Ғылым социологиясының мәні мен рөлі
ҒЫЛЫМ ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІР СИСТЕМАСЫНДА
1. Ғылым социологиясының мәні мен рөлі.
2. Ғылым — айрықша әлеуметтік құбылыс.
3. Ғылымның әлеуметтік қызметтері.
І. Ғылым — адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің
жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және
олардың даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым — жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп
отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік
түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса
маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет
бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық
байлығын білдіреді.
Ғылым социологиясы — социология саласы, сондай-ақ ғылым философиясын,
ғылымның методологиясы мен логикасын, ғылыми шығармашылықтың психологиясын,
ғылымның тарихы мен экономикасын енгізетін ғылымдарды танытатын пәндердің
аса маңызды компоненті (құрамдас белігі).
Өз зерттеулерінде ол факті жинау мен талдаудың социологиялық
методтарын қолданады.
Ғылым социологиясы ғылым мен қоғамның, ғылым мен басқа да аялардын:
өндірістің, білімнің, саясаттың, басқарудың т.т. өзара әрекетін, ғылымның
әлеуметтік институт ретіндегі қызмет ету, даму заңдылықтарын, ғалымдар мен
ғылыми ұжымдардың әлеуметтік топ ретіндегі қатынастарын, олардың басқа
еңбек ұжымдарымен өзара байланыстарын; ғылыми қызметтің тиімділігін
арттырудың, ғылым нәтижелерін қоғамдық практикада қолдану процесін
басқаруды жетілдірудің әлеуметтік факторлары мен т.б. механизмдерін
зерттейді.
Ғылыми еңбектің сапасы мен нәтижелілігін одан әрі арттыру жолдарын
іздестіруге белсене қатыса отырып, ғылым социологиясы ғылыми қызметтің
ғалымның өзіне, оның санасы мен мінез-құлқына тигізетін кері әсерін:
еңбекке жауапкершілікпен қарауын. мамандығын көтеруге тырысуын,
творчестволық белсенділігін қалыптастыруын, ғылым мен қоғам мүдделеріне
қайшы келетін эгоизмін (өзімшілдігін), жеке басының пайдасына тырысуын
болдырмау мәселелерін ғылым социологиясы зерттейді. Мұнда ғылым саласындағы
ынталандыру жүйесіне ерекше орын беріледі.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің ролі артып отыр.
Социологиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу жұмыстардың темен нәтижелілігі
ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке
салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми
жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми
жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында
арта туседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті
интенсивтендірудін басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттык қамтуды
жақсарту, ғылыми коммуниикация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы, сондай-
ақ ғылыми және өндірістік ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту
болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды алға бастыру ғылым дамуының, оның
практикамен байланысының әлеуметтік механизмін жасауды талап етеді, өйткені
ол ғылыми жетістіктердің практикада қолданылуын объективті түрде бақылаудың
тиімді құралы болар еді.
Ғылымды интенсивтендіру проблемалары күн тәртібінен түспей келеді.
Демек, ғылымды интенсивті жолға қоюдың тиісті механизмін қалыптастыру
проблемасы ерекше маңыз алады. Ол ғылым социологиясы тұрғысынан келгенде
басқару органдары тарапынан ғылыми қоғамдастыққа және оның әлеуметтік
белсенді мінез-құлқына ықпал етудің әлеуметтік факторлары мен әдістері
жүйесі қызметін атқарып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және олардың
практикамен байланысын нығайту мақсатын көздейді.
Сонымен, ғылым — күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің
түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі
жақтарынан зерттейді. Ғылым социологиясының ерекшелігі сол, ол ғылыми
білімнің мазмұнын, оның құрылымы мен дамуы логикасынан аулақтай отырып
ғылымды әлеуметтік институт ретінде, қызметтің өзіндік түрі және аясы
ретінде қарастырады.
Ғылыми қызмет барысында білімді үйлестіру жолындағы жауапты адамдардың
өзара әрекеті жүзеге асырылады, ал өзара әрекеттің типтері нақтылы
әлеуметтік-мәдени жағдайларға тәуелді. Әлеуметтік институт ретінде, белгілі
бір қоғам көлеміндегі нормалар мен кұндылықтардын жүйесі ретінде ғылымның
қызмет атқаруы ғылым социологиясының пәні болып шығады, басқаша айтқанда,
ғылым социологиясы ғылыми білім өндіру жөніндегі қызметті әлеуметтік
аспектілерін, қырлары мен сырларын, жаңа ғылымның тууынан оның практикаға
енгізілуіне дейінгі қозғалысы процесінде пайда болған әлеуметтік қатынастар
жүйесін, алуан түрлі әлеуметтік жүйелердегі ғалымдар мінез-құлқының
типтерін, олардың құндылық бағдарлары мен артықшылықтарын, сондай-ақ ғылым
мен қоғамның, ғылым мен басқа да қоғамдық құбылыстардың өзара әрекетінің
нақтылы формаларын зерттейді.
Қоғамдық өндіріс аясында айтулы өзгерістер тудырып отырған қазіргі
заманғы ғылым экономикалық, әлеуметтік, рухани қайта құрулардың, қоғам мен
жеке адамның мәдениетін, білімнің сапасын жаңартудың шешуші факторларының
бірі болып алды. Ғылым адамның өзін, оның творчестволық қабілетін
жетілдіруге көмектесетін қуатты қызмет атқаруда.
Әлеуметтік жүйенің кемеліне келмеген, қайшылықты жағдайларында ғылым
мен техника табыстарын енгізу адам белсенділігін жүзеге асырудың жаңа
бағыттары мен келешектерін ашып қана қоймайды, сондай-ақ көптеген күрделі
әлеуметтік проблемаларды да тудырады, адам мен адамзат болашағы туралы
мәселені де өткір алға тартады. Мәселенің көлемді де күрделі екендігі адам
мен ғылым арасындағы өзара қатынастылықта, демек, ғылым адамға не береді
және одан болашақта нені талап етеді дегенді естен шығармау керек. Мұндай
проблеманы қою мен ойластыру, оны шешудің жолдарын іздестіру ғылым
социологиясының аса маңызды міндеттерінің бірі және оның әлеуметтік мәнін
айқындайды.
Әлеуметтік Институт ретінде ғылым әлеуметтік-экономикалық өрлеудің аса
маңызды тұтқасы болып табылады. Ол қоғамның тікелей өндіргіш күшіне
айналды. Сондықтан ғылым саласындағы саясат әлеуметтік басқарудың жетекші
салаларының біріне айналып, айрықша маңызға ие болды. Жуырда ғана аяқталған
ХХ-ғасырдың аяғына қарай әрбір 5 жыл сайын ғылыми білімнің көлемі екі есе
артты. 90-шы жылдардың басында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің саны
ғылымның бүкіл тарихы бойындағы ғалымдардың жалпы санынан 90 процент артты.
Үстіміздегі ғасырда ғылым өз дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Бұл
ғылым келбетін де, қоғам өмірін де түбегейлі өзгерткен ғылыми-техникалық
революциямен байланысты.
Ғылыми-техникалық революцияның (ҒTP) мазмұны мен құрылымында ғылыми
және техникалық өзгерістердің органикалық бірігуі дамыған техникалық
базасыз ғылыми прогресс мүмкін болмайтынын, ал техника қуатты ғылыми-
техникалық негізге арқа сүйемейінше өркендей алмайтынын көрсетті.
FTP пайда болуының тікелей алғышарты, біріншіден, XIX-және ХХ-ғасырлар
қойнауында жаратылыстануда революция тереңдеуінен еді. Бұл революция
электронның, радийдің ашылуынан, химиялық элементтердің айналуынан,
салыстырмалы теория мен квант теориясының жасалуынан басталды, микродүние
мен жоғары жылдамдықтар аяларына өту жүзеге асырылды. Мұның бәрі материяға
көзқарастардағы түбегейлі төңкеріске және дүниенің жаңа ғылыми бейнесі
қалыптасуына келтірді. Екіншіден, өндірісте және көлікте электрді
пайдаланудың ықпалымен техникада революция жасалды. Радионы ойлап табу,
авиацияның пайда болуы үлкен маңыз алды. Атом ядросының ыдырауы мен атом
қуатын меңгеру, кибернетиканың дамуы, ғылымның, өнеркәсіптің, мемлекеттің
ірі ұлттық ғылыми-техникалық жобалаулар шеңберлеріндегі күшін біріктіруге
мәжбүр етті. Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогрестің қаулай дамуына сәйкес
әлеуметтік алғы шарттарға байланысты жаңа қоғамдық қажеттілік пайда болды.
Ол дүниежүзілік көлемде әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси
жетекшілік жасаудың маңызды факторына айналды. Ғылымды қаржыландыру,
зерттеу мекемелерінің саны қауырт өседі. Ғылыми қызмет бұқаралық-кәсіптік
сипат алады.
Ғылыми-техникалық революцияның өрістеуі ХХ-ғасырдың ортасында
өндіріске ең жаңа идеялар мен жаңалықтарды жиі де кең көлемді жүзеге
асырумен: есептегіш тениканы, радиоэлектрониканы, ядролық энергияны, жаңа
конструкциялық (құрастырушылық) материалдарды, басқарудың автоматты
жүйелерін, ғарышкерлік табыстарын өмірге келтірген қоғамның ендіргіш
күштеріндегі түбегейлі өзгерістермен айкындалады.
Микроэлектроника, техникалық процестерді биологияландыру, алуан түрлі
өндіріс түрлерін ғарыштандыру, алдын ала берілғен қасиеттері бар
материалдар жасап шығару, приборлар жасау, ядролық энергетика, генетикалық
инженерия және басқалар қазіргі заманғы ғылым мен техника дамуының жетекші
негізгі бағыттары болып алуда. Техника-адам (инженерлік психология,
енеркәсіптік эстетика және т.б.) жүйесінің, техника-ғылым-өндіріс-табиғат
(экология) жүйесінің алуан түрлі қырларын зерттейтін, қоғам өмірінің барлық
салаларын басқару (басқарудың жалпы және арнаулы теориялары)
проблемаларын шешумен байланысты ғылымдардың маңызы арта түсуде.
Ғылымда, техникада, өндірісте революция өрістеуі қоғам өмірінің күллі
аяларына оның неғұрлым ықпалы күшейіп отырғанын көрсетеді. Ғылым екі жақты
сипат алып отыр, демек, әрбір ғылыми жаналық өз бойында жағымды да,
жағымсыз да қуатты күштер ұстайды. Сондықтан белгілі бір ғылыми жаңалықтар
нәтижесі адамның, қоғамның өзіне де тәуелді.
Ғылыми-техникалық революцияның негізгі әлеуметтік салдарлары мынадай.
Біріншіден, ғылым тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналады. Ғылым-
техника-өндіріс – экономикалық өсудің негізгі үш тұтқасы.
Екіншіден, ғылымның қоғамдық дамудың жетекші аясына айналуымен
байланысты жаңа қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болады. Адам барған сайын
материалдық ендіріс аясынан босай береді. Бір жағынан, адам дамуы үшін
қолайлы бағыт қалыптасады: адам ауыртпалықты механикалық еңбектен босайды.
Екінші жағынан, өндіріс процесінде тікелей қатысушы адамдарға деген
қажеттіліктің төмендеуі жұмыссыздық деңгейі артуына, жұмыс орындарының
шектен тыс тұрақсыздануына келтіреді, бұқараның қайыршылануы туындайды.
Үшіншіден, өндіргіш күштердің бүкіл элементтері: еңбек заты, өндіріс
құралы, қызметшінің, өзі сапалық тұрғыдан қайта құрылады.
Еңбектің интенсивтендірілуі, оның материалдық күрделі еңбекті қамтуы
арта түседі. Ғылыми-техникалық жұмыстардың өз шығының ақтауы артады, ғылыми-
техникалық жұмыс табыстарын өнеркәсіпке енгізудің мерзімі қысқарады.
Өндіріс пен қоғам дамуының серпінділігі ұлғаяды. Бірақ ғылыми-техникалық
өзгерістердің ілгерілемелі қарқындары күрделі әлеуметтік проблема туғызады:
меңгерілген мамандық пен өндірістің жана талаптары арасындағы алшақтық
өседі.
Төртіншіден, еңбектің сипаты мен мазмұнындағы өзгеріс ондағы
творчестволық элементтердің рөлінің артуына, жалпы орта және арнаулы
білімнің, жоғары білімнің деңгейінің өсуі адамның жалпы мәдениетінің дамуын
тудырады.
Бесіншіден, ғылыми-техникалық революция өндіріс пен қоғам дамуын
ғылыми ұйымдастыруды, бақылау мен басқаруды қамтамасыз етудің құралы
ретінде ақпараттык қызметтің жаңа мүмкіндіктерін ашады да әлеуметтік-
экономикалық маңызын көтереді, бұқаралық коммуникация (қатынас-байланыс)
құралдары дамуын ынталандырады. Алайда, жетістіктер адамға зиян келтіругеде-
индивидтін өмірлік қызметіне, оның санасына жаппай тұтқиыл бақылау
орнататын, айлалы әрекет атқаратын жүйе жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революция бағыттарының бірі —
энергияның жаңа көздері мен алдын ала ойластырылған қасиеттері бар жасанды
материалдар жасау. FTP ғылыми-өндірістік және қоғамдық өмірдің шұғыл
интернационалдануын туғызады. Көптеген халықаралық ғылыми бірлестіктер мен
ұйымдар пайда болады, адамның шаруашылық қызметі барған сайын планетарлық
сипат алады. Ғылыми оймен еркін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz