификациясы, тенденденцияры мен түсініктер. 14
1. 3. Жастардың ауытқитын мiнез-құлықтарына социологиялық зерттеу жүргiзудiң теоретикалық және әдiстемелiк негiздерi. 27
2-Бөлiм. Жастардың ауытқитын мiнез-құлық стереотиптерiнiң әлеуметтiк-психологиялық ерекшелiктерi мен себептерi. 32
2. 1. Жастардың ауытқитын мiнез-құлық стереотиптерiнiң әлеуметтiк-психологиялық ерекшелiктерi. 32
2. 2. Жастардың заңға қайшы мiнез-құлыққа құқықтық компетенттiлiгi және потенциалдық дайындығы. 46
2. 3 Жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстар- Қазақстандағы жастардың ауытқитын мiнез-құлықтарының негiзгi аспектiлерiнiң бiрi ретiнде. 51
3-Бөлiм. Алматы қаласындағы студенттiк жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқудың әлеуметтiк детерминанттары. 58
Қорытынды64
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. 66
Қосымша материалдар68
КIРIСПЕ
Жастардың ауытқитын мiнез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердiң маңызы қазiргi кезде өте зор, себебi, бiр жағынан алғанда қоғамдық тәртiптi бұзушылардың iшiнен жас ұрпақтардың, әсiрiсе бiздiң қазiргi кездегi студенттерiмiздiң үлесi мол, ол халықтаң басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екiншi жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттiлiктердiң, қызығушылықтардың, мотивтердiң, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтедi. Осыдан барып жастардың девианттық мiнез-құлықты бастан кешiруi жастардың ортасындағы негативтi құбылыстардың болуымен байланысты болып келедi.
Қазiргi кездегi жастар үшiн ең маңызды мәселе ретiнде бiрнеше кедергiлер, қиындықтармен ұшырасып отырады, олар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесiндегi бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуiр толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестiк жағдайлары, профессионалдық бiлiмдер мен тәжiрбиенiң жетiспеуi, осының салдарынан еңбек нарығындағы өз тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық мiнез-құлықтың өсуi мен жұмыссыздық мәселесiнiң белең алуы таң қалдырарлық жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы мен қатар, өз орындарын таба алмай жас тұлға iшiмдiкке, нашақорлыққа әуестене бастайды, өздерiн қоғамдық ағымға қарсы қоюмен жол табуға үйiр бола бастайды. Бұндай құбылыстар жастар арасында массалық көлемдi алып келедi, яғни бұл құбылыстар қоғамда моральдық-психологиялық жағдай өз әсерiн тигiзедi. Бiрақта әлеуметтiк шындық жастардың қылмыстық әлемге бой алдыруға жол бермейтiн механизмдердi әлi ойлап таба қойған жоқ.
Девианттық мiнез-құлықтың әлеуметтiк алғышарттарының барлығының себептерi, ол Қазақстан Республикасындағы өндiрiстiк қатынастағы адамдардың теңдiгi мен материалдық жағдайларындағы теңсiздiгi арасндағы қарама қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономиканың әлсiз дамуы объективтiлiгi мен тұтыну заттарындағы теңсiздiк мәселесi жастардың өзiндік материалдық жағдайларымен қанағатсыздық танытуының бiр ден-бiр себептерi, және қоғамнан алатын жақсылықтары өздерiнiң қажеттiлiктерiн әртүрлi жолдармен қанағаттандыруға белсендi ете түседi.
Әсiресе қазiргi кезде жастардың үлкен-үлкен қалаларда, ауылдық жерлерде тұратын басым көпшiлiгi үшiн кейiнгi кезде рухани қажеттiлiктердi қанағаттандыру мәселесiнiң әлеуметтiк әдiлдiгiнiң жоқтығы жанға бататын жағдай. Көптеген қалаларда немесе ауылдарда тiптi кинотеатрлар және мәдениет үйлерi жоқ. Сонымен қатар олардың тұрғындарының негiзiгi бөлiгiн жастар құрайды. Әрине бұндай аймақтарда девианттық мiнез құлықтың деңгейi республикамен салыстырғанда өте жоғары болып саналады.
Бiрнеше әлеуметтiк мәселелердi бiз кейiнге қалдырамыз, оларды “қалдықты үйлесiм” дейдi, яғни ондай мәселелердi бiз күн тәртiбiнде бiрiншi орынға қоймағандығынан олар әсiресе бiздiң жастарымыздың өмiрiнен көрiнiс табатын жағдайлар болғандықтан, және жас қыздар мен жiгiттердiң санасынан орын тебетiндiктен жастар арасындағы әлеуметтiк әдiлдiк мәселесiнiң шиеленiсуiне алып келдi.
Девианттық мiнез-құлықтың дамуына арнайы бiр қоғамдағы әлеуметтiк шындықтың бұзылуы, негiзгi демократиялық принциптердiң бұзылуы, экономикалық реформаларды жүргiзгенде кеткен қателер нәтижесiнде осы жастар арасындағы қиындықтардың пайда болуына алып келедi.
Жоғарыда айтылған мәселелердiң барлығы социологиялық зерттеудiң актуалдылығының негiзiн ашуға көмектеседi, оның мақсаты жастар арасындағы девианттық мiнез-құлық социологиясының теориялық және эксперименталдық аспектiлерiнде қарастырылуы болып табылады.
Осы мақсаттарға сәйкес келесi тапсырмаларды алдына қойған:
- девианттық мiнез-құлықты анықтаудың әдiстемелiк және теориялық үйлесiмдерiн қарастыру және айқындау;
- девианттық мiнез құлықтың негiзi мен маңызын әлеуметтiк құбылыс ретiнде ашу;
- девианттық мiнез-құлықты зерттеген қазақстандық және ресей социологтарының еңбектерiн негiзге ала отырып, жастардың девианттық мiнез-құлықтарының әлеуметтiк детерминанттарына салыстырмалы талдау жасау және зерттеу жүргiзу.
- өзiндiк жүргiзген зерттеу мен Д. К. Қазымбетованың (Қазақстан, 1997-1998 жж) жасаған зерттеулерiне сүйене отырып жастардың ауытқитын мiнез-құлықтарының әлеуметтiк детерминанттарына салыстырмалы талдау жасау.
Зерттеу объектiсi -Жастардың әлеуметтiк нормалардан ауытқу феноменi.
Зерттеудiң пәнi ретiнде Қазақстандағы девианттық мiнез-құлықтың түрлерi болып табылады.
Жұмыстың теориялық негiзi ретiнде Э. Дюркгеймнiң (әлеуметтiк дезорганизация теориясы), Р. Мертонның (аномия теориясы), М. Вебердiң (әлеуметтiк iс-әрекет теориясы) еңбектерi қарастырылды. Жұмыстың теориялық көздерi ретiнде Я. И. Гилинскиидiң, А. Коэннiң, В. Н. Кудрявцевтiң, Н. Смэлзердiң, П. Сорокиннiң, Д. Пискаревтiң және т. б. идеялары; сол сияқты Қазақстандық оқымыстылардың еңбектерi - Жаманбалаева Ш. Е., Д. К. Қазымбетованың идеялары қолданылды.
Жұмыстың құрылысы жағынан: кiрiспе, үш бөлiмнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тiзiмi, және өзiндiк жүргiзген зерттеу қорытындыларынан тұрады.
1-БӨЛIМ. Жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқу мен қазiргi кездегi социология.
1. 1 Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуiнiң негiзгi заңдылықтары мен жалпы мiнездемелерi.
Тұлға социологиясында жастар мәселесi ерекше орын алады, әсiресе олардың тәрбиесi, бiлiмi, әртүрлi жағдайлардағы, оқиғалардағы өзiндiк ұйғарымдары. Бiзге көбiнесе жастардың iшкi әлемiндегi жалпы адамзаттық бағалылықтардың, адамзат тарихынан қалыптасып келе жатқан дәстүрлiк мiндеттердiң, олардың iшкi жан дүниелерiнде қаншалықты орын алатыны бiз үшiн көңiл алаңдатар мәселе. Сонымен қатар олар қоғамымыздағы адамдардың басым көпшiлiгiн алады және жағымды, әлеуметтiк, саяси, экономикалық маңызды тапсырмаларды шешкенде арнайы ролдi атқаратынын ескеруiмiз қажет.
Жастар - тек қана жастық принциптерге сүйенетiн категория емес, соншалықты әлеуметтiк және тарихи түсiнiк. Әртүрлi уақытта, әртүрлi қоғамда осы жастар түсiнiгiне әртүрлi жастағы адамдар категориясы түсiп отырған. Сонымен қатар жақындағы өткен заманда осы категорияға сәйкес салыстырмалы жағынан осы категорияға өте тар аумақтағы жастық адамдар қабаты жатқан, олар әлеуметтiк үлкендiктiң алдындағы тұрған үлкендер қатарына кiретiн отбасын құратын адамдар тобын айтқан.
Қазiргi шындық кезеңiнде балалар көбiрек оқуға тырысады, және ата анасының қол астында ұзақ жылдар бойы өмiр сүрiп келедi, тiптi олар отбасын құрған жағдайда да ата анасының қол астында жүретiндерi де аз емес. Сол сияқты балалық шақтан жастық кезеңге өтетiн кезең бiзде өткен дәуiрге қарағанда ұзағырақ. Сонымен қатар балалық пен үлкендiктiң арасындағы үйлесiмдiлiк жасөспiрiмдерге үлкендердiң роллдерiн меңгеруге деген қиындықтар туғызады, көптеген iшкi және сыртқы конфликтерды тудырады. Осындай жастық өтпелi кезеңнiң түрлерi қоғамның арнайы жастар категориясы мен үлкендерге деген талаптарынан, нормаларының арасындағы айырмашылықтарына байланысты.
Жастар - бұл жастық нормаларына тән ерекшелiктерiн игерген, мiнез- құлықтың бағалылықтары мен стереотиптерiн меңгерген әлеуметтiк топ. Бiрақта отандық социологиялық зерттеулерде көптеген ұзақ жылдар бойы арнайы әлеуметтiк топ ретiнде бөлiнiп қарастырылған жоқ. БҰҰ-ның анықтауынша жастар деп 15 пен 24 жас аралығындағы адамдардың категориясын ажыратады. Осы статустың анықтау критериi ретiнде бiздiң елiмiзде хронологиялық жас ерекшелiктерi арқылы жалпы жастық категориядан бөлiп қарастырады, олар 15 жастан 29 жасқа дейiн деген үйғарымдар жасалады.
Бiздiң көзқарасымызша бұл критерии қандай да бiр деңгейде формальдық деңгейге сәйкес келедi деп есептеуге болады. Статустың бұдан да басқа параметрлерi бойынша уақыттың вертикалдық (тiгiнен) деңгейiмен емес горизонталдық (көлденеңiнен) деңгейiмен өлшенедi екен: ол отбасылық, этномәдениеттiк, бiлiм берушiлiк, интеллектуалдық, генетикалық өзгешелiктерiне сәйкес. Осы атап айтылған көрсеткiштердiң барлығы уақыт параметрiмен сәйкестелiп қандай да бiр статустың деңгейiн анықтауға көмектеседi, яғни ол жастық немесе әлеуметтiк топқа жатқызатын мiнездемелер болып табылады. Отандық дәстүрде жас өспiрiмдер деп 13 пен 17 жас аралықтарындағы жас адамдардың тобын айту қалыптасқан екен, ал шет елдерде 13 пен 19 жас аралығындағы жастық категорияға сәйес келетiн адамдардың тобын жатқызған. Егерде бiз жастар деп 15 жастан бастап 29 жас аралықтарындағы жас адамдар тобын айтатын болсақ онда 15 жас және 17 мен 19 жас аралықтарында адамды жас өспiрiмдер қатарына қосуға болады, және жастар деп санауға болады.
Жасөспiрiмдер жасына қатысты қолданатын - олар өмiрлiк бағалылықтардың, өмiрлiк позициялардың, өмiрлiк жоспарлардың активтi құрылу кезеңiн айтамыз. Сол сияқты осыған негiзделген осы кезеңге анығырақ мiнездеме беретiн үш негiзгi сапаларды ашып айтуға болады.
Олардың бiрiншiсi (жасөспiрiмдердiң жасы - 12 және 13 жас) - қоғамдық сананың әртүрлi аймақтарындағы жинақталған әлеуметтiк категориялар мен танымдардың игеруiндегi өте активтi кезең. Осы әлеуметтiк “бағалылықтар” жасөспiрiм үшiн көңiл аударарлық мiнезде болады, немесе ол өзiндiк тәжiрбиемен әлi де болса қалыптаса қоймаған, яғни осыған сәйкес келетiн базаның жоқтығы. Осы өмiрдiң даму кезеңiнде (әлеуметтену) индивид басқа адамның, яғни “бөтен” адамның жасаған сценариi бойынша, оның ұжымдылық бағыттылығы мен нақты өмiрдегi мiнез-құлық iс-әрекеттерiнiң құрылуына алғышарттар жасайды.
Келесi кезең (шамалағанда 13 пен 15 жас аралығы) тұла негiздерiн құрайтын активтi индивидуалдық жетiстiктермен байланысты, үлкендердiң әлемiндегi өз өздерiн тұрақтандыратын қасиеттер мен олардың өмiрдегi iс-әрекеттерi мен өмiр “жағдайларын” меңгерумен сипатталады. Осы кезеңде жасөспiрiмнiң әлеуметтену процессiнде тұлғаның индивидуалды дамуы мен типтену тенденциясы (осы немес басқа да пропорцияда) қалыптасады. Мiнез құлықтың ұжымдылық стереотиптерi жасөспiрiмнiң одан арғарай шағын топтардың құрамына енуге бейiмдену сезiмiн оятумен сипатталады (өз жастағы балалар сияқты болуы) . Бұл деңгейде бiз әлеуметтенудi индвидуалынған формасы мен индивидуалынған стандарттанған формасымен соқтығысатындығына көзiмiз жетедi.
Жасөспiрiмдiк әлеуметтену процессiнiң үшiншi сатысы ретiнде (16-17-18 жас аралығын айтамыз) әлеуметтiк психологтар тұлғаның индивидуалды даму процессiмен қатысты деген ұйғарымдар айтады. Бiз бiлетiнiмiздей “осы саты басталғаннан бастап өте күштi тұлғалық қам жеуiнен, қайран қалуынан, немесе соққыға әкелетiн уақиғалардың” болуымен қатар жүретiндiгi бiз үшiн аз мәндегi сипаттамалар емес1.
Осы үлкен жасөспiрiмдiк кезеңде жас қыздар мен жiгiттер ереже бойынша өздерiнiң практикалық iс-әрекеттерiмен шұғылдана бастайды. Мектеп жасындағы жоғарғы сынып оқушыларының болған құбылыстарға себеп салдарықн түсiнiктемелерiне қызығушылықтары пайда болады, талқылауларға аргументтер жасау мүмкiндiктерi дами бастайды, жекелеген жағдайлардың шындығы мен жалғандығын дәлелдеуге тырысады, критикалық ойлау жүйелерi дами бастайды. Кейбiр жастардың ойлау қабiлетiнде критикалылық сезiмi басым болып келедi де ойлау қабiлетiнiң критикалылығы гипертрофикалық белгiлердi өзiне игерiп алады: олар шындықтың екi жағының да қарама қарсы жақтарын анықтап отырады, яғни ол идеалға сәйкес келетiн өмiрдiң дұрыс жақтары ма әлде, қарама қарсы жағы ма осыны анықтап отырады.
Ауытқитын әлеуметтену процессiнiң тереңдiгi мен көлемдiлiгiн анықтау өте күрделi процесс болып табылады. Сонымен қатар көптеген жеткiлiктi әлеуметтену процессiнiң параметрлерiн анықтауға болады, осы процеске адекватты нақты жағдайына баға бере алады.
Осыған сәйкес А. И. Ковалева ауытқитын әлеуметтену процессiнiң үш деңгейiн анықтайды: нақты индивидтiң әлеуметтену процессiндегi ауытқуы; арнайы топтардың ауытқитын әлеуметтенуi, мұнда топ мүшелерi үшiн әлеуметтену процессiндегi ауытқу үйреншiктi әдет болатындығы; қоғамдағы әлеуметтенушiлi норма емес, яғни кризиспен тұрақтанған, оның кең ауқымды аномиясы, қоғамның әлеуметтiк құндылықтарымен сәйкес келмеуi мен олардың жеңіске жету жолдарының әлеуметпен қолданатындығы, әлеуметтену институттарының деформациялануы. Ауытқитын әлеуметтену процессiнiң критериилерiн әртүрлi негiздерге сүйенiп мәнiсiн ашуға болады, оған талдау жасай отырып - әлеуметтiк (қоғамның жағдайы, әлеуметтену институттары, стихиялық әсер етулердiң мiнездемесі және т. б. ), типтiк тұлғалық және топтық (девианттық мiнез-құлық, әлеуметтенудiң кризисi, әлеуметтiк жиынтықтың кризисi және т. б. ) 2.
Ауытқитын әлеуметтену процессiнiң бiр формасы ретiнде жеделдетiлген әлеуметтенудi айтамыз. Ол жастардың алдын ала әлеуметтiк роллдердi қабылдауы мен мәжбүрлiкпен жасалған үйретулердiң әдiстерi кiредi. Бұл жас өспiрiмдер мен жастардың еңбек салаларына ерте жастан бастап үйрету, сол сияқты ерте тұрмыс құру, отбасын құру, сексуалдық қызығушылықтардың ерте оянуы, ертерек балалы болуы, сол сияқты әлеуметтiк деформациялардың түрлерi.
Бұл жағдайда әлеуметтенудiң нормаға жатпайтын формаларының әртүрлiлiгiнiң iшiндегi қинаушылық әлеуметтену процессi деп айтуға болады. Қинаушылық әлеуметтену процессi деп жасөспiрiммен үлкен адамның, немесе үлкен жастағы индивидтiң әлеуметтiк рольдерiн алдын ала меңгеру мен әлеуметтену процессiнiң нормаларына сәйкес келмейдi. Сонымен қатар бұл индивидуалдылық немесе топтық мiнез құлықтағы елiктеудiң суррогаттық моделi ретнде көзге түседi, олар мәжбүрлiк пен iс-әрекеттер жасайды, төменгi деңгейдегi мәдени құндылықтарды талғамсыз меңгередi.
“Қинаушылық әлеуметтену” процессiнiң түсiнiгi кез келген әлеуметтену процессiнiң мiнездемесiне регламенттенген процесс ретiнде сәйкес келуi мүмкiн емес, себебi, әрбiр адам өзiне тиістi уақытында сол кезеңге байланысты арнайы әлеуметтену процесiнен өтуi керек. Ал әлеуметтену процессi регламентация процессiнсiз жүруi мүмкiн емес. Бiрақ кез келген регламентацияның өзi қинаушылық болып саналады. Бiрақта кез келген бақылау адам еркiндiгiн шектеуге хақылы емес. Еркiндiк керiсiнше мағынасында - деформацияланған қоғам мен оның институттарының өнiмi болып табылу деп айтылады, тұлға дамуының табиғи емес жағдайлары, және оның қоғам өмiрiне заңсыз енуiнiң қинаушылық элеменнтерi.
Қинаушылық әлеуметтену процессi тұлғаның қоғамдығы қалыптасу процессiндегi қойылған принциптерден алшақтауы (тастанды, бағусыз, қараусыз қалған балалар немесе қаңғыбастар, көшекезерлер және т. б. ) немесе әлеуметтену институттарының әсерлерiнiң жартылай жоғалтулары, әлеуметтенудiң стихиялы, кездейсоқтық каналдары жоғарыға шыққан кезде.
Кризистi қоғамда әлеуметтену процессiн ұстап қалу көлемi кеңейедi, бұл жағдайда әлеумет қазiргi кездегi индивидтердiң толыққанды өмiрге араласуы мен индивидтердiң қоғамдық өмiрге араласу үшiн қажеттi жағдай жасай алмаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайларға көбiне қазiргi кездегi жастар арасындағы жастардың бiлiм алуға, мамандық алуға деген, жұмысқа орналасушылық, мәдени, спорттық, сауықтыру бағдарламаларының жетiспеушiлiгi мен әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң төмендеуi, елiмiздегi өмiр деңгейiнiң төмендеуi, криминогендiк жағдайдың белең алуы, осының барлығы жастардың осы өмiрдегi әлеуметтiк құндылықтар мен сенiмдерiнң жоғалтуына алып келедi. Осы аталған құбылыстар жеделдетiлген немесе артта қалған әлеуметтену процессiнiң пайда болуына алып келедi, ол жастар үшiн әлеуметтiк рольдердi меңгерудi себепсiз артқа шегере бередi, оның тұрақтылығының шектерi тарылады, инфантильдiлiк жағдайы басым бола бастайды.
Себебi кез келген әлеуметтiк өзгерiстердiң айқын көрiнiсi әлеуметтiк ауытқу болып табылады, онда жасөспiрiмдер ортасы үшiн әлеуметтiк ауытқитын iс-әрекеттер әлеуметтiк топтың атрибуты ретiнде қалыптаспай тұра алмайды, сол сияқты олардың қалтқысыз iс-әрекеттерiнiң айырылмайтын формасы ретiнде көрiнедi. Басқаша айтқанда жасөспiрiмдермен әлеуметтiк iс-әрекеттердiң формаларының, бағалылықтарының, нормаларының түрлерiн игеру процессi жазылған әлеуметтiк нормалармен сәйкес келмеуi мүмкiн, себебi бұл процесстердi жас өспiрiмдер ендi ендi ғана игеруде. Осының барлығын игеру арнайы уақыт өлшемi мен осы уақыттағы нормативтi-қалыптасқан iс-әректтердiң формасын меңгеруге қажет етедi. Яғни, осыған сәйкес девианттық мiнез құлық басқа да жас аралықтардағы адамдар тобына қарағандағы жиi кездесетiндiгiмен ерекшеленедi. Осындай мiнез құлықтарды жас өспiрiмдер арасында қалыптастыратын себептердiң iшiнен бiрнешеуiн ерекше бөлiп қарастыруға болады, олар жаңадан дамып келе жатқан жас ағзаның физиологиялық ерекшелiктерi мен әлеуметтiк жетiлмегендiк, олар өз кезегiнде жаңа нәрселердi көруге, ерекше қызығушылық, сол жасалған iс-әрекеттердiң нәтижелерiне деген жауапкершiлiктiң, болжамның жоқтығы, олар қажет болғандықтан сезiмдiк факторлардың басым болып кеткендiгiнен ойлануға, немесе салдарының қандай болатындығына өз өзiне есеп беруге қабiлетiнiң жетпегнедiгiмен сипатталады.
Девианттық мiнез-құлықтың диагностикалық маңызды көрсеткiштерiне3 келесiлердi жатқызады:
- жағымды бағыттағы өмiрлiк жоспарлар мен профессионалдық алғышарттардың болмауы;
- оқу процессiне деген санасыздық пен тәртiптiң жоқтығы;
- пайдалы қызығушылықтардың тереңдiгiнiң және жанжақтылығының жетiспеушiлiгi;
- педагогикалық әсер етулерге сыйламаушылық қарым қатынастың болуы;
- қоршаған адамдардың iс-әрекеттерiн құқық пен моральдық талаптарға сай критикалық тұрғыдан баға бере алмау;
- өзiндiк критиканың болмауы, өзiндiк анализ жасауға деген қасиеттердiң болмауы;
- қоршаған ортаға деген назар аудармаушылық, эмпатияға деген талаптың болмауы;
- жаман әсерлерге бейiмдiлiгi, қиындықтар алдындағы тұрақсыздығы;
- мiнез-құлықтың сыртқы мәдениетiнiң жоқтығы (киiм киуде, сөйлеу мәнерiнде) ;
- жаман әдеттер мен қызығушылықтардың болуы (алкоголь, нашақорлық, никотин, бейберекет балағаттауы және т. б. )
Ш. Е. Жаманбалаеваның пікірі бойынша4, қазiргi кездегi балалар мен жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуiнiң негiзгi ерекшелiктерi ретiнде ең алдымен келесi ерекшелiктердi ескеру керек дейдi:
- Әлеуметтенудiң негiзгi институттарының трансформациясы, ол қоғамдық қатынастар ретiндегi әлеуметтiктiң өзiнiң бұрынғы типтерiнiң өзгеруi жатады. Олар ең алдымен отбасы, бiлiм беру жүйесi, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация, қоғамдық ұйымдар сияқты әлеуметтенудiң негiзгi институттарының трансформациясы болып табылады.
- Әлеуметтiк реттеу механизмiнiң бағалылық-нормативтiк деформациясы. Советтiк қоғам кезiндегi құрылған әлеуметтiк нормалар өзiнiң норма-ережелер ретiнде құндылықтарын жартылай жойғандығы қалтқысыз дәлел ретiнде алуға болады. Сол сияқты институттанбаған нормалар мен күтетiн - нормаларға да өзгерiстерге ұшыраған (салт, әдеттер, қоғамдық нрав) . Универаслды нормалардың сәйкес келуi өзгерген, оларды қоғамның барлық мүшелерiне жекелеген топтардың өмiрлiк iс-әрекеттерiн реттейтiн арнайы нормаларды ескермегендігiнен сәйкестiктер өзгерген. Адамның қоғамдағы мiнез құлықтарының вариабельдiлiгi мен альтернативтiк нормаларының мүмкiндiктерi кеңейдi.
- Советтiк бейнедегi әлеуметтiк бақылау жүйесiнiң құлауы, әлеуметтiк санкциялар жүйесiнiң жағымды (марапаттар, сыйлықтар), сол сияқты жағымсыз, қинаудың қатаң шараларын қолданудың әсерiн санамағандағы. Әлеуметтiк бақылаудың жүйесi мен әлеуметтiк санкциялар ендi ғана жасалып келедi.
- Әлеуметтенудiң ұйымдасқан немесе стихиялық каналдары стихиялықтың пайдасы мен стихиялықтың ұйымдасқан каналдарына енуi. Олар мектептен тыс жұмыстардың, сауықтыру жүйесiнiң, балалар мен жастардың еңбек пен демалыс жүйелерiнiң бұзылуы. Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияның ұйымдасқан каналынан идеологияланған каналға айналуы әлеуметтенудiң стихиялық факторлары, және т. б. осының барлығы тұлғаға өздерiнiң керi әсерлерiн тигiзедi.
- Әлеуметтену процессiндегi қоғамдық және жеке қызығушылықтардың тұлғаның құрылуындағы автономдылықтың кеңеюiне, өзiндiк iс-әрекетке деген кеңiстiктiң ұлғаюы мен адамның творчествосы мен инициативасына деген үйлесiмнiң өзгеруiне әкелiп соғады.
Осыған байланысты мынадай сұрақ туады: “Реформа кезеңiндегi жастар әлеуметтенуiнiң қарама қайшылықтары қандай?”
Жаманбалаеваның пiкiрiнше жастардың тәрбиесi мен әлеуметтену аймағының арасындағы қарама қайшылық - бұл объективтi түрдегi күрделенiп келе жатқан қоғамдық қатынастар мен, өсiп келе жатқан талаптар жүйесi, өсiп келе жатқан ұрпаққа деген қоғамның талаптарының ұлғаюы мен жеткiлiксiз деңгейдегi әлеуметтiк-экономикалық, идеологиялық, саяси-тәрбиелiк әсер етулердiң құралдарының адамдарға әсеренен туындайды. Тұлғаның дамуының өзi қарама қайшы жағдайда жүзеге асып келедi, және осыған оқымыстылардың өздерi әртүрлi келiсiмдер жасауда. Мысалы, А. Г. Ковалев мынадай iшкi қарама қайшылықтарды айқындап бередi, олар тұлға ерекшелiетерi мен жекелеген жақтардың теңсiздiкпен дамуындағы арасындағы өзгешелiктер; қызығушылық пен оны жүзегеасырудың арасындағы қарама қайшылықтар; табиғи мәлiметтердiң тұлғаның өзiндiк ерекшелiктерi мен сәйкес келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болады5.
Ал Б. Т. Лихачев мынандай қарама қайшылықтарды бөлiп қарастырады: “азамат болуға деген объективтi қажеттiлiк пен мiндет сезiмiнiң дамуы, жауапкершiлiк сезiмiнiң дамуы, қоғамдық активтiлiк, мақсатбағыттылық және осындай өмiрлiк тәжiрбиенiң жоқтығынан субъективтi қиыншылықтардың, ерiкiтлiк қысымы мен саналылықтың дамуы арасындағы қарама қайшылықтар деп айтады”6.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz