О. Конт - социологияның негізін қалаушы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

О. Конт - социологияның негізін қалаушы

Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857) . Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның құрылысы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу максатын қояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.

О. Конт социологияның қажеттілігін калай негіздеді деген сұрак туады? Бұл мәселені О. Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сөзбен айтқанда оларды адам интеллектінің дамуының үш тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам ақылы өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен теологиялық (діни), содан кейін метафизикалық, одан кейін позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын көрсетеді. Демек, адам ойлаудың алғашқы, теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал екінші метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше, ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге негіз болып отырады. Адам ақыл көзінің дамуы осы үш сатының бірінен екіншісіне, одан үшіншісіне өту эволюциясын көрсетеді деп түжырымдайды Конт. Сөйтіп, позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды дегі көрсетеді. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді. Ал социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтканда, адам ақылының бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процесінің шегі ретінде социология пайда болуы керек немесе социология жасалынуы керек деп қорытындылайды. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін пайда болған. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социологияның одан айырмашылығы сол, ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетеді. Яғни социология адамды өзі сияқты адамдардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Екіншіден, социология өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді деген пікірге келеді. Демек, социология өзінің теориялық талдауларында әр түрлі бақылаудың, эксперименттердің нәтижелеріне салыстыру арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерге сүйенеді деген сөз.

О. Контты социологияны жасауға итермелеген екінші бір нәрсе - ол енбектің бөлінуі және кооперациялану занының ашылуы. Осы факторлар қоғам дамуында маңызды роль атқарады. Өйткені еңбектің бөлінуі мен кооперациясы арқылы қоғамда көптеген жетістіктерге жетуге болатындығын мойындай отырып, Конт, сонымен бірге ол факторлар (еңбектің бөлінуі мен кооперациялануы) қоғам негізін әлсіретіп, күйреуге де әкелуі мүмкін дейтін пікір айтты. Себебі, олар байлықтың біржақты шоғырлануына, адамды адамнын қанауына, бір жақтылы кәсіптенуіне, адамның бұзылуына бағытталған деп көрсетіледі. Ортак әлеуметтік сезім бір бағыттағы маман иелерін ғана біріктіре алады. Ал ондай сезім оларды басқа маман иелеріне қарсы қоюы мүмкін. Осыдан топтық, кооперациялық эгоистік мораль қалыптасады да, олар өз тарапынан бүкіл халық арасындағы бірлік, ымырашылдық сезімді бұзады деген қорытынды жасайды. Міне, сол халық арасындағы бірлік пен ынтымақты қалыптастыруға ықпал ету үшін, оған мүмкіндік туғызу үшін социология пайда болды деп көрсетті Конт.

Тегінде Конттың социологиялық, концепциясының басты өзегі - «әлеуметтік реттілік пен әлеуметтік прогресс» мұраты болып табылады. Қазіргі қоғамдағы ірі саяси және моральдық күйзелістерді Конт ең алдымен адам ақылындағы иерархиямен байланыстырады. Ол бүгінгі әлеуметтік гармонияның табанында жатқан нәрсе - ол «ақылдағы қайшылық болуы мүмкін» деген қорытындыға келді. Қоғамдық процестерді қадағалап жүрген адам және социолог қоғамда ортақ идеяның жоктығын бірден байқауына болады, сондықтан, эмпирикалық факторларды зерттеу негізінде жаңа ортақ идеяларды көтере отырып, жаңа қауымдастықтардың құрылу принциптерін аша отырып қоғамдық күйзелістерді толық жоюға болады деп есептейді. Жеке дара дарынды адамдар ақылға ақыл қоспайынша ортақ идея жасалынбайды, ал ортақ идеясыз, ортақ ақылсыз парасатты қоғамды құру туралы парасатты доктрина жасалынбайды дегенге келеді. Қаншама уақытша саяси шаралар қолданғанмен де, қоғам революциялық жағдайда қала береді, адамдар қауымдастығы уақытша сипат ала береді деп көрсетеді Конт. Алайда Конт қоғамының табиғи қозғалысына өте сақтықпен, байыппен, даналықпен араласуды ескертеді. Ал ол үшін адамның жеке өмірі және олардың қауымдастық өмірі туралы білімді, сондай-ақ адамдардың ойы, сезімі, әрекеттері туралы білімді бірыңғай жүйеге келтіру керек деп есептейді. Адамзаттың табиғи даму желісіне тек дәл баға беру арқылы ғана оның бағытына жариялалық тұрғыдан ықпал жасауға болады деп көрсетеді.

О. Конт социологияны негізінен екіге бөледі: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статика әлеуметтік жүйенің өмір сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.

Конт социологиясының бұл бөлімінде негізінен әлеуметтік институттардың. әсіресе: жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың қоғамдық қызметі және қоғамдағы бірлікті қалыптастырудағы ролі қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, мұнда Конт қоғамдық прогресс теориясын дамытады.

Бұл жерде Конт, қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Екінші сөзбен айтканда, Конт үшін әлеуметтік динамика - ол қоғам анатомиясы, қоғамның реттілігі туралы теория, қоғамдық тіршілікті ұйымдастырудың ең жоғарғы үлгісіне, әлеуметтік гармонияға жету теориясы. Конт қоғамды тірі организммен салыстыра отырып, оны әртүрлі органдар құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады деп көрсетеді. Демек, бір органның қызметін бүкіл организм жүйесінен бөліп алып қарауға болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның бір құрылымдық элементінің қызметін қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады. Бүтін мен бөлек арасындағы диалектикалық байланыста немесе қоғам мен адамның сондай қатынасында, Конт үшін басты нәрсе қоғам болып есептеледі. Себебі, адам өзінің әлеуметтік болмысын өзі жеке-дара қалыптастыра алмайды, керісінше, оның әлеуметтік табиғатын анықтайтын қоғам деп көрсетеді.

О. Конт қоғамды әртүрлі құрылымдық элементтерге бөле отырып, жанүяны, мемлекетті және дінді қоғамдағы органикалық бірлік пен ынтымақты қамтамасыз етудегі маңызды элементтер ретінде ерекше бөліп алып көрсетеді. Ол қоғамды құрайтын бастапқы единица индивид емес, ең алдымен жанұя деп есептейді. Оның пікірінше, адамда «әлеуметтік бастамалар» немесе «қоғами қасиеттер» болғанымен, адамда табиғатынан көбінесе эгоистік қасиеттер басым болып келеді. Сондықтан бүкіл адамзат тарихы, Конттың түсінігінше, адамдағы эгоистік бастамаларды немесе қасиеттерді жеңу тарихы болып көрінеді. Мұндай қасиеттер әсіресе адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінде басым болған. Кейін индустриялы қоғамның дамуына байланысты ондай қасиеттер азая бастады Бұл процесс келешекте қоғамның альтуристік бастамасының қалыптасуына және оның таралуына әкеледі деген пікірді айтқан болатын. Альтуризм - (лат. тілінің alte - «басқа» деген сөзінен шыққан - одан француз тіліне altruisme - болып енген) - басқаның қамын ойлау деген мағынаны береді. Яғни, О. Конттың пікірінше, жанұяның басты қызметінің бірі - жас ұрпакты альтуризм рухында тәрбиелеу болып табылады. Демек, жанұя адамдағы туа бітетін эгоистік, өзімшілдік қасиеттерді жоя біледі деп көрсетеді.

Мемлекет - Конттың түсінігінше, қоғамдық реттілікті орнатушы, «қоғамдық рухты» көрсетуші болып табылады. Сондай-ақ, мемлекет қоғамдағы бірлік үшін күресіп, ортақ идеяның бұзылуына жол бермейді. Онсыз қоғамдық, прогресс жоқ деген Конт. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сактау, мемлекетке бағыну, оның құзырын қадірлеу әрбір адамның басты міндеті болып табылған. Алайда қоғамдағы тұтастық, ең алдымен рухани, моральдықбірлікке негізделуі тиіс болған. Бұл түста Конт діннің құзырын ерекше қояды. Яғни діни наным-сенім қоғамдағы әлеуметтік татулық пен бірліктің ірге тасы деп біледі. Егер дінге сенім бұзылса, әлеуметтік байланыс бұзылатын болған.

Конттың пікірінше, әлеуметтік динамика - қоғам дамуының позитивтік теориясы. Қоғам дамуындағы нәсіл, халықтын өсуі, енбектің бөлінуі сияқты факторлардың ролін жоққа шығармай отырып, ол қоғамдағы рухани, ақыл күшінің ролін жоғары қояды. Әрбір тарихи кезеңдегі қоғамның сипаты және оның даму бағыты,

Конттың пікірінше, «адам ақылының жағдайымен» айқындалып отырады.

Жоғарыда көрсетілген адам ақылы дамуының үш сатысына (теологиялық, метафизикалық, позитивтік) қоғамдық прогрестің үш дәуірі сәйкес келеді деген пікірді айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Әлеуметтану ғылымы
Социология пәні және оның нысаны
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
О. Конт – социологияның негізін қалаушысы туралы
Социология пәні
Әлеуметтанушылар туралы мәліметтер
Батыс әлеуметтануының негізін салушы
Социология ( оқу құралы )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz