ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

ИНЖЕНЕР: КӘСІП, МАМАНДЫҚ, ЛАУАЗЫМ. ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ2

ИНЖЕНЕРЛІК БАСҚАРУ ЕҢБЕГІ11

Инженер қызметінің әлеуметтік- кәсіптік проблемалары21

ИНЖЕНЕР: КӘСІП, МАМАНДЫҚ, ЛАУАЗЫМ. ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ

Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік - еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т. б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыру мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедегі барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып, араласып кеткен бүкіл әлемдік, бұқаралық, әмбебап құбылысқа айналды.

Сонда осы замандағы инженерлік еңбек деген не, оның мәні қандай? Бұл, мәселені зерттеуші социолог-ғалымдар (Қ. А. Аитов, И. С. Мангутов, О. И. Каратин, т. б. ) берген түрлі анықтамалардан - бұл құбылыстың сан-қырлы, күрделі, терең мағыналы екенін байқаймыз. Оларға егжей-тегжейлі талдау жасап жатпай-ақ, мынадай анықтаманы ұсынамыз: Инженерлік еңбек дегеніміз - техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру, іске қосу және басқару процестерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап-сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін, ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сииаттағы ерекше ақыл-ой еңбегі.

Инженер еңбегінің басты ерекшеліктері қандай? Біріншіден, инженер еңбегі - өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалап, оларды ұйымдастырады.

Екіншіден, инженерлік іс-әрекеттің әмбебаптық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшелендіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандандыруда іске асырылуда.

Үшіншіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән-мағынаға және сипатқа ие. Шығармашылық сипат - еңбектің көптеген түрлеріне тән. Күрделі техникалық операциялар жасайтын маман қызметкерлердің енбегін шығармашылық элементтер сипаттайды. Шығармашылық белгілер, - экономика мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы ақыл-ой еңбегінен, жұмысшылар, интеллигенттер, мамандар еңбегінен байқалады. Инженерлік еңбектің шығармашылық потенциалы, негізінен материалдың өндіріс сферасындағы. қолданылуына байланысты. Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды-өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру - ғылыми прогресте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынадай бөліктерге жіктеледі: 1) болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізу; 2) өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңалау; 3) өндірісті техникалық тұрғыдан дайындау; 4) өндірістік процесті ұйымдастыру; 5) еңбек ұжымын басқару. Әрине, бұл еңбек элементтерін бастан-аяқ бір инженер атқара алмайды, ол мүмкін де емес. Бірақ, осы аталған операциялардың кез келгенімен шұғылданған инженер, басқа жай-жапсарларды да жақсы білуге тиіс. Мұның бәрі жалпы дайындықты, мәдени деңгейді, ғылыми-техникалық терең білім мен іскерлік дағдыны, қабілетті талап етеді. Инженерлік еңбекте өндіруші еңбектің шығармашылық және интеллектуалдық қабілет-мүмкіндіктері барынша шоғырландырылған. Олар үздіксіз жаңа ізденістерге ұмтылып, стандартталмаған еңбек операцияларын енгізуге, маңызды ақпараттарды сыннан өткізуге тиіс. Шешім қабылдауда жоғары жауапкершілікке - талап ие болуы кажет. Академик Н. В. Мельников (тау-кен инженері болған) былай деп жазған болатын: "Жалпы инеженерлік іс - бұл шығармашылық-Инженерлік өнер туралы айтсақ - жаңа машина аппарат, прибор шығармашылық еңбектің жемісі.

Инженерлік еңбек мазмұны, тек қана таза шығармашылықтан құралмайды. Тіпті ақыл-ой мен сезім толқындарына әбден толыққан іс-әрекет формалары да (айталық ғалым немесе суретші) "таза" шығармашылықтан тұрмайды. Бұл инженер еңбегіне өте қатысты. Инженерлік еңбек - қоғамдық өндірісте оның жеке қатысушылары арасында әртүрлі категориялары, кәсіптері, лауазымдары, мамандығы, т. б. бойынша бөлінеді. Олар шығармашылық мүмкіндіктерді бірдей дәрежеде көрсете алмайды. Бұл инженерлердің жеке қасиеттері мен жұмыс сипатына байланысты. Тіпті инженерлік жеке бөліну ішінде (мысалы, конструкторлық бюро) өзінің шығармашылық маңызының құны бірдей болмайды. Инженерлік шығармашылық үшін қажетті алғышарттар алуан түрлі жағдайларға байланысты бөгеттерге тап болатыны да рас. Сөйтіп, инженерлердің шығармашылық еңбекпен шынайы айналысуына мүмкіндік бола бермейді. Олардың белгілі бір бөлігінің субъективті сипаты бар және жалпы кәсіпорындардағы сияқты, ол инженерлік еңбекті ұйымдастыру кемшіліктеріне де байланысты. Бірақ мұндай жағдайға әкелетін кейбір объективті себептер де жоқ емес. Олардың бірі - инженерлердің еңбек функциясының барған сайын маманданушылық (специализация) сипатының өсе түсуі. FTP нәтижесінде инженерлік мамандық пен мамандану саны мыңнан асты. Кез келген мамандану белгілі бір жиынтықты еңбек қызметін ғана қамтитындықтан, оның техникалық бастамасы шектеліп, белгілі бір мөлшерде шығармашылық мүмкіншілік азаяды.

Төртіншіден, инженерлік еңбектің маңызды белгісі - өндірісті басқарудағы ерекше рөлі. Еңбекті басқару ісімен кәсіпорындағы көптеген инженерлер, басшылар, сонымен бірге басқа да мамандар айналысады. Н. Л. Аитовтың мәліметтері бойынша, инженерлердің 60%-ға жуығының қол астында адамдар жұмыс істейді. Бұл жөнінде кейінірек қарастырамыз.

Инженерлік еңбектің тағы бір ерекшелігі - ҒTP жағдайында оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің барынша артып, экономикалық нәтижелерінің аумағы мен мәні жағында маңызының күшеюі. Мәселен, бүгінгі танда, нарық жағдайында біз отандық тауарларымыздың шетелдік тауарлармен бәсекеде шеттеліп қалмай, өтімді болуына күш салудамыз. Әйтпесе, біздің ілгерілеуіміз мүмкін емес. Ол үшін шығарған өндірістік өнімдеріміз сапалы, шыдамды, өрі ыңғайлы болуы керек. Ендеше, инженерлік жобаларымыз, конституцияларымыз, олардың дизайны, бағасы, сапасы - бәрі-бәрі әлемдік стандарттарға сай болуы керек. Инженерлік еңбектің жауапкершілігі, осыдан туындайды. Инженерлік есепте, шешім қабылдауда кеткен қателік, орын толмас зиян шектіруі әбден мүмкін. Шығарған бұйымдарынан ақау шығуына байланысты үлкен экономикалық зардап шеккен шетелдік зауыттар мен компаниялардың жағдайы туралы баспасөзден әртүрлі материалдарды да оқуға болады.

Инженерлік еңбектің күрделі құрылымы әртүрлі кәсіпте, мамандықта, лауазымда, білгірлік дәрежесіне сәйкес инженер санаттарының қалыптасуының объективті алғышарты болып саналады.

Инженерлік кәсіп - негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіптер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты біртектес кәсіптердің өзі, әр-алуан білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы - инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық - кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді. Инженерлік еңбекті мамандандыру - негізгі үш бағытта жүзеге асады:

1. Салалық мамандандыру (инженер-металург, тау-кен инженері, мұнай, машина жасау өндірісінде, т. б. инженерлер) . Бұл да кәсіп ішіндегі еңбек бөлінісіне қатысты. Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі - машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т. б.

2. Еңбек операциясының мазмұны бойынша мамандандыру. Бұл ақпараттық операциялар (ғылыми-техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу), логикалық-ойлау операциялары (өндіріс процесінің жоспарын талдау, есептеу), ұйымдастырушылық операциялары (өндірісті үйымдастыру, үйлестіру жүйесі, бақылау, т. б. ) . Инженер еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп, ерекше орын алуына орай инженер-зерттеуші, инженер-жобалаушы, инженер-конструктор, т. б. болып бөлінеді.

3. Функционалдық мамандану (инженер-энергетик, химик, электроншы, т. б. ) Бұл - өнеркәсіптің әртүрлі салаларында өндірістің жалпы техникалық негіздерінің дамуымен байланысты (энергетика, электротехника, электроника, т. б. ) opтақ негізді арқау еткен инженерлік мамандықтар пайда бола бастады. Бұған алуан түрлі өндірістерде пайдалануға болатын біртектес механизмдерді, құралдарды, бөлшектерді пайдалануға жағдай тудыратын өндірісті автоматтандыру процесі себепкер болып отыр. Осы заманғы өнеркәсіп технологиясында ортақ элементтер барған сайын көбейе түсуде. Бұл процестер мамандықтарды біріктіруді, инженерлерді дайындау процесін ұлғайту қажеттігін туғызады. Екінші жағынан, ҒТП-те кері ағым қалыптасты, оған өнеркәсіп пен техникада жаңа салалардың пайда болуы мүмкіндік туғызды. XX ғасырдың 80-ші жылдарында халық шаруашылығында 600-ден астам инженер мамандығы, жүздеген инженерлік мамандандыру, өнеркәсіптің 400 саласы болған. Ал 1927 жылы академик С. Г. Струмилин құрастырған "Мамандық жіктемесі" деген аныктамада өнеркәсіптің 160 саласы мен 14 инженерлік мамандық белгіленген еді. Бүгінде ҚазҰТУ-де инженер кадрларын дайындау 74 мамандық бойынша жүргізілуде.

Инженерлердің кәсіби құрылымның динамикасы объективті факторларға байланысты, олардың ішінде өте маңызды өнеркәсіптің даму деңгейі, оның салаларының саны мен сипаты, олардағы техникалық прогрестің жетістігі, FTP әсерімен инженерлік кадрларды қайтадан бөлу мөселелері, т. б. Өнеркәсіптің әлеуметтік "тапсырысы" техникалық жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттердің (болашақ мамандардың) санын, мамандану бағыттарын анықгайды. Мөселен, соңғы жылдары энергетика мамандығын меңгеруге ұмтылушылар саны өткен ғасырдың 70-80 жылдарына қарағанда 1, 6 есе өссе, машина жасау мен прибор жасауда 1, 9 есе, ал электрондық техника мен автоматика саласында 3 есе өскені белгілі болып отыр.

Бір-мамандық иесі - инженерлер, күрделілігі әртүрлі еңбекпен, яғни әртүрлі квалификациадағы қызмет атқаруы мүмкін. Мәселен, конструктор арасында да әртүрлі категориядағы инженерлер болады. Квалификация (білгірлік) деген ұғымның өзі, алған білімі мен нақты жұмыс орындарының талаптарына сай, қызметкердің еңбек функциясын орындауға дайындық деңгейін көрсетеді. Квалификациялык айырмашылық - тек инженерлік мамандықтың, өз ішінде ғана емес, солардың» арасында да болады, Мысалы: инженер-зерттеуші, инженер-конструктор квалификациясы бойынща, инженер-технолог немесе инженер-пайдаланушьщан жоғары тұрады. Квалификациялық (білгірлік) белгілерге баға беру - инженерлердің іс-әрекеттің белгілі бір түрін игеру деңгейімен сипатталады, ол көбінесе мамандардың білім дәрежесімен анықталады. Инженерлік квалификация (білгірлік) - бұл инженердің аса маңызды "жылжымалы" сипаттамасы, жүйелі түрде жетілдіріліп, дамып, көркейіп отыруы тиіс.

Инженер-техник қызметкердің (ИТК) тиімді білгірлік құрылымын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі - әртүрлі білгірлік дәрежедегі қызметкерлердің ұтымды арақатысын қалыптастыру. Ол бірінші кезекте, дипломды инженерлер мен техниктердің оңтайлы арақатысына орнауы керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары олардың арақатынасы шамамен 2:1 дәрежесінде болған, соған орай халықаралық қолданыста 1:4 (1:3) арақатынасы қолайлы деп саналады. Бұрын техникалық қызметкерлер аз болғандықтан, инженерлердің біразы олардың қызметін атқаруға мәжбүр болды. Сөйте тұра, инженерлік қызметті техниктер де игеріп келген.

Осыдан барып инженер-техник қызметкерлерді құрылымдық топтастырудың маңызды бір түрі - қызметтік (лауазымдық) белгісі бойынша бөлінуіне келеміз. Инженер өзінің кәсібін, мамандығын, квалификациясын (білгірлігін) күнделікті еңбек өрекетінде белгілі бір инженерлік лауазымға ие бола отырьш жүзеге асырады. Лауазым - қызметкердің құқығын, міндетін, жауапкершілігін, компетенциясын аныктайды. Инженер қызметі (лауазымы) объективті жағдайға, жұмысшының жеке басының қасиеттеріне және берілген жұмысты орындау қабілетіне (сонымен бірге кәсіпорындардағы штаттық кестелер) де байланысты. Қызметкерлерді лауазымға іріктеу, өсіресе басқарушы инженерлік қызметке таңдап алу - ғылыми негізге сүйенгенде ғана онды шешіледі.

I Кәсіпорындардағы жиі қолданылатын лауазымды қызмет түрлері: 1) кәсіпорын жетекшілері, олардың орынбасарлары, менеджерлер, бас мамандары; 2) тип, бөлімдердің, лабораториялардың басшылары; 3) ауысым (смена) бастығы, топ жетекшісі, жетекші инженерлерін; 4) аға инженерлер; 5) инженерлер; 6) шеберлер; 7) техниктер. Бұлар қызмет барысында жоғарылуы, лауазымды өсуі әбден мүмкін. Мұндай құбылысты - кәсіби жылжымалылық деп атайды. Оның себептері алуан түрлі болуы мүмкін.

Қызмет мазмұны тұрғысынан өнеркәсіп салсындағы инженерлік қызметтің ең көп тараған түрлері мыналар: конструкторлар, жобалаушылар, технологтар, механиктер, өндірісті ұйымдастырушылар (менеджерлер), техникалық құралдарды іске қосушылар (пайдаланушылар - эксплуатационщиктер) ; диспетчерлер, жоспарлаушылар, инженер-зерттеушілер, т. б.

Конструктор еңбегінде арнайы жөне анықтамалық әдебиеттерімен танысу, техникалық құжаттарды зерттеу және жасау, нақты техникалық есептемелер жүргізу, болашақ өнімнің тәжірибелік үлгісін сынақтан өткізу, соның нәтижесі бойынша өкімнің техникалык сипаттамаларын анықтау сияқты элементтерді бөліп айтуға болады. Конструктор технологиялық процестерді бақылауға алады. Оның басты назары, болашақ техникалық жүйені құрастыратын материалдарға қойылатын талаптарды анықтауда. Конструктордың кәсіби және жеке басының қасиеттеріне қойылатын талап-талғамалар да ерекше: конструктор Г. Алексеевтің пікірінше, конструктор ең әуелі өз жұмысына айырыкдіа ықыласты, жан-тәнімен берілген болуға тиіс. Оған сондай-ақ, еңбексүйгіштік, ойдың биіктігі мен нақтылығы, шешім қабылдауда батыл болу, күрделі құбылыстарды талдауға икемді болу, ойлаудың жоғары тәртіптілігін, кеңестік образ бен оның сандық сипатын біртұтас қабылдай алуы мен көз каперінің жақсы болуы аса қажет. Оның ойынша конструктор қашан да теориялық ізденісте болу керек, бұлай болмаған жағдайда, мамандығынан айырылу қаупі болады. Конструктор кәсібінің ерекшеліктерінің тағы бірі - шеберлікке жету, үзақ жолды талап етеді. Конструктор ылғи да машина, механизм және техникалық идеялар дүниесінде өмір сүріп, еңбек етеді. Конструктор үшін бұл аса қажет.

Конструкторлар әдетте конструкторлық бюрода қызмет етеді, олар кәсіпорын, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу академиялық институттардың құрамына кіреді. Конструкторлық бюро - жалпы жене арнайы болып бөлінеді.

Конструкторлық ұжымда әркім өз қызметін атқарады, бірақ бұл күнделікті кәсіби қарым-қатынаспен, техникалық идеялар алмасу және өзара кеңеспен қатар жүріп отырады да, олармен бірігіп шешім қабылдайды. Бірлестік пен өз жұмысының нәтижесіне жоғары әлеуметтік жауапкершілік сезімі сияқты белгілер - осы кәсіптің техникалық маманына тән қасиеттер.

Конструктор - біздің техникалық ғасырымыздың шешуші тұлғасы жөне осы заманғы техникалық прогресті анықтайтын машиналардың жаңа түрлерін жасау да соның қолында.

Конструкторлық дайындық - бұл техникалық құралдар мен машиналар ендірісін техникалық дайындаудың бірінші кезеңі. Оның алдында жобалау істері аткарылады. Бұл жұмысты конструкторлық немесе жобалаушы - конструкторлық ұйымдарда істейтін инженер-жобалаушылар жүргізеді. Әдетте, олардың қызметі жүйелік сипатта болады. Ол алдын ала ізденістер жүргізуді жобалауға тапсырма беріп, жобалаушы-сметалық құжаттар жасап жұмыс чертеждерін дайындайды. Жобалаушылардың міндеті тек жаңа объект жасау ғана емес, сонымен бірге оларға жаңа сапа беріп, қоғам тарапынан (немесе нақты тапсырыс беруші) қойылған әртүрлі әлеуметтік және техникалық талаптарды қанағаттандыру. Сондықган бұл кәсіп мамандары техникалық және жаратылыстану ғылымымен қатар, социология, психология, эргономика, т. б. білім салаларын да игерулері қажет.

ҒТП нәтижесінде техникалық объектілерді жобалаудың күрделілігі арта түсті. Сондықтан инженерлі-техникалық жұмысты дайындаудың үлес салмағы оны өндіруге қарағанда, біршама өсіп отыр. Бұған мына мәліметтер куә. Қара металлургияда прокатты станды жобалауға оны өндіруге қарағанда 2-5, 5 есе көп уақыт кетеді; қуатты турбина жасауда жобалаушы конструкторлық жұмыс 60% уақытты алады; машина жасауда ғылыми-техникалық зерттеу мен автоматты линияларды жобалау үшін бұл линияларды дайындауға қарағанда 5-10 есе көп мамандар қажет екен. Жыл сайын өндірістің 8-10%-ға ұлғаюы, конструкторлық жұмыстың көлемінің 30-40 % өсіретіндігі белгілі болып отыр. Жобалаушы - конструкторлық еңбектің тиімділігін арттыру үшін, оны қамтамасыз ететін құралдар индустриясын жан-жақты дамытудың қажет екені осыдан туындайды.

Соңғы он жылдықта жобалаушы-конструкторлық еңбекті компьютерлендіру, жобалауды автоматтандыру бағытында маңызды жұмыстар жасалды. Ғалымдар мен инженерлер жасаған жобалаудың автоматтандырылған жүйесі жаңа математикалық әдістерді кең қолдануға негізделген. Ол ақпаратты дайындау мен өңдеу сияқгы техникалық объектілердің сандық сипатының рационалды вариантын тандау мен құжаттарды өңдеу, т. б. процестерді белгілі бір дәрежеде автоматтандыруға мүмкіндік туғызады. Мұның барлығы жобалау мерзімін 2-3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдай - инженерлерді шығармашылық операциялармен молырақ айналысуға жағдай туғызады.

Инженер-технолог - өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап, тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасап, технологиялық карталарды тексеріп, түзетулер енгізеді және техникалық-ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.

Инженер-технолог өндіріс процесі барысында техника мен адамдардың өзара өрекетін дүрыс ұйымдастыруды, техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да көбінесе кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштері - олардың іс-әрекетіне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылығы мен шығарылған өнім сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процестердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстарын өндіріске енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртіпті тек технологтар ғана емес, сонымен бірге инженерлердің барлығы да сақтауы тиіс.

Инженер-технолог қызметінің келесі бір ерекшелігі-жобалаушылармен-конструкторлар еңбегін өндіріс процесіне тікелей қатысушылармен, бірінші кезекте жұмысшылар еңбегімен, тікелей байланыстырушы екендігіне. Ол қызмет операцияларын жұмысшылар қандай әдіспен, қандай түрде, қалай жүзеге асыратынын алдын ала ескеріп отыруға тиіс. Бұдан, оның технологиялық процестерде қолданылатын кәсіби қасиеттері мен берілген жұмысты орындау үшін, адамдарды дайындау деңгейінің сәйкестігін қамтамасыз ету міндеті туындайды.

Технолог еңбегі жүйелі сипатта болып келеді, ол аумағы жағынан өте кең, осы мамаңдыкты иеленген инженер - білім мен дағдының әp саласын терең білуі қажет. Ол жобалуашы, өндірісші, технолог және пайдаланушы инженер қызметтерінен хабардар бола отырып, байланыстырушылық міндетті де атқарады. Технолог сондай-ақ, шығармашылық еңбекпен де шұғылданады.

Технолог пен конструкторға қойылатын талаптардың алғашқысы - экономикалық талдаудың практикасы мен әдісін білу және технологиялық процестер машина мен приборларды тиімді құрастыруды техникалық-экономикалық негіздеу болып табылады.

Инженер-пайдаланушы (эксплуатационщик) міндетіне техникалық объектілерді - машина, агрегат, құралдар, т. б. жөндеуі мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол, техниканы дүрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Әрі техниканы терең меңгерген болуы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы қажет. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне (цех бастығына), ал екінші жағынан - технологқа жақын. Сондықтан ол техникалық білім мен практикалық тәжірибемен қатар, әлеуметтік-экономикалық білімді де игеруі керек.

Инженер-экономистің негізі қызметі - ондірістік-шаруашылық іс-әрекетті талдау, нормативті нұсқауларды жасау, экономикалық есеп жүргізу. Инженер-экономистердің жұмыс кезеңінің маңызды болігі - ұйымдастыру мәселелерін шешуге, өндірісшімен кеңесуге, жоспарлауға, техникалық құжаттарды жөндеуге арналады. Шын мәнінде инженер-экономист инженерлік мәселелерді шешпейді, бірақ ол өзінің жұмысының орындалуы ұшін, техникалық мөселелер мен ҒТП нәтижелерін білуі керек. Бұл мамандық мәні бойынша, техникалық және гуманитарлық мамандық арасындағы "қосылыс" болып табылады. Нарыққа өту кезінде инженер-экономистерге сұраныс арта түседі, баска салалардағы экономистер сиякты оларға да сүраныс көп.

Кейбір авторлар инженер қызметкерлер қатарына жоспарлаушы-экономистерді, еңбек және еңбекақы бойынша экономистерді жатқызады, ал біздің көзқарасымыз бойынша, бұл инженер атағының дәлелсіз таралуы. Өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін экономистер - "Еңбеккерлер жиынтығының" белгілі бір бөлігі болып табылатындықтан, олар техникалық маман бола алмайды.

Зерттеуші-инженер - шығармашылық еңбекпен шұғылданады, ғылым мен өндіріс арасында делдал ретінде көрінеді. Олар жасайтыя ғылыми-зерттеулер кәсіпорындағы накты мәселелерді шешуге арналған өндірістегі техника мен технологияның жаңаруына, еңбек өнімділігін жоғарылату мен еңбек санасын арттыруға бағытталған. Инженерлік-зерттеулер - мамандар ұсынатын перспективалы техникалық идеялар негізін, құрайды. Инженер-зерттеушідер кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетіне белсеңді қатысып, үздік технологияны, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженер –өндірісті ұйымдастырушы
Инженерлік кәсіп
Инженер еңбегінің әлеуметтік мәселелері
Философиядағы тәсіл мәселесі. Ғылым және техника
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Инженер-техникалық интелегенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлі
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Инженер психологиясының принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz