Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
1. Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы.
2. Дін социологиясының ғылыми құрылымы.
3. Дін социологиясының, атқаратын қызметтері.
1. Дін социологиясы — социология пәнінің бір бөлігі болып табылады.
Қоғамды тұтастай зерттейтін социология ғылымының қоғамдық жүйеде өзінің
алатын орны бар және онда атқаратын түрліше қызметтері бар дін феноменін
елемеуі мүмкін емес. Социология ғылымы өзінің пайда бола бастағанынан бері-
ак жөне қазіргі кезде де дін атаулыны қоғамның әлеуметтік жүйесінің өте бір
маңызды элемент! деп қарайды. Социология ғылымының бұл ұстанымының,
негізінде қоғамның практикалық өмірі жатқаны белгілі.
Дін социологиясы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек
айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оның пайда болуы мен
қалыптасуының әлеуметтік және теориялық алғышарттары болды.
Дін бұл елдердің қоғамдық өмірлерінде сол кезде де үлкен орын ала
бастады: діни мекемелер мен діни ұйымдар және дін басылары ездерінің
нисихат жұмыстарын белсенді жүргізді. Дінге деген қоғамның ынтасы оянды.
Сонымен бірге, тарихи-әлеуметтік ғылымдар саласында да ғылыми-зерттеу
жұмыстары өсті. Тарих, этнология, археология, этнография, мәдениет тарихы
саласында көптеген мәліметтер жарық көрді. Оларды сұрыптау, талдау
барысында ол білімдердің астарында, тасасында жаткан дүниетанымдық
мәселелер көтеріле бастайды. Осындай алғышарттардың негізінде тарихи-
әлеуметтік білімдердің саласында, солардың ішінде, әсіресе, социологияда
білімдердін жаңа бір саласы — дін социологиясы қалыптаса бастады.
Дін социологиясын социология ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде
қалыптастырған ғалымдардың қатарында алдымен Э.Дюркгейм, М.Вебер, К.Маркс,
Т.Парсонс т.б. болды.
Эмиль Дюркгейм — 1858—1917 жылдар аралығында емір сүрген француз
ғалымы, көрнекті социолог, Париж және Бордос университеттерінің профессоры.
Оның басты шығармасы: Діни өмірдің алғашкы түрлері Австралиядағы тотемдік
жүйе деп аталады. Ол енбектегі автордың негізгі пікірлері - дін өздігінен
пайда болады және ол адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру
қажеттіктерінен туады. Ал қазіргі кездегі қоғамдардың күрделілене түсуі
діннің сол топтастырушылық қызметтерінің маңызын арттыра түседі деген
пікірлер болды.
Макс Вебер — 1864—1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы,
талантты социолог. Фрайберг, Гейдельберг және Мюнхен университеттерінің
профессоры. Оның басты шығармасы: Протестант және капитализм рухы, деп
аталады. Өзінің осы еңбегінде ол діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен
іс-әрекеттеріне ой элементтерін, парасат енгізу, осылайша олардың
емірлеріне биік максаттар әкелу екенін айтты. Ол діннің шығу тектерін
шаруашылық қажеттіктеріне байланысты қарады. К.Маркс — 1818—1883 жылдарда
өмір сүрген, марксизм ілімінің негізін калаушы, аса көрнекті философ және
публицист. Оның дін социологиясы саласындағы шығармаларының ішіндегі ең
бастысы — Гегельдің хұқық философиясына сын туралы атты еңбегі. Онда
К.Маркс дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайларына байланысты пайда болды
және ол жағдайлар жөнделген кезде дін езінен-өзі жойылады деп қорытынды
жасады. Толкот Парсонс — 1902—1979 жылдарда өмір сурген, американ
социологы, профессор. Оның басты шығармасы: Социологияның жалпы
теориясының мәселелері деп аталады. Парсонстың негізгі ойы — дін
адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да
дінді арнайы социологиялық тұрғыдан зерттеу керек дегені.
Осындай социолог-ғалымдар, философ-ойшылдардың еңбектерінің негізінде
діни социология ғылымы дүниеге келді және қалыптасты.
Дін социологиясы өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның
басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, іргетасы іспетті категориялар
жүйесі, заңдары мен қызмет салалары және арнайы методтары қалыптасты. Енді
діни социология құрылымына келелік.
Діни социологияның ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы
диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтары.
Дін мен ғылымның байланыстары екі жакты диалектикалық байланыс
болғандықтан, олардың байланыстарының бірінші жағы - қоғамныц, қоғамдық
қатынастардың дінге жасайтын ықпалдары. Ал екінші жағы — діннің, діни
көзқарастың, діни элементтер мен функциялардың қоғамға тигізетін кері
ықпалы.
Діни социология бірнеше деңгейлерден тұрады. Оның бірінші деңгейі
діннің мәнін ашатын, діннің қоғамның экономикалық базисіне қатынастарын
көрсететін және діннің әлеуметтік тамырларын сипаттайтын іргелі ұғымдар
жүйесінен тұрады. Екінші деңгейі — мазмұны жағынан сол бірінші деңгейдегі
ұғымдардан әлде қайда шағын көлемді мағыналары бар жуйелерінен тұрады.
Бірақол ұғымдардың да маңызы үлкен. Ол жүйеге мынадай ұғымдар кіреді:
діннің құрылымы, діннін қызметтерінін басты салалары (функциялары), діни
сананың деңгейлері, діни мінәжат, діни бірлестіктер, шіркеу, мешіт, діни
секталар және сол сияктылар. Үшінші деңгейі —"күнделікті жіті талдауларды
және эмпирикалық жинактауларды қажет ететін күнделікті ұғымдардың
жинақтарынан тұрады. Ол ұғымдар мыналар: діншілдік, діншілдіктің өлшемдері,
діншілдіктін жағдайлары, діншілдіктің таралуы және тағы басқа ұғымдар.
Діни социология ғылымының бірінші деңгейдегі мәнін ашатын діни
дүниетанымдық ұғымдарына тоқталамыз. Бұл тұста дін деген ұғымға кіретін
діннің мәні және тағы сол сиякты дүниеге көзқарастык мазмұндары бар
ұғымдар соз етіледі.
Дін деген қоғамдық сананың ертеде пайда болған формасы. Қоғамдық сана
қоғамдық болмысты бейнелейтінін және қоғамдық болмыстың түрліше жактары мен
кырларын бейнелейтін қоғамдықсананынформалары көп болатының сіздер жалпы
социология пәнін оқыған кезде көрдіңіздер. Енді діни сананың пайда болған
уакыттарына келсек, ол адамгершілік (моральдық) сана және көркемдік
(эстетикалық) сана түрлерінен кейін (ол екеуі де адамзат қауымымен бірге
калыптасқан), бірак саяси, хүқықтык саналардан бұрын өмірге келді. Діни
сананың қоғамдық болмысты бейнелеу тәсіліне келсек, онда ол айналадағы
шындықпен қатар одан да жоғары тұратын шындық. — бір тылсым күштер бар деп
қияли бейнелеуінде екенін айтпасқа болмайды.
Діннің мәні — қоғамдықболмыстың, адам емірінің, суреттеп айтканда,
төрт бүрышы түгел болмауына байланысты, өйткені, тірі адамды мысалға
алсақ, оның жас кезінде арман-тілегі кеп болғанымен, бірак оны орындауға
тәжірибесі аз болады, ересек кезінде жоспарлары көп жасалғанмен, бірақ
олардын.орындалуы кеңіл толтырмайды, ал кәрілік кезінде — өмір көрген
түстей сиякты ғана болса керек. Ал енді адамдар өміріндегі бұндай ірі-ірі
белес сатыларды былай қойсақ, онда олардың күнделікті. өмірінде көретін
ауру-сырқаулықтары, зорлық-зомбылықтары, сәтсіздіктері қаншама
болатындықтары көпке аян. Абай атамыз айтқандай: Адам баласы жылап өмірге
келеді, өкініп омірден кетеді.
Сонымен, өмір болмысының жетімсіздігі — адамдардын, мүмкіндігінше
бакытты өмірге талпыну максаты, оларды кемектесе алатын бір құдіретті күшті
іздеуге әкеледі. Халықтардың санасында ол құдіретті күш, ол абсолют, ең
алдыменен, ылғи да бар болуы керек, яғни ол мәңгілік болуы керек. Өйткені
ол қай заманның адамдары болмасын, оны іздемесе де, ол өзі табылуы керек:
өткен адамдар болсын, казіргі адамдар болсын және болашақтың адамдары
болсын, бәрі солай түсінуі керек. Ол абсолют, екіншіден, бәрін есептеуші,
бәрін білуші, бәрін көруші болуы керек. Өйткені кім және қай жерде мінәжат
жасап, тілек айтса, ол оған жетуі керек. Ол абсолют, үшіншіден, ұлы күдірет
иесі болу керек. Кім не сұраса да оларды орындауға күші жететін болуы
керек.
Адамзаттын барлық болмысын жетілдіре алатын ондай абсолют бұл дүниеде
болуы мүмкін емес. Ол бұл дүниеден тысқары және жоғары тұратын тек құдай
ғана болуы мүмкін.
Кұдай" ұғымы барлық діндердің, соның, ішінде әлемдік діндер — Будда
дінінің, Христиан дінінің және Ислам дінінің ен басты ұғымы болып табылады.
Сонымен, діннің мәні бір құдіретті күшті, абсолютті табиғаттан тысқары
тұратын қүдай деп түсініп, сол қүдайға кұлшылық жасау болып табылады.
Дін — тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дөуірлер болған.
Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл
білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының
мәліметтері жеткілікті.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының оз себептері, өз жолдары болған.
Олардың ең біріншісі — дін адамдардың кеңіл-күйлеріне байланысты
шыккандығы. Адамдардың кеңіл-күйлері қатып-семіп қалған феномен емес.
Адамдардың көңіл-күйлері кездескен жағдайларға байланысты бірде куанып,
бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланып тұрады. Адам кеңілі — көк
донен сияқты дейді халық мақалы. Кек дөңен дегеніміз тыкыршып, бір
орында тұрмайтын жас өмірдің өзі болса керек. Адамдарга көңілді орнықты
қылып отыратын, оны бір қолда уыстап ұстайтын тірек керек болатыны сөзсіз.
Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан тысқары тұрған бір тылсым
күштен, яғни кез келген дінніңтүпкілікті казығы.болыптабылатын абсолюттен,
кұдайдан табады. Сейтіп, адамдардың көңіл-күйлеріне тірек іздеулері, медеу
іздеулері, оны абсолютті бір тылсым күштен табулары — діннің пайда болуының
бірінші себебі, бірінші жолы болып табылады.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының екінші жолы -адамдардың қоршаған
табиғаттың - күннін құркіреуі, найзағайдың жарқылы, судың тасуы, жердің
сілкінуі, өрт, жұт сияқты дүлей күштерінің алдындағы дәрменсіздігі болып
табылады.
Діннің пайда болуы мен кең таралуының үшінші себебі — адамдардың
бұрынғы тапсыз қауымдастык өміріндегі қарапайым айырмашылықтардың қарама-
қарсы таптардан тұратын қоғамға етуіне байланысты мүліктік, әлеуметтік,
саяси салалары бар айырмашылықтарға айналады. Үстем таптардын екілдері
өздерініңменшік иесі екендігін,олардың істеріне ылғидасәттілік, табыскерлік
және мәдени-руханилықсипаттар тән екенін және басқару ісі дарығанын
табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге
тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде халық екілдеріне: мені күдай
бай қылды, ал сені кедей қылды — оған қандай таласын бар деген сөздер
айтады. Бұрынғы қауымдастықтар, яғни қарапайм халықтар, казіргі езілуші
таптар вкілдері ол тылсым күштер алдында дәрменсіздік танытып, үстем тап
өкілдері орнаткан қоғамның бірлігін, тұтастығын қамтамасыз ететін қоғамдық,
тәртіпті сақтауға мәжбүр болады. Сол қоғамдық төртіпті сақтаудын, күшті
құралының бірі ретінде түрліше жалған түсініктерден, ұғымдардан,
бейнелерден жинақталып, бір жүйеге түсірілген ілім ретінде әлемдік діндер
шығады. Діндердің пайда болуының әлеуметтік-таптық себептері осындай.
Діннің қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы, қоғамныңтұтастығын сақтаудағы
күшін ел басындағылар, мемлекет басқарушылар жақсы түсінген. Осы туралы
тарихтан бірнеше мысалдар келтірелік. Мысалы, Элем тарихында өзінің келемі
және қуаты жағынан тендесі жоқ, сирек кездесетін алып империя құрған түркі
халықтарының көсемдері руникалық. жазба ескерткіштерінде мынандай сөздер
жазып қалдырыпты: Алғашқы хаостан кейін көк аспан мен қара жер жаралғанда,
екеуінін аралығында адамзат пайда болған кезде, оларды басқару үшін көк
тәңірі біздің аталарымызды тандап алған екен. Содан бері біздер ел басқарып
келе жатырмыз. Екінші мысал: сондай алып империя құрған Шыңғыс хан да
езінің шежіресінде сол тылсым күш өның мемлекетіне қатысы бар екенін, ол
оның мемлекетінің тынышытығын, тұтастығын сақтауға комектесетінін кврсетіп,
мынадай жолдар жазыпты: көк тәңірі біздің арғы ата-бабаларымызғатүндіктен
түсіп қуат берген екен,тендессізбилік берген екен. Сондықтан бүкіл
адамзаттын, бір ғана билеушісі болуы керек. Осы келтірілген бірінші және
екінші сөздердің астарында көк тәңіріне қарсы болмай, біздердің
билігімізге, жеріміздің тұтастығына кімдер наразылық айта алады, қарсы шыға
алады деген тегеурінді ойлар жатқаны көрініп тұр.
Сонымен, діннің пайда болуы мен таралуы кездейсоқтық емес. Олар
адамзат тарихының дамуындағы заңды құбылыстар болып табылады. Ол
заңдылықтар қогамның ілгерілеп, кемелдену барысындағы үлкен-үлкен
қажеттіктерден туып отырған. Енді қоғамнын әртүрлі салаларында пайда
болған, қалыптаскан сол кажеттіктерді ретімен кыскаша түжырымдыйык. Бірінші
реттегі кажеттіктер адамдардың психологиялық. өміріндегі тұрақсыздықтарға
тіректер іздеу, сол тіректерді акыр аяғында табиғаттан тысқары тұратын бір
тылсым күштерден — абсолюттен табуында болып табылады. Екінші реттегі
қажеттіліктер -адамдардынтанымға, білімге құштарлықталпыныстарында ішкі
және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардын әркайсысының
взіндік иесі болады деп қарап, олар туралы жалған тусініктер, сыңаржак
ұғымдар жасаулары болып табылады. Үшінші реттегі кажеттіктер — таптык
қоғамдар орнауына байланысты ел билеуші үстем тап өкілдерінің когамдық
өмірдің тыныштығын және тұтастығын сактау максаттарында көктің әмірі
осындай деп, діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратуы болып
табылады.
Осы үшінші кажеттіктерді, оның түрліше жактары мен қырларын өз кезінде
Э.Дюркгейм, М.Вебер, К.Маркс және Т.Парсонс сынды социологтар
біршаматолықбаяндаған болатын. Сонымен, діни социология ғылымы діннің шығуы
психологиялық, гносеологиялық-танымдық және әлеуметтік-таптық себептерден
болатындығын ашып көрсетеді.
2. Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады. Философия
ғылымның қағидасы бойынша, кез келген емір сүретін құбылыстың, ол үлкен бе,
әлде кіші ме, бәрі бір, өзінің жүйесі болады. Ал діннің де өзіндік біртұтас
жуйесі бар екені сөзсіз. Діннің жүйесі өте күрделі келеді. Діннің жүйелілік
құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни
санадан, діни мінажаттардан және діни ұйымдардан.
Діни санадіннің негізгі элементтердің бірі екені белгілі. Діни сана
қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі екендігі туралы және олардың
ерекшеліктері қандай болатындығы туралы жоғарыда айтылған. Енді осы діни
сананын өзіне, оның деңгейлеріне және оның қызметтеріне токталайық.
Діни сана екі деңгейдегі құбылыстардан құрылады. Бірінші деңгейі діни
психология құбылыстары, ал екінші деңгейі діни парасат, ақыл-ой
құбылыстары, яғни діни идеология.
Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың
сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-кұлықтарының жиынтығы. Гегель
философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады.
Ол үшін философия логикалық ұғымдарды пайдаланады, ал дін түсініктер мен
образдарды пайдаланады дегеніндей,діни психологияныңтаным құралы негізінен
нақты образдар болып табылады. Діни психология калыптасқаннан кейін
адамдардың жан дүниесінің үлкен күшіне айналады. Стихиялы түрде қалыптасқан
діни психологияны, оның түсініктері мен бейнелерін еңдеу, жөндеу, бағыттау
өте киынға түседі.
Діни социолгия ғылымы дін иелерін адамның діни психологиясыныңосы
табиғатын ұтымды пайдалануға шақырады.
Діни. идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, жүйеге -келтірілген
діни ойлардың жиынтығы. Діни идеология діни ғұламалардың, діни
кайраткерлердін жасаған идеяларының жүйесі. Діни идеологияның қоғамдық,
болмысты, адамдарды қоршаған дүниені таңуындағы құралы негізінен діни
мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады. Будданың Бенарес уағызы,
Иусус Христостың Нагорный уағызы және Мұхаммед Пайғамбардың Мединедегі
умма қауымдастығы жарғысы логикалық сабақтастық пен қарама-қарсылыққа
құрылған түсініктер мен ұғымдардаң тұрады. Олар кейіннен ұлы діндердің
негізгі шығармаларына аркау болды. Үлы діндердің діни идеологияларының
жүйесі Трипитака, Библия және Құранда қорінеді. Діни сана қоғамдық
болмысты, адамдарды қоршаған дүниені діни психологиядан гөрі теренірек және
толығырак бейнелейді. Сондықтан ол діни сананың жоғарғы деңгейі болып
табылады.
Діни идеология негізінен саналы түрде калыптастырылып, жетілдіріліп
отыратындықтан, стихиялы түрде калыптасатын діни психологиямен
салыстырғанда әлде қайда өмірге бейім келеді,
өзгергеноміргесәйкестұрғыдакемелден діріліпотырады. Біздіни санадағы ол
өзгерістерді әлемдік діндердің тарихи дағдылық пен жаңашылдық бағыттарының
және қазіргі кездегі діндер иелерінің реформаторлық қызметтері деген
тақырыптарда қарастырамыз.
Діни кұрылымның келесі элементі - діни мінәжат болып табылады. Діни
мінәжат діндер өмірінде, дінді үстанушылар өмірінде және қоғам өмірінде
үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олар
өмірде болулары да мүмкін немесе ойдан шығарылған болуы да мүмкін) ықпал
етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене
қимылдарының жиынтығы. Діни мінәжаттарды, діни ғибадаттарды дін басылары
ретімен ұйымдастырып, өткізіп отырады. Сонымен катар дінді үстанатын жеке
адамдар да өздерінің кұлшылдық іс-әрекеттерін орындап отыруға міндетті.
Діни ғибадаттың түрлері көп болады. Мысалы, әлем діндерінің бірі — ислам
дінінде намаз оқумен катар ораза тұту, құрбандық шалу, дін ғүрыптарын
үстану, діни салттарды орындау сияқты ғибадат етудің кептеген түрлері бар.
Христиан дінінің, әсіресе, оның католик және правослваие шіркеулерінде
ғибадат етудін түрлері сан килы келеді. Олардын ішінде протестант діні ғана
ғибадаттын түрлерін тек жеке адамдардың кұдайға деген коңіл-күйлерін
білдірумен шектеуді қолдайды. Протестант діні жеке адамдардың күдайға деген
күлшыныстарына — шіркеу, дін қызметкерлері тарапынан ешқандай да кедергілер
болмауы керектігін ескертеді. Діни ғибадатты мүлдем жокка шығаратын діндер
болмайды.
Діниғибадаттарды өткізутүрлеріне келгенде православие діні ерекше орын
алады. Кейбір тарихи мәліметтердің айтуына қарағанда, ежелгі Киев Русінің
мемлекеті қалыптаса бастаған кезде, оның ұлы князі Владимир ғибадат
жасауының тартымдылығы үшін православие дінін тавдап алған көрінеді. Ол
тарихи тавдаудың астарында, славяндар тайпаларына, олардың жаңа қалыптаоа
бастаған мемлекетіне сан түрлі ықпалдарын жүргізген шығыс Рим империясының
— Византияның саясаты көпшілікке мәлім. Шындығына келгенде православие
дінінің мінәжаттары өте тартымды келеді. Ол театрландырылған спектакль
іспетті өтеді. Шіркеу іші зерленген заттармен безендіріледі, бағалы
люстралардан сәуле жарық береді, иіс май шашылып оның иісі аңқиды, өдемі
дауысты діни хорлар ән салады, алтын-күміс киім киген священниктер дүғалар
окиды. Осындай мінәжатқа қатысқан адамдардың көңілдері сергіп, өмірге деген
құлшыныстары есіп, құдайға деген қүлшылығы артады.
Дін құрылымының үшінші негізі элементі — діни ұйымдар. Діни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін социологиясының шығуы мен қалыптасу тарихы
Дін социологиясының атқаратын қызметтері
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Пәндер