Инженерлік басқару еңбегі туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

ИНЖЕНЕРЛІК БАСҚАРУ ЕҢБЕГІ 2
Пайдаланылған әдебиеттер 11

Инженерлік басқару еңбегі

Инженерлік-техникалық қызметтің құрылымында басқару қызметтерін
орындау маңызды рөл атқарады. Инженерлік еңбектің осы сферасы көп
әлеуметтік мазмұнмен сипатталады. Басқару қызметтерінің шеңбері
өнеркәсіптік өндірісте өте кең, олар әртүрлі деңгейде жүзеге асады.
Кибернетика көрсеткендей, басқару мәселесі - жан-жақты құбылыс. Кез
келген басқаруға — жоғары ұйымдасқан техникалық, биологиялық, әлеуметтік
жүйелер тән. Бұл мағынадағы басқару, ерекше күрделі жүйе. Ол реттеу, сақтау
мен ұйымдастыруды және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Қоғамда
басқаруды — жоспарланған әлеуметтік нәтижеге аз энергия, аз уақыт, аз жұмыс
күшімен жетуді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған, нысаналы,
үйлестірілген шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Басқарудың
әлеуметтік феномен ретіндегі жалпылығы, оның әрекеті кез келген қоғамның —
экономикалық, әлеуметтік, рухани, саяси, техникалық сфераларының
тұрақтылығы мен дамуында керінеді. Басқару теориясының маңызды
категориялары: басқарылушылық қабылдау және басқарушылық ұғымдары болып
саналады. Олар басқару процесінің нақты субъективті және объективті
жақтарын бейнелейді. ҒTP жағдайындағы қоғамдық дамудың жалпы тенденциясы
әлеуметтік организмнің өзара байланыс пен өзара әрекеттесу элементтерінің,
олардың саны мен динамикасының өсіп келе жатқан күрделілігі болып табылады.
Осыған байланысты оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау — қиындық
туғызады. Сондықтан, сындарлы жүйелілік тұрғысынан келіп, әдістерді
жақсартып, басқару мәселесінің техникасы мен принциптерін жетілдіре түсу
қажет болады.
Басқару қажеттілігі және оның релі мен мәні туралы К.Маркс былай деп
жазды: "Үлкен көлемде жүзеге асырылатын қоғамның тікелей немесе бірлескен
еңбек, аз немесе көп деңгейдегі басқаруға мүқгаж болады. Ол жеке-дара
жұмыстар арасында үйлесімділік қалыптастырады және өндірістік ағзаның бүкіл
қозғалыстарынан туындайтын, жалпы функцияларды орындайды. Жеке скрипкашы
өзін-өзі басқарады, ал оркестр дирижерге мұқтаж".
Кең мағынада алынған басқару ұғымы тек тікелей өндірісті басқару
аймағымен шектелмейді. Оған өндірісті дайындау, кәсіпорынның шаруашылық
қызметін талқылау және жоспарлау кіреді. Кәсіпорындағы басқару процесі
өзінің бастауын жобалау-конструкторлық бюрода, технологиялық бөлімдерден
алады. Олардың өнімдері цехтарға барады. Бұл көзқарас бойынша
өндірушілердің тікелей қызметтерін ұйымдастыруға, құрал ретінде, сызба
немесе технологиялық карта көмектеседі. Егер басқару процесін кешенді
қарастырсақ, онда оның екі жағын көрсетуге болады: 1) өндірістік
процестерді басқару; 2) оған қатысушы адамдарды басқару.
Бірінші жағдайда инженерлер, басқа мамандар өзінің техника-
технологиялық қызметін жүзеге асырса, ал екіншілері — әкімшілік ұйымдастыру
қызметін орындайды. ИТҚ орындайтын осы және басқа қызметтер арасыңда қатаң
айырмашылық жоқ, алайда әрбір маман категорияларының міндеттері
айқындалған. Жалпы мағынада өндірісті басқару - "басқарылушы жүйені тиімді
реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты әрекеттердің кешені, қандай
да бір өнімді шығаруға арналған өзара байланысқан өндірістік бөлімшелердің
жиынтығы".
Басқару аппаратындағы инженерлер мен басқа мамандар еңбегіне бірнеше
негізгі талаптар қойылады: 1) инженерлік басқару жұмысында еңбектің жоғары
өнімділігіне жеткізетін-үнемшілдік; 2) жеделдік-өндірістік процестерді
жүзеге асыруға байланысты жылдам шешім қабылдау; 3) ақпарат алудағы
қателіктерді толығымен жоятын-сенімділік; 4) оңтайлық (оптимальность) -
өндірістік мөселелерді шешуде ең ұтымды экономикалық техникалық және
ұйымдастырушьшық шешім қабылдап іске асыру; 5) қабылданған шешімдердің
әлеуметтік салдарларын есепке алу.
Осы талаптарды жүзеге асыруда инженерлік-басқару еңбегінде
компьютерлендірген, автоматтандарылған ғылым мен техниканың соңғы табыстары
үлкен рөл атқарады. Бірақ, көптеген кәсіпорындарда басқару техникасы,
өндірістік техникадан біршама артта қалып отыр. Алайда, өндірістік
процесте, басқару операциялары кәдімгідей алдыңғы орында. Мысалы, бір
технологиялық операцияға бес және одан да көп басқару операциялары келіп
отыратыны есептелген болатын. Өндірістегі инженерлік-басқару еңбегінің
құрылымында инженер-техник қызметкерлердің әртүрлі категориялары
шүғылданатын кызмет бар.
Басқару кезінде, яғни шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру барысында
орындалатын қызметтерге байланысты басқарушылар, мамандар және көмекші
құрам топтарына бөлінеді. Біріншілері, басқарудың маңызды мәселелері
бойынша шешім қабылдайды; екіншілері — шешімдерді тиянақтап дайындауды
жүзеге асырады; үшіншілері — басқару аппаратын ақпаратпен қамтамасыз етеді
- ақпарат алу, өңдеу, сақтау және беру ісімен шұғылданады.
Еңбек ұжымының құрамына қарай басшыларды сызықтық (линиялық) жөне
функционалдық деп бөледі. Алғашқыға - өндірістің бөлімше ұжымының басшылары
жатса, функционалдыға — қызмет басшылары (бөлімшелер, бюро, лаборатория,
т.б) мен орынбасарлары кіреді.
Әдетте, ИТҚ құрамындағы басқарушылардың саны 35-50% арасында ауытқиды.
Шеберлердің арасында ауысымдық шеберлер (смена - (ауысым) 25-30
жұмысшыдан құралады) жөне аға шеберлер (олар өндірістік участке бастықтары,
50-ден 100-ге дейін жұмысшы бар). Үлкен шебердің қол астында 2-4 сменаның
(ауысымдық) шеберлер болады, олар тікелей жұмысшылар еңбегін ұйымдастырады.
Кәсіби деңгейде олар өздерінің учаскесіндегі өндірістің техникасы мен
технологиясын, өнім шығарудың техникалық қажеттіліктерін, жұмыс нормалары
мен бағалауын білетін, экономикалық білімі бар, басқару психологиясынан
хабары болуы тиіс. Ұйымдастыру жоспарында шебер әрбір жұмысшының жеке
қабілетіне қарап тапсырма береді, олардың жүзеге асуын бақылайды, өзінің
еңбегін дұрыс жоспарлай отырып, жұмыс күшін шектеуді білуі керек. Шебер
лауазымында (аға шебер) орта арнаулы техникалық білімі бар тәжірибелі
қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, бұл лауазымды ұйымдастыру жұмыстарына
қабілеті бар және төменгі сатыдан қызмет жолын бастағысы келетін дипломы
бар инженерге береді. Бұдан басқа өнеркәсіптің кейбір салаларында, мысалы
құрал жасау, радиоэлектронды өнеркәсіп, химиялық өнеркәсіптер, т.б. жоғары
деңгейдегі техникалық қаныққандықпен ерекшеленетін салалар шебер лауазымы
мен аға шеберлерден инженерлік білімді талап етеді. Кез келген жағдайда
өндіруші-инженер шебердің еңбек қызметін, оның құқығы мен міндетін толық
білуі керек,
Өндірістегі орта звеноның линиялық басқарушылары жетекші лауазым
иелері — цех бастықтары мен олардың орынбасарлары.
Осы заманғы кәсіпорынның ірі цехтары — күрделі әлеуметтік-техникалық
кешен, онда жүздеген жұмысшылар еңбек етеді. Ол өндірістің маңызды звеносын
құрап, салыстырмалы жеке технологиялық циклі бар, өндірістің маңызды тобын
құрайды. Цех бастығының қол астында 2-3 орынбасарлары, өндірістік
участкенің бірнеше бастықтары (цехтық бюро, техникалық, өндірістік-
диспетчерлік, т.б.) болады. Осылайша, цех бастығының шеберден айырмашылығы
мынадан көрінеді - ол оған бағынатын цехтық "штаб" құрайтын линиялық және
функционалды басқарушылар мен мамандар арқылы өндіріс процесін басқарады.
Осыған байланысты участке бастығына қарағанда, цех бастығының басқару
қызметтері кең және күрделі болғандықтан, оған жоғары талаптар қойылады.
Цех бастығы бүкіл кәсіпорындағы өндірістің технологиялық процесі мен
техникасын жақсы білуі қажет. Оның құзырында өндірісті тез жоспарлау
мәселелері, техника құралдарын толық пайдалану, жаңа техниканы игеру,
технологиялық тәртіпті, қауіпсіздік техникасын бақылап, учаскелерді
(бригадаларды) керекті материалдармен, т.б. қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, ол еңбекке қолайлы жағдай жасау, ұжымның тұрақтылығын
көтеру, әлеуметтік жоспарлауды ұйымдастыру, инженер-техника қызметкерлерді
іріктеу, қызметке ұсыну және тәрбиелеу, ұжымда қолайлы психологиялық климат
жасау сияқты мәселелермен шұғылданады. Цех бастығы әлеуметтік қызметтерді
жүзеге асыруға ерекше мән береді. Өйткені, оның қол астында үлкен
өндірістік ұжым бар, екіншіден, басқару аппараты өзінің әлеуметтік
реттеулер жүргізу үшін өзіндік әдіс-амалдарды пайдалануды қажет етеді.
Цех бастығының статусы мен оның қызметіне қойылатын негізгі талаптар:
бұл қызметті жоғары-техникалық немесе инженерлік-экономикалық білімі бар
қызметкер атқару керек екендігін айқындайды.
Цех бастығының аталған қызметтерін жүзеге асыру әдістерімен қатар,
жоғары саяси мәдениет, биік парасат иесін, қабілетті ұйымдастырушы болуы да
аса маңызды. Нарық жағдайында оның құқық негіздерін, менеджмент пен
маркетингті жақсы меңгеруі тиіс.
Енді өнеркәсіптік өндірістің функционалдық бөлімшелерін
басқарушылардың еңбектеріндегі ерекшеліктерді қарастырайық. Олардың
линиялық басқарушылар еңбегінен айырмашылығы мынадан көрінеді: егер
соңғылар жұмысшылар ұжымын басқарса, функционалдық бөлімдер басшылары
қызметкерлер мен завод бөлімшелеріндегі қызметшілерді басқарады. Мұнда
линиялық басқару жағдайында басымдық көрсететін әкімшілік-басқару әдістері
кейінге шегінеді де, білім беделіне, басқарушының кәсіби жауапкершілігі мен
эрудициясына сүйенетін басқару тәсілдері алдыға шығады. Ой еңбегімен
айналысатын қызметкерлер үшін бұл қолайлы басқару әдісі болып табылады.
Себебі, мұнда қызметкерлердің өзін-өзі бақылауы, шығармашылық бастамасы
ерекше рөл атқарады. Сондай-ақ, басқару бар жерде тәрбие ісі, жоғарыда
айтылғандай, қатар жүріп отырады. Өндірісті басқару — педагогикалық
талаптар есебінен құрылған ақпараттық процесс, еңбекшілерді тәрбиелеу
құралы болып табылады.
Өндірістік бөлімшені басқару сеніп тапсырылған әрбір инженер, өзінің
қызметтік міндетін белгілі бір стильде атқарады. Стильге әрқашан адамдар
арасындағы қатынаста маңызды мән беріледі. Француздың жаратылыстанушы
ғалымы Ж.Бюффон "стиль — ол адамның өзі" деген. Басқару стиліне осы пікір
әбден сәйкес келеді. Басқару стилін "басқару функцияларын тиімді орындау
мақсатында, басқарушының қол астындағыларға әсер етіп, ықпал жасауының
біршама тұрақты қалыптасқан әдіс-амалдарының жиынтығы деп қарауға болады.
Осыған жақын анықтама, басқарушы кадрларға арналған оқу құралында былай
көрсетілген: басқарушының жұмыс стилі — басқарушының функцияларын жүзеге
асыру барысында қолданылатын типтік міндеттер мен проблемаларды шешуге
арналған тұрақты әдіс-амалдар жиынтығы". Бұл анықтамаларды ықпал жасау
әдістерінің біршама тұрақтылығы ерекше атап көрсетіледі. Ал басқару туралы
ғылымда қолданатын әдістердің тұрақтылығын - динамизммен ұштастыру
қажеттігіне де назар аударылады.
Басқару стилінің бір-бірімен байланысты объективті және субъективті
жақтары бар. Біріншісі — басқарушы қызмет атқарып отырған әлеуметтік-
экономикалық жағдайлардан туындайтын талаптардың жиынтығы. Екіншісі —
басқарушыға тән жүре пайда болған, жеке қасиеттер жиынтығы, яғни кәсіби,
интеллектуалдық психологиялық, өнегелілік, т.б. сапалар. Басқарушының
жұртпен араласу қабілетіне де көп мән береді, өйткені оның қол
астындағылардың өтініштеріне зейін қоя білуі маңызды.
Басқарушы қызметінің аталған екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты.
Және оның дара, өзіне тән стилін құрайды. Басқарушы — өндірістік ұжым
тәжірибесінде қалыптасқан басқару тәсілі мен басқару әдістерін қолдана
отырып, оларды өз ой-өрісі, сезімі, дүниетанымы арқылы сүзгіден өткізеді.
Сөйтіп барып, өзіне тән басқару стилін қалыптастырады. Алайда стильдің
субъективті - кісілік жағы объективті әлеуметтік мәнге ие болады, себебі ол
басқарылушы, еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық климатына және
қызметтің нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді (осы климат оның әрекетін-80%-
ға дейін тәуелді деп есептеледі).
Басқару стильдерін топтаудың әртүрлі ыңғайлары бар. Бірақ әрбір
стильдің "ядросы" - басқарушы мен қол астындағылар арасындағы қарым-
қатынас. Осы қатынастар әртүрлі болады. Өндірістік кәсіпорындарда
жүргізілген әлеуметтік зерттеулер бойынша "басқарушы-бағынушы"
қатынастарына мынадай аспектілер кіреді: өкілеттілікті бөліс және
жауапкершілікті жүктеу, ұжымды басқаруға қатысты шешімдерді дайындау, еңбек
тәртібін сақтау тәсілдері, бағынушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру,
бағынушыларға талап қойылу сипаты, олар тарапынан айтылған сын-
ескертпелерді қабылдай білу, өз іс-әрекетін бағалау, басқарушы жоқ
кезіндегі ұжым жұмысының өнімділігі, жаңалықтарды қабылдай білу, т.б.
Басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынаста қолданылатын әдіс-
амалдардың арасалмағына байланысты басқарудьщ үш түрлі стилі қалыптасқан:
авторитарлық, демократиялық және либералдық-авторитарлық стиль (ол
автократиялық, директивті деп те аталады) - басқарушының өзінің қол
астындағыларды әкімшілік әдіс-амалдар арқылы қатаң, жалғыз басқаруға
талпынуы. Басқарушы ресми бағдарларды ұстанып, формальды емес
байланыстардан қашқақтайды. Ол билік пен жауапкершіліктің тұтастығын толық
пайдаланып, өзі қабылдаған шешімдердің орындалуын өзі ғана бақылауға алады.
Қол астындағылармен қатынасы бұйрық арқылы жүреді. Олардың ақыл-кеңесін
есепке алмайды. Мүндай типтегі басқарушылар өздерінің мүмкіндігі мен
қабілеттерін тым шектен асырып жібереді. Бұрынғы кездерде өнеркәсіпте
мұндай басқарушылар көп болған. Өнеркәсіптік тапсырмаларды қайткен күнде де
"жоспар орындау" формуласы арқылы диктаторлық ыңғаймен орындаған. Сондықтан
болар, кеңес экономикасы - командалық-әкімшілік деп сипатталған
болатын.
Демократиялық (алқалық) стиль — басқарудың қол астындағылардың
кеңесін, шығармашылығы мен бастамасын кеңінен қолдай отырып, олардың
әкімшілік әдістермен үштасуы. Ол бағыныштығыларға — өндірістік
тапсырмаларды дербес шешуге және орындауға мүмкіндік береді. Басқарушы қол
астындағылардың әрбір қадамын бақыламай, әрбір іске араласпайды, олардың
қызметінің жалпы бағыты мен нәтижелерін ғана қадағалап отырады.
Авторитарлық типтегі басқарушыға қарағанда, демократ өзінің қол
астындағылармен тек ресми ғана емес, сондай-ақ формальды емес қатынастарға
да сүйенеді. Ал мәселені шешкенде, солардың ақыл-пікірімен санасады.
Кәсіпорын алдында тұрған мәселелерді, жағдайды еңбеккерлердің біліп
отырғанын қалайды. Өндіріске пайда келтіретін және топ мүдделеріне қызмет
ететін сындарды қабылдап, ымыраға келуге дайын түрады. Мүндай басқарушы —
еңбеккерлерді марапаттаған не жазалаганда олардың көзін жеткізіп, сендіру
әдісін пайдаланады. Тек реттеудің басқа да талпыныстары нәтижесіз болса
ғана, санкция қолдануға жүгінеді. Сөйте түра, демократия жеке
басқару, жеке жауапкершілік принциптермен айнымайды. Сендіру мен
үйретуді қолданады. Кдзіргі жағдайда, Қазақстан қоғамын реформалау
барысында ірі демократиялык, өзгерістер жүріп жатқанда, демократиялық
басқару стилінің қалыптасуы — заман талабына айналып отыр.
Либералдық стиль (оны кейде енжарлық, бейжайлылық деп те атайды)
басқарушы үжым алдында түрған мәселелерді жалпы түрде көрсетіп, өзінің
өкілеттілігін қол астындағыларға сеніп тапсырады. Ол шешімдерді қабылдауда,
өзінің қызметіне сенімсіз болғандықтан, жоғарыдан келетін нұсқаулар мен
тапсырмаларды тосып, күту саясатын жүргізеді.
Мүвдай басқарушы, қол астындағылардың пікірлері мен сындарын
тындауға дайын, бірақ олардың кеңестерін тәжірибеде жүзеге асыруға
қабілеті жоқ. Ол үшін ең бастысы- атақ-даңқын жоғалтпау, қол астындағыларға
өте мейірімді қарау. Мүндай стильде көрінетін енжарлық — ұжым
жұмысының тиімділігіне кері өсерін тигізеді.
Әрине, басқарудың ең дұрысы — демократиялық стиль. Онда қабылданатын
мәселелерге ұжым белсенді түрде қатысады. Басқарудың авторитарлық стилі
мұндай жағдайларды жоққа шығарады. Авторитарлық типтің басқарушылары ақыр
аяғында ұжымды жарға тіреп, езі басшылықтан кетуге мәжбүр болады. Алайда
басқарушылар көбінесе бұл стильді тосын жағдайларда, әскери кезенде, т.б.
қолданады.

Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, авторитарлық стильге қарағанда,
либералдық стиль — ұжымға бостандық, қалыпты моральды-психологиялық климат,
ұжым еңбегінің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Әрине, бұл басқарудың стильдері "таза" күйінде кездеспейді, кез келген
басқарушының қызметінде әртүрлі стильдің элементтері араласып кетеді.
Стильді таңдау — көптеген объективті жене субъективті факторлармен
анықталып, белгілі-бір деңгейде жоспарсыз, интуитивті түрде жасалады. Бірақ
біріншіден, әрқашан еңбек ұжымының ерекшеліктері мен дәстүрлеріне мән
беріледі. Екіншіден, басқарушының бұрын ерте жинақталған практикалық
тәжірибесіндегі өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерше объективті өзіндік
баға беру ескеріледі.
Басқару стильдерін айтқаңда, біз әрбіреуіне тән негізгі ерекшеліктерге
зейін аудардық. Бұл ерекшеліктер— линиялық немесе функционалдық
басқарушылардың есінде болуы керек. Алайда, бұл стильдер — жоғарғы звено-
кәсіпорын директорлары мен олардың орынбасарларының, бас инженерлер мен бас
мамандардың басқару қызметінен толығымен көрінеді. Кеңес дәуірінде 92%
кәсіпорын директорлары, техникалық білімі бар мамандар болды. Олар
инженерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ
Инженер еңбегінің ерекшелігі
Инженерлік кәсіп
Сапалы инженер маманды даярлаудың өзекті мәселелері
Инженерлік басқару еңбегі
Инженер еңбегінің әлеуметтік мәселелері
Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру
Еңбек социологиясы
Фредрик Уинслоу Тейлордың шығармашылығына сипаттама
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Пәндер